«Қасиетті жазбаға» айналған Салық кодексін қалай өзгертеміз?
28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында Президент: «Салық кодексі – бұл қатып қалған қағида да, қасиетті жазба да емес», – деді. Сондай-ақ Үкіметке заңнамадағы қайшылықтарды жою, кәсіпкерлерге түсетін артық жүктемені азайту және Салық кодексін қолдануды жеңілдету үшін жекелеген нормаларға нақты өзгерістер енгізуді тапсырды.Осы тұста «Еуразия-24» редакциясына әрлеу материалдары нарығында жұмыс істейтін кәсіпкерден хат келіп түсті. Онда Салық кодексінің қандай тұстарын қайта қарау керектігі жөнінде нақты ұсыныстар қамтылған.Кәсіпкердің аты-жөнін көрсетудің қажеті жоқ. Ол ұсынған мәліметтерді өз кәсібінің көрсеткіштері мен ашық дереккөздер негізінде дайындаған. Хатты аздаған қысқартулармен, мазмұнын өзгертпей жариялап отырмыз.Компания шығындардың өсуін тауар бағасына қоса алмай отыр. Өйткені бағаның сәл көтерілуінің өзі заңсыз сатылатын тауарлармен арадағы баға айырмашылығын ұлғайтады. Сондықтан қосымша шығындар пайда есебінен жабылып, табыстылық деңгейі бұрынғы 20–37 пайыздан 5–7 пайызға дейін төмендеді.
Қазақстан «Бриллиантовая бабочка» халықаралық киножүлдесінің екі марапатын иеленді
Қазақстандық «Рестарт» және «Эвакуация» фильмдері актерлік шеберлік пен операторлық жұмыс үшін көптен күткен екі бірдей жүлдеге ие болды. Екінші Ашық Еуразиялық «Бриллиантовая бабочка» киножүлдесінде Жасұлан Көпбергенов үздік актер, ал Александр Плотников үздік оператор атанды. Қырғызстан да жүлдесіз қалмады. «Айтматов» фильмі үшін Қаныбек Калматов үздік режиссер атанды.
Тоқаев квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты күрт азайту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты күрт азайтуға бағытталған ұсыныстарды 24 қарашаға дейін әзірлеуді тапсырды.
Қазақстанда квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық дауына байланысты жуырда салынған әлеуметтік нысандардың сапасы тексеріледі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз жолмен иемденілген активтерді қайтару есебінен жуырда салынған әлеуметтік нысандардың сапасын тексеру қажет деп санайды.
Вэнс 2028 жылғы президент сайлауына қатысатынына сенімді емес – БАҚ
АҚШ-тың вице-президенті Джей Ди Вэнс 2028 жылғы президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбауы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес инвесторлардың «Самұрық-Қазына» қорына деген сенімін арттыруға тиіс – Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры басшысының ұсталуына байланысты оқиға қор мен мемлекеттік компаниялардың жұмысына әсер етпеуге тиіс екенін мәлімдеді.
АҚШ қор индекстері сауданы төмендеумен аяқтады
Бейсенбі күні АҚШ қор индекстері төмендеді. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың жақын арада реттелетініне деген үміттің азаюы және инвесторлардың тәуекелге баруға құлықсыздығы әсер етті.
Иран 1,5 мың шақырым қашықтықтағы нысандарға зымыранмен соққы жасай алады – ИРСК
Иран қарулы күштерінің техникалық мүмкіндіктері салмағы екі тонна болатын оқтұмсықпен жабдықталған зымырандарды 1,5 мың шақырым қашықтыққа ұшыруға мүмкіндік береді.
Сауд Арабиясына шетелдік әскерден гөрі әскери техника көбірек қажет – БАҚ
Хуситтермен өзара соққы алмасуды жалғастырып жатқан Сауд Арабиясы үшін шетелдік әскери контингенттерден гөрі әскери техника маңыздырақ.
Доллардың негізгі валюталарға шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ, апта қорытындысында өсім сақталады
Жұма күні таңертең АҚШ долларының еуроға қатысты бағамы тұрақты сақталып, фунт стерлинг пен жапон иенасына шаққанда аздап нығайды.
