Еділ Мамытбеков, Author at Eurasia24 QAZ

Жасанды интеллектке шынайы көзқарас: технологиялар әлсіз экономика мен басқарудың орнын баса алмайды
Бұл мақала бір маңызды сұраққа ашық әрі объективті түрде жауап іздеуге бағытталған: Қазақстан жасанды интеллектіні кең ауқымда енгізуге шынымен дайын ба, әлде біз тағы да берік негізсіз ауқымды мақсаттарға ұмтылу қаупіне тап болып отырмыз ба?

Мақала авторлары мемлекетті жауапты саясат жүргізуге, асығыс болжамдар мен жаңсақ үміттерге бой алдырмауға шақырады. Сонымен қатар, жасанды интеллектіні басқарудың жай ғана сыртқы көрінісі ретінде емес, ел экономикасы мен мемлекеттік аппаратты дамытудың нақты құралына айналдыру қажеттілігіне басымдық береді.

Қазақстандағы ЖИ жылы: Болашаққа бағдар ма, әлде күтілімдердің қатері ме?

Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Бұл шешім жасанды интеллектінің (ЖИ) алыс болашақ емес, бүгінгі күннің шындығына айналғанын түсінуден туындап отыр. Мәселен, қазірдің өзінде ЖИ салықтық әкімшілендіруде және шектеулі хаттама бойынша медицина саласында қолданылуда.

Президент ұстанған бұл бағыт Қазақстанның жаһандық технологиялық өзгерістерге дер кезінде бейімделуін және жаңа цифрлық күн тәртібінде тұрақты позицияға ие болуға ұмтылысын көрсетеді.

Бұл бастама экономиканың тиімділігін арттыруға, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға жол аша отырып, ұзақ мерзімді дамудың негізін қалайды. Жалпы алғанда, бүгінгі таңда жасанды интеллект — елдің бәсекеге қабілеттілігі мен егемендігінің тұрақтылығын айқындайтын шешуші фактор.

Алға қойылған міндетті сәтті жүзеге асырудың маңызды шарты — кадрлық әлеуетті дамыту, реттеу тетіктерін жетілдіру және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты ілеспе аспектілерге жүйелі түрде көңіл бөлу болмақ. Бұл аталған саланың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан цифрлық және ЖИ технологияларын дамытудағы жетістік осы шаралардың өмірде қаншалықты парасатты әрі теңгерімді іске асырылатынына тікелей байланысты.

Жасанды интеллект бір жылда қалыптаспайды

Халықаралық тәжірибеге жасалған талдау көрсетіп отырғандай, жасанды интеллектті дамытудағы жетістік жедел қабылданған шешімдердің емес, ұзақ жылдарға созылған жүйелі әрі мақсатты еңбектің нәтижесі болып табылады. Дамыған мемлекеттерде жасанды интеллект ғылым мен білім беру саласының, сондай-ақ есептеу технологияларының кезең-кезеңімен дамуының заңды жалғасы ретінде қалыптасты.

АҚШ-та бұл бағыттың негізі өткен ғасырдың 50–60 жылдарында қаланған. Дегенмен, жасанды интеллекттің нақты қолданбалы тиімділігі тек жарты ғасырдан кейін айқын байқалды. Бұл үш маңызды алғышарттың қатар қалыптасуымен байланысты болды: деректер көлемінің айтарлықтай артуы, есептеу қуатының күшеюі және машиналық оқыту тәсілдерінің жетілдірілуі.

Жапонияда жасанды интеллектке ерекше көңіл 1980-жылдары «бесінші буын компьютерлері» бағдарламасы шеңберінде бөлінді. Қомақты инвестицияларға қарамастан, күтілген нәтиже толық көлемде жүзеге аспады, себебі технологиялық мүмкіндіктер белгілі бір деңгейде асыра бағаланған еді. Соған қарамастан, бұл кезең елде берік ғылыми және инженерлік негіздің қалыптасуына жол ашты. Жалпы алғанда, Жапония қазіргі жасанды интеллект деңгейіне шамамен қырық жыл ішінде біртіндеп қол жеткізді.

Еуропалық одақ сақтыққа негізделген әрі институционалдық тұрғыдан жүйеленген стратегияны таңдады. Басымдық тек технологияларға ғана емес, сонымен қатар реттеу тетіктеріне, этикаға және деректерді қорғауға берілді. Бүгінде Еуропа жасанды интеллектті коммерцияландыруда әрдайым алдыңғы қатарда болмауы мүмкін, алайда үдерістердің тұрақтылығы мен тиімді басқарылуын қамтамасыз етіп отыр. Бұл бағыттағы саясат шамамен 30 жыл бойы дәйекті түрде жүргізілді.

Оңтүстік Корея мен Сингапур тәжірибесі жиі «жедел технологиялық табыс» үлгісі ретінде келтіріледі. Алайда олардың жетістігі қысқа мерзімді серпілістің емес, ұзақ уақыт бойы жүргізілген дайындықтың нәтижесі болып табылады. Оңтүстік Корея 1970–1980 жылдары жүйелі инвестициялар салуды бастап, тек бірнеше онжылдықтан кейін ғана жоғары технологиялық салаларды, оның ішінде жасанды интеллектті дамыту кезеңіне өтті.

Ал Сингапур 25 жылдан астам уақыт бойы білім беру жүйесін, мемлекеттік басқаруды және цифрлық инфрақұрылымды бірізді түрде дамытып келіп, содан кейін ғана жасанды интеллектті қалыптасқан экожүйенің табиғи жалғасына айналдырды.

Біз үшін халықаралық тәжірибе аса маңызды, алайда оны дайын шешімдер жиынтығы ретінде қарастыруға болмайды. Қазақстан жағдайында негізгі тәуекел – өзге елдер ондаған жыл бойы жүріп өткен жолды қысқартуға ұмтылу болып табылады.

«Нөлден» бастамасақ та, іргетасымыз бекем емес: Қазақстанның шынайы ахуалы

Қазақстан жасанды интеллект технологияларын «нөлден» бастап енгізіп жатқан жоқ. Елімізде «электрондық үкімет» жүйесі жолға қойылып, мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн форматта көрсетіледі. Сонымен қатар, IT-хабтар мен стартап-экожүйе қалыптасқан, халықтың цифрлық сауаттылығы артып келеді, ең бастысы — мемлекеттің ең жоғары деңгейдегі қолдауы бар. Осы бағытта уәкілетті орган ретінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) құрылды. 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен күшіне енген Еуроодақтың ЖИ туралы регламентінен кейін, Қазақстанда әлемдегі алғашқылардың бірі болып ЖИ туралы арнайы заң қабылданды. Әділдік үшін айта кететін болсақ, көптеген елдер қолданыстағы заңнаманы бейімдеу жолын таңдаған болатын.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы қыркүйекте берген IT-қызметтер экспортының көлемін 2027 жылға қарай 1 млрд АҚШ долларына жеткізу туралы тапсырмасы, ЦДИАӨМ мәліметінше, 2025 жылдың соңына қарай мерзімінен бұрын орындалды. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 15,7 есеге өскен. «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркіне қатысушы компаниялардың саны 1,8 мыңнан асты. Сонымен қатар, Халықаралық ЖИ орталығы жұмысын бастады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, ақпарат және байланыс саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 200 мыңнан астам адамды құрайды.

«AI-SANA» бағдарламасы іске қосылды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҒЖБМ) мәліметінше, студенттердің қазірдің өзінде 100%-ға жуығы жасанды интеллект бойынша базалық курстардан өтіп, 670 мыңнан астам сертификат берілді. Сондай-ақ, 300-ден астам салалық ЖИ-шешімдер әзірленді.

Бүгінгі таңда біз технологиялар жай ғана «құрал» болудан қалып, нақты инфрақұрылымға айнала бастаған кезеңде тұрмыз деп айтуға болады. ЖИ деректерді талдау негізінде шешім қабылдау процестеріне қатысқанымен, соңғы сөз адамның еншісінде қалады. Дегенмен, бұл толыққанды «сана» емес, тек деректер жиынтығы негізінде оқытылған статистикалық модельдер екенін түсіну маңызды. Дәл осы жерде бізді шындықтан алшақтау қатері мен басқару жүйесіне арналған «жасырын кедергілер» күтіп тұр.

Кедергілер де жоқ емес. 2,5 миллионнан астам азаматтың жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділігі шектеулі. Киберқауіпсіздік тәуекелдері артып, интернет-алаяқтық көбейді, бұған қоса бюрократиялық кедергілер де бар. Әрине, бұл факторлар өз кезегінде ортақ прогресті тежеп отыр.

Жасанды интеллектіге барлық түйткілдің түйінін шешетін «сиқырлы таяқша» ретінде қарау үлкен алаңдаушылық туғызады. Ол леммаларды анықтау мен теоремаларды дәлелдеуден бастап, мемлекетті басқару мен нормативтік құқықтық актілерді (НҚА) әзірлеуге дейінгі барлық сұрақтардың әмбебап жауабы ретінде қарастырылып жүр. Алайда қазіргі заманауи ғылым мұндай қарабайыр пайымдаулардан әлдеқашан алыстаған.

Алгоритмдер шешім қабылдағанымен, жауапкершілік өзгермейді: жасанды интеллекттің жасырын қауіптері

Жасанды интеллектіні дамыту басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылуда және бұл өте орынды. Дегенмен, оны енгізу аса салмақты әрі теңгерімді тәсілді қажет етеді. Себебі бұл жай ғана жаңа технология емес, бұл — экономиканың, мемлекеттік жүйенің және күнделікті өмірдің түбегейлі өзгеруі. Технологиялық шешімдердің шектеулерін ескермей, оған шектен тыс иек арту басқарушылық және өзге де шешімдер қабылдау секілді күрделі процестердің қарабайырлануына, соның салдарынан олардың сапасының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.

Бүгінгі таңда ЖИ төңірегінде «тек оны енгізу бағытын жариялау жеткілікті — сонда ел технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекетке айналады» деген қате түсінік қалыптасып отыр. Бірақ ЖИ-ді кәдімгі мемлекеттік бағдарлама секілді «енгізе салу» мүмкін емес. Жасанды интеллект экономикалық серпіліске жетелейтін төте жол деген пікір — жай ғана үстірт пайымдау емес, бұл — жүйелі қателік.

Заманауи жасанды интеллект — бұл, ең алдымен, математикалық модельдер мен ықтималдық есептеулерге негізделген деректерді талдау құралы. Ол процестердің тиімділігін айтарлықтай арттыруға қабілетті, бірақ адамның ойлау жүйесі мен сарапшылық бағасын алмастыра алмайды, сондай-ақ жауапкершілік те арқаламайды.

«Басқаруды алгоритмдеу» идеясы басымдыққа ие бола бастаған сәт — қауіпті аймақтың басталғаны. Күрделі процестердің шектеулерін түсінбестен, оларды математикалық модельдермен алмастыру қате шешімдерге алып келеді.

Жасанды интеллект негізі — математика

КСРО-да кибернетика «буржуазиялық идеология» ретінде қабылданып, онымен күрес жүріп жатқан замандағы «Иду на грозу» («Найзағайға қарсы») атты ескі фильм еске түседі. Онда басты кейіпкер — физикті «кибернетика — бұл электроника мен математиканың жиынтығы» деп есептегені үшін ғана университеттен шығарып жібереді. Сол сияқты, жасанды интеллект те өздігінен өмір сүрмейді. Оның іргетасы — математика: алгебра, математикалық логика, ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика, ақпарат теориясы және оңтайландыру. Сонымен қатар, бұл — есептеу техникасы мен мамандарды даярлаудың ондаған жылдық тәжірибесі. Осы негіздерсіз кез келген ЖИ процестердің мән-мағынасын түсінбестен, өзгенің құралдарын үстірт пайдалану мен жай ғана «батырмаларды басуға» айналады.

Сонымен қатар, қоғам абстрактілі «математиканың күшіне» сеніп, жылдам технологиялық серпілісті күтпеуі тиіс. Ондай үміттің соңы сөзсіз көңіл қалуға, ал ол өз кезегінде ғылымға деген сенімсіздікке әкеп соғуы мүмкін.

Біз көбіне ұғымдардың алмасуын байқаймыз. Интерфейсті көріп, жүйені толық түсінеміз деп ойлаймыз. Жауап алып, машина «ойлайды» деп есептейміз. Іс жүзінде ЖИ ойламайды және түсінбейді — ол тек деректер негізінде ықтималдықтарды есептейді. Ал ол деректердің өзі жиі бұрмаланған, күмән тудыратын және қате шешімдерге бастайтын болуы мүмкін. Иә, бұл — қуатты, жылдам әрі жоғары жылдамдықты күнделікті есептеулер, бірақ оның табиғаты мүлдем бөлек. Ең үлкен қауіп — қалауымызды шындық ретінде қабылдап, соның негізінде мемлекеттік шешімдер қабылдана бастаған жерде туындайды.

Егер мемлекеттік саясатты «жасанды интеллект — барлық мәселенің әмбебап шешімі» деген түсінікке негіздеп құратын болсақ, онда мынадай үш салдардың туындауы сөзсіз.

Біріншіден, түрлі бағдарламалар, есептер мен ЖИ орталықтары пайда болғанымен, олардың артында нақты ғылыми мектеп тұрмайды. Бұл іс жүзіндегі ілгерілеусіз, тек сыртқы қозғалыстың көрінісін (имитация) қалыптастырады.

Екіншіден, бұл — тәуелділік. Ел өзге елдердің технологияларын олардың тереңдігін түсінбестен және отандық болмысқа бейімделу деңгейін ескерместен пайдалана бастайды. Сын сағатта мемлекет бұл технологияларды әрі қарай дамытуға, тіпті оларды толыққанды бақылауға қауқарсыз болып қалады.

Үшіншіден, алшақтықтың тереңдеуі. Жеке құзыреттілікті дамытудың орнына, технологияларды тек тұтынушы рөлі нығая түседі.

