Дәурен Уәлиев, Author at Eurasia24 QAZ

Бешпармақ. Инженер толғанысы.БАТЫС ЖОРЫҒЫ
МІНДЕТТЕР мен оларды ОРЫНДАУШЫ

1235-жылы Оқытай Ханның басшылығымен Құрылтай өтіп, онда Мәңгі Елдің Орыс Мәселесі бойынша іс-қимыл жоспары мен екі стратегиялық әскери операциядан тұратын Батыс Жорығы туралы тарихи шешім қабылданды.

Батыс Жорығының бірінші бөлігі «Русьті құтқару операциясы» деп аталды. Қасиетті Рим империясының Русьті басып алуына жол бермес үшін, оның алдын орап, Русьтің барлық қала-мемлекеттерін аралап, жағдайды ұғындырып, дипломатиялық үгіт жүргізіп, Мәңгі Ел Федерациясының құрамына кіргізіп, келісімдерге қол қойдырып алу керек. Сонда Бірінші Рейх Федерациямен соғысуға тура келетінін түсінеді де, ақылы болса, орыс жерлерін басып алу ниетінен бас тартады.

Мәңгі Елге өз еркімен қосылуды қалаған орыс княздіктері Федерацияның егемен субьектілері деген ресми мәртебе алады.

Ал, Еуропа Одағына кіруді жақтаған немесе Мәңгі Елге қосылғысы келмейтін, сонысымен  Русьті бұрынғыдан бетер ыдырататын орыс князьдіктерін күшпен көндіріп, Федерацияға мәжбүрлеп қосуға тура келеді.

Батыс Жорығының екінші бөлігі «Еуропаны бейбітшілікке мәжбүрлеу операциясы» деп аталды. Өйткені, Бірінші Рейхтің алдын орап, орыс аумақтарын өзіне қаратып алғаны үшін, Еуропа Одағы Мәңгі Елге соғыс ашып, жағдайды қайтадан бұрынғы қалпына келтіруге тырысуы әбден мүмкін.

Егер Батыстың осы ниеті расталса, жедел түрде жорыққа аттанып, алдын-ала соққы жасап, Қасиетті Рим Империясының әскери әлеуетін өз жерінде жойған жөн.

Орыс князьдіктерімен достық одақ құру дипломатиялық міндеті Жеңіс Ханның 30 жасар немересі, Жолшы Ханның ұлына жүктелді. Орта Азияда Хорезмнің 27 уәлаятымен, Таяу Шығыс пен Кавказда келіссөздер жүргізіп, Мәңгі Елге кіру туралы келісімдерге қол қойғызып, әбден ысылған, бүкіл Жеңіс әулетінің ішіндегі өте тәжірибелі саясаткер болатын. Ол бізге Бату Хан деген атпен белгілі. Шын мәнінде, оның аты Батыл, бірақ, «л» әрпіне тілі келмейтін қытай тарихшылары «Баты» деп жазып жіберген. Қытай жылнамасынан көшірген орыс тарихшылары оны «Батый» деп атады. Ал, қазақтар бұл «русизмді» өз ыңғайына бейімдеп, түсініксіз «Бату»-ға айналдырады.

Енді есімізде болсын, Мәңгі Елдің тамаша мемлекет қайраткерінің ақиқи есімі – Батыл. Өз басым оны жетістіктерінің ауқымы жағынан Жеңіс Ханнан кейінгі екінші тұлға деп есептеймін. Бірақ, бұдан арғы әңгімелерде бәріне үйреншікті «Бату Хан» есімін қолданамын.

РУСЬТІ ҚҰТҚАРУ ОПЕРАЦИЯСЫ

Дипломатиялық шеберлікке іс жүзінде машықтансын деп, Оқытай Хан әкелері әдейі жіберген бауырларын бастап, Бату Хан 1236-жылы Русьті Құтқару Операциясының алғашқы қысқы маусымына аттанды.

Қыс – дипломатиялық миссияларды атқаруға нағыз қолайлы кезең. Өйткені, күзгі жауыннан лайсаң тартатын жолдар бұл кезде әбден қатады, бүкіл ауылшаруашылық жұмыстары аяқталады, аумақтардың басшылары түгел өз сарайларында отырады, демек, байсалды келіссөздер жүргізуге де уақыт жеткілікті. Орыс Мәселесін шешу барысында Бату Хан қыстыгүні Руське 5 рет барып-келді. Тек бір рет, 1240-жылы ғана Нева шайқасын көрмек болып, жазда барды.

Дәл осы қыс кезінде халық жасақтарын міндетті оқу-жаттығуға жинайтын болғандықтан, Бату Хан сол сапарлары кезінде өзімен бірге кейде бір, кейде екі түмен ертіп алып, «Қысқы жорықтардың тактикасы мен логистикасы» тақырыбы бойынша жаттығуларды қоса өткізіп жүрді.

1236-жылы Руське бара жатқан жолда Бату Хан Еділ Бұлғариясының Билеушісіне соғып, қонақ болып, көптен бергі уәдесін орындап, осынау достас, ниеттес түркі халқының Мәңгі Ел Федерациясына кіргенін растайтын ресми құжаттарды рәсімдеді.

Бату Ханның сапары жайлы естіген башқұрт, қыпшақ, хазар, ноғай және басқа да далалық түркі халықтарының Билеушілері оны қонаққа шақырып, шабармандарын жіберді. Сөйтіп, Бату Хан қысқы үш іссапары барысында олардың егемен субьектілер құқығын иелене отырып, Федерация құрамына кіргенін растайтын келісім құжаттарына қол қойды.

Сол 1236-жылы бүкіл орыс аумақтарының ішінде бірінші болып солтүстік-батыс Новгород князьдігі мен көршілес Владимир князьдігі Бату Ханға Мәңгі Елге кіргісі келетін өтініштерін айтты.

Кедей орыс князьдіктері арасындағы өзара кикілжің-қақтығыстардан аулақ болуға тырысатын осынау дәулетті екі қала-мемлекет жақсы жерде орналасқандығының арқасында, скандинавтар мен литва князьдігімен ауқымды сауда-саттық жүргізетін. Сондықтан, олар Бірінші Рейхтің орыс князьдіктерін қалайда шабатынын және ең бірінші кезекте өздерінің жерлерін басып алатынын бек жақсы түсінді. Түсініп, Мәңгі Елді паналады.

Ол – ол ма?! Демократиялық Новгородтың «вече» деп аталатын халық жиналысы Новгород князі, 15 жасар Александрға дереу Федерацияға кіруге кеңес берді. Және сол  «вече»-нің ұсынысымен Александр Мәңгі Елмен әкімшілік қана емес, туысқандық тұрғыдан да байланысты нығайтып, Бату Ханның ұлы Сартақпен бауырласып, Ханның өкіл ұлы болып алды. Осының бәрі сол қыста, Мәңгі Ел делегациясының Новгородқа салтанатты сапары кезінде атқарылды.

Мәңгі Елдің осылай белсенді дипломатиялық әрекетке кіріскенін, Русьті құдіретті «қанатының» астына алмақ екенін естіген Бірінші Рейх, енді қимылдамаса, өздері көксеген Русьтен әне-міне айырылып қалатынын түсінді. Сөйтіп, 1237-жылдың желтоқсан айында Рим Папасы Григорий Тоғызыншы Крест жорығын бастайтынын мәлімдеп, оны, әдеттегідей «католик емес православ орыстарға қарсы, ақиқат католик Христиан діні» жолындағы жорық деп жариялады.

Мәңгі Елдің Сыртқы Барлау қызметінің тыңшылары бұл хабарды дереу орыс князьдарының қаперіне жеткізді,  нәтижесінде, 1237-ші және 1238-ші жылдары Русьтің орталық аудандары: Муром-Рязань, Мәскеу және Суздаль князьдіктері де жапа-тармағай Мәңгі Ел құрамына кірді. 1239-жылдың келесі қысында Чернигов, Переяславль, Путивль, Глухов және Русьтің оңтүстік бөлігіндегі басқа да қала-мемлекеттер Федерация құрамына кіргенін рәсімдеді.

Бірінші Рейх Руське басып кіру үшін, 3 жылдан аса уақыт бойы ақша жинап, әуреленді. Әдетте тез бітетін шаруа тым ұзаққа созылып кетті, өйткені, Мәңгі Елдің Сыртқы Барлау қызметінің Еуропадағы тыңшылары Бірінші Рейхке барынша кедергі жасады. Сөйтіп, жанталаса амалдап жүріп, Бату Хан бастаған ісін аяқтап алғанша, уақыт ұтып берді.

Күткендей-ақ, Еуроодақ, ең бірінші кезекте, «күлшелі» Новгород жеріне соққы жасап, тонауды ұйғарды. Крест Жорығын басқаруға Швецияның ең мықты билеушісі, Стокгольмнің негізін қалаған Герцог Биргер Магнуссон сайланып шықты. Ол Бірінші Рейхтің әскеріне үлкен флот, сондай-ақ, швед және фин сарбаздарын қосуға уәде етті. Әккі, айлакер герцог өз пайдасын көздеді – өйткені, Новгородты басып алса, Русь пен Еуропа арасындағы Балтық теңізі арқылы жүретін бүкіл сауда-саттық түгелдей Швецияның бақылауына көшер еді.

Ресей тарихшыларының жазуынша, 1240-жылғы шілденің 15-нде Нева өзенінде 19 жасар Князь Александр Ярославұлы (бұл кезде Батуханұлы) бастаған 1500 дружина сарбаздары мен қалалық-жасақшылардан тұратын Новгородтың құрама командасы мен 5000 (!) швед, неміс, норвег, фин және литва Кресшілерінен тұратын Еуропа Одағының кәсіпқой жауынгерлері құрамасының арасында шайқас өткен.

Ресейлік тарихи материалдарға сенсек, әскерге алынатын жасқа жеткен қызыл шырайлы бозбала Князь Александр Батуханұлы керемет Ұлы Қолбасы болып шығып, ұрыс алаңында өз бригадасының қимыл-әрекетін шебер басқарғаны сонша, күші бірнеше есе басым жауды тас-талқан етіп жеңген. Сол үшін халық оны құрметтеп, «Александр Невский!» деп атап кеткен.

Құрметтейтін жөні бар, деп жазады тарихшылар, ол өте батыл, өжет болды ғой, сондықтан, алып Голиафты жеңген еврей баласы Давидке ұқсап, жас Князь да Биргердің өзімен жекпе-жекке шығып, ұшқыр найзасымен тістерін жаусатып түсірген (әскербасы-герцог несіне қоян-қолтық ұрысқа шыққан, түсініксіз?).

Сірә, Еуропа құрамасының жүйкесі жұқа рыцарьлары мұндай масқараға шыдамаса керек, көңілдері түсіп, шайқасқысы келмей, қаруларын лақтырып тастаған. Сөйтіп, орыс жауынгерлері оларды сол арада қырып салған… дейді ресейлік жылнамашылар. Жарайсыңдар!

Шынтуайтында, бәрі басқаша өрбіді. Мәңгі Елдің саяси һәм әскери басшылығы Қасиетті Рим Империясының Руське қашан және қай жерден басып кірмек екенін жақсы білді. Ал, Бірінші Рейхтің экспедициялық корпусының (яғни, уақытша жорық жасағының) құрамы мен толық тізімі (төлем тізімдемесі) еуропалықтардың қолбасшысы Магнуссон мырзаның қолына тимей тұрып-ақ, Мәңгі Елдің Бас Штабы «Орта»-ға белгілі болған еді. Сол себепті де, Бату Хан Еуроодақтың Руське шабуылын тойтаруға әуел бастан дайын болды. Ол аспай-саспай, өзінің 10 000 салт атты түменімен Новгородқа келіп, Биргердің жасағын күтіп жатты.

Бәрін біліп отырғанына қарамастан, Мәңгі Ел тарапынан Бірінші Рейх басқыншылығының алдын алып, бірінші болып шабуға еш әрекет жасалмады. Оның себебі түсінікті де. Еуропа Федерацияға бағынышты Новгород князьдігіне, ал, заң тұрғысынан алғанда, Федерацияның өзіне «опасыздықпен» шабуыл жасағаннан кейін, Мәңгі Ел қарымта соққы беруге және Батыс Жорығының жоспарлы екінші кезеңін, яғни, Еуропаны бейбітшілікке мәжбүрлеу операциясын жүзеге асыруға халықаралық заң тұрғысынан толық қақылы болады.

Бәрін біліп отырғанына қарамастан, Мәңгі Ел Бірінші Рейх басқыншылығының алдын алып, бірінші болып шабуға еш әрекет жасамады. Оның себебі түсінікті де. Еуропа Федерацияға бағынышты Новгород князьдігіне «опасыздықпен» шабуыл жасаса, заң тұрғысынан алғанда, Мәңгі Ел Федерациясының өзіне шабуыл жасаған болып шығады (өйткені, Новгород князьдігі Федерецияның субъектісі). Содан кейін-ақ, Федерация қарымта соққы беруге және Батыс Жорығының жоспарлы екінші кезеңін, яғни, Еуропаны бейбітшілікке мәжбүрлеу операциясын жүзеге асыруға халықаралық заң тұрғысынан толық қақылы болады.

Ақыры көптен күткен швед кемелері Нева жағасына жетіп, Еуропа Одағы әскерлерінің құрамасы жерге түсе сала, Новгород жасағына тұра ұмтылды. Тіпті, әскери ереже бойынша төңіректі барлауды да естерінен шығарды. Сыпайы Бату Хан орыс жауынгерлері жасағының өз Отанын қорғап соғысуға, өздерінің патриоттық борышын адал орындап, тарихта қалуға құқығын құрметтеп, оларды Биргер полктарының дәл алдына қойды.

Сан жағынан бірнеше есе көп болғандықтан, көңілдері көтеріңкі рыцарьлар ойда-жоқта батылданып кеткен новгородтықтармен қылыш айқастырудың қызығына түсіп жатқанда, тап іргедегі орманда бой тасалаған Бату Ханның 10 000 салт атты жауынгері кресшілер әскерін қос қанаты мен ту сыртынан әп-сәтте қоршап алып, үн-түнсіз садақ тартып, еңгезердей еуропалықтардың арқасына жебелерін терең қадауға кірісті.

Кресшілер жаңбырша жауған оқтан қатары сиреп қалғанын түсініп, Неваға қарай қаша жөнелгенге дейін-ақ, Бату Ханның садақшылары олардың кемелерін тұтанғыш жебелермен атқылап, жағадан алыстатып тастаған болатын. Үрейден естері шыққан еуропалықтар оларды жүзіп қуып жетпек болып, суға қарғыды. Бірақ, қайдан жетсін – сауыт-сайманы ауыр, жүгірем деп ентіккені және бар, бірі қалмай суға батып кетті.

Новгород Князі, жасөспірім Александр Батуханұлы нағыз Ұлы Қолбасыға тән әдетпен өкіл әкесі Бату Хан мен өкіл бауыры Сартақтың ортасында, жібекпен тысталған жұмсақ орынтаққа жайғасып, бүкіл ұрыс барысын төңірек тұтас көрінетін биік төбе басынан ынты-шынтысымен бақылады. Аса бір өткір тұстарда ішкі сезімін ашықтан-ашық былапыт сөздермен шығарып отырды.

Анаған айт, әкемнің көзінше бейпіл сөйлемесін! – деп сыбырлады Сартақ тілмәшқа. Содан соң-ақ, жас Князь тынышталып, әрі қарай өз командасына үнсіз жанкүйер болып, біресе қолдарын қынжыла сілкіп, біресе ызалана басын ұстап, біресе орынтаққа қарғып шығып, алақанын қуана шапаттаумен болды!

Жеңіс құрметіне барлық қоңыраулары салтанатпен қағылып жатқан Ұлы Новгородқа қатары сиреген дружина мен халық жасағы жеңімпаз болып оралды. Бұл шеруді жүйрік арғымақ мінген Князь Александр Батуханұлы бастап кірді. Қала тұрғындары өздерін құтқарған Ұлы Қолбасыны есімін атап, дәріптеп жатты!

Бату Ханның жауынгерлері «Түнгі Новгород оттары» экскурсиясына кеш бата келді. Олар майдан даласында бөгеліп қалған еді: жебелерді жинап, бағалы олжаларды буып-түйіп, одан соң, қиян-кескі ұрыс пен күндізгі қапырықтан кейін өзенде шомылып, өз қостарында тамақтанып алып, қалаға беттеді.

Бірінші Рейх Мәңгі Елдің енді қарымта соққы жасайтынын, оған өздері жол беріп қойғанын түсінді. Нева қырғынында таңдаулы бөлімшелерінен айрылып, масқара болған Қасиетті Рим Империясы Федерация Әскерінің ғаламат әскери қуатын танып, мойындады! Император шұғыл түрде әскери стратегияны өзгертті. Енді шабуылды қойып, қорғанысқа дайындалуына тура келді.

Ең алдымен, «еуропалық құндылықтарды жақтаушы» орыс қала-князьдіктерін пайдаланып, Русь аумағында Федерация әскеріне қарсыласу ошақтарын құру қажет болды. Сол мақсатта Рим империясы Киев және Галицк-Волынск князьдіктерін көшпенділермен соғыстырмақ болды. Және оған себеп те табылды: Князьдар Қалқа бойындағы ұрыста өлім құшқан әкелері мен ағалары үшін кек сақтап қалған, Мәңгі Ел Федерациясына жылы қабақ танытпайтындары да сол еді.

Әмбе, осы екі князьдіктің басшылары көптен бері Еуропа Одағына кіргісі келіп, бірақ, оларды ешкім қабылдамай, есіктен қайтып жүрген. Енді, міне, Қасиетті Рим Империясына қызмет етуге мүмкіндік ала салысымен, олар Бірінші Рейхке жалпақтап, бірден «қысық көздерге» де, олардың қолшоқпарлары «москальдарға» да күшті тойтарыс беруге белді бекем буғандарына нандырды. Еуропа Одағы әскери көмек көрсетуге уәде берді. Киев басшылығы бұған сеніп, ашықтан-ашық құтырына бастады.