Келмеске кетсін!
Қаңтар оқиғасынан бері елімізде мұндай жоғары лауазымды басшылардың ұсталғанына біраз уақыт болыпты!
ҚМА ғылымды коммерцияландыруға бөлінген қаражатты жымқыру жолын анықтады
Алматыда инновациялық азық-түлік өнімдерін өндіруге бөлінген 945 млн теңгені жымқыру ісі бойынша тергеу аяқталды.
Қазақстан «Бриллиантовая бабочка» халықаралық киножүлдесінің екі марапатын иеленді
Қазақстандық «Рестарт» және «Эвакуация» фильмдері актерлік шеберлік пен операторлық жұмыс үшін көптен күткен екі бірдей жүлдеге ие болды. Екінші Ашық Еуразиялық «Бриллиантовая бабочка» киножүлдесінде Жасұлан Көпбергенов үздік актер, ал Александр Плотников үздік оператор атанды. Қырғызстан да жүлдесіз қалмады. «Айтматов» фильмі үшін Қаныбек Калматов үздік режиссер атанды.
Трамп үшін шешімі жоқ мәселе
2024 жылы АҚШ-тың билеуші тобы Дональд Трампты Ақ үйге әкелгенде, оның алдына нақты міндет қойды: елдің әлемдегі жетекші орнын сақтап қалу, мүмкін болса, одан әрі нығайту. Алайда 2026 жылы бұл мақсаттың орындалмағаны белгілі болды. Мәселе АҚШ-тың 47-президентінің жеке қасиеттерінде емес. Әлем халқы 8 миллиардтан асқан қазіргі жағдайда Вашингтон жетекшілік ететін, 1 миллиардқа жуық халқы бар ұжымдық Батыстың қалған 7 миллиардтан астам адамды теңсіз жағдайда ұстауы мүмкін болмай отыр. Бұл геосаяси заңдылықтарға да, қарапайым арифметикаға да қайшы.
Жаңа әлемдік тәртіп аясындағы Батыс Азияның қауіпсіздік жүйесі
2026 жылы 4 қарашада Сирия мен Сауд Арабиясының басшылары Эр-Риядта қорғаныс саласындағы келісімге қол қойды. Келісімнің мәтіні жарияланған жоқ. Алайда Дамаск құжатта «консультациялық қолдау көрсету, әскери дайындық жүргізу және тәжірибе алмасу» мәселелері қамтылғанын растады. 6 қарашада Reuters агенттігі ондаған сириялық әскери қызметшінің Сауд Арабиясына келгенін хабарлады. Сирияның әскери ведомствосындағы дереккөздер мен АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілі олардың міндеті тек әскери дайындықпен шектелмеуі мүмкін екенін мәлімдеді. 7 қарашада AFP агенттігі Йемендегі үш әскери дереккөзге сүйеніп, Сауд Арабиясы мен Йемен шекарасының екі жағында жүздеген сириялық әскери қызметші орналастырылғанын хабарлады. Алдағы уақытта олардың қатарына тағы бірнеше мың сарбаз қосылуы мүмкін.
Үкімет шағын және орта бизнеске салық мөлшерлемесін өзгертуден бас тартты
«Ақ жол» фракциясы вице-премьер Серік Жұманғаринге оңайлатылған декларация бойынша салық мөлшерлемесінің өңірге қарай әртүрлі белгіленуі кәсіпкерлерге тең жағдай жасамайтынын мәлімдеді. Депутаттар мөлшерлемені белгілеуді өңірлік мәслихаттарға қалдырмай, бүкіл ел бойынша бірыңғай 2–3% деңгейінде бекітуді ұсынды. Алайда үкімет бұл ұсынысты тағы да қабылдамады. Жаңа Салық кодексі қабылданғалы көп уақыт өтпегенін айтып, оның нәтижесін әлі де бақылау қажет деп есептейді. Вице-премьер депутаттардың сынымен келіспей, кейбір өңірлерде кәсіпкерлер декларацияда көрсеткен табыстың өскенін дәлел ретінде ұсынды. Бірақ депутаттардың көтерген мәселесі мүлде басқа еді. Осыдан үкімет салық реформасын табысты деп көрсетуге жанама болса да негіз болатын көрсеткіштерді әдейі іріктеп отырған жоқ па деген күдік туады.