Шынында, жасанды интеллект экономиканың тиімділігін арттыруға шын мәнінде ықпал ете алады. Бірақ бұл тек алдын ала қалыптасқан мықты негіз болған жағдайда ғана мүмкін. Мұндай негізге сапалы білім беру жүйесі, дамыған инженерлік орта, ғылым мен өндірістің үйлесімді дамуы жатады. Ал мұндай алғышарттар болмаған жағдайда, жасанды интеллект керісінше, айырмашылықтарды тереңдетіп жібереді: ол әлеуеті жоғары жүйелерді күшейтеді, ал әлсіз құрылымдарды ілгерілете алмайды. Сондықтан бүгінгі таңда негізгі мәселе «жасанды интеллектті енгізу жолдары» емес, «оны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін берік негіз бар ма» деген сұраққа келіп тіреледі. Өкінішке қарай, бізде көбіне алдымен жаңа құралды енгізуге ұмтылып, оның іргетасын қалыптастыру мәселесі екінші кезекке қалдырылатын үрдіс байқалады.

Осыны ескере отырып, егер білім беру жүйесінде терең математикалық дайындық жеткіліксіз болса, жоғары оқу орындары ғылыми зерттеумен айналысатын мамандарды дайындамаса, ал инженерлік мәдениет тиісті деңгейде дамымаса, онда жасанды интеллектке қатысты кез келген стратегия нақты нәтиже бере қоймайды. Ең қолайлы жағдайда бұл жекелеген сынақ жобаларымен шектелуі мүмкін, ал қолайсыз жағдайда – айтарлықтай қаржылық шығындарға алып келетін қателіктерге соқтырады. Ашық айтқанда, басты мәселе жасанды интеллекттің мәні мен рөлін жеткілікті деңгейде терең түсінбеуде жатыр. Бұл өз кезегінде шынайы мүмкіндіктерден жоғары күтулердің қалыптасуына себеп болады.

Қазақстанда бұл қайшылықтар одан сайын тереңдей түсуде. Сондықтан мұндай жағдайда жасанды интеллект экономиканы құтқара алмайтынын, білім беру жүйесін алмастырмайтынын және әлсіз институттардың орнын толтыра алмайтынын нық сеніммен айтуға болады. Дегенмен, дұрыс тәсіл қолданылса, ЖИ елдің мықты тұстарын еселейтін қуатты құралға айнала алады. Егер біздің мақсатымыз есеп беру емес, шынайы даму болса, онда басымдықтар мүлдем басқа ретпен қойылуы тиіс: алдымен — математика мен білім, содан кейін базалық элемент ретінде — инженерия, тек содан соң ғана солардың үстінен қонатын қондырма ретінде — жасанды интеллект болуы керек.

Әйтпесе, мемлекет жасанды интеллектті жиі талқылағанымен, оның мүмкіндіктерін дұрыс арнаға бағыттай алмау тәуекеліне тап болады.

Білім беру саласы мен жасанды интеллект: ішкі қайшылықтар

Егер жасанды интеллектінің іргетасы математика болса, онда келесі маңызды буын — кадрларды даярлау жүйесі. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында оқыту нақты мамандықтар бойынша емес, «бағыттар» бойынша жүргізіледі. Бұл идеяның негізі дұрыс шығар, бірақ оның жүзеге асырылуы, әсіресе инженерлік-техникалық кадрларды даярлау саласында өте әлсіз. Қазіргі қалыпта бұл кәсіби білім беру сапасының төмендеуіне әкеп соғуда. Мәселе оқыту форматында емес, бағыттардың тым жалпылама болып кеткенінде, даярлық тереңдігінің төмендегенінде және түлектердің «ауқымды, бірақ үстірт біліммен» әрі ынтасыз шығуында болып отыр.

ЖИ-ді қарқынды енгізу процесі мамандарды «бағыттар» бойынша даярлаудың дәрменсіздігін көрсетіп берді. Іс жүзінде білім беру жүйесіне де, елдің технологиялық даму болашағына да нұқсан келтіретін қайшылық туындап отыр. Парадоксалды жағдай қалыптасты: ел ЖИ экономикасына көшуді жариялап отырғанымен, сонымен бірге кадр даярлаудың іргетасын әлсіретіп алды.

Жүйелі қайшылықтар айқын көрініп тұр. Бір жағынан, ЖИ білімнің тереңдігін талап етсе, қазіргі білім беру жүйесі тек үстірт ауқымдылықты ұсынады. «Бағыт» бойынша білім алған түлек нейрожелінің не екенін білуі мүмкін, бірақ оның математикалық деңгейде қалай жұмыс істейтінін түсінуге қауқарсыз. Екінші жағынан, ЖИ бәсекелестікті күшейтеді. Нарықта алгоритмдер, архитектуралар мен жаңа шешімдер құра алатын ең үздік мамандарға сұраныс жоғары. Ал терең дайындығы жоқ «әмбебап» маман бұл бәсекеде жеңіліске ұшырайды. Үшіншіден, ЖИ құралдарымен жұмыс істей білетін түлекті осы саланың маманы деп атауға болмайды. Бұл — принципиалды түрде екі бөлек деңгей. Біріншісі — цифрлық сауаттылық болса, екіншісі — ғылым мен инженерия. Төртіншіден, бізде мыңдаған берілген сертификаттардың есебінен құзыреттіліктің жаппай сипаты туралы жалған көрініс қалыптасуда. Бұл — сапаға еш қатысы жоқ тек сандық модель.

Қорыта келе мынадай сұрақ туындайды: осындай мамандар серпіліс жасауға қабілетті ме? Әзірге жоқ! Бағыттар бойынша берілетін үстірт білім мен ЖИ саласындағы өршіл амбицияларды ұштастыру — бүгінгі күні іштей қайшылыққа толы модель. Бұл жерде шұғыл, ауыр әрі қиын реформаларсыз алға жылжу мүмкін емес, себебі «дерт» асқынып барады.

Өткен тәжірибе сабақтары: не себепті ауқымды бағдарламалар ауқымды нәтиже әкелмейді

Қазіргі уақытта жасанды интеллект мәселесі стратегиялық құжаттарда, ресми баяндамаларда және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрініс табуда. Бұл жағдай елдің технологиялық серпіліс қарсаңында тұрғаны туралы әсер қалыптастырады. Алайда мазмұндық тұрғыдан талдау жасай отырып, шынайы жағдайға назар аударсақ, маңызды мәселе туындайды: күтілетін нәтижелер нақты мүмкіндіктерден озып кетіп жатқан жоқ па?

Қазақстан үшін серпіліс уәде етілген ауқымды бастамаларды іске қосу жаңа құбылыс емес. Индустрияландыру саясаты аясында кәсіпорындар құрылып, жобалар жүзеге асырылды, өнеркәсіптік саясат қалыптастырылып, индустрияландыру картасы әзірленді. Алайда аталған кәсіпорындардың басым бөлігі мемлекеттік қолдаусыз тұрақты жұмыс істей алмады, ал едәуір бөлігі жоспарланған өндірістік қуатына жетпей тоқтап қалды.

Сонымен қатар кластерлік даму бағытына да ерекше мән берілді. Бұл тәсіл бизнестің шоғырлануын қамтамасыз етіп, өзара ықпалдастық арқылы қосымша тиімділік қалыптастырады деп болжанған еді. Алайда іс жүзінде кластерлер толыққанды экономикалық жүйеге айналмай, көбіне әкімшілік сипаттағы құрылым ретінде қалып қойды.

Өңірлерді және ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған бағдарламалар қабылданды, олардың қатарында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы да бар. Инфрақұрылым белгілі бір деңгейде жақсарғанымен, халықтың көші-қоны, оның ішінде реттелмеген миграция және өңірлер арасындағы экономикалық алшақтық мәселелері өз шешімін толық тапқан жоқ.

Ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған «Ақ бұлақ» және өзге де ауқымды әрі әлеуметтік маңызы жоғары жобалар іске асырылды. Алайда олардың жүзеге асырылуы күрделі болып, мерзімдерінің созылуына байланысты уақтылы әрі толық аяқталуы қамтамасыз етілмеді.

Логистика саласында да Қазақстанның «Жаңа Жібек жолы» бастамасы аясында белгілі бір артықшылықтары болғанымен, қол жеткізілген нәтижелер көптеген сыртқы және ішкі факторларға тәуелді болып қалды.

Аталған тәжірибелердің жиынтық қорытындысы бір: бағдарламалар жедел түрде іске қосылып, күтілімдер жоғары деңгейде белгіленді, алайда олардың жүйелік нәтижесі көп жағдайда жарияланған мақсаттардан әлдеқайда төмен болып шықты.

Жасанды интеллект саласында да осыған ұқсас тәсіл мен жүйелік қателіктердің қайталану қаупі байқалады. Көп жағдайда ол әмбебап шешім ретінде қабылданып, солай ұсынылады. Алайда жасанды интеллект – дайын бағдарлама да, жекелеген саясат құралы да емес. Ол іргелі ғылымдардың ұзақ мерзімді дамуының нәтижесі. Мұндай негізсіз шынайы жасанды интеллект қалыптаспайды, тек сырттан дайын технологияларды пайдалану деңгейінде қалып қояды.

Қазақстанда жасанды интеллект ұғымы жиі алдын ала белгіленген сценарийлермен жұмыс істейтін чат-боттармен, автоматтандыру жүйелерімен, деректерді бастапқы деңгейде талдаумен және шетелдік шешімдерді енгізумен шектеліп жатады. Бұл бағыттардың өзіндік пайдасы бар, алайда оларды технологиялық серпіліс деп бағалауға болмайды. Ресми түрде әзірлеу туралы айтылғанымен, іс жүзінде дайын өнімдерді пайдалану басым. Қазіргі таңда негізгі мәселе дәл осы айырмашылықта жатыр.

Декларациялардан нақты жасанды интеллектке өтудің жеті практикалық қадамы

Қазіргі таңда жасанды интеллектті енгізу жөнінде таңдау жасалды. Бұл – уақыт талабы. Ендігі мәселе – оны тәуелділік көзіне айналдырмай, өзіміздің тиімді құралымыз ретінде пайдалана алатындай жағдай қалыптастыра аламыз ба деген сұрақта. Өзін-өзі алдауға жол бермеу үшін жүйелі жұмысқа көшу қажет. Осыған байланысты орталық атқарушы органдар жасанды интеллектті енгізу жөніндегі тапсырмаларды орындау мақсатында өз іс-шаралар жоспарларына тиісті түзетулер енгізуі тиіс. Бұл мынадай бағыттарды қамтиды:

басымдықтарды қайта қарау, яғни назарды тек енгізуге ғана емес, іргелі негізді қалыптастыруға да аудару;

математикалық және инженерлік-техникалық білім беруді реформалау, ұзақ мерзімді технологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ғылыми мектептерді қалыптастыруға ресурстарды шоғырландыру;

мемлекет пен экономика тарапынан күрделі әрі өзекті ғылыми зерттеулерге нақты сұраныс қалыптастыру, өйткені мұндай сұраныссыз әзірлемелер тек тәжірибелік деңгейде қалып қоюы мүмкін;

мазмұнды көрсеткіштер мен есептілікпен алмастыру тәжірибесінен бас тарту;

мүмкіндігі мен қажеттілігіне қарай цифрлық егемендіктің негізі ретінде отандық инженерлік және технологиялық базаны дамыту;

жедел нәтиже күту иллюзиясынан бас тарту, өйткені жасанды интеллекттің даму көкжиегі жылдармен емес, ондаған жылдармен өлшенеді;

шешім қабылдау кезінде адам рөлін сақтау – ең маңызды шарт, себебі жасанды интеллект жауапкершілікті, стратегиялық ойлауды және контексті түсінуді толық алмастыра алмайды.

Басты бағыт – технологияларды дамыту және жүйені жаңғырту

Тағы да қайталап өтейін: ЖИ дамуды өздігінен жасамайды, ол тек қалыптасқан жағдайдың әлеуетті мүмкіндіктерін күшейтеді. Сондықтан бүгінгі басты таңдау — технологиялар арасында емес, жүргізіліп жатқан реформаларға қатысты терең мазмұнды және үстірт-формальды тәсілдердің арасында болмақ. Жасанды интеллект елдің шынайы даму факторына айнала ма, әлде басқарушылық иллюзияның кезекті тарихы болып қала ма — бұл тікелей осы таңдауға байланысты.

ҚР Парламенті Сенаты жанындағы

Сенаторлар кеңесінің мүшесі, ф.-м.ғ.к., доцент,

ҚР ҰИА және Халықаралық ақпараттандыру

академиясының академигі

Еділ Мамытбеков

The post Жасанды интеллектке шынайы көзқарас: технологиялар әлсіз экономика мен басқарудың орнын баса алмайды appeared first on Eurasia24 QAZ.

Трансформациясыз жаңғырту: Қазақстан ғылымының жүйелік мәселесі
Мақалада Қазақстанның ғылыми саласының қазіргі даму үрдістері қарастырылады. Статистикалық көрсеткіштер мен институционалдық ерекшеліктерді талдау негізінде сандық өсімнің «сыртқы» көрсеткіштері мен ғылыми нәтижелер сапасының «ішкі» трансформациясының шектеулілігі арасындағы жүйелік қайшылықтар айқындалады.

Көрсеткіштердің үстемдігі

Ағымдағы жылдың сәуір айы мазмұнды әрі маңызды оқиғалармен ерекшеленді. Соның ішінде, меніңше, ең маңыздысы — Қазақстан ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мемлекет басшысының қатысуымен іс-шаралар өтті, ғылым саласының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды, жас ғалымдарға пәтерлер табысталды, сондай-ақ көптеген конференциялар ұйымдастырылып, жетістіктер туралы есептер ұсынылды.

Көптеген баяндамашылар жаңа Конституцияның қабылдануы жөніндегі референдумның маңызды саяси оқиға болғанын ерекше атап өтті. Ата заңда соңғы 30 жылда алғаш рет адами капиталды, ғылым мен инновацияларды дамыту мемлекеттің басымдығы ретінде айқындалды.