1240-жылғы желтоқсан айында Киев Князы бір кездегі ақымақ әкесінің қателігін тағы қайталады. Бірінші Рейхтің нұсқауымен Князь Бату Ханның бейбіт сауда-экономикалық ынтымақтастыққа шақырған хатын әкелген Мәңгі Елдің Елшісін жауыздықпен өлтірді. Сол кезде Еуроодақтың көмекке әскер жібереміз деген уәдесі жалған болып шығып, Князь олардың өзін ақымақ қылып, арамзалықпен Бату Ханның қаһарына ұшыратқанын түсінді. Түсініп, қорыққаны сонша, қоршаудағы Киевті тастап, Венгрияға қашты. Абыржымаңыз, біздікілер оны сол жақта ұстап алып, Пешт қаласының орталық алаңында көпшілік дәретхананың сасық қоймалжыңына батырып, көзін құртты.

Федерация әскерлері Киевке ультиматум қойғаннан кейін, ереже бойынша, сабырмен 3 күн күтті. Осы 3 күнде Киевтің тұрғылықты халқы Князьдың қашып кеткенінен онсыз да есеңгіреп қалған әскери гарнизонды тізе бүгіп, қаланы шабуылдан сақтауға көндірді. Содан соң, қалалықтар жеңімпаз көшпенділердің рұқсатымен Киев қамалының қабырғаларын қиратып, сақилықпен сыйға тартылған тегін құрылыс материалын қуана тасып әкетті; демократиялық Референдум өткізіп, Князьдіктің Федерацияға ерікті түрде кіретіні жөнінде шешім қабылдады; сосын осы тарихи оқиғаны қуаныштап, сауық-сайран құрды. Бұған тағы 6 күн кетті. Бәрін қосқанда – 9 тәулік.

Жаңа 1241-жылды Киев князьдігі мен ақылға келген Галицк-Волынск князьдігі Мәңгі Елдің егемен субъектілері болып қарсы алды. Сөйтіп, Федерацияның батыс шекарасы жылжып, Бірінші Рейхтің шегіне тақала түсті. Қасиетті Рим Империясының Русь тарабындағы Крест Жорығы сәтсіздікке ұшырады, ал, Русьті құтқару Операциясы керемет табысты аяқталды!

Ал, енді Ресей тарихындағы осынау аса маңызды оқиғаларды кәсіби ағартушылар қалай суреттегенін көрейік.

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы»

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»

Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»

Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»

Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары»

Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»

Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»

Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»

Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»

Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы»

Кітаптың он бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы»

Кітаптың он алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау»

Кітаптың он жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы»

Кітаптың он сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Орыс мәселесі»

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЖАППАЙ ҚОНЫС АУДАРУ. ҰЛЫ ХАННЫҢ СОҢҒЫ ЖОБАСЫ

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ

Бешпармақ. Инженер толғанысы.ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР

Бешпармақ. Инженер толғанысы.ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ РУСЬТІ КҮЙРЕТУІ

Бешпармақ. Инженер толғанысы.БАТЫС ЖОРЫҒЫ

The post Бешпармақ. Инженер толғанысы.БАТЫС ЖОРЫҒЫ appeared first on Eurasia24 QAZ.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ РУСЬТІ КҮЙРЕТУІ
Қазақтардың Жаппай Қоныс аударуы қызған шақта, яки, 1235-жылы өткен Мәңгі Ел Құрылтайында Еуропаны бағындыру мақсатындағы әйгілі Батыс Жорығы туралы шешім қабылданды. Көркем әдебиетте бұл туралы: Жеңіс Хан көзі тірісінде «соңғы теңізге жорыққа шығуды» армандаған, қайтыс болған соң, ұрпақтары оның сол арманын орындағысы келіп, әлгі жорыққа аттанған… дегендей мәнде жазылады, сол орайда небір романтикалық ертегілер де шығарылады.

Шынтуайтында, қомақты материалдық шығындарды талап ететін, адам шығыны көп болатын кез-келген аламан жаугершілік бекерден-бекер болмайды, сол сияқты, Батыс Жорығын бастауға да маңызды саяси және экономикалық себептер түрткі болған. Енді соларға тоқталайық.

Қазақтардың Жаппай Қоныс аударуымен қатар, орыс князьдіктерінің аумақтарын Бірыңғай Экономикалық және Кедендік Одақтарға қосып, оларды Федерацияда өндірілетін қой жүнін жаппай сататын негізгі нарықтарға айналдыру мәселелерін шешу қажет еді.

Соған орай, Сыртқы Барлау Қызметі Мәңгі Елдің жаңа басшысы, Жеңіс Ханның үшінші ұлы Оқытай (орысша Үгедей) Ханға Русьтегі саяси және экономикалық жағдайдың қиын екенін, оның Федерация жоспарларына қауіп төндіретінін баяндады.

Егер ғаламтордан сол заманғы Русьтің ахуалы жайлы оқысаңыздар, біраздан соң-ақ орыс Князьдары арасындағы бітпейтін қырқыстардың ұзақ-сонар тізімінен жүрегіңіз айнып кетеді. Орыс Билеушілерінің бәрі бірдей жүйке ауыруына ұшыраған қанқұмар жендет болғанына сену қиын, әрине. Бірақ, «мемлекеттік қызметіне» қарап, оларды есуас қанішерлерге теңемеске амал жоқ.

13-ғасырдың алғашқы 30 жылында Русь әскери қақтығыстардан көз ашпаған (10 жылдың ішінде 75 соғыс болған!), соған қарағанда, сырт біреу орыс Князьдарын бір-біріне айдап салып, өштестіріп отырған. Оның бәрін жүйелі түрде ұйымдастырып, басқарып отырған үшінші тарап кім болды екен десек, осы арада көршілес Қасиетті Рим Империясының «құлағы қылтияды».

Енді осынау атақты мемлекеттік құрылым хақында бірер сөз. 10-19 ғасырлар аралығында дәуірлеген Қасиетті Рим империясы – жүздеген корольдіктерден, князьдіктерден, округтер мен қалалардан тұратын герман, поляк, чех, итальян, венгр, француз аумақтарын қамтыған саяси бірлестік. Осы заманғы Еуропа Одағы соның үлгісімен құрылған.

Қасиетті Рим империясының негізі Германия болған, оның «Бірінші Рейх» деген немісше атауы да осыдан шыққан. 12-ғасырдағы біршама белгілі император, крест жорықтарын ұйымдастыруды жаны сүйген Фридрих Екіншіні Барбаросса деп атаған. Екінші дүниежүзілік соғыста Гитлер германдық «Үшінші Рейх»-тің КСРО-ға шабуылының стратегиялық жоспарын «Барбаросса жоспары» деп атап, осы есіммен байланыстырған.

Қасиетті Рим империясы әсте «бейбітшілік, демократия, еркіндік сияқты еуропалық құндылықтардың тірегі» болған емес, тек өзінің саяси және экономикалық ықпалын тарату мақсатымен соғысуды ғана білген.

Орталығы Ватиканда орналасқан Католик шіркеуіне кезінде Империяның құрамындағы мемлекеттердің қисапсыз көп Билеушілерінің билігін заңды деп тану тапсырылған болатын; сонымен бірге, әр апта сайын «Құдайдың сүйген құлы» туралы, «Бәріне төзіп, басқаларға да (төзуге) әмір еткен Мәсіх» туралы және «Қиямет-қайым» туралы жексенбілік уағыз-дәрістер өткізу жүктелген: сол уағыздардың көмегімен қарапайым халыққа тура өздері сияқты адамның (Лорд, Король, Императордың) неге олардың Иесі болып отырғаны, ал, олар неге оның бағынышты құлдары болуға тиіс екендігі түсіндірілген.

Өздерін заңды деп танығаны үшін еуропалық Билеушілер католик шіркеуінің басшысы – Рим Папасына алтынмен ақы төлеп тұрған. Ол алтынға Рим Папасы өзіне Ватиканды салып алғанымен қоймай, 30-дан астам қарулы «бауырластары» – Тевтон, Тамплиер, Мальтия және басқа неше мыңдаған діни-рыцарьлық Ордендерді қаржыландырған. Осынау кәсіпқой кісі өлтіргіш «монахтар» халықтарды католик дініне мәжбүрлеп, Империяға бағындырудың қуатты әскери құралы ретінде адал қызмет етті.

Католик шіркеуімен саяси мақсатта ынтымақтасқан Император, зор экономикалық та мүдде көздеген еді. Оның мәнісі былай.

Шіркеу империяның қарапайым халқын Крест жорықтарына аттануға шақырып, сонау алыс Палестинада христиан діні мен оның киелі жәдігерлерін, соның ішінде, Құдайдың Табытын мұсылмандардан қорғап, дін жолында өлудің қажеттігін сауатты түсіндірді. Шын мәнінде, шіркеудің алдауына түсіп, Крест жорығына қатысқан сарбаздарды Арабия түбегіне өлімге айдаған Бірінші Рейх – Үндістан мен Африкадан Еуропа елдеріне тартылған араб сауда жолдарына қол салып, кедендік төлем, акциздер мен транзит ақысын алып отыруды көздеген болатын. Арабтар өз бизнестерін қорғап, табанды қарсылық танытты. Сөйтіп, Қасиетті Рим империясы 3 ғасыр ішіндегі бірнеше Крест жорықтарында Палестинаның құмды шөлінде ондаған мың аңғал діндарлар мен оңай олжа іздеген жанкештілерді опат қылды.

Міне, қазір де Батыстың осы заманғы «кресшілері» «арабтардың бостандығы мен демократиясы үшін күресеміз» деген тәтті желеумен Суэц каналы мен Арабияның мұнай ресурстарын бақылауға таласып, араб елдерін талқандауда. Бүгінде жұрттың жиіркенішін тудырып, жалықтырған бұл тақырыпты қойып, енді ИЛИМ-нің (ИГИЛ) (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) лаңкес-исламшыларымен күресуге кірісіпті.

Халқы тым көп Бірінші Рейх көптен бері Русь жеріне көзінің сұғын қадап, оны басып алудың амалын жасай бастаған. Сол үшін орыс Князьдарының арасында өзара соғыс отын тұтатты, Польша, Венгрия және Литва сынды көрші корольдіктермен қақтығыстарға арандатты. Орыс князьдіктеріндегі билік үшін соғыста алма-кезек біресе бір тарапқа, біресе екінші тарапқа көмектесе отырып, Еуропа Одағы орыстарды орыстар өлтірген соғыс өртін өшірмеуге, қайта өршіте түсуге тырысты. Сөйтіп, орыстардың өз қолымен экономикасын барынша құлдыратып, халқын барынша азайтуға күш салды.

Ақыры орыс князьдіктерінің табиғи шаруашылыққа негізделген онсыз да нашар экономикасы одан сайын жұтай түсті, өйткені, таусылмайтын әскери қақтығыстар еркек кіндіктілердің жер жыртып, егін егуіне мұрша бермеді. Ер адамдар жылдап үй бетін көрмей, князьдіктердің мүддесі жолындағы шайқастарда қырылды. Орыс әйелдері панасыз жетімдердің қарамын көбейткісі келмей, бала туғанды қойды. Князьдіктердің шаруашылығы азып-тозып, халық та азая берді.

Князьдарға бір ғана жол қалды – тағы да соғысу, тағы да тонау. Және осы тұйық шеңбер барған сайын тарыла берді.

Міне, Қасиетті Рим империясы Русьті осылай қаңыратып, қаусатып барып, қантөгіссіз жаулағысы келді, сонда қауқарсыз қайыршы ел бір жапырақ нанға бола еуропалық қожайынның биялайын жалап, темір Die Ordnung (немісше – тәртіп) орнатқаны үшін бас иіп, етігін сүйетін болады деп үміттенді.

Алайда, Мәңгі Ел Федерациясы да экономикалық тұрғыда Русь аумағына мүдделі болатын. Өйткені, қой жүнін көптеп сатуды жоспарлап отырған Федерацияға бай әрі халқы көп ел қажет еді. Сондықтан, көшпенді Федерация өзінің келешектегі негізгі серіктесінің күннен-күнге әлсіреп, қаржылық қауқарының кеміп бара жатқанына бейжай қарап отыра алмады.

Оның үстіне, алдағы уақытта орыс аумақтарын Қасиетті Рим империясы басып алатын болса, 1223-жылы тыныштандырылған бейбіт Русьтің орнына келген қуатты әрі озбыр, соғысқұмар Еуропа Мәңгі Елге де қауіп төндіреді, шекараларда қақтығыстар басталады.

Бұл кезде Мәңгі Елдің Сыртқы Барлау Қызметінен Бірінші Рейхтің Руське басып кіруге дайындалып жатқаны жайлы бірінен бірі суыт хабарлар жиілей берді. Ақыры, 1235-жылдың басында Руське қарсы Крест жорығының жоспарын жасау туралы Императордың құпия Бұйрығының көшірмесі Мәңгі Ел басшылығының қолына түсті.

Кідіруге болмайтын еді. Сөйтіп, Федерация Билеушісі Оқытай Хан дереу әрекетке көшті.

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы»

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»

Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»

Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»

Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары»

Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»

Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»

Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»

Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»

Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы»

Кітаптың он бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы»

Кітаптың он алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау»

Кітаптың он жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы»

Кітаптың он сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Орыс мәселесі»

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЖАППАЙ ҚОНЫС АУДАРУ. ҰЛЫ ХАННЫҢ СОҢҒЫ ЖОБАСЫ

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ

Бешпармақ. Инженер толғанысы.ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР

Бешпармақ. Инженер толғанысы.ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ РУСЬТІ КҮЙРЕТУІ

The post Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ РУСЬТІ КҮЙРЕТУІ appeared first on Eurasia24 QAZ.

Бешпармақ. Инженер толғанысы.ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР
ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР

ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР

«Татар-моңғол езгісі» терминіндегі «моңғол» ұғымының анығына жеткендіктен, бірден «татарлар» ұғымын да қарастыруымыз қажет. Бұнда да небір қызықтарды ұшыратамыз.

Баршамызға белгілі, 5-ші ғасырда құл иеленуші Рим Империясы Еділ патша (Аттила) бастаған ғұндардың сұрапыл шапқыншылығынан күйреді. Сөйтіп, Еуропада анағұрлым озық феодалдық құрылысқа негізделген, кейін заманауи еуропалық елдерге үлгі болған көптеген қоғамдар пайда болды.

Ғұндардан тас-талқан болып жеңілген ежелгі римдіктер олардың Каспийден Тынық мұхитқа дейін созылып жатқан алып елін «Тартария» (лат. – Tartaria) деп атап, оны грек-рим мифологиясындағы тозақтың түпсіз тұңғиығы – Тартар сияқты сұмдық жер деп есептеген. Әлбетте, Тартарияда тұратын ғұндарды да римдіктер «тартарлар» деп атаған.

5-ші ғасырда ойдан шығарылған римдік «Тартария» атауын 13-ғасырдың басында Қасиетті Рим Империясындағылар қайтадан еске түсіріп, Шығыстағы Жеңіс Хан құрған түркілер Федерациясын солай атай бастады. Азия жайлы нақты деректері болмай, жалпылама ғана білгендіктен, Еуропаның ғылымы мен әдебиетінде, картографиясында Tartaria сөзі сонау 19-ғасырға дейін бүкіл Азияның атауы ретінде неғұрлым кең таралған болатын.

Русьте көшпенділер елін атау үшін, жер-жерде осы Tartaria деген еуропалық нұсқа бұрмаланып, Татария деп қолданылды, соған сай, орыс адамдары барша түркілерді татар, татарлар деп атай бастады.

Марко Поло өзінің атақты «Әлемнің алуандығы хақында» атты кітабының орыс тіліндегі тәржімасында ақылман Құбылай Ханды да асқан ілтипатпен «Бүкіл татардың Ұлы Ханы» деп атайды. Сірә, 14-ғасырдағы тұпнұсқасында «бүкіл тартардың» деп жазылса керек.

Лев Толстой өзінің кавказдық әңгімелерінде таулық шеркестерге қатысты ылғи «татар» сөзін қолданады. Сол сияқты, орыс басқыншылары да түркі тілдерінде сөйлейтін басқа да кавказ халықтары: құмық, қарашай, ноғай, балқар және әзербайжан өкілдерін солай атаған.

Русьтің шығыс шекараларына тақау жерлерде тұрған түркі көшпенділері – қыпшақтар, бұлғарлар, печенегтер, құмандар, хазарларға да «татар» деген орыс анықтамасы телініп, славяндармен бірге олар да қазіргі татар халқының этногенезіне (яғни, дара халық болып ұйысуына) белсенді қатысты, сөйтіп, өзіндік еуразиялық генотипін, тілін, мәдениеті мен мемлекеттілігін қалыптастырған татар халқы пайда болды. Көршілес орыс халқының тұқымында татарлардың да қаны барына меңзеген Наполен айтқандай: Grattez le russe, et vous trouverez le tartare (орыстың бетін тырнасаң, ар жағынан татар шығады).

Біздің әңгімеміз дастарқан басында басталып, ас-ауқат турасында өрбігендіктен, «тартар» деп аталатын тағамдардың да әлемге әйгілі екенін айта кетейік. Барлық еуропалық, әсіресе, деңгейі биік француз және неміс мейрамханаларында Boeuf a la tartar деп аталатын экзотикалық тағам ұсынады. Ол тартылған шикі еттен жасалып, тепсе темір үзетін дала жауынгерлері татарлардың өте пайдалы дәстүрлі тамағына баланады.

Мейрамханалардың керемет тамағын жеп дағдыланбаған мен үшін, еуропалық тартар – адам жегісіз жиіркенішті бірдеңе. Тамақты талғап жейтін әрі өздері де бармақтарынан бал тамған аспаз татарлар осы бір дәмсіз, оның үстіне ішек ауруларын тудыратын шикі тағамды жеген деп ойламаймын.

Тоңазыған шикі етті бірдеңе етіп жеу үшін, еуропалықтар оған дәмді тұздық қосып береді. Әлбетте, оның да аты – «тартар». «Тұздық – аспаздың қателігін түзетудің ең соңғы амалы!» деп тегін айтылмайды ғой.

