Евразия24Еуразия патриоттарыBRICS пен жаңа тәртіп: Вашингтон қысымға көшті

BRICS пен жаңа тәртіп: Вашингтон қысымға көшті

|

|

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері жөніндегі Бірінші департаменті жанындағы Еуразиялық экономикалық интеграция бөлімі BRICS ұйымының XVII саммитінің II сессиясында Сергей Лавровтың айтқан пікірін жариялады. Сессия «Көпжақты әлемдік тәртіпті нығайту, қаржы-экономикалық мәселелер және жасанды интеллект» тақырыбына арналды.

Сергей Лавровтың айтуынша, бүгінгі таңда жаһандық экономиканың негізгі қозғаушы күшіГлобалдық Оңтүстік пен Шығыс елдері. Африка одағы, СЕЛАК, АСЕАН, ШЫҰ және ЕАЭО сияқты өңірлік бірлестіктердің рөлі артып келеді. Осы алаңдарда әлемдік шаруашылықтың жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған концептуалдық және нақты практикалық тәсілдер әзірленуде. Бұл үдерістер тең құқықтылық, көп жақтылық және сауда, қаржы, технология, логистика салаларындағы кемсітушілікті болдырмау қағидаларына негізделуі тиіс.

Сонымен қатар, цифрлық дәуір мен жасанды интеллект дамуы кезеңінде адами капиталға инвестиция салудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Eurasia24 пікірі:
BRICS елдері Рио-де-Жанейрода өткен саммит қорытындысы бойынша«біржақты тарифтік және тарифтік емес шектеулердің көбеюі сауда жүйесін бұрмалап, ДСҰ талаптарына сәйкес келмейді» деген алаңдаушылықты білдіріп үлгерместен, Дональд Трамп тағы да қатаң мәлімдеме жасады.

Ол өзінің әлеуметтік желісінде «BRICS-тің АҚШ-қа қарсы бағытын қолдаған кез келген мемлекетке 10 пайыз көлемінде қосымша тариф енгізіледі», — депжазды.

Бұл мәселеге қатысты не айтуға болады? Әлемдегі №1 экономика саналатын АҚШ-қа жаһандық тәртіптің бірполярлы үлгісіне қарсы әрекеттер, балама бастамалар ұнамайтыны анық. Сауда соғыстары әлі алда, ал Вашингтонның тарифтік саясаты түптеп келгенде, өз экономикасына да кері әсерін тигізіп жатыр.

Қысқаша айтқанда, жағдай: «Өз адамдарыңа соққы берсең, өзгелер қорқады» деген принципке ұқсап тұр.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ-тың көздегені тек Иран ба?

 Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуіне Йемендегі қақтығыс тараптары арасындағы әскери іс-қимылдардың күшеюі себеп болып отыр. Әсіресе Сауд Арабиясының отын инфрақұрылымына жасалған соққылардың салдары ауыр. Алайда тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман АҚШ президенті Дональд Трамптан әскери қолдау сұрағанда, Вашингтон бұл өтінішті қабылдамады. Иранмен қақтығыста жеңіліске ұшыраған АҚШ пен Израиль енді Таяу Шығыстағы ірі ойыншыларды бір-біріне қарсы қойып, өңірлік қақтығыс туғызуға тырысып отыр. Бір жағында – Иран, екінші жағында – Парсы шығанағындағы араб монархиялары. Бұған қоса, жақында жасалған әскери келісімге байланысты Түркия мен Пәкістан да соғысқа араласады деген үміт бар.

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.