Соңғы жылдары мемлекет ғылым саласына баса назар аудара бастады: шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып, жас ғалымдарға арналған гранттар мен әлеуметтік қолдау шаралары енгізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі қалпына келтірілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның ғылым қызметкерлерін ұлықтау рәсімінде жасаған баяндамасына сәйкес, саланың қаржыландырылуы «соңғы бес жылда алты есеге артты». 2025 жылы қаржыландыру көлемі шамамен 550 млн АҚШ долларына жетті. Ал 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Бүгінгі таңда ғылым саласындағы қызметкерлердің саны 28 мыңнан асты, оның 13,5 мыңнан астамы — жас ғалымдар. Қазіргі уақытта 430-дан астам ғылыми ұйым мен зерттеу институты жұмыс істейді.

Қазақстан жарияланымдар саны бойынша әлемде 59-72 орындарға көтерілді. Жоғары квартильді (Q1, Q2) журналдардағы мақалалардың үлесі шамамен 44,9%-ды құрады, бұл көрсеткіш әлемдік деңгейде 52,7%-ға тең. Еліміз математика, химия және мұнай химиясы, материалтану, физиканың жекелеген бағыттары мен IT, сондай-ақ энергетикадағы қолданбалы зерттеулер сияқты нақты салаларда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Осылайша, бұл көрсеткіштер сенімді көрінеді. Дегенмен, ғылым саласында бәрі бірдей мінсіз бе? Негізгі мәселе ашық күйінде қалып отыр: сандық көрсеткіштердің артында сапалық серпіліс болды ма? Бұл сұрақ жүйелі талдауды қажет етеді.

Ғылымсыз экономика, экономикасыз ғылым

Ғылымды қаржыландыру көлемін халықаралық контекстпен салыстыратын болсақ, жағдай айтарлықтай күрделене түседі. Мәселен, Қазақстандағы ҒЗТКЖ-ға (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) жұмсалатын шығындардың жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі небәрі 0,14-0,16%-ды құрайды. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштің әлемдік орташа деңгейі — 0,43%, ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінде — 2-4%, ал Израиль мен Оңтүстік Кореяда тиісінше 5,5% және 5%-ға тең. Басқаша айтқанда, Қазақстанның ғылымға салған инвестициясы технологиялық көшбасшы елдермен салыстырғанда 10-20 есе аз.

Дегенмен, басты мәселе қаржы көлемінде ғана емес, оның құрылымында болып отыр. Сондықтан инвестицияның салыстырмалы түрдегі қомақты көлемі әзірге айтарлықтай маңызды нәтижелер бермей келеді. Бұған қоса, бюджеттен тыс инвестициялар көлемі де жеткіліксіз. Бүгінде ғылымға жұмсалатын шығындардың 80%-дан астамы мемлекет тарапынан қаржыландырылады, ал бизнес бұл үдеріске дерлік қатыспайды. Сонымен қатар, бөлінген қаражаттың шамамен 50-70%-ы ғылыми қызметкерлердің еңбекақысына жұмсалады.

Дамыған елдерде жағдай мүлдем басқаша: ғылымның негізгі инвесторы — жеке сектор. Бұл біздегі жағдайдан басты айырмашылық болып табылады. Сондықтан бизнес ғылымға қызығушылық танытпайынша, коммерцияландыру жай ғана көзбояушылық болып қала бермек.

Қаржыландырудың өсуіне қарамастан, ғылымның Қазақстан экономикасына қосатын үлесі әлі де төмен деңгейде. Бұған ғылымның өндіріспен байланысының нашарлығы, индустрия тарапынан сұраныстың жоқтығы, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге жұмсалатын шығындардың тым аздығы, коммерцияландырудың әлсіздігі, технологиялық өнімдердің тапшылығы және, әрине, бизнестің енжарлығы мен оқшаулануы негізгі себеп болып отыр. Нәтижесінде ғылым мен экономика бір-бірінен бөлек дамып жатыр және ғылым әзірге қоғам өмірінде шешуші рөл атқармайды.

Іс жүзінде «зерттеу — технология — нарық» тізбегі үзілген. Бүгінгі таңда ғылым көбіне нақты стратегиясы жоқ жекелеген жобалардың жиынтығы ретінде қабылданады, ал ғалым зерттеушіден гөрі әкімшілік қызметкерге көбірек ұқсайды.

Ғылыми кадрлардың едәуір көптігіне қарамастан, ғылыми қоғамдастықтың нақты «сыни массасы» (өнімді ортасы) қалыптаспағанын мойындауымыз керек. Тағы бір өзекті мәселе — ұрпақтар сабақтастығының үзілуі. Зейнет жасындағы ғалымдарды ғылымнан шеттету саясаты қалыптасқан ғылыми мектептердің іргесін шайқалтуда.

Әлемдік тәжірибеде ғалымның өнімділігі жиі 50-70 жас аралығында шарықтау шегіне жететінін, яғни жастың тиімсіздік белгісі емес екенін түсіну маңызды. Дамыған елдерде, керісінше, аға буын ғалымдары зерттеулердің сабақтастығы мен сапасын қамтамасыз етсе, жас мамандар жаңа бағыттардың қозғаушы күшіне айналады.

Қазақстандық ғылым барған сайын жарияланымдар саны, базалардағы индекстелу және есеп беруге арналған «енгізулер» сияқты формалды көрсеткіштерге иек артып барады. Бұл жарияланымдардың ғылыми зерттеу нәтижесін бағалау құралы емес, жай ғана есеп беру нысанына айналуына әкеп соқты. Соның салдарынан еліміз кезінде танымал болған ғылыми мектептерінен айырылып қалды.

Жас ғалымдар санының артуына қарамастан, олардың көбі өзін-өзі дамыту үшін тиімді ортаны таңдап, жеке секторға кетіп жатқанын ашық айту керек. Бұл — олардың өмір сүру үшін емес, кәсіби тұрғыдан қалыптасу үшін жасаған ұтымды таңдауы.

Нәтижесінде Қазақстан ең құнды байлығы — болашақ ғылыми элитасын жоғалтып алуда. Бүгінде танымал қазақстандық ғалымдар көбіне АҚШ, Еуропа мен Қытайда еңбек етуде. Өкінішке қарай, олардың табысы отандық ғылыми жүйемен байланысты болмай отыр.

Ғылымдағы институционалды тұзақ

Қазіргі таңдағы мынадай парадоксалды жағдайды атап өткен жөн: кеңестік ғылым моделі өзінің барлық кемшіліктеріне қарамастан, мықты ғылыми мектептерді, іргелі зерттеулерді және өндіріспен тығыз байланысты қамтамасыз ете алды. Ал қазақстандық модель ашық болғанымен, талап деңгейі төмен және тиімділігі әлдеқайда аз болып отыр. Нәтижесінде зерттеулердің тереңдігі мен сапасы жоғалды, ал бұрынғы тиімділік деңгейіне әлі қол жеткізілген жоқ.

Нәтижелерді формализациялау элементтерінің бар екенін, атап айтқанда, «қолдан жасалған» көрсеткіштер мен формалды енгізулердің кездесетінін ашық мойындауымыз керек. Бірақ бұл жекелеген ғалымдардың емес, нақты нәтиже ынталандырылмайтын қазіргі жүйенің салдары екенін түсіну маңызды.

Осы орайда: «Кім кінәлі?» деген сұрақтың қойылуы орынды. Меніңше, жауабы айдан анық: белгілі бір дәрежеде барлығы кінәлі! Мемлекет — нәтижеден гөрі есеп беруге басымдық бергені үшін, ғылыми қоғамдастық — формализмге бейімделгені үшін, ал бизнес — ғылымға сұраныс танытпағаны үшін жауапты. Қалыптасқан бұл жағдай — жекелеген тұлғалардың қателігі емес, жүйелі институционалдық дағдарыс.

Қазіргі уақытта Қазақстан ғылымы аралық-өтпелі кезеңде тұр: қаржы мен бағдарламалар бар, инфрақұрылым қалыптасып келеді, бірақ ең басты нәрсе — экономикаға интеграцияланған ғылыми экожүйе жоқ. Ғылым оқшауланған күйінде қалса, кез келген жетістік жергілікті және уақытша сипатқа ие болады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ғылымның дамуы бар екенін, бірақ шынайы ғылыми серпілістің жоқтығын айтуға болады. Сала көрсеткіштер өсімі әлі де сапалы деңгейге көтерілмеген, ұзаққа созылған «трансформациясыз жаңғыру» күйінде қалып отыр. Қазақстандық ғалымдар мен ғылыми зерттеулердің әлеуеті зор болғанымен, олар әлі де жаһандық ғылыми күн тәртібін қалыптастыра алмай келеді және олардың еңбектеріне идеялар көзі ретінде сілтеме жасау деңгейі төмен.

Ғылымның басқарумен алмасуы

Сәуір айының басында Шымкентте Қазақстан математиктерінің бірінші съезі өтті. Бұл — еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттері аясында ғылыми қоғамдастық үшін негізгі бағдарларды айқындаған маңызды іс-шара болды. Онда іргелі және қолданбалы ғылымды дамытудың бағыттары белгіленді.

Жиын қажетті, уақтылы әрі мазмұнды өтті. Дегенмен, іс-шара барысында ғылымның саяси-әкімшілік риторикамен алмасуы сияқты алаңдатарлық үрдіс байқалды.

Ғылымның, әсіресе математиканың мемлекеттің ағымдағы міндеттеріне қызмет көрсету құралы емес екенін түсіну қажет. Бұл — тапсырмалар мен жол карталары бойынша емес, өзіндік ішкі логикасымен дамитын іргелі білім саласы. Математиканы жай ғана «шешімдерді қамтамасыз ету», «басқаруды қолдау» немесе «жасанды интеллект экономикасына қызмет көрсету» деңгейіне түсіру — бұл жай ғана методологиялық қателік емес, бұл — стратегиялық жаңсақ түсінік. Математика — экономикалық өсімнің субъектісі емес, ол ғылыми құрал және білімді жүйелеу тілі.

Тағы бір мәселе — іргелі және қолданбалы ғылым арасындағы айырмашылықты бұрыс түсіну. Соның салдарынан математика дереу қолданбалы нәтиже беруі тиіс деген модельдер ұсынылуда. Алайда, дәл осы өтпелі кезеңнің қысымынан еркін іргелі ғылым ғана ұзақ мерзімді перспективада мемлекет пен ғылыми қоғамдастық мақтаныш ететін технологияларды дүниеге әкеледі. Ғылым тарихы көрсеткендей: ғалымдарды әкімшілік тапсырмаларды орындаушыға айналдырған жерде жаңалықтар жоғалады.

Сонымен қатар бұдан да қауіпті үрдісті — күн тәртібінің жоғарыдан қалыптасуын байқауға болады. Ғылыми қоғамдастыққа талқылау, пікір таластыру немесе іздену емес, алдын ала айқындалған бағыттарға: жасанды интеллект, криптография, цифрлық егіздер және т.б. салаларға «бейімделу» ұсынылады. Бірақ ғылым нұсқау бойынша дамымайды. Ол еркіндік, бәсекелестік пен сын арқылы ғана өрістейді.

Ғылыми қоғамдастық мұндай сигналдарға тиісті деңгейде жауап беруі керек деп есептеймін. Әйтпесе, бұл — ғылымның ашылулар емес, популизм маңызды болатын еліктеуші институтқа түпкілікті айналу жолы.

Менің ойымша, бүгінгі таңда мынадай шаралар қажет:

Ғылыми және әкімшілік күн тәртібін бір-бірінен анық ажырату;

Ғылымды бағалаудағы сандық көрсеткіштерге табынушылықтан бас тарту;

Шынайы базасы жоқ «сәнді бағыттарды» күштеп таңу тәжірибесін тоқтату;

Ғылым мен экономиканы интеграциялау бойынша нақты шаралар қабылдау;

Қолданбалы зерттеулердің маңызын төмендетпей, іргелі зерттеулердің басымдығын қалпына келтіру;

Декларативті емес, шынайы академиялық еркіндікті қамтамасыз ету.

Ғылымның басты өлшемі — оның қоғам мен өндіріске тигізетін шынайы ықпалы. Бізге жай ғана қатысушы емес, көшбасшы болу қажет. Халықаралық деңгейде біреудің айтқанына көніп, айдауына жүру емес, өз бетімізше ғылыми күн тәртібін бекітуге қауқарлы болуымыз шарт. Өкінішке қарай, дәл осы мәселеде еліміз әлі де кенжелеп келеді.

Егер бұл олқылықтардың орнын толтырмасақ, Қазақстан төл ғылыми мектептерінен біржола айырылып, өзге елдердің білімі мен технологиясына тәуелді «тұтынушы» күйінде қала бермек. Ғылымға асқақ ұрандар мен жаттанды сөздер емес, бүгінде тапшы болып отырған шынайылық, тереңдік және байыптылық қажет.

Қандай өзгерістер қажет

Бүгінгі таңда ғылым саласындағы реформалар төңірегінде ашық әрі шынайы диалог қажет. Ең қауіпті қателік — артта қалу емес, нақты негіз болмаса да, «біз озып келеміз» деген жалған сенімге бой алдыру. Осыған байланысты, ғылымның тұрақты даму жолына түсуі үшін мынадай басымдықтарды іске асыру маңызды деп есептеймін:

Ғылымды қаржыландырудағы жеке сектордың рөлін арттыру

Коммерцияландыру тетіктерін оңтайландыру

Іргелі зерттеулерге шынайы қолдау көрсету

Ғылыми қызметті бағалау жүйесін жетілдіру

Академиялық еркіндік пен идеялар бәсекелестігін қамтамасыз ету

Тек тұтас ғылыми экожүйе қалыптасқанда ғана ел дамуына ғылымның қосатын үлесі артып, ұзақ мерзімді нәтижеге қол жеткізуге болады. Ғылымның ұрандармен немесе мерекелік шаралармен дамымайтынын терең түсінуіміз қажет. Ғылым — шынайы бағалаудың, қателіктерді мойындап, оларды дер кезінде түзете білудің нәтижесінде ғана өрістейді.