Шамалауымша, Boeuf a la tartar – әзіл-оспақтан туған тағам. Жас жауынгерлеріміз зеріккенде, өздеріне тесірейе қараған еуропалықтарды келеке ғып, көңіл көтерген. Олардың өздерінен өлердей қорқатынын білетін далалықтар, қанжығадағы қоржыннан таза шүберекке оралған бір кесек шикі етті алып шығып, көрсетіп тұрып:

– Қараңдар, біз жылқы етін шикідей жейміз! Жаман болсаңдар, сендерді де парша-парша қылып кескілеп, тұздамай-ақ қылғыта саламыз! – деп, одан әрмен әлгілердің үрейін ұшырған.

Содан шошынған еуропалықтардың ауыздары ашылып, көздері бақырайғанын көріп, біздің жындысүрейлер қарқылдай күліп, мәз болған! Сөйтіп, күллі Еуропада қырғын күлкі, ырғын қызыққа батып жүрген! Ол шикі еттің кәдімгі жорық кезінде жауынгерлерге берілетін азық екенін еуропалықтар қайдан білсін.

Сол етті шыбыққа немесе жебеге шұжық құсатып түйреп, аз-кем аялдаған жерде от тұтата қойып, қуырғанда, демде пісетін болған. Осылай өз асын өзі пісіріп, Әскерде «люля-кәуап» деп аталатын ыстық та дәмді етті жеп, тойып алған біздің жауынгеріміз одан әрі жортып кете берген.

Қазіргі бүкіл қоғамдық тамақтандыру саласындағы fast-food тартылған етке негізделген. Өйткені, ол тез піседі әрі өте арзан. Арзан болатыны – ұшаның ең бір дәмсіз әрі қатты бөліктерін, ет қиқымдарын, тіпті, жылпос аспаз-кәуапшылар қалжыңдап айтатын «құлақ, мұрын, кеңірдек, құйрық, сирақ, ащы ішек» сияқты етке жатпайтындарды да етпен қоса тартып, кәдеге жаратып жіберуге болады. Әйтпесе, оларды қайда жібереді, лақтырып тастай ма?

Теледидар арқылы танылған мықты ағылшын аспазы Джейми Оливер көрермендерге әлемдік fast-food рәмізіндегі басты элемент – гамбургерге қосатын қуырылған котлетті ойлап тапқан әсте Гамбург тұрғындары емес, айбынды түркі жауынгерлері татарлар екендігін ашық айтып, тәптіштеп түсіндіреді. Аман бол, Джейми!

Сонымен, біз енді «татар» сөзі мен оның «моңғол» деген синонимінің орысша мағынасын білеміз. Бұл орыс тарихшылары «татар-моңғол езгісі» («татаро-монгольское иго») деп атаған дәуірлік оқиғаның артында кім тұрғанын анықтауымызға мүмкіндік береді.

Былай қарағанда, «татар-моңғол» тіркесі «майлы май» дегендей, бір ұғымды беретін екі сөздің орынсыз қайталануы сияқты болып естіледі. Бірақ, бұл терминнің орыс тарихнамасында 19-ғасырда туғанын ескерген абзал. Сол кезде славяндар 6 ғасыр бойы өздерімен тату тұрған жақын көршілері татарлар (еуро-түркілер) мен мүлдем алыстағы көршілері моңғолдардың (жай ғана түркілердің) сырт келбетіндегі айырмашылықтарды айқын байқаған. Сөйтіп, «татар-моңғол езгісі» деп аталатын тарихи оқиғаға еуропалық түркілердің де, жай түркілердің де қатысқанын көрсету үшін, екі түрлі топтың екеуін де бір терминмен таңбалауға тура келген.

Аталмыш тіркестегі «татар-моңғол»-дың басын ашып алдық. Енді бастаған істі аяғына жеткізіп, «иго» сөзін қарастырайық. Дальдің түсіндірме сөздігіне сәйкес, «иго дегеніміз – жарма, мойынтұрық, яғни, жұмысқа жегетін малға кигізетін қамыт». Осыған орай, қайтадан дұрыстап түсіндірер болсақ, «татар-моңғол езгісі» атауының әдеттегіден өзгеше мағына беретіні белгілі болады:

«Жұрт моңғолдар деп те атайтын татарлар, шынында да, мойындарына қамыт киіп, 300 жыл бойы, ат сияқты, ауыр еңбекке жегілді, сөйтіп, бытыраңқы Русьті еуропалық құлдықтан құтқарды, орыс князьдіктерінің басын қосты, олардың экономикасын дамытты, соның арқасында Ресей деп аталатын Ұлы мемлекет өмірге келді».

Олардың неге бұлай еткенін, істің жайы қалай болғанын келесі әңгімеде баяндаймын.

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы»

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»

Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»

Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»

Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары»

Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»

Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»

Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»

Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»

Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы»

Кітаптың он бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы»

Кітаптың он алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау»

Кітаптың он жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы»

Кітаптың он сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Орыс мәселесі»

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЖАППАЙ ҚОНЫС АУДАРУ. ҰЛЫ ХАННЫҢ СОҢҒЫ ЖОБАСЫ

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ

Бешпармақ. Инженер толғанысы.ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР

The post Бешпармақ. Инженер толғанысы.ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР appeared first on Eurasia24 QAZ.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ
ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ

Бразил-ия немесе Итал-ия деген сияқты, орыстар бұрмалап, «Монғол-ия» деп атап кеткен Мәңгі Елдегі қазақ руларының ескі жұртына (яғни, босап қаған жерлерге) біртіндеп тегі мен тілдік тобы жағынан тұңғыстар мен буряттарға жақын оңтүстік Сібірдің шағын халха, чахар және ойрат тайпалары қоныстанды. Әлемнің әр түкпірінен ұлан-ғайыр Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарына көшіп барған жүздеген ұлт өкілдерін «америкалықтар» деп атайтынымыз сияқты, олар да тұрғылықты жер атауы бойынша «моңғолдар» деген жаңа есімді еншіледі.

КСРО статистикасының деректеріне сүйенсек, қазіргі монғолдардың саны 2-ғасырдың орта шенінде небәрі 300 мың болған екен. Егер олардың тарихын 7 ғасырға немесе 35 ұрпаққа, яғни, Мәңгі Ел шырқап тұрған кезеңге қарай шегерсек, онда 13-ші ғасырда олар, ең көп дегенде, 10 мың адам болған.

Егер бұл саннан әйелдер мен балаларды, жасы ұлғайғандар мен денсаулығы нашар, әскерге жарамсыздарды алып тастасақ, онда қазіргі замандағы әскерге алу нормалары бойынша 17 мен 45 жас аралығындағы бүкіл моңғол еркектерін (халық санының 10 пайызын) әскер қатарына шақырғанда, бар-жоғы 1000 адам шығар еді.

Ал, енді ойланып көрейікші. 1000 моңғол сарбазы орта ғасырларда жалпы саны 100 миллионнан асып жығылған түркі, славян, парсы, еуропа, қытай, жапон, үнді және басқа да этностар мен халықтардың тұрақты әскерін, халық еріктілері мен партизан жасақтарын жүздеген шайқастарда қирата жеңіп, бүкіл Қытайды, Үндістанды, Орта Азияны, Таяу Шығысты, Кавказды, Русьті және жарты Еуропаны жаулап алды дейтін тарихшыларға сенуге бола ма? 1000 сарбаз деген 1-қыркүйекте қалалық мектеп ауласында жиналатын оқушы санындай-ақ қой.

Салыстырып көрейік. Қазіргі Қазақстанда резеңке сойыл, тапанша, автомат, компьютер, мобильді байланыс, автомобильдермен бақайшағына дейін қаруланған 60 мыңнан астам полицей еңбек етеді. Олар күні-түні Заң мен Билікті небәрі 19 миллион бейбіт, өздерінің туған қазақстандықтарынан қорғайды. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, егер солардан 1000-ақ полицей қалып, ал, сіз бен біз 100 миллионға жетіп, полицейлерден құтылғымыз келсе, не болар еді?

Википедияға үңіліп, мынаны оқимыз: «1224-жылғы Батыс жорығына қатысқан монғолдардың саны Польшада 20 000, Венгрияда –  20 000 (барлығы 40 000) сарбаз, 1260-жылғы Арабия түбегіндегі жорықта – 40 000 салт атты, 1276-жылы Жапонияға аттанған бірінші десантта – 40 000 адам». Сонда Орта ғасырларда кез-келген әскерді талқандауға әбден жететін «монғолдардың» тұрақты жорық корпусы әрқайсысы 10 000 сарбаздан тұратын 4 түмен болып шығады.

Осы белгілі қиян-кескі ұрыстардың бәріне әлгі 1000 «моңғол» қатысты дегеннің өзінде, «моңғолдардың» 40 мың сарбаздық тұрақты Әскерінде солармен бірге басқа ұлттардан шыққан тағы 39 мың сарбаз соғысқан болды ғой?

Бородино майданындағы 40 мың сарбаздан тұратын үлкен Ресей отрядын көзге елестетейікші. Егер солардың 39 мыңы орыс, 1 мыңы ған татар болса, ақылгөй тарихшылар осы Бородино шайқасын «француздар мен татарлар арасындағы ұрыс» деп атар ма еді? Жоқ, әрине!

Бірақ, тап осы тарих ғылымы жоғарыда аталған бүкіл соғысқа қатысып, жеңген дәл осы «моңғол» Әскері деп санайды. Ал, біз ондағы «моңғолдардың» саны мардымсыз аз болғанын, бүкіл қолдың 2,5 пайызын ғана құрағанын есептеп шығардық.

Бір сөзбен айтқанда, саны мүлдем аз болғандықтан, қазіргі моңғолдардың ата-бабаларының «татар-моңғол езгісіне» ешқандай қатысы болуы мүмкін емес екеніне келісерсіздер. Әділ болуы үшін, тарихи мағлұматтарға сүйене отырып, бұл халықты тарих ғылымының ғайбат-жаласынан ақтап алу керек. Мәжбүрлі түрде. Өйткені, олардың өздері оған қарсы болады!

Пантюркизммен қызу күрескен Кеңес Одағы Коммунистік партиясының идеологтары Шыңғыс Ханды «моңғол» деп атап, Моңғол Халық Республикасының тұрғындарына керемет сый тартты. Олар үшін бұдан құнды, бұдан қымбат сый болмас, өйткені, «моңғол Шыңғысхан» бұл кішкентай халыққа зор әлемдік танымалдық та, туризмнен түсетін мол табыс та әкелді.

Орта ғасырларда Доннан Қытай қабырғасына дейін созылған сайын сақарада ғұндардың ұрпақтары – түркі этносына жататын сансыз көп көшпенді һәм отырықшы халықтар мекендеді. Небір төңкерістерден, қанды қырғындар мен дүниежүзілік соғыстардан болған бүкіл шығындарға қарамастан, бүгінде түркілердің жалпы саны 200 миллионнан асып отыр.

Кеңестік түркітанушы Лев Гумилевтің сөзін келтірейін: «Түркі өркениетімен салыстырғанда, Грекия мен Рим өркениеттері – аудандық ауқымдағы өркениеттер!». Еске салайын, «аудандық ауқымдағы өркениет» деген ежелгі Римнің өзінің 34 легионында 5-ші ғасырда 140 000 сарбаз қызмет еткен. Ендеше сонау 13-ші ғасырда түркілердің саны 8 миллионға дейін жетіп, соған орай, 40 мыңнан 80 мың жауынгерге дейін қол жиюы әбден мүмкін еді.

Орта ғасырдағы батысеуропалық тыңшы Плано Карпинидің Мәңгі Ел Федерациясына іссапары туралы есебінде былай деп жазылған: «Наймандар – Мәңгі Елдің мейлінше ірі және мейлінше мәдениетті тайпасы». Осы құжатты орыс тіліне аударған кезде, әлдебір аса ұқыпты кеңес ғалымы «мәңгіелді», Сталин жолдас бұйырғандай, «моңғолға» айналдырып, «Наймандар –  мейлінше ірі және мейлінше мәдениетті моңғол тайпасы» деп жазған.

Бағымызға қарай, мәскеулік аудармашы «найман» аса мәшһүр қазақ руының атауы екенін білмеген. Әйтпесе, аударма мәтіннен біз үшін өте-мөте маңызды бұл сөйлемді мүлдем алып тастар еді. Саяси цензура да бұл жаңсақтықты байқамаған. Сөйтіп, біз қазір Қасиетті Рим Империясының сыртқы барлау қызметі тыңшысының осынау маңызды куәлігіне ие болып отырмыз!

Осы орайда, наймандар бастама көтеріп, қалған қазақтар ішкі қызғанышын басып, бірауыздан қолдап, италиялық барлаушы Джованни де Плано Карпиниді қазақ халқы алдындағы айрықша еңбегі үшін – I дәрежелі «Даңқ» орденімен, ал, кеңестік аудармашыны есептің аудармасында маңызды ақпаратты сақтап қалғаны үшін «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапаттау жөнінде Қазақстан Республикасы Президентіне өтініш жолдауы тиіс деп есептеймін.

Енді «моңғол» сөзін «мәңгі елге» алмастырып, орта ғасырлар тарихы бойынша бүкіл материалдарды қайта оқыңыздар. Сонда ғалымдардың ғасырлар бойы бықсытқан былжыр-батпағы жоғалып, бәрі ап-айқын әрі түсінікті болып шыға келеді.

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы»

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»

Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»

Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»

Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары»

Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»

Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»

Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»

Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»

Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы»

Кітаптың он бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы»

Кітаптың он алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау»

Кітаптың он жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы»

Кітаптың он сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Орыс мәселесі»

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЖАППАЙ ҚОНЫС АУДАРУ. ҰЛЫ ХАННЫҢ СОҢҒЫ ЖОБАСЫ

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ

The post Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ appeared first on Eurasia24 QAZ.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қалқадағы шайқас. Жазалау операциясы
Сыртқы Барлау тыңшылары қайғылы жағдайды дереу Орталыққа хабарлады. Сөйтіп, бүкіл Мәңгі Ел Әскері Елшілік дипломаттарының залымдықпен өлтірілгенін естіп білді. Айбарлы командирлер мен тәжірибелі жауынгерлер Русьті бейбітшілікке мәжбүрлеу Операциясына сұранып, Әскердің Бас Штабы Ортаға ұжымдық өтініштер жолдады. Олар енді оны Жазалау Операциясы деп атады!

Бас Штаб Орта Операцияға әзірлікті тездете түсті. 1223-жылдың наурыз айында орыс шекараларына жақын жердегі аса тәжірибелі командирлер Жебе Ноян мен Сыпатай Батыр (орысша – Субедей) бастаған 20 мың салт атты екі түменді шұғыл түрде Киев тарапына аттандырды. Олар Хорезм уәлаяттарын Мәңгі Елге қосу орайындағы екіжылдық шеруді аяқтап, Солтүстік Кавказдың минералды суларында тынығып жатқан болатын.

Бас Штаб қолбасыларға Мәңгі Ел шекарасында орыс әскерінің жолын кесіп, оның шабуылын тежеу міндетін жүктеді. Дұшпан санының бес есе басымдығына байланысты, орыстармен жойқын шайқастан жалтарып, оларды ұсақ қақтығыстарда діңкелетіп, иен даланы бетке алып шегіне беру тапсырылды. Бұндағы мақсат шығыс аймақтардан батысқа тағы екі түмен тартылып, ұрысқа қосылғанша уақыт ұту еді. Нұсқауда қапы жоқ – бәрі дұрыс, бәрі түсінікті. Тек Бас Штабтағы стратегтер соғыс өнеріне әбден машықтанған Жебе мен Сыпатайды жете бағаламаған еді! Ал, қос батыр көмек келгенше қарап отырмады! Қанеки, қадірлі отандастар, олардың не істегенін көрейік!

Сыртқы Барлау қызметінен орыс әскерінің бағдарын біліп алған олар, шекара шегіндегі Қалқа («қалқан» сөзінен шыққан) өзеніндегі өткелге жақын жерге түмендерімен бірге жасырын кеп жайғасты. Көп ұзамай, сол маңайға қисапсыз көп орыс полктері келіп жетіп, түнемелге қостарын тікті. Олар келісімен, Жебе мен Сыпатай Сыртқы Барлау тыңшыларымен бірлесе әрекетке көшіп, «Желпуіш» деген құпия атаулы тактикалық операцияны бастады, оның мәнісі – жауды желпуіштей жайылып, бір-бірінен ажырап, алшақтап кеткен жерінен біртіндеп құрту. Осынау тиімді тактикалық тәсілді заманауи әскер мен арнайы қызмет оқулықтарына енгізу қажет.

Өз жасағын ерткен орыс Князьдарының әрқайсысы осы жорыққа қара басының ғана қамын көздеп шыққан болатын. Олардың әрқайсысы көшпенділерді жеңген жағдайда басқа 20 Князьбен атақ-даңқты да, олжаны да бөліскісі келмеген еді. Бір-бірін ұнатпайтыны сондай, тіпті, Қалқа өзенін жағалай қосындарын да бір-бірінен аулақ орналастырды!

Өмір бойы бір-бірімен жауласып, бір-бірін жасырын да, ашық та жек көріп келе жатқан, тек көшпенділердің қалың Қолымен айқасу үшін ғана бастары қосылған Князьдар, кез-келген сәтте біріккен әскерді тастап, оңай олжаның соңынан беталды тұра шабуға даяр еді!

Қалқа өзеніне жақындағанда, орыс шолғыншылары көшпенділердің 20 жауынгерден тұратын шағын жасағын көрді. Олар қарсы бетке жайғасып, аттарын шомылдырып, ет қуырып, көктемгі күнге емін-еркін шуақтап жатқан еді!

Галицкий князьдығының салт атты дружинасы жалма-жан шығыс жағалауға өтіп, көшпенділерді қуып берді, қорқақ көшпенділер тым-тырақай қаша жөнелді. Сөйтіп, бір-екі шақырым өткенде, орыстар (неткен сәттілік десеңізші!) жапан түзде тең-тең қытай жібегі, қымбат бұқар кілемдері тиелген, үстінде зәресі ұшқан екі арбакеш шал отырған 2 сынық арбаны ұшыратты!