Әбу-Дабиден Шэньчжэньге: келіссөздер жаһандық бейбітшілікке жол аша ма? Тараптардың ұстанымы және бейбіт үдеріске ықпал ететін факторлар
Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің келіссөзі 2026 жылы 10 қарашада Абу-Дабиде басталып, екі күнге созылады. Кездесу қарсаңында Вашингтон қақтығысты тоқтату жөніндегі жан-жақты келісім әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Ал Еуропалық одақ елдері келіссөзге кімнің қатысатыны және Киевке көмекті қаржыландыруды жалғастыру мәселелері бойынша ортақ ұстанымға келе алмай отыр. Келіссөз АҚШ-тың ішкі саяси ахуалы өзгеріп жатқан кезеңде өтпек.
Қоғамды әлсірететін және күшейтетін әдебиет
Кітапты біз білімнің бұлағы дейміз. Бірақ кітаптың күші тек білім берумен шектелмейді. Ол адамның дүниетанымын қалыптастырады, құндылығын өзгертеді, тіпті тұтас қоғамның бағытына әсер етеді. Бір әдебиет қоғамды алға сүйресе, енді бірі оның ішкі тұтастығын әлсіретуі мүмкін.
«Жеңіс баласы»: соғыс, махаббат және өшпес тарих
3-қыркүйек күні кинотеатрларда Қазақстан, Ресей және Беларусь кинематографистері бірлесіп түсірген «Почтальон победы», ал Қазақстандық прокатта «Жеңіс баласы» атауымен ұсынылатын тарихи фильм шығады. Фильм көрерменді Екінші дүниежүзілік соғыстың атмосферасына апарады. Бұл шығарылымда Азамат Доспанов есімді хатшы жігіттің басты рөлін сомдаған, жастар арасында кеңінен танымал актермен фильм түсірілімі барысында болған қызықты әрі қиын сәттері, түйер ойлары туралы сөз қозғадық.
Жаңа Құрылтай: Қазақстан үшін шешімді енді кім қабылдайды?
23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Екі палаталы Парламенттің орнына 145 депутаттан тұратын жаңа Құрылтай келеді. Бұл сайлауға 7 саяси партия мен жүздеген кандидат қатысады.
Неліктен қоғамға ең қажет тұста кэнсел мәдениеті жұмыс істемейді?
Соңғы жылдары әлеуметтік желі қоғамға бұрын болмаған бір күш берді. Бұрын бір адамның әрекетіне наразылық білдіру үшін газетке жазу немесе митинг ұйымдастыру керек болса, бүгінде бірнеше сағаттың ішінде мыңдаған адам бір позицияға біріге алады.
Ғылым министрі білім берудегі мемлекеттік тапсырыстың тиімділігі туралы айтты
Елімізде жоғары білім алуға қолжетімділік деңгейі өте жоғары. Соңғы жеті жылда мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 655 мыңнан астам грант бөлінді. Бұл мақсатқа 1,5 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Мемлекеттік аудит Қазақстандағы ғылым саласын тексерді
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының хабарлауынша: «Әлихан Смайылов атап өткендей, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру ғылым саласындағы ең әлсіз бағыттардың бірі болып отыр. Ғылым қорының деректеріне сәйкес, коммерцияландырудың ресми көрсеткіші 44%-ды құраған.
Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ өкілдері келіссөзге жиналды
Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ өкілдерінің ақпаннан бергі алғашқы үшжақты келіссөзі басталды. Тараптар қарулы қақтығысты тоқтату жолдарын талқылап жатыр. Вашингтон бейбіт келісімге қол жеткізу бағытында ілгерілеуге үмітті. Бұл келісім Еуропада жаңа қауіпсіздік жүйесін құруды да қамтуы мүмкін.