Мемлекеттік қызметші математик, инженер немесе биолог болуға міндетті емес. Оның міндеті — ғылымды түсіндіру емес, оның дамуына қолайлы жағдай жасау. Сондықтан бюрократиялық аппараттың жұмысы «кәсіби қоғамдастықты қолдау және солардың сараптамасына сүйену» қағидасына негізделуі тиіс. Шенеунік ғылымның болашағын белгілеумен айналыспай, ғылыми ортаның ел экономикасын өркендетуге, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға қосатын үлесіне сенім артып, соған арқа сүйеуі керек.

Кәсіби деңгейі жоғары, кемел мемлекеттік басқарудың басты белгісі де осы деп білемін.

ҚР Парламенті Сенаты жанындағы

Сенаторлар кеңесінің мүшесі, ф.-м.ғ.к., доцент,

ҚР ҰИА және Халықаралық ақпараттандыру

академиясының академигі

Еділ Мамытбеков

The post Трансформациясыз жаңғырту: Қазақстан ғылымының жүйелік мәселесі appeared first on Eurasia24 QAZ.

«Қағаз жүзіндегі реформалар» және тоқырау қаупі: Қазақстанның институционалдық дағдарысы
Бүгінгі таңда ғылыми-сарапшылық қоғамдастық тек ресми мемлекеттік институттарға сенім арту қажетті экономикалық өсімге алып келмейді деген пікірді ұстанады. Іс жүзінде заманауи экономиканың дамуы ресурстар көлемімен немесе инвестициялық қамтылу деңгейімен ғана емес, сонымен қатар институттардың сапасымен және мемлекеттік басқарудағы бейресми құралдармен де айқындалады.

Расында, дәстүрлі институционализммен салыстырғанда, ұзақ мерзімді тұрақты өсімнің негізгі факторы ретінде үш элементтің үйлесімді байланысы алдыңғы қатарға шығуда. Олар: адами ресурстарды жетілдіру есебінен мемлекеттік басқару сапасын арттыру, еңбек нарығының ұтымды құрылымы және экономикалық дамудың тиімді моделі.

Қазіргі уақытта Қазақстан институционалдық шектеулер экономикалық өсімге жүйелі түрде кедергі келтіретін шекті кезеңге таяп қалды. Мәселе реформалардың жоқтығында емес, олардың іске асырылуын қамтамасыз етудегі дәрменсіздікте болып отыр.

Саяси белгі: басқару жүйесін қайта жаңғырту әрекеті

2026 жыл Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси-басқарудың жаңа кезеңінің қалыптасуымен ерекшеленді. Саяси алаңда үш маңызды оқиға орын алды: 5 қаңтардағы «Turkistan» газетіне берген бағдарламалық сұхбат, 10 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысы және 15 наурыздағы жаңа Конституция бойынша референдум. Бұл оқиғалардың барлығы үш кезеңнен тұратын, нақты құрылған стратегиялық жүйені құрайды.

Бірінші кезең — идеологиялық. Мемлекет басшысы жария сұхбат арқылы реформалардың шеңберін айқындап, мемлекет дамуының негізгі бағыттары мен түйткілді мәселелерін белгілеп берді.

Екінші кезең — басқарушылық. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент басқару іс-қимылдарындағы жүйеліліктің тапшылығына назар аудартып, бюрократиялық аппаратқа саяси ықпал ету құралын іс жүзінде қолданды.

Үшінші кезең — институционалдық. Конституциялық референдум өткізу нәтижесінде биліктің жаңа құрылымы бекітілді.

Осылайша, Мемлекет басшысы саяси коммуникация тетіктері, мемлекеттік аппаратқа басқарушылық ықпал ету және институционалдық реформалау арқылы мемлекеттік басқару жүйесін қайта жаңғыртудың күрделі процесін бастады.

Президент стратегиясының негізгі мақсаты — жаһандық геосаяси өзгерістер жағдайында еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттің жаңа моделін қалыптастыру. Дегенмен, институттарды өзгерту басқару сапасына әлі де толық кепілдік бермейтінін түсіну қажет. Негізгі мәселе басқада — мемлекеттік аппарат шешім қабылдаудың дәстүрлі қалыптасқан қағидаттарын, экономикалық саясаттың сипатын және ел дамуын басқару логикасын өзгертуге қауқарлы ма? Басты жүйелі сын-қатер де дәл осы тұста туындайды.

Бұл ретте реформалардың табысты болуына саяси мәлімдемелердің ауқымдылығы емес, мемлекеттік аппараттың мемлекет пен экономиканы басқару ұстанымдарын іс жүзінде өзгерту қабілеті негізгі фактор болмақ.

Жалған өсім: дамусыз тұрақтылық

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан нарықтық экономиканың базалық элементтерін қалыптастырып, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етті. Сонымен бірге, сыртқы орнықтылықтың артында жіберіп алған мүмкіндіктерге байланысты терең жүйелі мәселелер сақталып отыр.

Мәселен, Дүниежүзілік банктің 2024–2025 жылдардағы деректері бойынша Қазақстан ЖІӨ-нің 5-6% өсімін көрсетуде, бұл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің көрсеткішінен орта есеппен 2,8 есе жоғары. Алайда бұл дамыған экономиканың өсімі емес, қуып жетуші сипаттағы өсім болып табылады. Қазақстандағы еңбек өнімділігі дамыған елдермен салыстырғанда 30-50%-ға төмен. Еліміздегі жұмыссыздықтың 4,6% деңгейіндегі төмен көрсеткіші жасырын жұмыссыздық пен өнімділігі төмен жұмыспен қамтудың салдарынан құрылымдық тұрғыдан «алдамшы көрсеткіш» болып саналады.

Мұның себебі әлемдік нарықтағы ахуалдың құбылмалылығында ғана емес, мемлекет дамуының үш элементі — мемлекеттік басқару сапасы, еңбек нарығының экономикалық сұранысқа сәйкестігі және тұрақты экономикалық даму моделі арасындағы институционалдық байланыста жатыр. Айта кететін жайт, өтпелі экономикасы бар елдерде бұл өзара байланыс ерекше айқын көрінеді.

Мемлекеттік басқару институционалдық «ойын ережелерін» айқындайды, еңбек нарығы экономиканың шынайы жағдайын көрсетеді, ал экономикадағы құрылымдық мәселелер халықтың жұмыспен қамтылуына, әл-ауқатына және әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, макроэкономикалық ресми көрсеткіштер мен жұмыспен қамту деректері экономикалық өсімнің нақты сапасын аша алмайды және халық табысының тұрақты артуына мүмкіндік бермейді.

Қазақстанда әлі де ренталық экономика белгілері сақталып отыр, яғни табыстың басым бөлігі шикізат секторы есебінен құралады. Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы деректері бойынша, ел экспортының шамамен 67,2%-ын көмірсутектер, металдар және химия өнімдері құраған. Еңбек нарығы дамудың қозғаушы күші ретінде емес, экономиканың шикізаттық моделінің қосалқы бөлшегі ретінде дамып келеді. Іс жүзінде ұлттық экономика — білім мен инновация экономикасы емес, ресурстарды бөлісу жүйесіне айналған.

Экономиканың бір жерге шоғырлануы үлкен мәселе тудырып отыр. Экономикалық әлеуеттің бірнеше ірі қалаға ғана тиесілі болуы теңсіздік тудыруда. ЖІӨ-нің үштен бірінен астамы Астана мен Алматы қалаларында қалыптасады. Бұл мегаполистер инвестицияның, бизнестің және жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарының негізгі бөлігін иеленіп отыр. Мұндай жағдай аймақтық теңсіздікті күшейтіп, өңірлерде халық санының кемуіне және ішкі көші-қонның артуына алып келеді. Осы қалыптасқан жағдай Қазақстанның барлық өңірлерінің әлеуетін тиімді іске асыруға кедергі келтіріп, олардың экономикалық тұрғыдан теңесуіне мүмкіндік бермейтіні анық.

Бұған қоса, экономикада мемлекеттің шамадан тыс рөлі, реттеу процестерінің күрделілігі және бәсекелестіктің әлсіздігі сақталып отыр. Мемлекеттік басқарудың тым бюрократиялануы мен жеке сектордың қауқарсыздығы айқын байқалады. Бұл қазіргі уақытта шығар жолы көрінбейтін құрылымдық тығырыққа тірелуді білдіреді.

Біз мұндай жағдайды 15 жылдан астам уақыт бұрын болжаған едік, бірақ құзырлы органдар ол кезде бұған құлақ аспады, экономиканы құрылымдық жағынан өзгерту үшін жүйелі шаралар қабылдамады. Осыған байланысты, егер құрылымдық реформалар жасалмаса, таяу болашақта Қазақстан экономикасының өсу қарқыны баяулап, тоқырауға ұшырау қаупі өте жоғары екенін нық сеніммен айтуға болады.

Сонымен қатар, табиғи ресурстардың қоры, географиялық орналасуы және адами капиталдың жоғары деңгейі экономикалық дамудың жаңа моделіне көшуге мүмкіндік береді.

Бүгінде тиімсіз басқару институттары экономиканың шикізаттық құрылымын қалыптастыру мен қолдауға бағытталған. Өз кезегінде, шикізаттық экономика жоғары өнімді жұмыс орындарының дамуын шектейді. Әлсіз еңбек нарығы адами капиталдың сапалы әлеуетін іске асыруға кедергі келтіріп отыр. Ел дамуы тек ЖІӨ-нің өсуінде емес, басқарудың жаңа моделін қалыптастыруда екенін түсінуіміз қажет.

Қорыта айтқанда, егер терең институционалдық реформалар жүргізілмесе, Қазақстан экономикасы ұзақ мерзімді құрылымдық тоқырауға тап болуы мүмкін.

Мемлекеттік аппарат: білімділік пен тиімсіздік арасы

Қазіргі уақытта мемлекеттік басқару жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету сапасы мемлекеттің экономикалық даму тиімділігінің негізгі факторларының бірі екеніне ескішіл көзқарастағылардан басқа ешкім шүбә келтірмейді. Халықаралық тәжірибе стратегиялық ойлай алатын, құзыреттілігі жоғары және жеке жауапкершілікті сезінетін кәсіби басқарушы элитасыз экономикалық өсімнің мүмкін еместігін айқын көрсетіп отыр.

Өкінішке қарай, бүгінде Қазақстанда мемлекеттік қызмет тұрақты кәсіби мансаптың негізгі тұғырына айнала қойған жоқ. Тұтастай алғанда, кәсіби басқарушы элита емес, әкімшілік бюрократия қалыптасуда. Сондықтан, бір жағынан, басқарушы кадрлардың сапасы, екінші жағынан, шешім қабылдаудағы кәсібилік пен батылдықтың тапшылығы реформаларды жүзеге асыруға айтарлықтай септігін тигізбей отыр.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде орындаушылық тәртіптің нашарлығын, басқарушы кадрлардың дайындық деңгейі экономиканы жаңғырту міндеттерінің ауқымына сәйкес келмейтінін бірнеше рет атап өткен болатын. Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Үкімет мүшелерінің бір бөлігі стратегиялық міндеттерді және жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін толық түсінбейді» деп ашық айтылды. Бұл ескертулер Президент пен атқарушы билік арасындағы коммуникация мәселесін ғана емес, басқару корпусындағы терең институционалдық дағдарысты да көрсетеді.

Екінші жағынан, орын алып отырған мәселелерге қарамастан, мемлекеттік аппараттың бірқатар объективті артықшылықтары бар. Біріншіден, басқарушылардың едәуір бөлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша және басқа да жолдармен әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде білім алған. Екіншіден, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, кадрлық резерв және Президенттік жастар кадр резерві, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы кадрларды даярлаудың корпоративтік бағдарламалары сияқты институционалдық база жұмыс істейді. Үшіншіден, мемлекеттік аппараттың әлемдік қаржы дағдарысы, пандемия және санкциялық тәуекелдер кезеңіндегі дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесі бар.

Сонымен қатар, басқару корпусының әлсіз тұстары да жоқ емес. Бір жағынан, бұл — құзыреттіліктің тапшылығы. Шешімдердің көпшілігі тактикалық сипатқа ие, оларда ұзақ мерзімді жоспарлаудың болмауы, қысқа мерзімді көрсеткіштерге бағыт алу және жедел әрекет етумен шектелу байқалады. Екінші жағынан, басқару процестерінің формализациялануы белең алған, мұнда жүйе негізінен статистикалық көрсеткіштерге бағытталып,нақты нәтиже есептілікпен алмастырылады. Үшінші жағынан, құрылымдық мәселе бар — көптеген министрліктерде басшылардың тиісті салалық дайындығы мен экономиканың нақты секторында жұмыс тәжірибесі жетіспейді. Бұл экономика салаларындағы процестерді үстірт түсінуге және қате стратегиялық шешімдер қабылдауға алып келеді. Соңғысы, жауапкершіліктен қашу мен оны бөліп салу жүйесі қалыптасқан,соның салдарынан мемлекеттік бағдарламалардың сәтсіздігі үшін ешкім жеке жауапқа тартылмайды, ал кемшіліктер ведомстволар арасында бөлініп, басқару кабинеттерінің тасасында қалып қояды.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне сүйенсек, реформалардың сәтсіздікке ұшырауы саяси жауапкершілікке әкеп соғады. Ал Қазақстандағы жауапкершілік институтының өзіндік ерекшелігі мен түйткілді тұсы бар — шенеуніктер көбіне жемқорлық үшін жазаланғанымен, басқарудың тиімсіздігі мен бағдарламалардың іске аспағаны үшін сирек жауап береді. Тіпті сәтсіздікке жол бергендер жазаланудың орнына, басқа қызметке ауысу мүмкіндігіне ие болып жатады.

«Неліктен Қазақстанда біліксіз менеджерлер тағайындалады?» деген сұрақ туындайды. Жүйелі талдау көрсеткендей, бұл мәселенің тамыры институционалдық сипатта жатыр. Атап айтқанда, кадрлық шешімдер көбіне жеке сенімге, саяси адалдыққа және белгілі бір басқарушылық байланыстарға негізделеді. Ал кәсіби құзыреттілік екінші кезекке ығыстырылып, сыни ойлау мен принципшілдік көп жағдайда қолдау таппайды.