Кешкілік Қалқаның батыс жағасына оралған ержүрек Галицкий дружинасы алғашқы жеңісі мен алғашқы олжасын дүркірете тойлап, өз Князін мадақтап, тартып алған кілемдер мен жібектің буына масайрап, бөсіп отырды!

Ал, қалған Князьдар өз шатырларының қасында тістері шықырлап, қызғаныштан жарылардай боп отырған. Сол екі арада әр Князьға түн жамылып бір-бір қара торы адам келіп, өздерін «Галицкий жасағының тілмәшымын» деп таныстырып, ақырын ғана ымдап, былайырақ шығып, оңаша сөйлесуге шақырды.

Қобалжыған болып, жан-жағына алақтай сөйлеген олар, Князьдардың құлағына төне сыбырлап, мынаны хабарлады:

Мен өзімнің сараң Князымнан тығылып, түсініксіз шүлдір-былдыр тілде сөйлейтін әлгі арбакеш шалдарды тергеп, күндіз Галицкий дружиналарынан қашып кеткен анау 20 салт аттының кім екенін біліп алдым. Олар Бұхарадан, Самарқан мен Хиуадан тауар тиеген, 100 арбалық үлкен керуенді күзетуші жасақтың бір бөлігі екен. Ол жасақ кеше таңертең ғана осы жерден аттанып, көшпенді қыпшақтар сақарасына бет алыпты. Князь, керуенді қуып жет. Сенің полкың ол керуеннің күзетінен бес есе көп қой. Бүкіл тауар сенікі болады. Ал, менде оның бағыт-бағдары, тоқтайтын жерлері көрсетілген жол сызбасы да бар. Ана екі арбакешке керуенбасының өзі сызып беріпті, арбаларын жөндеп болған соң, керуенді іздеп тауып алсын деп!

Соқ өтірікті, сығыр көз неме! Қане, көрсетші!

Иә, саған, ақымақты тапқан екенсің. Қазірдің өзінде мені «сығыр» деп мазақ қылып тұрсың, ал, керуенді таппай қалсаң, тіптен, басымды жұлып аларсың! Былай болсын, сен қазір керуендегі әрбір арба үшін бір-бірден – алақаныма 100 күміс ақша сал. Сонда мен саған жол сызбасын беремін. Шынымды айтсам, сызба бұдан да қымбат тұрады. Өзім сендермен бірге барсам, олжадан да үлес сұрар едім. Бірақ, кетуіме болмайды. Ертең Князым, Мстислав Галицкий, ұйқысы қанып, тұрған соң, мені іздейді. Ал, мен үй-ішімның амандығына бола қорқамын. Кетіп қалсам, ол елге оралған соң, бәрін бауыздап тастайды ғой!

Сонымен, олар ұзақ саудаласты. Ақыры тілмәштар құпия «жол сызбаларын» Князьдарға жарты бағасына сатып, ақшасын алып алды. «Қалғанын керуенді тонаған соң төлейміз» деген жалған уәделеріне сенген кейіп танытты. Князьдардың бәріне жеке-жеке жолыққан тілмәштар Киев Князына ғана бармады. Оның өз себебі бар еді.

Ертеңінде шығыс жағалауда киевтіктер мен кеше кешке өлгенше ішкен Галицкий сарбаздарынан басқа бірде-бір Князь жасағы қалмады. Барлығы шұғыл жиналып, түн қараңғысында қыпшақ даласына тартып отырды. Ашкөз ақымақ тілмәштардан сәтімен сатып алған «өзінің» құпия жол сызбасымен әрқайсысы «өз» керуенінің соңына түсті.

Таңғы астан кейін Галицкий жасағы да сақараға бет түзеді. Ал, ешкім ештеңе айтпаған киевтіктер  Қалқа өзенінің жағасындағы өз қостарында аңырып қала берді. Тілмәштар мен тұтқын арбакеш шалдар да (бәрі Сыртқы Барлау қызметкерлері) зым-зия ғайып болды.

Орыс полктары көкжиекке қарай жалпақ желпуіштей жайылып, арбалардың сорабымен әркім өзінің «елес-керуенінің» соңынан қуа жөнелді. Олжаға құмартып, өршелене қуған олар әрбір жарты күн сайын жаңа ізге түсіп – біресе шоғы қызарып жатқан алау орындарын, біресе ақсап қалған атты, біресе арбаның сынған доңғалағын тауып, мәз болды. Ақыры бірнеше тәулік өткенде, ыстықтан қаталап, аштық пен шөлден қалжырап, әбден сілесі қатқанда ғана ұшы-қиырсыз жусанды даланың қайырсыз түкпірінде біржола адасқандарын түсінді.

Жападан-жалғыз қалған әрбір орыс полкының жолында, ерте ме, кеш пе, көптігі адам шошырлық, бірнеше мың салт атты қол сап етіп кездесіп отырды. Олар, құдды, жаттығуда жүргендей, аспай-саспай, әлі құрыған сарбаздарды қоршап алып, қамауға түскен дәрменсіз бұғылардай, өткір жебелерімен аяусыз атқылап, жусатып салды. Өздеріңіз  де аңғарған боларсыздар, бұлар Жебе мен Сыпатайдың даңқты түмендері болатын, олар барған сайын желпуіштей жайылып, бір-бірінен алшақтаған Князьдардың жасақтарын күнбе-күн бірінен соң бірін іздеп тауып, жойып отырды, екінші аптаның соңына қарай 20 полктың соңғысын жайратып бітірді.

Олар ең соңында әлі де Қалқа өзенінің жағасында жайланып жатқан, Мәңгі Ел Елшілігінің бейбіт бітімгерлерін өлтірген ақымақ Киев Князының полкын да дәл осылай садақ оғының астына алды. Осы оқиғаға байланысты КСРО тарихшылары, жазушылары мен суретшілері жеңімпаз көшпенділерді қатыгез етіп көрсету үшін, олардың тұтқынға алынған ондаған орыс Князьдарының тірідей жанышталған денелерінің үстіне ағаш тұғыр орнатып, сол тұғырларға жайғасып алып, жеңіс тойын тойлағанын майын тамыза суреттеп бақты. Кеңестік  шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің кеңестік идеологияға жат жауыздық мазмұндағы қиялдарына таң қалмасқа болмайды! Сол гуманитарлардан «Тұғыр жасай қоятындай, тақыр далаға ағаш тақтайлар қайдан келген?!» деп сұрар ма еді, шіркін!

Тұтқын Князьдардың да болғаны неғайбіл. Әскерде қызмет еткен кез-келген ер-азамат біледі – «ұрыста, ең алдымен, қарсыластың командир-офицерлерін өлтіріп, содан соң барып басқарусыз қалған қатардағы сарбаздарын қолға алу керек» дейтін бұлжымас ереже бар. Олай болса, ұрыс даласында әсем әбзелді атынан, әдемі киімі мен қымбат сауыт-сайманынан бірден танылатын Князьдар, әлбетте, өздерін нысанаға алған мерген жебелерден бірінші болып жер құшқан, сондықтан, тірідей тұтқынға түспеген.

Жалпы, біздікілер жауларын ешқашан тұтқынға алмаған. Оның әуре-машақаты көп: күзетесің, тамақ бересің, оларды ешкім ақы төлеп тұтқыннан босатып алғысы келмейді. Ендеше тұтқындап керегі не?

Айтпақшы, қазіргі заманның офицері ұрыс басталмай жатып, жау мергенінің көзіне ілігіп, оққа ұшқысы келмесе, тұлға-тұрпаты мен киімі жағынан қатардағы жас жауынгерден ерекшеленбеуі тиіс. Сондықтан, АҚШ-тың тұрақты Әскерінде офицерлер де, сарбаздар сияқты, сымбатты әрі шымыр болып келеді, лейтенанттардан бастап, төрт жұлдыз таққан ақ самайлы генералдарға  дейін – барлығы таңертең ерте бағыныштыларымен бірге бір кісідей жүгіреді, ал, офицердің жорық униформасы сарбаздікінен еш ерекшеленбейді.

Сонымен, 1223-жылдың сәуір айында «дінсіз көшпенділердің» екі апталық тамаша операциясы барысында Русьтің бүкіл әскери қуаты жойылды («Қалқадағы шайқас», Википедияны қараңыз). Мәңгі Елге жорыққа шыққан 21 Князьдың ішінен 9 Князь ғана тірі қалды, өйткені, олар арып-ашыған өз полктерін айдалаға тастап, дер кезі қашып кеткен болатын. Осы 21 Князь бастаған 100 000 дружина сарбаздары  мен ерікті жасақшылардың бір де бірі үйіне оралмады.

Содан қайтып орыс тарапынан Мәңгі Ел аумағына шабуылдайтын ешкім қалмады. Келешекте де ол жаққа ешкім көз алартпастай болды.

Тарихшылардың баяндауынша, 1223-жылы орыс Князьдары Қасиетті Русьті басып алып, тонауға келе жатқан «моңғол» Әскерін тоқтату үшін, біріккен қол жинапты. Қалқадағы шайқаста орыс әскері өзінің қаһармандық жанкештілігімен «моңғолдарды» тоқтатыпты-мыс. Мұндай құрбаншыл жанкештілікті күтпеген моңғолдардың қатты қорқып қалғаны сонша, әрі қарай қорғансыз қалған Руське аттап баспай, шекарадан қайтып, тек 13 жылдан кейін, 1236-жылы ғана Русьте төбе көрсетіпті-міс.

Тарихшыларға сұрақ. Орыс Князьдары көшпенділерге шабуыл жасамаған болса, керісінше, олардан қорғануды ғана ниет еткен болса, онда неге сол үшін арнайы салынған іргелі қорғаныс ғимараттары – қала қамалдарын пайдаланбаған? Қамал қабырғаларынан, тіпті, нашар үйретілген халық жасағының өзі жауға барынша пәрменді тойтарыс берер еді ғой?!

Ашық жерде орыстың жаяу әскері «монғолдардың» атты әскеріне қарсы мүлдем дәрменсіз екенін біле тұра, Князьдар сонау ит арқасы қияннан сайын далаға неменеге жетіп келген? Жарайды, табиғи су тосқауылының сыртына жасырын бекініп, Қалқа өзенінің құлама жарлы батыс жағасында қапысыз қорғаныс шебін құруға келді делік.

Олай болса, орыс полктары несіне аяқ астынан осы ыңғайлы шепті тастап, шығыс жағалауға өткен, ақыры, ол жақта жан-жаққа бытырап, бірнеше күннің ішінде қаза тапқан? Және бір кішігірім соңғы сұрақ: Киев Князы Елші мен бітімгерлерді не үшін өлтірді, олар бейбіт ниетпен келіп еді ғой?

Біздің әрбір замандасымыз осынау тағылымды тарихтан ой түйіп, ашкөз Билеушілердің бейбіт көрші халықты тонамақ арам пиғылының ақыры немен тынатынын саралай жүргені абзал.

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы»

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»

Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»

Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»

Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары»

Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»

Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»

Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»

Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»

Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы»

Кітаптың он бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы»

Кітаптың он алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау»

Кітаптың он жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы»

Кітаптың он сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Орыс мәселесі»

The post Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қалқадағы шайқас. Жазалау операциясы appeared first on Eurasia24 QAZ.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Орыс мәселесі
КҮШІНЕ СЕНГЕН КӨРШІЛЕР

Шалғай батыста көшпенділердің жерлері көптеген орыс княздіктерінің аумақтарымен шекаралас болғандықтан, Мәңгі Ел Үкіметі оларды болашақта қой жүнін де, Қытай мен Үндістаннан әкелінген көпшілік тұтынатын тауарларды да сататын нарық алаңы ретінде қарастыра бастады.

Өкінішке орай, 13-ғасырдың басындағы орыс жерлері өзара әскери қақтығыстардан көз ашпады. Көпшілігінің қандас туыстығына қарамастан, басшы-князьдар жерге таласып немесе руаралық жанжалдар мен тойымсыз ашкөздіктен дәйім бір-бірімен соғысып жататын. Соның кесірінен орыс князьдіктерімен Үлкен сауда ұйымдастыру екіталай еді.

Орыс князьдіктеріндегі экономика табиғи шаруашылыққа негізделді, диқандары мен қолөнершілері бірдей өнім өндіретіндіктен, олардың араларында сауда болмады. Жұрт бір-бірімен жаппай тауар алмасатындықтан, салық салу қиын еді. Жер иеленуші-князьдар қол астындағылардан салық пен жал ақысы ретінде табиғи өнім жинайтын, бірақ, бәрібір кедей тұратын, бұл оларды ара-тұра іргедегі орыс князьдіктеріне де, шығыстағы көршілес көшпенділерге де шапқыншылық жасап, тонауға итермеледі.

Князьдіктердің қарулы күштері 20-50 кәсіпқой жауынгер мен анда-санда жиналатын, сол себепті, нашар қаруланған, әскери іске машықтанбаған халық жасағынан құралған шағын дружиналар еді.

Ұлттық Сауда Корпорациясы аналитиктерінің болжамдары бойынша, орыс князьдіктерінің халқы суық климатқа байланысты жүнді көптеп алатын, Хорезм мен Қытайдан әлденеше есе үлкен нарық алаңына айналуы мүмкін еді. Жыл сайын орыс нарығында Мәңгі Елдің барша малшылары бір жылда өндіретін бүкіл жүнді сатуға болады. Күндердің-күнінде орыс княздіктерімен ауқымды сауда қатынастары орнай қалса, Федерацияның экспортқа жүн шығару бойынша бүкіл әлеуеті барынша іске асырылады деп санай беруге болады.

Орыс жерлері арқылы Ұлы Жібек жолымен жөнелтілетін тауарларды бай еуропалық корольдіктерге тасу мүмкіндігі да қарастырылды. Алайда, есептеп қарағанда, Еуропа нарықтары тым жырақта жатқандықтан, құрлықпен жүретін керуендермен тауар жеткізу ақысы да шарықтайды екен, соның салдарынан тауарлар шектен тыс қымбаттап, тұтынушылар аясы тарылып, сату көлемі мүлде азаяды. Еуропаға салмақты көлемде тауар шығару үшін, неғұрлым арзанырақ көлік пен жол іздеу қажет еді. Сол үшін, Еуропаға орыс жерлері арқылы тауар тасу мәселесін кейінге қалдырып, әзірше «Орыс Мәселесі» деген құпия атау берілген міндетті шешу ұйғарылды.

Федерация, әдеттегідей, бейбіт мәнерде әрекет етіп, орыс Князьдарын әуелі Біртұтас Экономикалық Кеңістік пен Кеден Одағына кірсе, экономикалық даму тұрғысында зор мүмкіндіктер туатынымен қызықтыруға тырысты.

Сыртқы Барлау қызметінің орыс тыңшылары жасырын түрде Князьдарға шығыстағы көрші Мәңгі Елдің байлығы туралы, ондай байлыққа біріккен аумақтардағы кедергісіз сауданың арқасында жеткені туралы ауық-ауық ақпарат тастап отырды.

Болжағандай-ақ, Орыс Князьдары бұған оң ыңғай бермеді. Бір кездегі Хорезм Хандығының Билеушісі сияқты, орыс Князьдары үшін де Кедендік Одақ Ережелері нағыз ақымақтық болып көрінді. «Сонда қалай – жердің иесі бола тұра, сол жер арқылы өткендерден алым-салық я ақы алмаймыз ба? Жоқ, біздің жерлерімізбен керуен түгілі, шыбын-екеш шыбын да тегін ұшып өтпейді!» — деп күпсінді олар.

Князьдіктердің Билеушілері өз арасындағы атам заманғы араздықтан бірікпек түгілі, бірігу туралы ойлануға да мұршалары болмады; бәріне ортақ сыртқы жаумен соғысу керек болса, бір сәрі, онда бірдеңе етіп келісуге болады, бірақ, бірлесіп ақша тауып, табысты бөлісуге олар өліп бара жатса да келіспейді!

Бұрын ылғи көршілес көшпелі тайпаларды тонап, олардың әлсіздігіне, өздерін ешкім жазаламайтынына үйренген Князьдар, күндердің күнінде ол тайпалардың жүнді бұрынғыдан көп өндіріп, оны бір жерге сәтімен өткізіп, табысқа кенеле бастағанын білгенде де, көп ойланып жатпай-ақ: «Тіпті жақсы! Ол дінсіздерді бұрынғыдан бетер тонап, одан сайын байимыз» деп түйді. Ол түсінікті де, өйткені, олар ежелден-ақ төңірегіндегілерді тонағаннан басқа, ақша табу тәсілін білмеген, жаңа бірдеңе ойлап табуға тағы талап қылған емес.

Сөйтіп, келе-келе көшпенділерден қымқырған дүние-мүлік арасында Қытай мен Хорезмнен әкелінген қымбат импорт тауарлар – керемет сәнді парсы кілемдері, жібек маталар, әдемі қару-жарақ пен ыдыс-аяқ жиі кездесетін болды. Тонаушылардың тәбеті ашыла түсті! Алайда, орыс Князьдары ендігі жерде баяғы бытыраңқы көшпенді тайпаларды емес, алып Федерацияның азаматтары мен салық төлеушілерін тонап жатқандарын, олардың артында Мәңгі Ел тұрғанын, ондай мықты мемлекеттік құрылым мен күш-қуат еуропалықтардың түсіне де кірмегенін сезген жоқ!

Орыс Князьдарының осы басбұзарлығы туралы шағымдар әуелі тексеріліп, ресми расталуы қажет болғандықтан, көшпенділерді шабуылдап, тонағаны үшін, оларды жазалау жағы кешеуілдеген еді; оған қоса, Сыртқы Барлау тыңшылары қажетті мәліметтерді жинағанша, Бас Штаб Русьті күшпен тыныштандырып, бейбітшілікке көндіру бойынша Операцияны мұқият жоспарлап, қажетті ауқымда Мәңгі Ел Әскерінің экспедициялық бөлімшесін жорыққа дайындағанша да біршама уақыт өтті.

Көшпенділер тойтарыс бермеген соң, өз істерінің дұрыстығына, ол үшін жазаланбайтынына сенімді орыс Князьдары, тіптен, құтыра түсті!