Ашық конкурстар мен ресми бәсекелестік тетіктері болғанымен, көптеген кадрлық шешімдер алдын ала қабылданып қояды. Ал конкурстық процедуралар тек қабылданған шешімді заңдастыру үшін ғана жүргізіледі. Бұл жағдай жастар арасында жұмысқа орналасуда «қосарланған стандарттар» бар деген түсінікті қалыптастырып, олардың елден қоныс аударуына басты себеп болып отыр.

Реформалардың тежелуі: институционалдық кедергілер

Экономиканы кадрлармен қамтамасыз етудегі жоғарыда аталған мәселелердің салдары елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының сәтсіздікке ұшырауына немесе олардың тиімділігінің тым төмен болуына әкеп соқтыруда. Мәселен, экономикалық саясаттың іске асырылу барысына жасалған талдау келесі жайттарды көрсетеді:

Біріншіден. Сарапшылар қауымдастығының түрлі бағалаулары бойынша, индустрияландыру аясындағы инвестициялық жобалардың шамамен 40%-ы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған. Бұған жобалардың технологиялық деңгейінің төмендігі, жабдық импортынан жоғары тәуелділік, экспорттық әлеуеттің әлсіздігі және жергілікті қамтудың жеткіліксіздігі себеп болған.

Сонымен қатар, бірқатар жобалардың өңірлік ерекшеліктер мен нақты ресурс базасына, оның ішінде кадрлық әлеуетке сәйкес келмегенін атап өткен жөн. Соның салдарынан іске қосылған өндіріс орындары жобалық қуатына жете алмай отыр.

Екіншіден, цифрлық трансформация саласында бірқатар жүйелік мәселелер бар. Олардың қатарында IT-платформалардың қайталануы, әзірлемелердің жоғары құны және ақпараттық жүйелердің әлсіз интеграциясы байқалады. Бұл үдерістер көбіне ірі көлемдегі, негізсіз бюджет шығындарымен қатар жүреді. Сонымен бірге көптеген IT-жобалар қосымша қайта қаржыландыруды талап етеді.

Үшіншіден, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламалары да бірқатар сынға ұшырап отыр. Негізгі мәселелерге тиімсіз субсидиялау, жемқорлық тәуекелдері және еңбек өнімділігінің төмендігі жатады. Атап айтқанда, Қазақстандағы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда 6–8 есе төмен.

Төртіншіден, тұрғын үй бағдарламаларында да жүйелік кемшіліктер бар. Олардың ішінде тұрғын үй бағасының өсуі, алыпсатарлық тетіктердің кең таралуы және баспананың қолжетімділігінің шектеулілігі байқалады. Көп жағдайда бұл бағдарламалар қалалар мен өңірлердің жалпы экономикалық даму стратегиясымен үйлестірілмейді. Сонымен қатар типтік жобалар мен заманауи технологиялардың аздығы құрылыс қарқынын баяулатып, тұрғын үйдің өзіндік құнын арттырады.

Осылайша, институционалдық сипаттағы мәселелер тізбесін әрі қарай да жалғастыруға болады. Алайда олардың шексіздігі жүйелі әрі түбегейлі өзгерістер қажеттігін айқын көрсетіп отыр. Барлық бағыттарға ортақ мәселе – саясатты айқындау мен оны іске асыру арасындағы жүйелік алшақтық. Бұл өз кезегінде институционалдық шектеулердің бар екенін аңғартады.

Еңбек нарығы: жасырын жұмыспен қамту дағдарысы

Еңбек нарығының қазіргі жағдайы экономикадағы құрылымдық ерекшеліктерді айқын көрсетеді. Жұмыспен қамту деңгейінің жақсаруы мен жұмыссыздық көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан, ұлттық еңбек нарығының дамуын талдау бірқатар күрделі мәселелер мен ықтимал тәуекелдердің бар екенін аңғартады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы жұмыспен қамтылғандар саны 9,3 млн адамды құраған. Алайда олардың шамамен 23%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады, ал жұмысшылардың едәуір бөлігі еңбек өнімділігі төмен салаларда қызмет етеді.

Сарапшылардың бағалауынша, еңбеккерлердің шамамен 30%-ы зейнетақы жарналарын төлемейді. Бұл көлеңкелі экономиканың елеулі үлесінің бар екенін көрсетеді.

Еңбек нарығындағы негізгі трендтер:

Демографиялық қысымның артуы: 2035 жылға дейін еңбек нарығына жыл сайын 360 мыңға жуық жас маман қосылады. Бұл нарыққа үлкен салмақ салып, жыл сайын жүздеген мың жаңа жұмыс орнын ашу қажеттілігін тудырады;

Экономиканы цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу: Бұл процесс жаңа мамандықтардың пайда болуына ықпал еткенімен, төмен білікті жұмыс орындарының жойылу қаупін тудырады және цифрлық дағдыларға қойылатын талаптарды күшейтеді;

Платформалық жұмыспен қамтудың өсуі: Фриланс, курьерлік қызмет және платформалық экономиканың (маркетплейстер, онлайн-сервистер) дамуы отандық білікті кадрлардың кетуіне және шетелдік жұмыс күшіне тәуелділікке әкеп соғады;

Еңбек нарығындағы құрылымдық теңгерімсіздік: 2025 жылы 1,3 млн бос жұмыс орнына 1,5 млн ізденуші болды, яғни жұмыс күшіне деген ұсыныс сұраныстан асып түскен. Бұл ретте бос орындардың 50%-дан астамы жұмысшы мамандықтары мен орта кәсіптік білімі бар мамандарға тиесілі, алайда білім беру жүйесінде оларды даярлау деңгейі әлі де жеткіліксіз.

ЭЫДҰ зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы жұмысшылардың шамамен 40%-ы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді, ал 35%-ының тиісті жұмыс дағдылары мүлдем жоқ екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, кәсіпорындардың 30%-дан астамы қызметкерлердің біліктілік деңгейіне көңілі толмайды, бұл бизнестің дамуына басты кедергілердің бірі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, Қазақстанда парадоксалды жағдай қалыптасқан деуге болады: адами капиталдың жоғары көрсеткіші еңбек өнімділігінің жоғары болуына сәйкес келмейді (тең емес).

Экономиканы әртараптандыру мен кадрлық алшақтық: өсімді тежейтін жүйелік фактор

Осы тұрғыда мынадай сұрақ туындайды: қазіргі қалыптасқан жағдай экономиканы әртараптандыруды тиісті кадрлармен қамтамасыз ете ала ма? Қазіргі күйінде бұл екіталай! Еңбек нарығында демографиялық әлеует сақталғанымен, оның қазіргі құрылымы диверсификация міндеттеріне сәйкес келмейді. Сондықтан, кадр даярлаудағы білім беру жүйесіне реформа жасалмайынша, экономиканы әртараптандыру мүмкіндігі шектеулі болып қала бермек.

Шынында да, қазіргі жағдай мынадай қайшылықтарды көрсетеді:

– біріншіден, экономика мен оның жекелеген салалары үшін қажет кадрларға қатысты мамандықтар мен кәсіптер бөлінісінде нақты болжам қалыптастырылмаған;

– екіншіден, жұмыссыздықтың болуына қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдарда бос жұмыс орындары сақталып отыр;

– үшіншіден, жаппай жұмысшы мамандықтарына да, жоғары білікті кадрларға да сұраныс толық қамтамасыз етілмей отыр;

– төртіншіден, әртараптандырылып жатқан экономиканың қажеттіліктері кәсіби-техникалық мамандар мен инновациялық бағыттағы кадрлармен, оның ішінде инновациялық менеджмент саласындағы мамандармен толық қамтылмайды;

– бесіншіден, еңбек өнімділігінің дамыған ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда 3–4 есе төмен болуы экономиканың технологиялық деңгейінің жеткіліксіз екенін көрсетеді.

Мұндай жағдай экономикалық өсім үдерістерін, әсіресе ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған инновациялық даму бағыттарын едәуір тежейтіні анық.

Инвестициялық жобаларды іске асыру тәжірибесі көрсеткендей, тек құрылатын жұмыс орындарының санын белгілеу жеткіліксіз. Ең бастысы – бұл жұмыс орындарының басқарушылық, инженерлік-техникалық және жұмысшы кадрлармен теңгерімді түрде қамтамасыз етілуі. Олар күрделі өндірістердің жоғары ғылыми-техникалық деңгейде жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.

Олай болмаған жағдайда, қаншалықты инновациялық болғанына қарамастан, жобалар толық қуатында іске қосылмайды, ал кей жағдайда мүлдем тоқтап қалуы мүмкін. Мұндай жағдайлар индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы кезеңіндегі бірқатар жобаларда байқалған болатын.

Біздің пайымдауымызша, бұл мәселелердің басты себебі – ведомстволық үйлесімнің жеткіліксіздігі, яғни түрлі мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың әлсіздігі. Бұл өз кезегінде аталған проблемаларды жүйелі түрде шешуге мүмкіндік бермей отыр.

Сонымен қатар, салалық министрліктер өздері жетекшілік ететін салалардағы кадрларға деген нақты сұранысты мақсатты түрде зерделеуде тиісті тиімділік танытпай отыр. Бұл көбіне сұранысты анықтайтын қолайлы тетіктер мен құралдардың жоқтығынан туындап отырған мәселе.

Әрине, еңбек нарығының орта мерзімді даму болжамдарын қалыптастыру бағытында белгілі бір жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде еңбек ресурстары балансы жүйесі де қолданылады. Алайда бұл үдерістердің қарқыны баяу екені байқалады. Соның салдарынан нақты нәтижелерге қол жеткізу ұзақ мерзімге шегерілуі мүмкін, ал тиімді әрі жедел құралдар дәл қазіргі уақытта қажет екенін ескерген жөн.

Шын мәнінде, жекелеген кәсіпорындарды іріктеп сауалнама жүргізу арқылы алынатын дәстүрлі бағалау тәсілдері кадрларға деген толық әрі шынайы сұранысты айқындау үшін жеткіліксіз болып отыр.

Сонымен қатар, экономиканың нақты секторына жауапты мемлекеттік органдар мен өңірлік әкімдіктер кадрларға деген сұранысты қалыптастыру, еңбек нарығын жүйелі мониторингтеу және қажетті мамандарды даярлау мәселелеріне жеткілікті деңгейде қатысып отырған жоқ. Ішкі реформаларды жүргізу маңызды екені сөзсіз, алайда олардың нәтижесі әзірге нақты экономикада айқын көрініс таппай отыр.

Экономиканы әртараптандыру төрт негізгі факторға тәуелді екенін ескеру қажет: адами капитал, инновациялық жүйе, институттардың сапасы және инвестициялар құрылымы. Осы элементтердің кез келгені жеткілікті деңгейде дамымаса немесе тиімсіз жұмыс істесе, әртараптандыру үдерісі баяулайды, ал кей жағдайда кері бағытқа да түсуі мүмкін. Қазіргі таңда Қазақстан дәл осындай жүйелік мәселемен бетпе-бет келіп отыр.

Халықаралық тәжірибе: экономикалық серпіліс жолдары

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономиканы табысты әртараптандыру және шикізаттық модельден инновациялық модельге көшу тек экономикалық үдеріс емес. Бұл, ең алдымен, басқарушы элитаның сапасына сүйенген терең институционалдық реформалардың нәтижесі.

Мысалы, 1960-жылдары Оңтүстік Корея негізінен аграрлық ел болды. Алайда мемлекеттік басқаруды реформалау және белсенді индустриялық саясаттың арқасында ол қуатты жоғары технологиялық экономика қалыптастыра алды.

Сингапур кәсіби мемлекеттік қызметке, шенеуніктердің қатаң жауапкершілік жүйесіне және меритократиялық кадр іріктеу қағидатына басымдық берді. Нәтижесінде елде әлемдегі ең кәсіби бюрократиялық жүйелердің бірі қалыптасып, ол экономикалық дамудың берік негізіне айналды.

Финляндия 1990-жылдардағы дағдарыс кезеңінде экономикалық саясатты түбегейлі жаңғыртып, реформалардың өзегіне адами капиталды, ғылым мен инновациялық жүйені дамытуды қойды. Ел білім беру, ғылыми зерттеулер және технологиялық әзірлемелерге инвестиция көлемін айтарлықтай арттырып, мемлекеттік саясатты жоғары технологиялық салаларды қалыптастыруға бағыттады.

Польша нарықтық экономикаға өткеннен кейін ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы өзара ықпалдастықтың тиімді жүйесін құрды. Бұл еңбек өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Аталған елдердің жетістігі – институционалдық реформалар арқылы «даму мемлекеті» моделін дәйекті түрде қалыптастырудың нәтижесі. Мұнда бюрократия тек әкімшілік функция атқарушы емес, экономикалық трансформацияның белсенді қатысушысына айналды.

Әлемдік тәжірибе тағы да көрсетіп отырғандай, Қазақстан үшін негізгі сын-қатер – мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен қабылданатын шешімдердің сапасына байланысты. Экономикалық серпіліске қол жеткізген елдер реформаны әртараптандыру туралы декларациялардан емес, тиімді даму институттарын қалыптастырудан және жаңа форматтағы, креативті ойлайтын мемлекеттік қызметшілер корпусын тәрбиелеуден бастаған.

Сондықтан Қазақстан үшін мемлекеттік басқаруды жаңғырту мәселесі жай ғана әкімшілік міндет емес, елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторға айналып отыр.

Стратегиялық ойлау тапшылығы – басқарудың басты әлсіз тұсы

Президенттің жария мәлімдемелерін талдау оның сыны кездейсоқ емес, жүйелі сипатқа ие екенін көрсетеді. Қасым-Жомарт Кемелұлының сөздері – орталық және жергілікті атқарушы органдарға бағытталған қатаң институционалдық белгі.

Қазіргі таңда негізгі қауіп – бюрократиялық жүйенің қызметті шамадан тыс формализациялау режиміне бейімделіп, нақты нәтижеге емес, рәсімдерге бағытталған шексіз «жол карталарын» әзірлеу арқылы мәселелерді созбалаңға салуы.