Бұл екі арада Федерация орыс Князьдарының шабуылдарын тоқтатуға тырысты, алайда, көшпенділерден түскен олжаның байлығы мен көптігін көрген әлгілер тоқтамақ түгілі, одан сайын құныға түсті.

Сыртқы Барлау тыңшылары оларға көшпенділерді шауып, тонаудан тыйылмаса, күндердің күнінде Мәңгі Елдің шекараларын қорғауға Федерация Әскері келетінін, ал, оның, кемінде, 40 000 жауынгерден тұратынын сырт құлақ арқылы жеткізді! Бірақ, орыс Княздары бұны да келемеж қылды:

–  Өй, сол жалғыз-жарым қой баққан шопан халықсымақта қайдағы Әскер?! Өздерінің саны Айдағы адамдардан да аз ғой! Олардың қысық көз еркектерін көргенбіз – бойлары быртық, тыртиған арық, тура өздерінің жатаған аттары секілді! Одан да мына біздің жасақтың жігіттерін айтсаңшы, сайдың тасындай сарбаздарымыз бірінен бірі өтеді – өздері аққұба, жауырындары қақпақтай, беттері табақтай, жұдырықтары тоқпақтай! Кез-келген жаудың тас-талқанын шығарамыз, осыдан жолап көрсін!

Алайда, көп ұзамай, тонағыш Князьдардың өз басына да күтпеген жерден бұлт үйірілді! Шығыстағы орыс Князьдарының аяқ астынан байыған көшпенділерді тонап семіргенін естіп, батыстағы Князьдардың да құлқыны ашылды. Олар шұғыл түрде орыс Князьдарының Төтенше Жиналысын ұйымдастырып, олжаға ортақтасқысы келетіндерін ашық айтты.

— Ұяттарың бар ма, өле жегенше, бөле жесеңдерші?! Қане, сәл ығысыңдар, көшпенді көршілеріңді біз де тонайық, әйтпесе, өздеріңді сілкілейміз, – деп мәлімдеді олар.

Бұл зілді мәлімдемеден шығыстағы орыс князьдары батыстағы князьдармен жаңа әскери қақтығыстар қаупі төнгенін түсінді.

Жаны қысылған Ұлы Киев Князінің басына кенет керемет ақылды ой келе қалды:

– Осы неге біз, қаны мен діні бір бауырлар, үнемі керісіп, бір-бірімізбен ұрыса береміз? Міне, қазір де шекара бойындағы шабуылдардан түскен олжа үшін қырқыспақпыз! Одан да арыдан ойлап, бәріміз бірге Шығысқа аттанайық, өйткені, шетелдік тауарларды сол жақта шығарып, сосын бер жақтағы қысық көздерге сатуға әкеледі ғой! Осы отырған баршамыз жасақтарымызды біріктіріп, бір қол боп, әлгі дінсіздердің Әскері бар екені рас болса, ақтық рет айқасып, біржола күйретсек, қатып кетер еді! Одан соң, анау, аты қалай еді, тілім де келмейді, Монгол ма еді, сол елді құмардан шыққанша аралап, қалағанымызша тонаймыз, олардың иен-тегін байлығы бәрімізге жетеді!

Оның керемет идеясына барлық Князьдар мәз болып, бірауыздан қолдағаны түсінікті, сөйтіп, орыстар Шығысқа қарай жорыққа дайындала бастады! Көшпенділердің Әскерін бет қаратпай басып тастау  үшін, кемінде 100 000 адамнан тұратын қол жинамақ болды, десе де, олар жау жағы 40 000 сарбаз шығаратынына сенбеді, «өтірік қорқытқандары ғой, одан әлдеқайда аз болар» десті! Сосын қарапайым славян халқына былай деп жар салды:

— Соғысқа баратындардың барлығын Князьдар 2 жылға салықтан босатады, түрмеден шығарып, қылмыстық істерін жабады, әкете алғандарыңша тонауға рұқсат етеді, соқа тісі тимеген сол құнарлы даладан қалағандарыңша жер береді! Ә, құрғыр, ұмытып кете жаздаппыз ғой – оған қоса, Князь күн сайын күшті қол сырасын беріп тұрады, аузы-мұрындарыңнан шыққанша ішесіңдер!

Шіркеулердегі поп біткен жексенбілік уағыздарда маңдайларын иконаларға қоймай ұрғылап:

— Орыс  халқы, тұрыңдар, өзіміздің озық та кемел дініміз үшін «кәпірлермен» соғысуға барамыз, егер ол соғыста, Құдай бетін ары қылсын, араларыңнан біреулер қаза табатын болса, біз оларды бірден жаннат бағына жөнелтеміз, ал, ол жерде рахат, рас айтамыз! – деп сайрады.

Үгіт-насихаттың пайдасы тиіп, – нәтижесінде, орыс тарихшыларының айтуынша, Мәңгі Елмен соғысып, пайда тапқысы келген 100 000-нан астам орыс ерлері Киевке келіп жетті. Орыс халық жасағына дінге табынушылар ғана емес, көбінше «несібеден қағылған» – көпбалалы үйлердің кенже ұлдары, жерсіз жалшы-малайлар, ішімдікке салынған небір маскүнемдер мен қылмыскерлер, оңай олжа қуған жанкештілер мен басқа да содыр-сотқарлар жиналды. Дені дұрыс халық оған қуанбаса, түк ренжімей, осындай тамаша бастама көтерген Князьдарға алғыс айтып, іштей «кеткен жасақ қайтып келмесе екен» деп тіледі!

Көп өтпей-ақ, алдағы басқыншылыққа ұйытқы болған озбыр Киев Князына бір топ мәмілегерді ертіп, Мәңгі Елдің Елшісі келді; құр келмей, қымбат сыйлық арқалап, Федерация Үкіметінен сәлем хат әкелді. Қысқашалап айтқанда, ол хатта былай деп жазылған еді: «Құрметті орыс көршілер, сіздер бізге соғыс ашпақ екендеріңізді білеміз, өтінеміз, олай ете көрмеңіздер! Біз сіздерді мазаламаймыз ғой, сіздер де бізге тимеңіздер!».

Резиденциясының терезесінен 100 000 адамнан тұратын орыс әскеріне қарап отырып, Киев Князы бұл «Бейбітшілік хатын» Федерацияның қорқақтығы мен дәрменсіздігінің дәлелі деп түсініп, Мәңгі ел мәмілегерлерінің тарту-таралғысын алып қалып, өздерін өлтіруге бұйрық берді!

Азғын!!! – дерсіздер ашынып, ашынатын жөндеріңіз бар! Түйсігі барлар біледі – қарусыз бітімгерлерді бейбіт заман түгілі, ұрыс-соғыс кезінде өлтірудің өзі аярлық, пасықтық болып саналады.

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы»

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»

Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»

Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»

Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары»

Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»

Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»

Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»

Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»

Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы»

Кітаптың он бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы»

Кітаптың он алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау»

Кітаптың он жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы»

The post Бешпармақ. Инженер толғанысы. Орыс мәселесі appeared first on Eurasia24 QAZ.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы
АТОМ БОМБАЛАРЫ

Қазіргі Моңғолиядағылар Шыңғысхан деп атайтын Жеңіс Ханның қабірін әлемнің әр түкпірінен жиналған археологтар қанша жылдан бері іздеп әлек, бірақ, олар өз уақыты мен салық төлеушілердің ақшасын текке ысырап етіп жүр! Ол қабір енді жоқ, із-түссіз құрыған, қалай іздесең де, табылмайды! Еуропалық, американдық, жапондық ғалымдардың басына «Мүмкін ол Моңғолияда жерленбеген шығар» деген арам ой келетіні де бар. Конфуций айтқандай: «Қараңғы бөлмеде сұр мысықты іздеген қиын, ол онда жоқ болса, тіптен, бекер!».

Бірақ, моңғол тарихшылары археологтарды былай деп жұбатады:

— Күмәндарыңыз болмасын, Шыңғысханның ұлдары моңғол әкелерін басқа бір жақта емес,  анық біздің жерімізде, Моңғолияда жерлеген, оның өзі солай өтінген ғой, өйткені, осы жерде туған! Ал, сіздердің таба алмай жатқандарыңыздың себебі, Әлемді Тітіреткен Әміршінің қабірі өте мұқият жасырылған! Ол өзі былай болған ғой – оның ұлдары қызулықпен әкесінің қабірін қисапсыз қазынаға толтырған (оны басқа қайда жібереді?), бірақ, артынан «тонаушылар сұқтануы мүмкін» екенін кеш те болса, түсініп, бар тапқан ақылдары – жатқан жерін ешкім таба алмайтындай етіп тегістеп тастауға бұйырған! Содан кейін оның үстінен үйір-үйір жылқы айдап, сол маңды түгелдей таптатып, тіптен, білінбейтіндей ғып тастаған. Одан соң, Шыңғысханды жерлеуге келіп, оның көмілген жерін көрген туыстарын, сарай қызметкерлерін, үкімет мүшелерін, достарын, жай ғана бірге жұмыс істескен әріптестерін, қарауылдарды, музыканттарды – бәрін шетінен өлтірген. Одан қалса, Шыңғысханды жерлегендерді өлтіргендерді де, жылқышыларды да жылқылармен қоса өлтірген, ешкімді ұмытпаған! Сосын бәрін көміп тастаған, ал, ол көмгендерді де, өздеріңіз түсініп отырғандай, тірі қалдырған жоқ. Қысқасы, әрі қарай да солай жалғасып кете береді. Сондықтан, табу қиын, әрине, бірақ, мүмкін! Біздің осы Моңғолиямыздан іздестіре беріңіздер! Айтпақшы, виза ақысын, қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат ақысын, сол жерде экспедицияларыңызға көрсетілетін қызмет ақысын төлегендеріңізге рақмет!

Бұндайды естіген шетелдік археологтар, түк тындырмаған экспедицияларын үн-түнсіз жиыстырып, осындай оғаштау аңыз тарататын әңгүдік авторлардың елінен тезірек аулақ кетуге асығып, үйлеріне тайып тұрады!

Енді ше – ұлдарының өлген әкенің қабірін жермен-жексен еткені оны қорлағаны емес пе; жерлеуге келген жақын-жұрағат, туған-туысты өлтіргені ессіздік емей, немене?! Әйтпесе, Жеңіс ханға риза халқы оның Кесенесін өздерінің ұлттық мақтанышы, тауап етіп, жаппай табыну орны болар «Әлемді Тітіреткен Әміршінің Ғибадатханасы»-на айналдырмас па еді? Ендеше, бұл сандырақ ертегіні бір-ақ нәрсеге – Жер бетінде моңғолдардың саны неге аз екенін түсіндіру үшін ғана қолдануға болар.

Шыңғысхан есімінен басқа, Моңғолияның әлемдік деңгейде мақтан етер даңқты ешкімі жоқ, сондықтан, одан өлсе айырылмайды! Моңғол Халық Республикасында Ұлы Моңғол туралы ертегілерге негізделген туристік бизнес қарыштап дамып келеді, оның тот баспайтын болаттан қоқитып жасаған мүсінінің үлкендігі сонша, Нью-Йорктегі Бостандық Мүсіні оның қасында адыра қалады!

Шыңғысханның атын, оның ұрпағы болып шыққысы келетін адамдардың арманын пайдаланып, қаншама пысықай адамдар қырып ақша тауып отыр. Бүкіл дүние жүзінде мыңдаған адам сол үшін арнайы қан тапсырады, сосын небәрі 150 АҚШ долларына оларға атаулы (яғни, қан тапсырып, ақша төлеген адамның аты-жөні жазылған) Сертификат беріледі де, ол Сертификатта 90%-ға дейін жететін кепілдікпен салыстырмалы ДНҚ анализінің нәтижелері бойынша әлгі адамның анық Шыңғысханның ұрпағы болып табылатыны жазылады (айта кетері, бұндай анализ сот медицинасында, кемінде, 1200 доллар тұрады).

Қызық, өйтіп салыстыру үшін, олар Әлемді Тітіреткен Әміршінің өзінің ДНҚ үлгісін қайдан алды екен сонда?! Әлгіндей Сертификат иелерін ренжіткім келмейді, бірақ, «Генетикалық география» жобасы көрсеткендей, Жер бетіндегі аппақ еуропалықтан бастап, қап-қара африкалыққа дейінгі бүкіл адамдардың ДНҚ құрамы 99,9% сәйкеседі екен, ал, жуырда беделді ғылыми-көпшілік журналдан адамның ДНҚ-сы 90%-ға ішек таяқшасы бактерияларының ДНҚ-сымен сәйкесетінін оқыдым!

Қазіргі моңғолдар Шыңғысханның моңғол емес, басқа болып шығуына әсте жол бере алмайды, өйткені, өздерінің бүкіл әлемге жайған жүзжылдық өтірігі үшін масқара болғылары келмейтіні анық. Сондықтан, жақын-жуық арада «моңғол археологтары Моңғолияның көсілген кең даласынан ақ мәрмәр саркофаг тауып, қазып шығарып алыпты», оның бетінде, әлбетте, «бұрын беймәлім болған, бірақ, кілті табылып, сәтімен оқылған «көне моңғол» тілінде «Ұлы Моңғол Шыңғысханға Моңғол туыстарынан» деген жазу қашалып жазылыпты» деген «әлемдік сенсацияны» естісем, түк таңқалмаймын.

Саркофагтан шыққан ер адам сүйегінің ДНҚ-сы, әлбетте, жоқ жерден алынған Шыңғысханның ДНҚ үлгісімен 90% сәйкес болып шығады. Сосын оның қаңқасы бәлен жыл жер шарын айналып, әлемнің ең ірі астаналары мен ең атақты мұражайларына саяхат жасайды, ал, оның көрмесінен түскен қыруар қаржы Ұлы Моңғол туралы моңғол ертегілерін адамзат санасына сіңіретін тарихшылардың, әдебиетшілер мен киногерлердің қаламақысына жұмсалады.

Бірақ, бұрынғы, қазіргі және болашақ тарихты бұрмалаушылардың өтірігін шығаратын бір шындық бар. Орталық Қазақстандағы Жезқазған қаласына жақындау жерде Жеңіс Ханның үлкен ұлы Жолшы жерленген қабір басында Кесене тұр. «Л» әрпін ұнатпайтын қытай жылнамашылары оның атын Жошы, орыстар Джучи деп жазып, осы күйінде ол әлемдік, одан ресейлік тарихқа, ал, одан қайтып қазақ тарихына еніп кетті. Оқырманды алаң қылмау үшін, мен де Жолшыны сол көпшілік үйренгендей, Жошы деп атай беремін.

Баршаға белгілі, Жошы Хан 1227-жылы, Жеңіс Ханның өзі дүние салардан алты ай бұрын қайтыс болған. Қазақта «Ақсақ құлан – Жошы Хан» деген мұңлы күй бар, аңыздың айтуынша, жаралы құланды қуам деп, аттан құлап мертіккен үлкен ұлының қазасын Жеңіс Ханға жұрт сол күй арқылы естірткен.

40 жыл мәпелеп, оқытып-тоқытып, талантты әскербасы, мемлекеттік қайраткер ғып өсірген тұла бойы тұңғышын жоғалтқан әкенің қайғысын елестетудің өзі өте қиын. Жошы Хан әкесінің істерін бірге атқарысқан сенімді серігі, оның идеяларын бар күш-жігерімен орындаушы және билігін ұстап қалар ең лайықты ізбасары болды. Зор үміт артып, мақтаныш ететін дәл осы ұлына Жеңіс Хан Федерацияның ең үлкен Орталық бөлігінің билігін сеніп тапсырып, Мәңгі Елдегі басты ұлттың барлық рулары мекендейтін сол аймақ «Жошы Ұлысы» атанды.

Көшпенділердің ежелгі салты бойынша, тура бір жылдан кейін Жеңіс Хан сүйікті ұлына арнап үлкен ас беруі керек болатын, оған міндетті түрде Мәңгі Елдің сансыз көп хандары, сондай-ақ, көрші мемлекеттердің Басшылары мен барлық діни конфессиялардың Жетекшілері келіп, Әлемді Тітіреткен Әміршіге өз ауыздарымен көңіл айтуы тиіс.

Жошы Хан қайтыс болысымен, жер шалғай, жол ұзақ екені ескеріліп, алыс сапарға орай, шаруаларын алдын-ала жайғастырып, белгіленген күні баршасы бір кісідей кешікпей жетсін деген ниетпен, барлық мемлекет басшыларына астың қашан және қайда берілетіні күні бұрын хабарланып, сауын айтылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған қонақтар Жошы Ханның жатқан жеріне тауап етіп, дұға бағыштауы үшін, ас марқұмның моласына жақын маңда өткен.

Жошы Ханның асына дайындық кезінде ауқымды жұмыстар атқарылып, көп қаржы жұмсалды. Жиын өтетін жерге жеткізетін барлық жолдар жөнге келтіріліп, жүздеген делегациялар мен олардың керуендері нақты кесте бойынша кедергісіз жүріп, жол бойында түнеп, тамақтана алатынай етіп ыңғайластырылуы тиіс еді. Ас өтетін жерде бір уақытта бірнеше мың қонақ пен оларға қызмет қылатын мыңдаған қызметшілерді орналастырып, тамақтандыруға жағдай жасап, жегін аттары мен түйелерді тұрғызатын, азықтандыратын және суаратын орындарды ұйымдастыру қажет болды.

Жиын кезіндегі күрделі, қым-қуыт көлік қатынасын реттеу Мәңгі Ел Әскеріне тапсырылып, алыс жорықтар кезінде мыңдаған қолды жүргізіп-тұрғызып, тылдағы қамтамасыздық жұмыстарын ұйымдастырып жүрген тәжірибесі мол мықты командирлер мен мықты бөлімшелер іске тартылды.

Мәдени бағдарламаға сай аламан бәйге (60 шақырымдық ат жарысы), көкпар ойынын өткізіп, ең мықты садақшылар, атақты палуандар, әртістер, әнші-күйшілердің өнерін көрсету үшін де көп дайындалып, уақыт пен қаражат жұмсау қажет еді.