Мемлекет басшысының басты ұстанымы – мемлекеттік аппарат формалды әкімшілендіруден бас тартып, стратегиялық әрі зияткерлік басқару моделіне көшуі тиіс.

Сонымен қатар, Президенттің барлық сұхбаттары тек ақпараттық сипаттағы мәлімдемелер емес, Үкіметке, бюрократиялық жүйеге, экономикалық элиталарға және ұлттық компанияларға бағытталған нақты ұсыныстары бар бағдарламалық құжаттар ретінде қарастырылуы тиіс.

Қорытындылай келе, Қазақстан бүгінгі таңда бұрынғы тетіктер тиімділігін жоғалтқан жаңа кезеңге қадам басты. Ел «ойлайтын және еститін мемлекет» моделіне мұқтаж. Яғни, шешімдер интеллектуалдық талдауға, жауапкершілікке, білімге, салмақты тәуекелге және сенімді статистикаға негізделуі қажет. Шынайы жаңғыру жаңа құжаттар мен институттардан емес, ең алдымен жаңа ойлау сапасынан басталады.

Осыған байланысты «әкімшілік орындаушы» моделінен «талдамалық басқарушы» моделіне көшу қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі реформалар логикасы «күшті Президент – есеп беретін Үкімет – институционалдық тұрғыдан орнықты мемлекет» қағидатына негізделуі тиіс.

Әйтпесе, қағаз жүзіндегі реформалар мен экономикадағы және басқару жүйесіндегі нақты өзгерістер арасында институционалдық әлсіздік пен мемлекеттік аппараттың инерциясынан туындайтын алшақтық сақталып қала береді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты

жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі

Еділ Мамытбеков

The post «Қағаз жүзіндегі реформалар» және тоқырау қаупі: Қазақстанның институционалдық дағдарысы appeared first on Eurasia24 QAZ.

Спорт – экономикалық дамудың маңызды факторы. 3-бөлім
ДШС және адами капиталдың сапасы

Осылайша, әлемдік тәжірибе мемлекеттің, бизнестің және қоғамның мүдделерін ұштастыру мен іс-қимылдарын үйлестіру қағидаттарына негізделген. Бұл Дене шынықтыру және спорт (ДШС) жүйесін дамытуға, сондай-ақ халықты жаппай сауықтыру спортымен барынша қамтуға бағытталған ойластырылған мемлекеттік тәсілдің айқын дәлелі болып табылады. Мәселен, ЭЫДҰ елдерінде халықтың 50 — 60 пайызы дене белсенділігімен тұрақты түрде айналысады, ал ТМД елдерінде спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесі тіпті 30 пайызға да жетпейді.

Бүгінгі күні дене шынықтыру мен спорттың адам капиталының сапасын арттырудағы негізгі факторлар екендігі күмән тудырмайды. Олар белсенді өмір сүру ұзақтығының артуына ықпал етіп, физикалық және психикалық денсаулықты нығайтады. Жүйелі түрдегі жаттығулар жұмысқа қабілеттілікті, когнитивті қасиеттерді және әлеуметтену деңгейін жақсартып, мақсат қоя білу мен стреске төзімділікті қалыптастырады. Бұл аурушаңдық деңгейінің төмендеуіне және еңбек өнімділігінің артуына алып келеді, осылайша қоғамның экономикалық әлеуетін дамытады.

Посткеңестік мемлекеттерде ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамалары қабылданғаннан кейін, мемлекет адам капиталына неғұрлым көп инвестиция салған сайын, экономикалық өсім мен адам дамуы арасындағы арақатынас соғұрлым оңтайлы болатыны және жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізілетіні барған сайын айқындала түсті.

Осы орайда, экономикалық көрсеткіштер мен адам дамуы арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қатысты Н. Лозиктің тұжырымымен келісуге болады. Оның пайымдауынша, бұл теңдік келесі міндеттерді шешуге жол ашады:

елдің адами әлеуетін қалыптастыруға қажетті әлеуметтік сала мен адам капиталын дамыту үшін ұлттық байлықты әділ бөлу;

әлеуметтік шығындарды оңтайландыру, әлеуметтік сала мен оған тірек болатын салалардың қаржылық негізін нығайту;

білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ туризм салаларына салынатын инвестиция көлемін арттыру [9, 64-б.].

Спорттың қоғамдағы рөлі сан қырлы сипатқа ие:

Тұлғалық тәрбие мен білім беру: басты мақсат — тек денені шынықтыру немесе спорттық шеберлікті шыңдау ғана емес, сонымен бірге адамды адамгершілікке, парасаттылыққа және еңбекқорлыққа баулу;

Сауықтыру және тынығу (рекреация): спорттың адам ағзасының жалпы жай-күйіне және функционалдық мүмкіндіктеріне оң әсері;

Әлеуметтік тұтасу мен бейімделу: дене шынықтыру және спорт жүйесімен айналысатын жандар қоғамдық өмірге белсене араласады, соның нәтижесінде ортамен қарым-қатынас орнату тәжірибесі қалыптасып, әлеуметтену үдерісі жүреді;

Қарым-қатынас орнату (коммуникативтік): халықаралық ынтымақтастықты жолға қою және жер бетіндегі бейбітшілікті нығайту факторы ретінде көрініс табады;

Экономикалық тиімділік: спортты дамытуға жұмсалған қаражат адамның өмір сүру сапасын жақсарту, жұмысқа қабілеттілігін арттыру және ғұмырын ұзарту арқылы өзін-өзі ақтайды. Дене шынықтыру мен спорттың өркендеуі жекелеген тұлғаларға ғана емес, жалпы мемлекеттің экономикалық дамуына оң ықпал етеді.

Осылайша, дене шынықтыру мен спорт жүйесін өркендету «экономикалық өсімнің бейэкономикалық факторларын» жандандыруға септігін тигізеді. Бұл факторлардың қатарына өмір сүру сапасы, мәдени деңгей, білім мен кәсіби дағды, зияткерлік әлеует пен денсаулық жағдайы, яғни тұтастай алғанда адами капитал жатады. Ал адами капиталдың сапалы болуы — мемлекеттің ұзақ мерзімді әрі тұрақты экономикалық дамуының басты шарты [10].

Дене шынықтыру және спорттың экономикалық тиімділігін бағалау

Жоғарыда атап өткеніміздей, дене шынықтыру және спорт (ДШС) жүйесін дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ынталандыру үшін кәсіби және жаппай спортқа жұмсалатын шығындардың экономикалық тиімділігін бағалау маңызды. Жалпы алғанда, ДШС саласындағы экономикалық тиімділікті екі бағытқа бөліп қарастыруға болады:

спорт нысандарының қызметінен түсетін қайтарым түріндегі тиімділік;

адами капиталға қосылатын үлес түріндегі тиімділік.

Бұл ретте, тиімділіктің бірінші түрі бойынша барлығы түсінікті және оны бағалау спорт нысандарына жұмсалған шығындар мен одан алынған нәтижелердің арақатынасы арқылы есептелсе, екінші түрді бағалаудың әлі де болса қолайлы әдістері қалыптаса қойған жоқ. Себебі бұл жерде мәселе қоғамның материалдық емес активтерінің жандануы туралы болып отыр.

Дене шынықтыру және спорт факторының экономикалық маңызын айқындау үшін келесі схема бойынша өзара тәуелділік тізбегіндегі адами капитал факторын қолдану қисынды болып табылады:

1-сурет. Дене шынықтыру мен спорттың экономикалық тиімділігін бағалау үдерісінің сұлбасы

Бағалау үшін 2015 — 2024 жылдар аралығындағы негізгі көрсеткіштердің серпінділік қатарларын (1-кесте) пайдалана отырып, факторлық типтегі эконометрикалық модельдерді шығаруға негізделген экономикалық-математикалық тәсілді қолданамыз.

1-кесте – Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), негізгі капиталға салынған инвестициялар (НКИ), жұмыспен қамтылғандар саны (ЕК), адами капитал (АК) және ДШС дамытуға жұмсалған шығындар (Шдш) көрсеткіштерінің серпіні

ЖІӨ,

млрд. тг

НКИ, млрд. тг

ЕК,

мың адам

АК,

млрд. тг

ШДШ,

млрд. тг

2015

40884,1

7024,7

8433,3

16606,9

116,6

2016

46971,1

7762,3

8553,4

19183,1

129,7

2017

54378,9

8770,6

8585,2

21226,6

158,2

2018

61819,5

11179,0

8695,0

23697,9

165,0

2019

69532,6

12576,8

8780,8

26949,3

204,0

2020

70649

12270,1

8 732,0

32130,0

177,0

2021

83951,6

13242,2

8807,1

36367,5

223,0

2022

102981,8

15251,1

8971,5

43124,7

296,0

2023

119442,3

17649,3

9 081,9

43884,4

340,0

2024

136693,3

19461,3

9 214,2

47545,2

370,0

Ескертпе: ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректері

Экономикалық-математикалық модельдерді шығаруға арналған есептеулер деректердің серпінділік қатарларын өңдеудің арнайы бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.

Бұл бағдарлама кеңінен танымал «ең кіші квадраттар әдісіне» негізделген және болжамдық-талдау сипатына ие.

Макроэкономикалық көрсеткіштің инвестицияларға, экономикадағы жұмыспен қамтылғандар санына және адами капиталға математикалық тәуелділігін айқындайтын модель келесідей:

VVP = 71,998 JNVok0,0103 TR 8,671 HK 0,423                                       (1)

Бұл ретте көптік корреляция коэффициенті (статистикалық жол берілетін ауытқулар кезінде) құрады. Бұл көрсеткіш іс жүзінде мінсіз корреляцияны байқатады және макроэкономикалық көрсеткіш пен түсіндірме факторлар арасындағы функционалдық тәуелділіктің бар екенін айғақтайды.

Адами капиталдың дене шынықтыру және спорт (ДШС) жүйесін дамытуға жұмсалған шығындарға математикалық тәуелділігін айқындайтын модель келесідей:

HK = 5,454 Zsp0,909                                                              (2)

Көптік корреляция коэффициентінің тағы да  көрсеткішін беруі, шығарылған модельдің адами капитал тұжырымдамасының нақты даму бағыттарын жеткілікті деңгейде айқындайтынын көрсетеді.

Енді осы экономикалық-математикалық құралдарға сүйене отырып, ДШС дамыту факторының экономикалық өсімге қосатын үлесін бағалауға болады. Шығарылған модельдердің серпінділік коэффициенттеріне жасалған талдау көрсеткендей, ДШС дамытуға жұмсалатын шығындардың 1% өсімі жалпы ішкі өнімнің жиынтық түрде  артуына мүмкіндік береді.

Бұл экономикалық өсімге қосылатын айтарлықтай қомақты үлес болып табылады. Мәселен, 2024 жылғы мәліметтерге сүйенсек, дене шынықтыру және спортты (ДШС) дамытуға жұмсалған 3,7 млрд теңге шығын жалпы ішкі өнімнің 1367 млрд теңгеге артуына септігін тигізуі мүмкін. Неғұрлым қарапайым тілмен айтқанда: ДШС саласына салынған әрбір 1 теңге ЖІӨ-нің 369 теңгеге өсуін қамтамасыз етеді. Мұнда мәселе бір мезеттік тікелей пайда туралы емес, жиынтық мультипликативтік әсер (оған сабақтас салалар: тауар өндірісі, туризм, құрылыс, қызмет көрсету, сондай-ақ денсаулық сақтау шығындарын азайту кіреді) туралы болып отырғанын ескеру қажет. Бұл ретте басты шарт ретінде тиімді менеджмент және нысандар құрылысындағы жемқорлық факторларының болмауы қарастырылуға тиіс.

Осылайша, ДШС жүйесін дамытуға салынған инвестициялардың жоғары экономикалық қайтарымы дене шынықтыру мен спортты қаржыландыруды қолдайтын, тіпті одан да маңыздысы – ДШС саласын басқарудағы жүйелі тәсілдің қажеттілігін негіздейтін ғылыми дәйек бола алады. Мысалы, ЭЫДҰ елдерінде спорттың ЖІӨ-дегі үлесі 2,5 — 4%-ға жетсе, ТМД елдерінің көбінде бұл көрсеткіш 1 — 2%-дан әрең асады. Бұл алшақтық тек табыс деңгейіне ғана емес, сонымен бірге институционалдық кемелдікке де байланысты.

Қорытынды

Жүргізілген зерттеу негізінде қазіргі таңда жоғары жетістіктер спорты мен жаппай спорттың үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық көзқарас қалыптастыру маңызды міндет екені туралы тұжырым жасауға болады.

Бұл міндетті шешу үшін халыққа физикалық тәрбие берудің заманауи әрі тиімді мемлекеттік жүйесін құру қажет. ТМД елдері үшін қазіргі заманның басты сыны — спортты «бюджетке түсетін салмақтан» мемлекеттің стратегиялық инвестициялық активіне айналдыру.

Жоғары жетістіктер спорты мен жаппай спорттың стратегиялық ұштасуы біртұтас экожүйе құруға бағытталуы тиіс. Мұндай жүйеде жаппай спорт ұлт саулығын сақтау мен таланттар базасын қалыптастыруды қамтамасыз етсе, жоғары жетістіктер спорты — мотивация беру, ел беделін арттыру және ұтымды спорттық стандарттарды орнықтыру қызметін атқарады. Әлбетте, мұндай үйлесімділікке қол жеткізу мемлекеттің, бизнестің және қоғамның бірлескен күш-жігерін талап етеді.

XXI ғасырдағы спорт индустриясы — бұл жай ғана «хобби» немесе мәдени таңдау емес. Бұл — ЖІӨ-ні, жұмыс орындарын және инвестицияларды қолдайтын қуатты экономикалық сектор; әлеуметтік игіліктердің мультипликаторы және аймақтық дамудың құралы.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, сала дамуының тиімді моделі тек мемлекеттік қаржыландырумен шектелмей, коммерцияландыруды, жеке инвестицияларды және мультипликативтік бағдарламаларды қамтуы тиіс.

ТМД елдері үшін келесі бағыттар негізгі стратегиялық басымдықтарға айналуда:

Спортты мемлекеттік және аймақтық деңгейдегі экономикалық стратегияларға интеграциялау;

Жеке инвестицияларды тарту;

Тиімділікті талдауға арналған цифрлық платформаларды дамыту;

Кәсіби басқарушылық ресурсты қалыптастыру.

Авторы: Еділ Мамытбеков, ф.-м.ғ.к., ҚР ҰИА академигі, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі

Қосалқы автор: Кристина Соколовська, дене шынықтыру және спорт бакалавры

The post Спорт – экономикалық дамудың маңызды факторы. 3-бөлім appeared first on Eurasia24 QAZ.

Спорт – экономикалық дамудың маңызды факторы. 2-бөлім
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың әлемдік тәжірибесі: коммерциялық және қоғамдық негіздердің үйлесімі

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, спортты тиімді дамыту коммерциялық индустрия (кәсіби лигалар, медиақұқықтар, демеушілік) мен қоғамдық бастамалардың (бұқаралық спорт, мемлекеттік бағдарламалар, қызығушылықтар бойынша клубтар) өзара үйлесіміне негізделеді. Бұл элиталық спорттың қаржылық тұрақтылығын да, спорттың қолжетімділігі арқылы ұлт саулығын да қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуметтік бірігу мен инвестициялық тартымдылықты қалыптастырады.

В. Ледневтің пайымдауынша, қазіргі заманғы әлемдік спорт пирамидасы көптеген спорттық «архитекторлар мен конструкторлардың» күшімен құрылған. Нәтижесінде төмендегі тараптар арасындағы мүдделер теңгеріміне қол жеткізілді:

ХОК (Халықаралық Олимпиада комитеті) және халықаралық спорт федерациялары арасында;

ХОК және әрбір жекелеген ұлттық олимпиадалық комитет (ҰОК) арасында;

ХОК және баскетбол, хоккей, бейсбол мен футбол сияқты спорт түрлері бойынша Солтүстік Америка мен Еуропаның жетекші кәсіби лигалары арасында;

Халықаралық спорт федерациялары мен кәсіби лигалар және клубтар арасында.

Нәтижесінде әлемдік спорт индустриясында біртіндеп белгілі бір тәртіп орнап, соның салдарынан тұрақты жарыс күнтізбесі қалыптасты. Бұл жүйеде барлық халықаралық федерациялар мен кәсіби лигалар өз орнын тауып, түрлі деңгейдегі додалар (ұлттық құрамалар мен клубтар арасындағы, сондай-ақ дүниежүзіндегі көптеген коммерциялық жарыстар) арасында өзара тиімді мәмілеге қол жеткізді.

Дәл осы сан алуан спорттық іс-шаралар спорт индустриясының негізгі тұтынушылары — көрермендер мен жанкүйерлердің, БАҚ пен телевидениенің, сондай-ақ бизнес өкілдерінің ерекше назарын аударып отыр. Сондықтан соңғы отыз-қырық жыл ішінде әлемдік спорт индустриясында негізгі субъектілер арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі реттелді. Бұл жүйе оларға өркениетті түрде қалыптасқан бәсекелестік ортада өз мүдделерін бір мезетте қанағаттандыруға мүмкіндік берді [4, 48-б.].

Бұқаралық спорт саласындағы негізгі халықаралық құжаттар ретінде 1978 жылғы Дене шынықтыру мен спорттың халықаралық хартиясын (кейінгі толықтыруларымен бірге) және 1992 жылғы Еуропалық спорт хартиясын атап өткен жөн. Бұл құжаттар келісімдерді ратификациялаған барлық елдер ұстануға міндетті бұқаралық спортты дамытуды реттеудің негізгі қағидаттарын белгілейді. Мемлекеттер басшылыққа алуға тиіс негізгі қағидаттар мыналар:

біріншіден, қандай да бір белгілері бойынша кемсітушіліксіз бұқаралық спортпен шұғылданудың қолжетімділігі;

екіншіден, спорт ғимараттары желісін дамытуды және физикалық белсенділікпен шұғылдану мүмкіндігін мемлекеттік реттеу.

Жоғарыда аталған құжаттардың ережелеріне сүйене отырып, түрлі елдер өздерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымының ерекшеліктеріне қарай бұқаралық спортты дамыту үшін тиісті жағдайлар қалыптастырады.

1949 жылғы мамырда жаңа экономикалық одақ – Еуропа Кеңесі құрылды. Ол 1966 жылы спортты, дене шынықтыруды және табиғат аясындағы рекреацияны дамытудың «Барлығы үшін спорт» ұранымен өтетін ұзақ мерзімді бағдарламасын қабылдады. Бұл қозғалыстың мақсаты — денсаулықты нығайту және белсенді демалыс үшін түрлі елдердің мүмкіндігінше көп тұрғынын жүйелі түрде дене жаттығуларымен айналысуға тарту болды.

Қозғалыс дамуының жаңа кезеңі 1975 жылы «Баршаға арналған спорт» Еуропалық хартиясымен бекітілді. Осы құжатқа сәйкес, халықаралық қозғалысқа мүше елдерде таралатын сауықтыру бағдарламалары олардың саяси-әкімшілік, мәдени, әлеуметтік, экономикалық және өзге де ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Сондықтан әр мемлекеттің өз ДШС (дене шынықтыру және спорт) жүйесін дамытуға арналған ұлттық бағдарламалары бар.

Қазіргі уақытта «Баршаға арналған спорт» халықаралық қозғалысы әлемнің 80-нен астам елін қамтиды.

Шет елдердегі сауықтыру қызметін ұйымдастыру тәжірибесіне талдау жасаудың маңызы зор. Мәселен, АҚШ-та мүшелік жарналар есебінен жұмыс істейтін 13 мыңнан астам жекеменшік спорт клубы мен қоғамдастығы енгізетін коммерциялық сауықтыру бағдарламалары кең таралған.

Ал Францияның «Барлығы үшін спорт» қауымдастығы тоқсан сайын таралымы кемінде 25 мың дана болатын арнайы журнал шығарады. Сонымен қатар көптеген көрмелер мен бейнекөрсетілімдер ұйымдастырып, клубтар үшін сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу және тарату, ойындар мен фестивальдерді, спорт апталықтарын өткізу, ғылыми зерттеулер жүргізу міндеттерін жүзеге асырады.

Германияда «Баршаға арналған спорт» қозғалысы аясында «Trimm» бағдарламасы (жүгіру, туризм, жүзу және т.б. сияқты денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар сериясы) кең танылды. Бұл бағдарламаның атауы тұрақтылықты, өміршеңдікті және ДШС (дене шынықтыру және спорт) саласын тиімді ілгерілету қабілетін білдіреді.

Бельгияда дене шынықтырумен шұғылданудың отбасылық түрлері насихатталуда. Мұнда отбасыларға арналған «отбасылық шақырым» науқаны, күрделілігі төрт деңгейден тұратын 18 жаттығу кешені, сондай-ақ жүзу, жаяу жүру және велосипед тебуді қамтитын «Спорттық» кешені және басқа да шаралар өткізіледі.

Ұлыбританияның осы қозғалыс аясындағы сауықтыру қызметін ұйымдастыру тәжірибесі де назар аударуға тұрарлық. Қосымша 50 миллион британдықты спортқа тарту міндеті екі кезеңде жүзеге асырылды: бірінші кезеңде тәулік бойы жұмыс істейтін ақпараттық қызмет ұйымдастырылып, арнайы телефон нөмірі арқылы кез келген адам түрлі жаттығулар өткізілетін клубтардың мекенжайы туралы мәлімет алды; екінші кезеңде әйелдер қауымын спортпен шұғылдануға тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді.

Голландияда баршаға арналған спорттық белсенді демалыс түрі ретінде «Спортреал» бағдарламалары енгізілуде. Осы мақсатта ұйымдастыру комитеті мен 600 аймақтық және жергілікті комитеттер құрылып, қолжетімді бағамен ойын жабдықтарының жиынтықтары шығарылды. Кейбір қалаларда «Шынығу паспорттары» (Паспорта закалки) кеңінен таралды.

Финляндияда әрбір тұрғын үй кешенінің айналасында ұзындығы 800 метрден кем емес жүгіру жолының болуын міндеттейтін заң қабылданған.

Канадада «Бізбен бірге жаттығыңыз» бағдарламасы, сондай-ақ баспалдақтың он сатысымен немесе тиісті еңістегі тау беткейімен көтерілу жаттығуларының пайдасы туралы тұжырымға негізделген «Он» бағдарламасы кеңінен танымал. Мекемелерде күн сайын дене шынықтыру үзілістері, ал жұма күндері баспалдақпен немесе тау беткейімен жылдамдыққа жүгіру жарыстары өткізіліп тұрады.

Шет елдерде спорттың дамуы, әдетте, спорт туралы негізгі заңға сүйенеді. Мәселен, Францияда бұл — «Дене шынықтыру және спорттық белсенділікті ұйымдастыру мен оның қоғамдағы рөлін арттыру туралы» Франция Республикасының Заңы (1984 ж.), Финляндияда — «Спорт туралы» Заң (1979 ж.) және т.б. Айта кетерлік жайт, мұндай заңдарды, сондай-ақ спортты дамыту мәселелеріне қатысты барлық басқа да нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес келуі тиіс.

«Барлығы үшін спорт» бағдарламасын жергілікті немесе өңірлік деңгейде басқару мәселесі ерекше назар аударуды қажет етеді. Осы бағдарлама аясында халыққа көрсетілетін спорттық қызметтердің бірқатар ерекшеліктері бар, олардың ішінде негізгілері ретінде жоғары капиталды қажетсінуін және ақпаратты қажетсінуін атап өтуге болады. Дене шынықтыру-спорт ғимараттарын салу, жабдықтау және күтіп ұстау қомақты күрделі жұмсалымдарды талап етеді. Ал көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту, халыққа қызмет көрсету кешеніне қосымша және ілеспе қызметтерді енгізу үрдісі шығындардың артуына тұрақты алғышарттар қалыптастырады.

Осыған ұқсас үрдіс еңбек ресурстарына да қатысты: жаттықтырушылар мен басқарушы персоналдың біліктілігін арттыру қажеттілігі еңбекақыны көтеруге әкеп соғып қана қоймай, олардың жұмысына қойылатын талаптар да артып келеді. Бұл жаттығулардың жаңа әдістемелерін, құралдары мен тәсілдерін әзірлеу бойынша ақпараттық жүктемені ұлғайтады.

«Баршаға арналған спорт» бағдарламаларын қаржыландыру бөлігінде халықаралық заңнама бұқаралық спортты дамыту міндеттерін шешу үшін мемлекеттік бюджеттердің (ұлттық, өңірлік және жергілікті) ресурстарын тартуға шақырады. Дегенмен, бұқаралық спорт саласын ұстап тұруға жұмсалатын шығындардың өсуіне байланысты объективті алғышарттар барлық қаржылық мәселелерді тек бір ғана көзден шешуге мүмкіндік бермейді. Осыған орай, бұқаралық спортты қаржыландыру көп арналы сипатқа ие болады және бұл процесс, негізінен, сауатты құрылған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесіне негізделеді.

Олай болса, Батыс елдерінде бұқаралық спорт, ең алдымен, халықтың денсаулығын нығайту, өзін-өзі жүзеге асыру, тұлғалық болмысын көрсету және дамыту тетігі, сондай-ақ асоциалды құбылыстармен күрес құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен шұғылдануға тартуды басты мақсат етіп қоя отырып, бұл саланың дамуына ерекше маңыз береді.

Бұқаралық спортты дамыту процестерінің негізгі сипаттамаларына мыналар жатады: мемлекеттің бұқаралық спортты және осы саладағы қызметті ұйымдастырудың барлық нысандарын қолдаудағы рөлін арттыру, спортты алдын алу (профилактикалық) және емдеу шараларында, жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың алдын алуда қолдану, сондай-ақ спортты жастардың имандылық, эстетикалық және зияткерлік дамуына пайдалану [5].

В. Иванов пен Н. Салькова Азиядағы спорттың жекпе-жек өнері сияқты әлі күнге дейін кеңінен қолданылатын көптеген дәстүрлі спорт түрлерімен байланысты бай тарихы бар екенін атап өтеді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Азия елдерінде баскетбол, бейсбол, крикет және футбол сияқты көптеген батыстық спорт түрлерін қабылдау процесі байқалуда. Бұл спорт түрлері Қытай, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея және Үндістанды қоса алғанда, бүкіл Оңтүстік, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен аймақтарында басымдыққа ие болып, демалыс пен ойын-сауық ретінде танымал бола бастады.

Қазіргі уақытта бұл елдерде дене шынықтыру білім беру жүйесінің, мәдениеттің және қоғамның рухани саласының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Сарапшылардың пікірінше, аталған аймақтардағы ДШС (дене шынықтыру және спорт) саласының негізгі ерекшеліктерін былайша бөліп көрсетуге болады:

Бұқаралық спорттың дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың мәдениетімен, дәстүрлерімен және менталды ерекшеліктерімен тығыз байланысы;

Спортшыларды даярлаудағы дәстүрлі жүйелерді дамыту, сондай-ақ Батыстың Азия елдеріне тигізген ықпалын ескеру;

Мемлекет тарапынан көрсетілетін белсенді қолдау [6, 32, 34-бб.].

Қытайдың спортты дамытудағы тәжірибесі қатаң мемлекеттік жүйе (қоғамдық негіздер) мен нарықтық тетіктердің (коммерция) бірегей үйлесіміне негізделген. Спорт істері жөніндегі бас басқарма мен федерациялар спорттың бұқаралылығын және талантты жастарды іздеуді қамтамасыз етсе, кәсіби лигалар (баскетбол, футбол) мен фитнес-индустрия жеке инвестицияларды тартып, спорттың танымалдылығы мен азаматтардың денсаулығын жоғары деңгейде сақтауға жағдай жасайды.