Салт бойынша, асқа дейін марқұмның басына кесене тұрғызу керек болатын. Көшпенділердің әдет-ғұрпына сай, оның қабырғаларына барлық Хандар өздерінің рулық таңбасын басты. Бұрын әр қазақ руының өз таңбасы, малшылардың малына салатын ені болған, сол айшықты белгі бойынша жануар иесі оңай танылған. Айтпақшы, Жошы Ханның Кесенесіне басылған таңбалардың бәрі тек қазақ руларына тиесілі, олардың арасында бірде-бір моңғол таңбасы жоқ.

Сонымен қатар, әрине, дүйім ұлт болып аза тұтқан қаралы жылдың аяқталғанын білдіретін астан кейін  Құрылтай өткізіп, онда Жеңіс Хан қайтыс болған Жошы Ханның орнына тағайындалған Орталық Ұлыстың жаңа Билеушісін жариялауы тиіс еді.

Енді «Шыңғысхан Моңғолияда көз жұмған» делініп жүргеніне орай, мынандай сұрақ қояйықшы – 72 жастағы Жеңіс Хан, сол заманның өлшемімен алғанда, әбден қаусап, қайғыдан қан жұтып отырған қарт адам, әй-шәй жоқ, осыншалық ауқымды асқа дайындықты, оған қоса, Федерация үшін аса маңызды ұлттық Құрылтайды тастап, 3000 км қашықтағы Моңғолияға аяқ астынан тартып кетуі мүмкін бе еді?

Жасы келген адам жүрдек аттармен күніне, ең көбі, 30 километр жылдамдықпен жүріп отырып, ары-бері жылдам барып-қайтпақ болды деген күннің өзінде, ол 200 күн немесе 7 ай бойы тоқтамастан шауып отыруы керек болған екен!  Бір күнде аттан түспей, 30 шақырым жер шалып көрген кез-келген адам бұның мүмкін емес екенін айтады! Әмбе, тағы қайталайын, Жеңіс хан Жошы ханнан кейін алты айдан соң дүние салған.

КСРО-да Жеңіс Хан тақырыбына қатаң тыйым салынғанына нұсқайтын тағы бір айғақ – 18 км әріректе тұрған Бату Хан (Шыңғыс Ханның немересі, әйгілі Батый хан) Кесенесі сияқты, Жошы Хан Кесенесінің де салыну мерзімін Кеңес Одағының ғалымдары жоғарыда аталған академиялық «Қазақстанның археологиялық қазбалары атласында»  көрсетпеген! Жер астынан қазып алынған «ерте заманғы көшпенділердің»  4000 жылдан астам тұрған қоныстарының жасы «Атласта» көрсетіледі де, 13-ғасырда салынған жер бетіндегі Кесенелердікі көрсетілмейді!

Бату Ханның Кесенесі Атласта «Алаша хан кесенесі» деп аталады (Алаша Хан, Сайын Хан – халықтың Батуға берген есімдері). Бәлкім, онда жерленген адамның атын өзгерту арқылы қазақтар Алтын Орданың негізін қалаған бабамыздың қабірін Мәскеудің талқандауынан сақтап қалған шығар? Мысалы, дәл осылай кезінде қазақтар Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күрестің көсемі Кенесарының жауынгерлерінің моласын сақтап қалу үшін, орыс генерал-губернаторына ол жерде «тырысқақтан өлгендер жерленген» деп, өтірік айтқан.

Азып-тозған Ресей Империясының орнына, 80%-ы түркі халықтарының территорияларынан тұратын КСРО-ны құраған кезде, Сталин ғалымдардың, жазушылардың, киноматографистер мен мектеп мұғалімдерінің көмегімен ол халықтарды тарихи жадынан мүлдем айырып, Жеңіс Ханды кеңестік түркілерге еш туыстығы жоқ «моңғол» деп жариялады.

Отарланған түркі халықтары өздерінің алып түркі мемлекеті болғанын ұмытпайынша, Сталин оларды біржола бағындыра алмасын білді. «Барлық замана, барлық халықтардың ұлы данышпаны» Сталин Жеңіс Ханның ұлылығымен салыстырғанда, өзінің пәсейіп қалатынына жол бере алмас еді. Сөйтіп, ол бүкіл түркі зиялыларын құртуға, ерекше бұлқынған еркіндіксүйгіш көшпелі қазақтардың жартысын атып я аштықпен қинап өлтіруге, шетелдік «түпдерек мәліметтің» орыс тіліндегі аудармаларын қайта жазып шығуға, түркі мәдениетінің күллі материалдық жәдігерлерін жойып, КСРО түркілеріне арнап, жалған мазмұнды тарих кітаптарын жазуға бұйрық берді.  Бірақ, бұл да оған аздық етті!

1945-жылы «кеңестік ядролық полигонды қайда орналастыру керек» деген сұрақ туындағанда, әскерилер мен ғалымдар Сталинге Сібірдегі адам баласы тұрмайтын, алыстағы Тайшет аймағын ұсынған болатын, ол жер полигонды көзден таса, құпия ұстауға ыңғайлы әрі радиациялық тұрғыдан қауіпсіз еді. Бірақ, Сталин жолдас Жеңіс Ханның қабірі қайда екенін өте жақсы білетін, сондықтан, темекі сасыған саусағымен картадағы Қазақстанның дәл сол нүктесін нұқып тұрып көрсетті.

Осылай, қазақтың ата қонысының қақ ортасында Семей ядролық полигоны пайда болды, ондағы жер бетіндегі, әуедегі және жер астындағы 468 сынақтан кейін Жеңіс Ханның қабірінен тозаң да қалмады. Сол сынақтар барысында, 1949–1989-жылдар аралығында, Семей ядролық полигонында 616 ядролық және термоядролық қондырғылар жарылды, олардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 500 есе артық болды!

Міне, осындай елдес-жерлес бабасы Жеңіс Ханды қазақтардың жадынан жою үшін, ең жойқын әрі қорқынышты қаруды қолдану керек болыпты!

Бірақ, грузин Сталин мен оның түркі емес, басқа ұлттардан тұратын ортасы көшпелі қазақтардың ежелгі ас беру салтынан бейхабар болатын, әйтпесе,  Жеңіс Ханның  қабірімен қоса, үлкен ұлы Жошы Ханның да қабірін күл-талқан етер еді.

Бұл – Әлемді Тітіреткен Ұлы Әміршінің бейнесін сақтаған халық жадымен Үлкен күрестегі Үлкен қателік! Бірақ, сіз бен біз қазақтың әдет-ғұрпын жақсы білеміз, сондықтан, біз үшін Жошы Ханның қабірі – оның әкесінің де сол маңда, яғни, бертінге шейін Семей ядролық полигоны тұрған тұста қайтыс болып, жерленгендігінің дәлелі.

Шыңғыс Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» кітабында аяусыз азаптау салдарынан есінен айырылған тұтқын бозбаланың мисыз биологиялық робот іспетті мәңгүртке айналып, азаптаушыларының мал-мүлкін күзетіп жүрген жерінде өзін іздеп тапқан анасын өлтіргені туралы тәмсілді келтіреді. Кеңес жазушысы Айтматов «Мәңгүрт туралы аңыз» арқылы КСРО-дағы түркілерге не істелгенін тұспалдап жазған. Тарихи ессіздік рухани құлдыққа душар етіп, Отан-ананы опат қылады!

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы»

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»

Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»

Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»

Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары»

Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»

Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»

Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»

Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»

Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы»

Кітаптың он бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы»

Кітаптың он алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау»

The post Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы appeared first on Eurasia24 QAZ.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау
Отырар уәлаятының басынан өткен қайғылы оқиға, Федерацияның орайын келтіріп, оны оп-оңай өзіне қосып алуы Хорезмнің басқа да уәлаяттарының билеушілеріне сабақ болып, ақылға келмесе, оларды не күтетінін айқын көрсетті. Жеңіс Ханның бұйрығымен оның немересі Бату Хан Жебе Ноян мен Сыпатай Батыр бастаған екі түмен әскермен 1219-1221-жылдары шеру тартып, Хорезм хандығының қалаларын аралады.

Әр қалаға келгенде, оның Билеушісіне бітімгерлер жіберіліп, өз еркімен Федерация құрамына кіру туралы келісімге қол қою ұсынылды. Отырар әміршілерінің тағдырын ойда тұтқан қалалардың Билеушілері бірден бұл келісімге ғана емес, сонымен бірге, Біртұтас Экономикалық және Кедендік Одақтарға кіру туралы өтініштерге де қол қойды.

Әдетте, қала шонжарларының арасында Билеушіге қарсы оппозициялық ақсүйектер тобы болады, міне, сол топтың бір өкілін Бату Хан Жеңіс Ханның атынан билікке отырғызды. Ал, уәлаяттың бұрынғы Билеушісін ақырын ғана мойнын бұрап өлтіре салатын, оған немқұрайды шенеуніктер, қала тұрғындары мен ауылдық округтердің тұрғындары еш қарсылық танытпайтын. Жаңа әкімшіліктің тәртібін қадағалау мақсатында әр қалаға Мәңгі Елдің бір-бір өкілі қалдырылды. Қала әкімшілігі де, сондай-ақ, Федерацияның Сауда өкілдігі мен Консулдығы да кез-келген шешімді қабылдағанда, сол өкілмен ақылдасып отырды. Қашып кеткен Хорезм шахын Федералдар бақандай бір ай іздеп, ақыры Сырдария өзенінің қамыс тоғайында қуып жетіп, сол өзеннің лай суына батырып көзін құртты.

Міне, Хорезмді Мәңгі Елге қосу мәселесін қиюын келтіріп, қисынмен шешкендіктен, бұл елдегі қалалардың көне сәулеті аман қалып, бүгінде олардың ескі кварталдары, мешіттері, медреселері мен кесенелері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұрасы мен көпшілікке арналған туризм нысаны болып табылады!

Жеңіс Ханға Орта Азия, Таяу Шығыс және Кавказ қалалары да қарсылық танытпай, соның арқасында сақталып қалды, әйтпесе, Отырар қаласы Әміршісінің Қамал-Резиденциясы сияқты, оларды да азат етілген Шығыс тұрғындары соңғы кірпішіне дейін талап әкетер еді!

Міне, Хорезмнің отырықшы түркі халықтарына қайырлы әрі ақылды Билеушілерді, әділ әрі жеңіл салық жүйесін, жаңа тауарлар мен жұмыс орындарын, жерді меншіктеу құқығын берген көшпенділер Федерациясының Ынтымақтастыққа тарту мақсатындағы бейбіт операциясын тарихшылар тым өрескел «Шыңғыс Ханның Орта Азия халықтарын жаулап алуы» деп атайды.

Былай қарасаң, көшпенді ата-бабаларымыз соғысқұмарлықтан ада, зиялы адамдар сияқты еді, әйтсе, олардың іс-әрекеттеріне қатысты дәйім «жаулау», «басқыншылық», «қирату», «жою» сияқты сөздер  қолданылатыны несі екен?!

Орта Азия, Иран, Ауғанстан және Әзірбайжан халықтарының мәдени мұрасында Жеңіс Хан жаулаған жылдар зұлматы туралы ешқандай шерлі аңыздар, мұңды өлеңдер я зарлы әндер жоқ, өйткені, бар болса, Кеңес Өкіметі ол мәтіндерді жалаулатып алып шығып, «Жеңіс Хан сендерді құлдыққа душар етті» деп, сол замандағы түркілердің бетіне басар еді.

Керісінше, Хорезмде берекелі бейбіт заман орнағаны туралы шаттық өлеңдер мен көңілді әндер болған, бірақ, Мәскеу жергілікті коммунистерге оларды жариялауға тыйым салып, бірін қалдырмай жоюға жарлық берді. Өйткені, Жеңіс Хан Хорезм халықтарының жүректерін жаулаған жарқын заман туралы игі естеліктер отырықшы түркі халықтарының жадында қалмауы тиіс  еді.

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ

ЮНЕСКО ПІКІРІ

Хорезм хандығының уәлаяттары Федерация құрамына кірген соң-ақ, Жеңіс-Хан Қытай–Орта Азия–Таяу Шығыс–Кавказ сауда жолдарында көлік қатынасының ішкі құрылымын жетілдіруді Мәңгі Ел экономикасын дамытудағы басты міндет деп жариялады.

Алдымен қатаң түрде сауда жолдарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, ол үшін заңнамалық тұрғыда Федерацияның жаңа субъектілерінің ұжымдық жауапкершілігі жүйесі құрылып, соған сәйкес, қай субъект (яғни, қай ел) аумағында Ұлттық Сауда Корпорациясы мемлекеттік компаниясының керуені тоналса, шығынды сол елдің бүкіл тұрғыны әрі жеті есе ғып өтейді; нәтижесінде сол елдердің халқы Федерация өкіметіне жергілікті қылмыстық топтар туралы «жеткізіп», өз жастары арасында белсенді тәрбие жұмысын жүргізе бастады.

Бүкіл Жібек Жолының бойында әскери жасақтардың қатысуымен Жою Операциясы жүргізіліп, оның барысында Федерацияның Қарсы Барлау Қызметінің қызметкерлері мен бүкіл халық болып жұмыла анықтаған тонаушылар мен қарақшылар ұсталып, көпшілік алдында жазаланды. Қылмыскерлердің отбасылары солтүстік өлкелерге жер аударылып, үйлері елдің көзінше  қиратылды.

Барлық қалалар мен ауылдардағы дарға асылған қылмыскерлердің мәйіттері мен олардың қиранды үйлерінің әсері күшті болғаны сонша, көп өтпей-ақ, Жібек Жолындағы қылмыстық іс-әрекет атаулы сап болды. Еуропалық тыңшы Гильом де Рубруктың есебінде жазылғандай, Жібек жолының қауіпсіз болғаны сонша: «…әйел адам төбесіне бір табақ алтын қойып алып, бүкіл Мәңгі Ел жерімен жалғыз өзі еш қорықпай жүріп өте алар еді!».

Осыдан кейін Мәңгі Ел Қытай–Орта Азия–Таяу Шығыс–Кавказ бағыттары бойынша жолдар мен көпірлер салу, оларды жол белгілерімен жабдықтау, керуеншілердің түнеп, тамақтануына арналған керуен-сарайлармен, жегін жануарларға арналған суаты мен жем-шөбі дайын ат-арба тұратын орындармен, қоймалары бар базарлармен, ақша айырбастау пункттерімен қамту бойынша ауқымды жұмыстарға қыруар қаржы салды. Нәтижесінде осы алып елдер арасындағы саудаға тартылған мыңдаған адамдар осынау бірегей сауда Жолын – шалғай алысқа созылғандығына, тасылған тауарлардың көлеміне қарай – «Ұлы» деп атады, оның бойындағы қауіпсіздікті, салық жүйесі мен кедендегі ахуалдың «жұмсақтығын», көліктің жайлылығы мен табысқа жеткізер жолдың тақтайдай тегістігін «Жібек» деген бір-ақ ауыз сөзбен жеткізді!

Жеңіс Ханның басты геосаяси жобасы «Ұлы Жібек Жолы»-ның арқасында, отырықшы халықтар мен көшпенділер арасындағы Әскери қақтығыстар дәуірінің орнына өзара тиімді қауымдастық аясындағы Бейбіт ынтымақтастық дәуірі орнап, халықтар экономикалық тұрғыдан өркендей бастады!

Өзара бірігіп, Біртұтас экономикалық кеңістікке айналған ұлан-ғайыр аумақтардағы үлкен сауда басталғалы, артта қалған табиғи күнкөріс экономикасы біржола аяқталып, Азия тауар-ақша қатынастарына құрылған озық экономикаға көшті. Экономикалық тиімділік негізінде халықтарды ерікті түрде біріктіру саясатын жалғастыра отырып, Жеңіс Ханның ұлдары мен немерелері біртіндеп бүкіл Азияны Әлемдік экономика орталығына айналдырды. 1770-жылғы мәліметтер бойынша, сол кезде Азия дүниежүзілік тауар көлемінің 80%-н өндірген, оның қасында Еуропаның үлесі бар-жоғы 5-ақ % еді!

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша мамандандырылған мекемесі ЮНЕСКО-ның бастамасымен ХХ-ғасырдың 90-жылдарының аяғында Жеңіс Хан Екінші мыңжылдықта жасаған Ең ұлы адам ретінде танылды! Бір қызығы, Бірінші мыңжылдықтың Ең ұлы адамы ретінде Айса Пайғамбар танылған болатын, яғни, Біріккен Ұлттар Ұйымы адамзат тарихы мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан осы екі тарихи тұлғаны бір-біріне қарайлас, теңдес деп танып отыр.

Айырмасы – Айса тек армандап қана қойса, Жеңіс Хан миллиондаған адамдарды ғасырлар бойы жасайтын бейбітшілік, әділдік, береке және ілгерілеу сияқты жалпы адами құндылықтармен іс жүзінде қамтамасыз етті!

Ал, енді өздеріңіз ойлаңыздаршы, арам пиғылды тарихшылар сипаттағандай, Жеңіс хан, шынымен де, қайдағы бір қанқұмар жендет, қатыгез билеуші болса, ондай адамды Біріккен Ұлттар Ұйымының ұжымдық интеллектуалды сарапшысы болып табылатын аталмыш мекеме ЮНЕСКО мыңжылдықтың ұлы адамы ретінде мойындап, әспеттер ма еді?!

Жеңіс Ханның ұлылығын паш ететін тағы бір дерек бар. Адамзат тарихында абзал атын ел есінен өшіру үшін, 616 ядролық заряд жұмсалған одан басқа бірде-бір тұлға жоқ және болмайды да! Келесі тарау – сол  жайында.

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы»

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»

Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»

Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»

Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары»

Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»

Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»

Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»

Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»

Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы»

Кітаптың он бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы»

The post Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау appeared first on Eurasia24 QAZ.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы
КӨНДІРУ ӘДІСТЕРІ

Жеңіс Хан соғысқанды жек көретін, көршілерімен, тіптен, жауласқысы келмейтін. Ол көрші халықтармен тату тұруды ойлаған. Өйткені, жауласып, бір көршісін өлтірсе – Мәңгі Елдің экономикасы бір сатып алушыдан мәңгіге айырылады, оның сыртында өлген адамның жүздеген туыстары да қанішерлерден тауар сатып алмауға серт береді!

Бастапқыда Хорезм Шахымен жұмсақ, яғни, бейбіт дипломатиялық келіссөздер жүргізу жоспары құрылып, соған сәйкес, оған өзара тиімді сауда-саттық жасасу мақсатында Біртұтас Экономикалық Кеңістік пен Кеден Одағына кіруге ұсыныс жасалды.

Алайда, Мәңгі Ел Үкіметінің делегациясы Шахтың келісімін ала алмады. Өйткені, Шах «Жібек Жолы» жобасын керек қылмады:

— Сендердің Федерацияларыңның экономикалық жобасына қосылғаннан маған не пайда?! Өз басымда не керектің бәрі бар, жағдайым жақсы, ал, менің қол астымдағылар жылы жүннен тоқылған, әдемі қытай жібегінен тігілген киім кимей қалса, киюсіз қалсын, маған бәрібір. Хорезм баяғыдан-ақ кедендік және транзиттік төлемдердің арқасында кіріс тауып отыр, біз ғана емес, барлық мемлекеттер солай істейді! Сендер қытайдың қоқсығын алып-сатып пайда көрмексіңдер, олай болса, шығынданыңдар, бізге алым-салық төлеңдер! Төлегілерің келмесе, және қойыңдар, сендерсіз де күнімізді көргенбіз, ары қарай да өлмеспіз! Керуендеріңмен қосып, аулақ жүріңдер, Африка асып кетсеңдер де, өздерің біліңдер, тек біздің жерлерімізді айналып өтіңдер! – деді ол.

Қысқасы, Шах қитығып тұрып алды. Онымен қоймай, Мәңгі Ел мәселені күшпен шешуден тайынбас деген күдікпен, Шахтың жарлығымен уәлаят билеушілері бірігіп, әскери-саяси ұйым құрып, оны «Хорезмнің Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі ұйымы» (ХҰҚКҰ) деп атады. Өздерінің полиция күштері жеке-жеке Федерация Әскеріне қарсы тұра алмайтынын түсініп, уәлаяттар Мәңгі Ел тарапынан озбырлық бола қалған жағдайда, бір-біріне әскери көмек беруге уағдаласып, жау елдің шекарасына жақын жерде бірлескен әскери жаттығуларын өткізе бастады. Хорезмдіктердің бұл әрекеті көшпенділер Федерациясымен соғысуға ашық дайындық сияқты көрініп, мәселенің бейбіт жолмен шешілмейтінін анық байқатты.

Хорезм шахын Жібек Жолы жобасына кедергі келтірмеуге көп мәрте көндіріп баққан Жеңіс Хан, онысынан түк шықпағаннан кейін ғана, амалсыз «Хорезмді ынтымақтастыққа тарту» көпсатылы операциясын бастауға шешім қабылдады.

Операция кезінде мейлінше аз ұрыс салып, оның орнына Хорезмнің ішкі саяси шиеленісі мен тұрғындарының билікке жасырын наразылықтарын барынша пайдалану жоспарланды.

Әдеттегідей, бірінші болып Сыртқы Барлау қызметінің барлаушылары мен тыңшылары әрекетке кірісті. Сөйтіп, Хорезмнің барлық ауылдары мен қалаларындағы үйлердің дуалдары мен қабырғаларында Мәңгі Ел Үкіметінің мынандай үндеуі жазылған парақшалар пайда болды:

«Құрметті Хорезм хандығының қаналған тұрғындары! Сіздердің Билеушілеріңіз бізбен соғысуға дайындалып жатыр, ал, біз жай ғана сіздермен бейбіт сауда жасағымыз келеді! Соғыс пен ашкөз Билеушілердің зорлық-зомбылығы жойылсын! Біздің Мәңгі Ел атты Федерациямызға қосылу мақсатында Хорезм халықтарының Референдумын өткізуді талап етіңіздер! Бізге қосылсаңыздар, Билеушілеріңіздің жерлерін сіздерге меншікке береміз, өндіріс, сауда, логистика және қызмет көрсету салаларында жаңа жұмыс орындарын ашамыз, салықтарды 10% дейін төмендетеміз! Сіздер өз жерлеріңізде емін-еркін еңбек етіп, көп ақша табасыздар, ал, әйелдеріңіз қытайдың жібегін киіп, үндінің асыл бұйымдарын тағынады!».

Осы үндеуді оқып, Хорезм Шахы барлық уәлаяттардың Билеушілерін Әскери Кеңеске жинап, оларға, шамамен, былай деді:

— Байқаймын, халқымыз енді ешқандай Жеңіс Хансыз-ақ, біздің парша-паршамызды шығарып, Мәңгі Елдің құрамына кіретін сияқты! Шұғыл түрде Мәңгі Елді әскери қақтығысқа мәжбүрлеп, Әскерін қирату керек! Ол бейшара қойбағарлардың «әскер» дейтін әскері де жоқ шығар. Біз түріктерді жеңіп, парсыларды тізе бүктірген ер халықпыз, енді кеп, қайдағы бір жүн мен қытайдың арзанқол дүниесымағын сатушылар қорқытып-үркітеді екен бізді! Қарай гөр! Біз қулықпен әрекет етеміз – далада олардың атты әскерін қуып жүре алмаймыз ғой, сондықтан, оларды қалаларымыздың қамал қабырғаларынан-ақ құртамыз!

Соғыс отын тұтандыру үшін, Мәңгі Елдің шекарасына ең жақын орналасқан Отырар қаласы таңдап алынды. Әмбе бұл қала Шахтың бүкіл тұрақты әскері орналасқан Хорезм астанасы Үргеніштен алыс емес.

Шахтың жоспары бойынша, Отырардың Билеушісі Мәңгі Елдің керуенін тонап, Федерацияның шабуылын күтуі керек болатын:

Мен білсем, Жеңіс Хан Отырарға бүкіл әскерін аттандырады, ол әскер келе сала, қала Қамалына лап қояды. Сол сәтте Қамал қабырғаларынан шабуылшыларды барынша шығынға ұшыратып, титықтатып тастауымыз керек. Шамамен бір апта шайқасқан соң, Федералдар Қамалды аламыз деп, әлі құрып отырғанда, Үргеніштен Хорезм Әскері келеді, міне, сол кезде сырттан әскер, іштен Қамал гарнизоны бірдей соққы беріп, Жеңіс Ханның қалған-құтқан қолын толық жою керек. Бәрі оп-оңай!

ОТЫРАРДАҒЫ АРАНДАТУ

ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҢЫНАН ШЕШІЛУІ

Тарихшылар 1217-жылы «моңғолдардың» Отырар қаласын қиратқанын, оған Отырар Билеушісінің әлде «моңғолдар» керуенін тонағаны, әлде Жеңіс Ханның елшілерін өлтіргені себеп болғанын жазады, бірақ, олар Отырардың Билеушісі өз-өзіне өлім тілеп, бұндай ақымақтыққа не үшін барғанын түсіндірмейді. Ал, енді бәрі де түсінікті:  Хорезм Шахының жоспары бойынша, Отырар Билеушісі оларды қасақана арандатып, сосын өш алмақ болып келген Мәңгі Ел Әскерін Хорезмнің әскері Қамал қабырғаларының түбінде жусатып салуы тиіс болған.

Хорезмдегі Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Ұйымының бас кеңсесінде жасырын жұмыс істеген Федерацияның Сыртқы Барлау қызметінің тыңшылары осы ұйымның Отырар билеушісімен жазысқан бүкіл құпия хат-хабарын қадағалап, дайындалып жатқан арандатушылық туралы Жеңіс Ханға егжей-тегжейлі мәлімдеп отырды. Хорезмнің жүзеге асырмақ іс-әрекетінің жоспары Жеңіс Ханның көңілінен шықты, өйткені, оның күткені сол еді!

Хорезм әскери қақтығысты бірінші болып бастайды. Сонда алдағы соғыстың себепкер-бастаушысы Хорезм Шахы болады да, Хорезм халқы «Мәңгі Ел еріксіз әрі әділ соғысып жатыр» деп  ойлайды.

Және бір жақсысы, Хорезмнің жаяу әскері Отырарға өзі келеді – демек, Мәңгі Елдің атты әскері оны қалаға жете берген жерінен ашық далада қарсы алады да, бірін қалдырмай қырып салады.

Ары қарай Мәңгі Ел өз жоспарына сай әрекет ете бастайды. Хорезмнің жаяу әскері жер жастанғаннан кейін, Отырардың Билеушісі мен бай-шонжарларының әділ жазасы беріледі де, ХҰҚКҰ-ға (Хорезмнің Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі ұйымына) мүше қалған уәлаяттардың Билеушілері көшпенділерге қарсылық танытудан өздері-ақ азар да безер бас тартады.

Отырар тұрғындарының Мәңгі Елге қосылу туралы Референдумы өтіп, Федерация құрамына кіргеннен кейін, бұқара халыққа берілген барлық уәделер орындалады, әсіресе, Отырар уәлаяты Билеушісінің жерлері халықтың жеке меншігіне таратылады да, Мәңгі Елдің жақсы аты жалпақ жұртқа жайылып, кеңінен насихат болады.

Бұл іс-әрекеттің барлығы ел ішіне таралып, соның арқасында Хорезм көп бұлғақтамай тізе бүгеді, сөйтіп, екі жақтан да нақақ қан төгілмей, баршасы аман қалады.

Уақыты келгенде, Хорезм Шахының бұйрығымен арандату жоспары іске асырылды: Отырарға жүн партиясын жеткізген Ұлттық Сауда Корпорациясы керуенінің жетекшісі кедендік және транзиттік төлемдерді адал төлесе де, қала күзетшілері одан сатылған тауардың ақысын түгелдей тартып алды, онымен қоймай, наразы болған керуеншілердің өздерін сабап, қалалық түрмеге қамап тастады. Сыртқы Барлау қызметінің тыңшылары бұл оқиғаны қолма-қол Ортаға хабарлады.

Бұл жағдайда халықаралық хұқық нормалары өрескел бұзылғандықтан, Мәңгі Ел Үкіметі дереу Отырар Билеушісі мен Хорезм Шахының өзіне ресми түрде Наразылық нотасын жіберді, алайда, оған еш жауап болмады.

Халықаралық хұқық шарттарына сай, ескерту жасалды, Ынтымақтастыққа тарту бойынша операцияны бастауға ресми желеу табылды, сөйтіп, Отырар Билеушісіне Мәңгі Елдің наразылық хатын әкелген шабарман зынданға қамалған күннің ертеңінде, «кездейсоқ» жақын маңда жүрген Федерация Әскерінің таңдаулы түмені қалаға басып кірді.

Бір айта кетері, осы оқиғадан небәрі 6 жыл бұрын Отырар тұрғындары ауыр алым-салықтарымен халықты әбден қажытқан Хорезм Шахына қарсы көтеріліп, ол көтеріліс асқан қатігездікпен жаншылып,  басылған болатын. Сондықтан қала тұрғындары көшелерге шығып, Федералдар отрядын қуанышты айқай мен гүлдермен құшақ жая қарсы алды.

Сәнді киініп шыққан әйелдер сыпайы қымсынған далалық жауынгерлердің қолына алуа, өрік, шабдалы тықпалап, шаттана жүгіріскен ұл балалар алдарына түсіп, олардың командирлеріне қала Билеушісінің Қамал-Резиденциясы мен қалалық түрмеге апаратын жолды көрсетті. Бұл кезде үрейі ұшқан күзетшілер керуеншілер мен дипломатты асығыс-үсігіс түрмеден шығарып жатты.

Мәңгі Ел бұлай жылдам қарымта қимылға көшеді деп күтпеген қаланың Билеушісі бастаған бүкіл ығай мен сығай естері шығып, асыға-масыға, күзетшілер гарнизонымен бірге қалалық Қамалға барып тығылды. Олар, әрине, азық-түлікпен жеткілікті қорланып үлгермеген еді. Қала Билеушісінің көмек сұрап, Хорезм Шахына жіберген хатын жол ортадан федералдар ұстап алып, оқыды да, бейшара шабарманның өзін, неге екенін, босатып қоя берді.

Қалалық Қамал-Резиденцияны шабуылдайды-ау деп күткенмен, не сол күні, не келесі күні, не бір аптадан кейін де ондай ештеңе болған жоқ. Шабуыл қызығына батамыз деп құр босқа күткен қала тұрғындары, ақыры үйді-үйлеріне тарап, өз істерімен айналысып кетті. Федералдар болса, қорғанды айнала, ыңғайлана орналасып, отқа қой етін қуырып, майын ағыза жеп, Қамалдағылардың азығы таусылғанын сабырмен күтіп жата берді.

Жоспарланғандай, бір аптадан кейін Отырардан аулақтау бір елді мекенге 10 000 адамнан тұратын жаяу әскер келді, ол Хорезм Шахы көмекке жіберген Хорезм әскері еді. Олардың шолғыншылары алба-жұлбасы шыққан бірнеше жергілікті малшыны (анығында – Сыртқы Барлау қызметкерлерін) ұстап алып, қалада не болып жатқанын сұрады, малшылар келісіп алғандай, бірауыздан «ұзынқұлақтан естігеніміз» деп, Федерация Әскері бір апта шабуылдап, Қамалды ала алмағанын, ақыры олардың мыңдай ғана сарбазы қалғанын айтты.

Отырарға жақындап қалғанда, Хорезм Әскері Федерация әскерінің пышыраңқы жаяу бір тобын кезіктірді, олар Шахтың айбарлы сарбаздарын көре сала, дүрлігіп, кең даланы бетке ала, жан-жаққа қаша бастады. «Федерация Әскері, шынымен де, бытырап кеткен екен» деп ойлап, қуанып кеткен Хорезм Әскерінің Қолбасы, өз Әскерін бірнеше отрядқа бөліп, оңай жеңістен дәмеленіп, олардың арттарынан мәз болып қуа жөнелді.

Қуғыншылардың шашыраңқы отрядтары даланың сай-саласында бұғып, торуылдап отырған атты Федералдардың тұзақтарына өздері жүгіріп кеп түсті. Тұтқиылдан атып шыққан мыңдаған атты садақшының қоршауында қалған Хорезм сарбаздарының көпшілігі қарша бораған жебеден қырылды, қалғаны қаруларын тастап, тұтқынға берілді.

Ақыр аяғында Федералдар азық-түлік тиелген үлкен арқұқты (ат-арбаны) қолға түсірді, ал, тірі қалған қарусыз сарбазсымақтарды тепкілеп, Қамалға айдап кіргізді. Ішіндегілер өздерін құтқаратын сарбаздарды күтіп отырғанда, оның орнына түкке керексіз тағы да 2000 ауыз келіп қосылғанда, ұзамай-ақ, сұмдық ашаршылық басталды.

Көп уақыт өтпей, бір тұрғын Қамалда аштан өлуге айналған сақшы-ұлын құтқару үшін, Федералдарға Резиденцияға апаратын жасырын ескі жерасты жолын көрсетіп берді. Федералдар жерасты дәлізін тазалауға тағы бір апта құртты, бұл уақытта Хорезмнен келген әскер аштықтан біржола әлсіреп қалған еді.

Айсыз түнде Федералдар Қамал ішіне еніп, қауқарсыз қылжиып ұйықтап жатқан қорғаушыларды әп-сәтте, ың-жыңсыз өлтіріп, тұтқындалған шенеуніктерді, қала шонжарлары мен Отырар Билеушісін алаңға сүйреп алып шықты. Ал, таңертең оларды бастарын салбыратып, аяқтарынан асып қойды. Арқанда салақтаған күйі, арам қатқанша бақырып-қышқырған оларға қарап, қала тұрғындарының әбден айызы қанып, кегі қайтты.

Қала қазынасы мен керуеннің ақшасын Федералдар Қамал қоймасынан тауып алып, Ортаға жөнелтті. Отырар тұрғындарына Қамал-Резиденцияның қабырғаларын қиратып, кірпіштері мен тақтайларын өздеріне алуға рұқсат етілді, бұған қуанған тұрғындар, тіпті, түн ішінде де жұмыс істеп, бірнеше күнде түгелдей тасып алды! Осыған орай айта кетері, бұдан былай Мәңгі Ел аумағындағы қалаларда Қамал салуға қатаң тыйым салынды.

Көп ұзамай, үндеу парақшаларында уәде етілгендей, Федералдардың қадағалауымен жалпықалалық Референдум өтті, онда қала халқы бірауыздан «Отырар уәлаяты Мәңгі Ел құрамына кіріп, Федерацияның субъектісі, Біртұтас Экономикалық және Кедендік Одақтардың мүшесі хұқығын иеленсін» деген шешім қабылдады, сондай-ақ, түрмеден босатылған оппозиционерлердің арасынан облыс Әкімін сайлады. Отырардың осы жаңа әкімшілігі көп күттірмей, уәлаяттың барлық тұрғындарына жеке меншік жерді пайдалану құқығын беретін Актілерді дайындай бастады; бұл хабар бүкіл Хорезм хандығына тарады.

Ал, енді осы әңгімені кеңестік тарихта айтылатын қорқынышты ертегімен салыстырып көрейікші. Сонау мектеп кезінен бастап, біз Отырарды қорғаушы-ержүрек қазақтар өздеріне көмекке келген Хорезм сарбаздарымен бірге, алты ай бойы қалаға шабуыл жасаған зұлым моңғолдарға қарсы тұрғанын мақтан тұтып келдік және іштегі әлдебір оңбаған сатқындық жасамағанда, моңғолдар ешқашан да қаланы ала алмас еді деп келдік. Дәл осы «моңғолдардың» ұлы Киевті 9-ақ күнде жаулап, ал, кіп-кішкентай Отырарға бақандай 6 ай құртып, әрең алғаны ақылға сыймайтынын ескермедік те. Бірақ, неге екенін, қазақтың ешбір ескі әні я аңызында бұл «қаһарман қарсылық» турасында бір ауыз сөз жоқ.