Қытай моделінің негізгі элементтері мыналар:

мемлекеттік жоспарлау: мұнда бұқаралық спорт ұлт денсаулығын нығайту құралы және жоғары жетістіктер спорты үшін кадрлық резерв қалыптастыру тетігі ретінде қарастырылады;

кәсіби спортты коммерцияландыру: Қытай танымал спорт түрлерін сәтті монетизациялап, демеушілерді тартады және трансляция құқықтарын сатады;

бұқаралылық пен элитарлықты ұштастыру: бұл бағыттарды бір-бірінен бөлмей, біртұтас дамыту;

дәстүрлер мен фитнесті танымал ету.

Мұндай тәсіл Қытайға әлемдік спортта көшбасшылық позицияларды иеленумен қатар, халықтың дене шынықтырумен шұғылдану белсенділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Қытай Халық Республикасының тәжірибесінен «сау ұлт — қуатты экономика құрудың негізі» деген нық сенімді үлгі ретінде алуға болады. Ал денсаулыққа, соның ішінде бұқаралық спортты дамыту арқылы қол жеткізіледі [7, 84-б.].

С. Талызов атап өткендей, Жапонияда балаларды бастауыш және орта сыныптардан бастап спортқа тарту арқылы жоғары сынып оқушылары мен студенттердің бұқаралық спортқа деген оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік туған.

Ал осы саясатты өзге жас санаттарына қатысты іске асыруға келсек, Жапония үкіметі әрбір адам кез келген уақытта, кез келген жерде және өзі қалағанша спортпен шұғылдана алатын қоғам құруды мақсат етеді.

Осы мақсатта Жапонияда аудан тұрғындары өз бетінше басқаратын жергілікті спорт клубтары құрылған. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар отбасыларымен қатысатын тұрақты спорттық іс-шараларды өткізу жауапкершілігі де жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүктелген. Мұның бәрі жастарды тәрбиелеуге, ұрпақтар арасында тәжірибе алмасуға және жергілікті тұрғындардың денсаулығын тиісті деңгейде сақтауға ықпал етеді.

MEXT (Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі) жобасы есебінен қоғамдық спорттық және туристік клубтарға қаржылай қолдау көрсетіледі. Мәселен, осы жоба іске асырылған алғашқы жылдың өзінде Жапонияның 1165 муниципалитетінде 2905 спорт клубы салынды.

Бүгінгі таңда Жапонияда 47,5 мыңнан астам қоғамдық спорт клубы мен мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде қалаларда — 33 мыңнан астам, қала маңындағы елді мекендер мен аудан орталықтарында — 10 мыңға жуық, ал ауылдарда — 1,5 мыңнан астам нысан бар.

Бұдан мемлекеттің спортты дамытуға тек қалаларда ғана емес, сонымен қатар аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде де баса назар аударатынын көруге болады. Бұл — спорттың әрбір адам үшін қолжетімді болу қағидатының іс жүзіндегі көрінісі және елде спортты дамыту үшін қолайлы орта қалыптастырудың нақты үлгісі [8, 105-б.].

Қосымша автор: Кристина Соколовська, дене шынықтыру және спорт бакалавры. Жалғасы бар.

The post Спорт – экономикалық дамудың маңызды факторы. 2-бөлім appeared first on Eurasia24 QAZ.

Спорт – экономикалық дамудың маңызды факторы
Қазіргі заманғы спорт әлдеқашан жарыс пен дене шынықтыру шеңберінен шығып кетті. Бүгінде ол өндіріс, қызмет көрсету, медиа, технология, туризм және түрлі іс-шараларды қамтитын құрылымданған экономикалық салаға айналды. World Economic Forum деректеріне сәйкес, жаһандық спорт экономикасының жылдық табысы қазірдің өзінде шамамен 2,3 трлн АҚШ долларына жетіп, тұрақты түрде өсіп келеді. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш жылына 3,7 трлн АҚШ долларына дейін ұлғаяды.

Қазіргі таңда бұл индустрия тек тұтынушылық сұранысты көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, инвестициялық активтерді, мәдени капиталды және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді. XXI ғасырда спорт – жай ғана ойын емес, жаһандық дамудың экономикалық әрі әлеуметтік қозғаушы күшіне айналды.

ТМД елдерінде спорт дәстүрлі түрде мемлекеттің әлеуметтік функциясы ретінде қарастырылып келді: халық денсаулығын нығайту, жоғары жетістіктер спортын дамыту және патриоттық тәрбие беру. Алайда коммерциялық сектордың дамуы бүгінгі күнге дейін салыстырмалы түрде әлсіз деңгейде қалып отыр.

Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, саланың бірыңғай статистикалық жүйесінің қалыптаспауы байқалады. Екіншіден, спорт саласында мемлекеттік қаржыландырудың басымдығы сақталып, ол көбіне мемлекеттік бюджеттен «қалдық қағидаты» бойынша бөлінеді, ал жеке сектордың бастамалары жеткілікті деңгейде дамымаған. Үшіншіден, спорт саласы экономикалық даму стратегияларына толыққанды ықпалдастырылмаған.

Нарықтық қатынастар жағдайында дене шынықтыру мен спорт саласының (бұдан әрі – ДШС) жағдайы айтарлықтай өзгерген жоқ. Мемлекет тарапынан негізінен жоғары жетістіктер спортына қолдау көрсетіледі, ал бұқаралық спорт көбіне коммерциялық негізде дамуда. Бұл өз кезегінде саланың тұрақты әрі теңгерімді дамуына толық мүмкіндік бермейді.

Осы мәселелерді шешу үшін дене шынықтыру мен спорттың (бұдан әрі – ДШС) дәл осы жүйе ретінде дамуының экономикалық маңызын ғылыми тұрғыдан негіздеу орынды болып көрінеді. Мұндай тәсіл ДШС саласын жүйелі әрі кешенді дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясаттың рөлін күшейтуге түрткі бола алады.

Посткеңестік елдерде нарықтық жағдайда дене шынықтыру мен спорт жүйесін дамытудың негізгі проблемалары

Қазіргі уақытта посткеңестік елдерде нарықтық қатынастар жағдайында дене шынықтыру мен спорт жүйесін дамытудың негізгі мәселелеріне қаржыландыру мен спорт нысандарының тапшылығы, әсіресе өңірлерде инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, дарынды спортшылардың шетелге кетуі, кадр даярлау жүйесінің ескіруі және халықтың бұқаралық спортқа қызығушылығының төмендігі жатады. Кеңестік жүйеден нарықтық модельге көшу дене шынықтыру мен спорт саласын белгілі бір деңгейде коммерцияландыруды талап етеді. Алайда бұл үдеріс жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі, спорт индустриясының әлсіз дамуы және бұқаралық спорттың халықтың күнделікті өміріне жеткілікті дәрежеде ықпалдаспауы салдарынан баяу жүзеге асуда.

Жалпылама түрде келесі негізгі мәселелерді атап көрсетуге болады:

– дене шынықтыру мен спорт саласының коммерциялық табыстарға, демеушілікке немесе құқықтарды сатудан түсетін кірістерге емес, негізінен мемлекеттік бюджетке тәуелді болуы. Бұл саланың тұрақтылығын төмендетіп, оны осал етеді;

– инфрақұрылымдық алшақтық, яғни спорт нысандарының жеткіліксіздігі, әсіресе ауылдық жерлерде. Бұл халықты бұқаралық спортқа тартуға кедергі келтіреді;

– кадр тапшылығы. Бұл жаттықтырушылар мектебінің ескіруімен, білікті мамандардың (спорт дәрігерлері, психологтар, менеджерлер) жетіспеушілігімен және олардың тиімді еңбек етуге ынталандыру деңгейінің төмендігімен байланысты;

– дарынды спортшылардың шетелге кетуі, яғни перспективалы атлеттердің басқа елдердегі қолайлы жағдайларға байланысты көшіп кетуі;

– коммерцияландырудың әлсіздігі. Бұл табысты спорт клубтарын және жалпы пайдаға бағытталған спорт индустриясын қалыптастырудағы қиындықтармен, халықтың сатып алу қабілетінің төмендігімен және спорт маркетингінің жеткілікті дамымауымен байланысты;

– бұқаралық спорттың жеткілікті дамымауы. Бұл халықтың спортқа тартылу деңгейінің төмендігімен және салауатты өмір салтын насихаттаудың жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.

Жалпы алғанда, саланың табысты дамуы үшін бейінді министрліктердің қызметін түбегейлі жаңаша ұйымдастыру, инвестицияларды белсенді тарту және спорт мамандарын даярлау бағдарламаларын жаңғырту қажет.

Қазақстанда мемлекеттік деңгейде дене шынықтыру мен спорт жүйесі азаматтардың денсаулығын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік интеграция мен ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды құралы екені түсініледі. Қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктері, атап айтқанда Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында және құрлықтық жарыстарда жүлделі орындарға ие болуы, елдің спорт саласындағы әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігінің жоғары екенін көрсетеді.

Мемлекеттік қолдау дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламаларын іске асыру, спортшыларды даярлауды қаржыландыру және материалдық-техникалық базаны жақсарту арқылы жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде дене шынықтырумен айналысатын адамдар саны артып, салауатты өмір салтын насихаттайтын бұқаралық іс-шаралар, марафондар мен спорт фестивальдерінің саны көбейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше назар аударылуда: дарынды жас спортшыларды анықтап, дамытуға бағытталған спорт мектептері мен академиялар ашылып, бұл болашақта халықаралық аренадағы жетістіктерге негіз қалайды.

Сонымен қатар, қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, Қазақстанда дене шынықтыру мен спорт жүйесін дамытуда жедел шешуді талап ететін бірқатар маңызды мәселелер бар. Солардың бірі – өңірлердегі бұқаралық спорттың біркелкі дамымауы. Шалғай аудандар мен ауылдық жерлерде қажетті спорт инфрақұрылымы жиі жетіспейді. Бұл халықтың спортпен айналысу мүмкіндігін шектеп, осы өңірлерден дарынды спортшыларды анықтауға кедергі келтіреді. Нәтижесінде спорттық ресурстардың елдің ірі қалаларында шоғырлануына алып келетін теңгерімсіздік қалыптасады.

Білікті кадрлардың жетіспеушілігі, әсіресе бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортында, маңызды кедергілердің бірі болып отыр. Тәжірибелі жаттықтырушылар мен мамандардың тапшылығы спортшыларды даярлау сапасын төмендетіп, жас таланттардың кәсіби тұрғыда дамуына мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қаржыландыруға қарамастан, көптеген спорт ұйымдары қаржылық шектеулерге тап болуда. Осыған байланысты сарапшылар қауымдастығының пікірінше, бұл салада тиімді басқару стратегиясын қалыптастырып, инвестицияларды арттыру қоғам үшін ұзақ мерзімді артықшылықтар әкелуі тиіс. Бұл, бір жағынан, ұлт денсаулығын нығайтуға ықпал етсе, екінші жағынан, елдің халықаралық беделін арттыруға мүмкіндік береді [1].

Жалпы алғанда, мұндай мәселелер посткеңестік елдердің басым бөлігіне тән.

Мәселен, Е. Слепокурованың атап өтуінше, қазіргі уақытта Ресей Федерациясы халықтың дене шынықтырумен тұрақты айналысу көрсеткіші бойынша дамыған елдерден едәуір артта қалып отыр. Дамыған мемлекеттерде халықтың 40–50%-ы тұрақты түрде дене жаттығуларымен айналысса, Ресейде бұл көрсеткіш 10–11%-дан аспайды.

Сондай-ақ халықтың денсаулық жағдайының, физикалық дамуы мен дене дайындығының төмендеуі маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Жалпы Ресейде:

– білім алушылардың кемінде 60%-ында денсаулыққа байланысты түрлі ауытқулар бар; Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, жоғары сынып оқушыларының тек 14%-ы ғана іс жүзінде дені сау деп саналады;

– әскерге шақырылар алдындағы жастардың 40%-дан астамы әскери қызметке қойылатын талаптарға, соның ішінде дене дайындығының ең төменгі нормативтеріне сәйкес келмейді;

– соның нәтижесінде қазіргі уақытта азаматтардың 85%-ы, оның ішінде балалар, жасөспірімдер мен жастардың 65%-ы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналыспайды;

– мектеп бітірушілердің 80%-ға жуығы денсаулық жағдайына байланысты мамандық таңдауда шектеулерге тап болады және т.б. [2, 125-б.].

И. Анпилогов пен Н. Кручинский посткеңестік елдердегі дене шынықтыру мен спорт жүйесінің даму жағдайын талдай отырып, бірқатар мәселелерді қоғам ғана емес, мемлекеттік деңгейде де түсіну қажеттігін атап өтеді.

Біріншіден, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуында адам факторының рөлі барған сайын артып келе жатқанын, соған сәйкес дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік маңызы мен әлеуеті жоғары екенін мойындау қажет.

Екіншіден, бұқаралық спорттың бірқатар маңызды әлеуметтік функциялары бар. Олардың қатарына әлеуметтік тұрғыдан құнды демалыс түрлерін қалыптастыру, еңбек ресурстарын қалпына келтіру, өмірдің басқа салаларында қол жеткізілмеген нәтижелердің орнын толтыру, топ ішіндегі және топтар арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту, әлеуметтік бейімдеу, дені сау әрі физикалық тұрғыдан мықты ұрпақ тәрбиелеу, сондай-ақ идеологиялық қызмет атқару жатады. Сонымен қатар аталған функцияларды жүзеге асыруда шешуші рөлді жоғары жетістіктер спорты емес, дәл осы бұқаралық спорт атқаратыны атап көрсетіледі.

Үшіншіден, бұқаралық спорт адамның еңбекке қабілеттілігін сақтауға және оны қайта қалпына келтіруге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде тікелей әлеуметтік әрі экономикалық мәнге ие. Сонымен қатар аталған сарапшылардың пікірінше, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларда посткеңестік елдерде бұқаралық спортты дамытуда ең жоғары нәтижеге бұрын кеңестік кезеңде қалыптасқан дене шынықтыру білімінің қолданыстағы стандарттарын жаңғырту арқылы қол жеткізуге болады.

The post Спорт – экономикалық дамудың маңызды факторы appeared first on Eurasia24 QAZ.