Енді бәрі түсінікті болды, ешқандай қаһармандық болмаған, сол себепті, қарапайым халық Отырар Билеушісі мен оның жандайшаптарының қайғылы тағдырын аңыз ғып айтып, мәңгі есте сақтауға мүлде лайық көрмеген.

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы»

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»

Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»

Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»

Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары»

Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»

Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»

Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»

Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»

Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы»

The post Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы appeared first on Eurasia24 QAZ.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы
БАСҚАРУДЫҢ ҚИЫНДЫҚТАРЫ

Баланың бойы күрт өсе бастағанда, ағзасы жетілмегендіктен, аяқ-қолы ауыратыны сияқты, Федерация субъектілерінің саны күрт артып, аумағының кеңеюіне орай, Парламенттік Федерация шеңберінде бұндай алып елді тікелей басқару өте қиынға соқты. Үкімет халықты басқару бойынша шешімдерді Құрылтайшылармен, ал, заңнамалық актілерді Мәжіліспен талқылап, ортақ келісімге келгенше, қыруар уақыт кететін.

Құрамы ұлғайған Парламентте де жағымсыз процестер орын алып, өзара жанжалдасқан елдердің өкілдері жеке-жеке фракцияларға біріге бастады, рулық топтар бір-бірімен тартысты, Федерация мүдделерді аяқ асты етіліп, жергілікті мүдделер күйттелді. Өз экономикаларын дамытудан әрі аса алмаған субъект-елдер Парламентке түк пайдасы жоқ, Үкіметтен өздеріне бірдеңе сұрап алғанды ғана білетін сандалбай-ақсақалдарды делегат етіп жіберді. Әр Мәжілісте Жеңіс не экономикадан, не саясаттан еш хабары жоқ өзімшіл, көпірме мылжыңдар тобырына өз идеяларының дұрыстығы мен іс-әрекеттерін жүзеге асыру жолдарын түсіндіріп әлек болды.

Кішігірім Одақтан алпауыт Федерацияға ұлғайған мемлекеттің басқару құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттігі туындады, атап айтқанда, билік өкілдерімен ақылдаспай-ақ, саяси және экономикалық мәселелерде жедел әрі өз бетінше әрекет ететін, жарлығы қатаң түрде жоғарыдан төменге бағытталатын Атқарушы билік құру керек болды.

Құрылтай кезінде Парламенттік басқару жүйесінен Президенттік басқару жүйесіне ауысу мәселесі көтерілді. Өйткені, Мәңгі Елдің бүкіл Заңнамасы қалыптасып болған, ол заңдарды өзгертетіндей, жақын арада Федерация өмірінде ерекше өзгерістер болмайды, сондықтан, ру өкілдерінің Мәжілісі өз қызметін толық атқарып болды деген шешіммен, біржола таратылды. Құрылтай да заң шығару қызметінен босатылды, енді оның құрамында Федерация субъектілерінің Хан-басшылары ғана қалды және олар Мәңгі Елдің басшысы Ұлы Ханның керек деп тапқан кезінде ғана жиналатын болды. Жаңа нормативтік-құқықтық актілер енді Ұлы Ханның Заң күшіне ие жарлықтары негізінде қабылдануы тиіс болады.

Мәңгі Елдің Басшысы – Ұлы хан – сайлауын ұйымдастырып, оның құқықтары мен жауапкершілігі аясын кеңейту жоспарланды. Құрылтайдың шешімімен Ханды Федерация субъектілерінің Басшы-Хандары, ірі әскербасылары мен Үкімет мүшелері сайлайды деп бекітілді. Сөйтіп, өздеріңіз де түсініп отырғандарыңыздай, Мемлекет Басшысы сайлауында оның құрамына барлық көшпелі халықтардың басым көпшілігін жеке өзі қабылдаған, Әскер мен Үкімет басшыларының барлығын лауазымды қызметтерге жеке өзі тағайындаған, ақылды саясаткер және кемеңгер басқарушы Жеңіс жеңді!

Федерацияның алғашқы Ұлы Ханының есімі «Жеңіс Хан» деп, ресми түрде қолданылатын болып бекітіліп, халық тарапынан кең қолдау тапты.

«Президенттік» басқару формасына орайластырылып, Мәңгі Елдің Ата Заңына маңызды түзету енгізіліп, Құрылтайдың дауыс беруі арқылы бірауыздан қабылданды. Сол түзетуге сәйкес, ақсүйек шонжарлар арасында талас-тартыс тудырмас үшін, Жеңіс Хан өмір бойы жоғары билік иесі болады, ал, болашақта оның ұрпақтары-төрелердің ішінен тек ең мықтысы ғана Ұлы Хан бола алады.

Қараңыздаршы, бұл жүйе Еуропадағы монархиялық әулеттер жүйесінен айрықша ерекшеленеді, оларда әулеттің үлкен ұлы қандай жарымес, ауру я ақылы толыспаған жас бала болса да, бірден келесі король деп жарияланып, таққа отырады.

Мысалы, Жеңіс-хан қайтыс болған соң, Сайлаушылар Комитеті оның ұлдарының ең саңлағы, үшінші ұлы Оқытайды (Угедейді) келесі Ұлы Хан етіп сайлады. Мәңгі Елдің заңдар жинағы «Ұлы Жасақ»-та: «Сайлау жолымен таңдалмай, өзін көсем атаған адам өлімге лайық» деп жазылған.

Бір кездегі Теміржан, Темуджин, енді, міне, Жеңіс Қытайдан Руське дейінгі аумақты мекендеген барша көшпенді түркі руларының халқы мен жерлерінен құралған мемлекеттің таңдаулы Жоғарғы Билеушісіне айналып, біресе «Шыңғыс Хан», біресе «Чингисхан» делінетін «Жеңіс Хан» атын иеленді!

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ЖОБАСЫ

КІЛТИПАНЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

Федерацияның жаңа субъектілері, Бірыңғай Экономикалық кеңістік пен Кеден Одағының толыққанды мүшелері бірте-бірте табиғи шаруашылықтан сатылатын қой жүні өндірісіне көшті, соған байланысты Мәңгі Ел Үкіметі оны экспортқа шығарып сатумен қатар, көшпенділерге қажет импорттық тауарлар сатып алуға да мүмкіндік беретін жаңа нарықтарды іздестірді. Бұның да сәті түсті. Өйткені, Федерацияның негізін қалаған төрт ру Одағының аумақтарынан алыс Батыста орналасқан Мәңгі Елдің жуырда қосылған субъектілері Хорезм хандығының халық тығыз қоныстанған егіншілік аумақтарымен көршілес тұратын.

13-ғасырдың басында Хорезм бүкіл Орталық Азия, Ауғанстан, Персия (қазіргі Иран), Грузия, Армения мен Әзірбайжанды қамтитын алып империя болған, 27 уәлаят-князьдіктерден тұрған, ол уәлаяттардың әрқайсысының билеушісі Хорезмнің астанасы Гурганж (қазіргі Үргеніш) қаласында тұратын Хорезм Шахына бағынған. Хорезмдегі отырықшы халықтардың дені егіншілікпен айналысып, қалалардың айналасындағы жыпырлаған көп қыстақтарда тұрған, ал, қалаларда Билеушілердің Резиденциялары, түрлі тапқа жататын қалалықтардың, шенеуніктер мен әлеуетті құрылым қызметкерлерінің, саудагерлер мен қолөнершілердің, қызметшілер мен басқа да жалшы-жұмысшылардың үйлері орналасқан, базарлар, дүкендер және түрлі шеберханалар шоғырланған.

Сауда-саттықты дамытуға сәл де болса, мүмкіндік беретін сыртқы нарық алаңдарын тапқан жағдайда, Жеңіс Ханға хабарлау тапсырылған Сыртқы Барлау қызметі Қытай мен Хорезм арасында мың жылдан бері сауда-саттық жасалып келе жатқанын хабарлады. Рас, бұл сауданың басталғанына мың жылдай уақыт болғанымен, ауқымы мәз емес еді. Бұның өз себебі бар. Қытайдың негізгі өнімі жібек болды. Және ол өндіруші елдің өзінде едәуір арзанға сатылатын. Алайда, Қытай мен Хорезмнің арасы тым алшақ болғандықтан және көптеген мемлекеттердің кедені арқылы өтетіндіктен, жібек ортадағы бірқатар алыпсатарлардың қолына түсетін. Олар да жібектің бағасына өздерінің шығындары мен кірістерін қосып отырды. Ақырында жібектің құны шарықтап, қымбаттап кететіні сонша, оны Хорезмнің ең бай адамдары ғана сатып ала алатын.

Сол кезден бастап сән-салтанаты асқан бай өмірді білдіретін «Үлде мен бүлдеге орану» деген сөз сақталып қалды (бұндағы үлде – жібек, бүлде – парша). Тым қымбат жібекті тұтыну нарығы шектеулі болғандықтан, сауданың көлемі де аз болды, сондықтан, сол кездегі сауда жолын «Шағын Жібек Жолы» деп атай аламыз.

Жеңіс Ханның нұсқауымен Мәңгі Ел Үкіметі Үлкен Сауда аясында жаңа ұлттық экономикалық жоба әзірлеп, оның қаржылық-экономикалық үлгісін жасауға кірісті. Ол жобаға «Жібек жолы» деген атау берілді.

Оның мәнісі былай еді. Хорезмнің сан миллиондаған халқының арқасында Федерацияның батыстағы субъектілері қой жүнін өткізетін жаңа үлкен нарыққа шығуы әбден мүмкін еді. Оған қоса, алдағы уақытта қытай тауарлары өндірісінің көлемі ұлғайып, Үндістаннан келетін импорт мөлшері артуы ықтимал болғандықтан, көп ұзамай, оның бәрін Федерацияның көшпелі халықтарының тұтыну нарығы сыйдыра алмас еді де, сол артылғанын Хорезм халықтарына үстеме бағамен қайта сатуға болар еді.

Хорезмге жүн экспорттау, қытай мен үнді тауарларын үстеме бағамен сату, сонымен қатар, Хорезмнен әкелінетін импорт тауарларды Федерация халқына сату Мәңгі Елге орасан зор салық түсімдерін әкелер еді, ал, ол түсімдерді жаңа әлеуметтік және экономикалық ұлттық жобаларға инвестициялауға болады.

Батыстағы Федерация субъектілерінің тұтыну мүмкіндігін ескеріп, Хорезм экономикасына да жаңа сауда нарығын ұсынуға болар еді. Хорезмнің шебер қолөнершілері мен егіншілері өз өнімдерінің өндірісін еселеп арттырып, Ұлы дала көшпенділеріне сата алар еді.

Транзиттік (яғни, өздерінің жерлері арқылы жүк керуендері өтетін) уәлаяттардың тұрғындары ара қашықтығы бір күндік керуен-сарайлар желісін ашып, Мәңгі Ел керуеншілерінің жатын орны мен тамағын дайындап, қызмет көрсетіп, сондай-ақ, аттарына шөп пен жемдік астық сатып, ақша таба алар еді.

Ұлттық Сауда Корпорациясының экономистері Жеңіс Ханға Ұлы Жібек Жолы жобасын іске асырып, пайда табу үшін, арада кедендік төлемдер мен транзиттік төлемдер болмауы шарт екенін растады.

Алайда, Хорезм Шахы ұтымды географиялық жағдайын пайдаланып, Мәңгі Ел керуендерінен кедендік төлемдерді, транзит ақысын және өздерінің аумағындағы саудадан көп мөлшерде салық талап етті. Және алдағы уақытта тауар легі неғұрлым артқан сайын, соғұрлым оның да араны ашыла берері анық еді.

Хорезмге қатысты мәселені күшпен шешу жағын қарастырғанда, Жеңіс Хан Солтүстік Қытай князьдіктері мен Хорезм арасында үлкен айырмашылық барын түсінетін. Солтүстік Қытайдың князьдіктері бір-бірімен алауыз, бытыраңқы болса, Хорезм – уәлаяттарының билеушілері Шахқа қатаң бағынатын, біртұтас мемлекет. Сондықтан, Қытайды Федерациямен сауда-саттыққа тартуға септескен бұрынғы тәжірибеге сүйеніп, Хорезмді күшпен көндірудің еш реті жоқ еді.

Әйтсе де, Хорезм мемлекеті біртұтас болып көрінгенмен, ауызбіршілікті емес еді. Сыртқы Барлау қызметі Жеңіс Ханға Хорезмдегі ішкі саяси жүйенің осал тұстарын да баяндап, елді мекендердегі уәлаят Билеушілерінің билігі онша күшті еместігін жеткізді.

Көшпелі қоғамдағы рулық құрылымнан айырмашылығы, оларда қарапайым адамдар мен Билеушілер қандас туыс емес, содан да, бір-біріне жанашырлығы, қамқорлығы жоқ болатын. Қаладағы да, ауылдағы да барлық жерлер уәлаят Билеушілерінің жеке меншігінде, ал, ауыл еңбеккерлері мен қала тұрғындары оларды жалға пайдаланып, жал ақысын төлейтін.

Отырықшы халықтардың бар дүниесі жылжымайтын мүлік болып табылады, сол жылжымайтын мүлікке мықтап байланған олардың өздері де тырп ете алмайды. Отырықшы халықтың ымырашыл көнбістігі мен бағынышты мінез-құлқының түп-тамыры осында жатыр. Бұл тұрғыда олар көшпенділердің мінезінен түбегейлі ерекшеленеді. Өйткені, егер рубасы әлінен қағынып, құтыратын болса, даланың еркіндік заңымен жүретін көшпенді оның быттиған бетіне былш еткізіп түкіреді де, жылжымалы мал-мүлкімен айдалаға көшіп кете барады, ал, диқан байқұс егістігін, суару жүйесін, үйі мен қора-қопсысын, бау-бақшасын тастап, қайда барады? Әрі-беріден соң, құнарлы жердің өзі тапшы, басқа өлкелердегі ондай жерлерді жұрт баяғыда жайлап алған.

Сол сияқты, қала тұрғыны да үйінен, дүкенінен, шеберханасынан ұзап қайда барады, басқа қалалар мен ауылдардағылар өз тұрғындарын сыйдыра алмай, қайда жіберерін білмей жүргенде? Міне, содан кеп, отырықшылар кез-келген Билеушіге төзіп, оның бар есерлігін көтереді. Бұны жақсы біліп алған отырықшы халықтардың Билеушілері де қарапайым адамдарды аяусыз қанап, олардан не болса, соған салық сыпырып отырды. Билеушілерінің кез-келген ерсі қылығына төзуге мәжбүр отырықшы халықтар, әлбетте, оларға ызалы болатын, оның арты ауық-ауық халық көтерілістері мен бүліктерге әкеп соғатын, сол себепті, Билеушілер тым наразыларды тыныштандыратын полиция да, бірнеше түрме де ұстап отырды, ал, бұл – «полиция», «түрме» дегендер – ерікті көшпенділер үшін барып тұрған тағылық еді.

1211-жылы Отырарда, 1212-жылы Самарқанда болған, Хорезм Шахы тарапынан аяусыз басып-жаншылған халық көтерілістері өз Билеушілеріне көңілдері толмайтын отырықшы халықтардың билік үшін, оның мүдделері үшін соғыспайтынын көрсетті, сондықтан, мәселені күшпен шешуге тура келген жағдайда, бүкіл Хорезм халқы көшпенділерге қарсы ұлт-азаттық партизан соғысын жүргізеді деп қауіптенбесе де болады. Бұл өте жақсы!

Сыртқы Барлау Қызметі Орта Бас Штабына Хорезмнің әскери әлеуеті жайлы да толық ақпарат берді. Сөйтіп, Таяу Шығыс пен Кавказды жаулап алу жорықтарын әлдеқашан аяқтаған Хорезм Шахы қаржы үнемдеп, қоластында небәрі 10 000 жауынгерден тұратын шағын әскер ұстап отырғаны, оның 90%-ы жаяу әскер екені және олардың бар бітіретіні – қарусыз халықты қорқыту мақсатында жазалау операцияларын атқару ғана екені анықталды.

Уәлаят Билеушілерінің қоластындағы қоғамдық тәртіпті қадағалайтын аздаған муниципалдық полиция жасақтарының ешқандай жауынгерлік тәжірибесі жоқ. Уәлаят Билеушілерінің бекінген кішігірім Қамал-Резиденцияларынан басқа, қалаларда ешқандай бекіністер жоқ. Хорезм мемлекетінде тұрғындарды халық жасағына жұмылдыру жүйесі қалыптаспаған. Бүліктер мен көтерілістер кезінде қолдануы мүмкін деген қауіптен тұрғындарға қару-жарақ иеленіп, сақтауға қатаң тыйым салынған. Сол себепті, тұрғындардың, тіпті, бастапқы, ең қарапайым әскери дайындығы да жоқ.

Тарихшылар Жеңіс Ханның Хорезм хандығын 1219–1221-жылдары бағындырғанын жазады, бірақ, қалай бағындырғанын түсіндіре алмайды. Ойлаңыздаршы, бұрын ешқашан қамал алып көрмеген, не ауыр-ауыр тас лақтырғыштары, не қабырға бұзғыш машиналары болмаған 20 000 жауынгердің күшімен бар-жоғы 2 жылдың ішінде Орта Азия, Таяу Шығыс және Кавказ аумағын алып жатқан Хорезмнің 27 уәлаятындағы 40 (!) ірі қаланы ҚАЛАЙША басып алуға болады? Әмбе бір уәлаяттан екіншісіне ұзақ жол жүріп жетіп, сосын әрбір қаланы шабуылдауға небәрі 18 күннен жұмсаған. Бұл мүмкін бе?

Қол астында 70 000 солдаты мен офицері, танк, артиллерия және авиациялық полктері болған, алақандай ғана Шешенстандағы екі соғысқа 12 жыл сарп еткен Ресей Әскерінің генералдарынан сұраңыздаршы, бұлай болуы мүмкін бе? Бірақ, солай болды және осы таңғажайып құбылыстың сырын біз келесі әңгімемізде талқылаймыз.

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы»

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»

Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»

Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»

Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары»

Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»

Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»

Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»

Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»

The post Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы appeared first on Eurasia24 QAZ.