Тарихта қалмаса да, Пантеоннан орын табылар
Министрлер, әкімдер және өзге де лауазымды тұлғалар: Ұлттық пантеонға жерлеуге құқығы бар адамдардың тізімі кеңейді. Үкімет Ұлттық пантеон туралы ережеге өзгерістер енгізіп, онда жерленуге құқығы бар лауазымды тұлғалардың қатарын толықтырды.
Медициналық мекеме басшылары тестілеуден өте алмай жатыр
Қазақстанда босандыру ұйымдарының, балалар стационарлары мен жедел медициналық жәрдем станцияларының басшылары және олардың орынбасарларын аттестаттау жалғасып жатыр. 2026 жылы 2 қарашадағы мәлімет бойынша, тестілеуге қатысқандардың 20 пайызы шекті балл жинай алмаған.
Ресей Украинадағы соғыста жеңілді ме?
Бір қарағанда тосын көрінгенімен, Украинадағы соғыста жеңілген тарап Ресей деген тұжырым жасалып отыр. Мұндай тұжырымды өмір жолы сан қилы оқиғаларға толы, ақырында Ресейде «шетелдік агент» деп танылған саясаттанушы Александр Морозов жасады.
Exclusive.kz және еркін ойдың шегі
Қазақстанда бір қызметті ең ұзақ атқарған адамды іздесек, бұрынғы Елбасынан бұрын Exclusive.kz басылымының негізін қалаушы әрі бас редакторы еске түсетін шығар.
Exclusive.kz құрылған күнінен бері либералдық бағытынан айныған емес. Либерализмнің астарында не жатқанын бәріміз де жақсы білеміз.
Азық-түлік бағасы төмендеді
Сауда және интеграция министрлігінің уәжіне сүйенсек, бағаның оң серпініне ықпал еткен негізгі факторлардың бірі – баға белгілеуді әкімшілік жолмен бақылау. Бұған сауда үстемесінің белгіленген шекті мөлшерінің сақталуын қадағалау, сондай-ақ жеткізу тізбегіндегі делдалдар санын қысқарту жатады.
Қазақстандағы инвесторларға кедергі келтіретін жүйелі мәселелер белгілі болдч
Қажеттілік бар жерде елді мекендердің шекарасын кеңейтіп, индустриялық аймақтарды алдын ала дайындап, оларды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік жеткілікті.
Сабыр түбі – сары алтын
Зейнетақы жинақтарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдаланылатын жеткіліктілік шектерін арттырғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында бірқатар ұқсас мазмұндағы жарияланымдар жарық көрді.
Қазақстанда әрбір үшінші сот үкімі кассациялық тәртіппен қайта қаралады
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы Инна Каркада 2026 жылғы 12 қарашада өткен брифингте қазақстандықтардың сотқа шағым түсіріп, істерін қайта қарауды сұрау жиілегенін мәлімдеді. (...) «2025 жылы сот жұмысының алғашқы алты айында айына орта есеппен 83 қылмыстық іс қаралса, 2026 жылы бұл көрсеткіш екі есеге артты.
Қазақстан БҰҰ-ның жүк тасымалы жөніндегі конвенциясын ратификациялады
Құрылтай Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау шарты туралы конвенцияны (КДПГ) ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қабылдады. Құрылтайдың бейінді комитетінің қорытындысында атап өтілгендей, конвенция 1956 жылғы 19 мамырда Женевада қабылданған.
Климат өзгерісі және жұқпалы аурулар: Қазақстан БҰҰ алаңында бірлесіп әрекет етуге шақырды
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі айтқан климат өзгерісінің қауіптері ғылыми зерттеулермен негізделген. Мәселе күннің жылынуынан жұқпалы аурулардың таралуымен ғана шектелмейді. Ауру қоздыратын бактериялардың антибиотиктерге төзімді бола түсуі де қауіп төндіреді.
Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желідегі дәрі саудасын бақылауға алмақ
Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің бірлескен бұйрығының жобасы әзірленді. Құжат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарына өзгерістер енгізуді көздейді.
10 қарашадан бастап мобильді аударымдарға қатысты шекті сома ұлғаяды
ҚР Қаржы министрлігі кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс белгілері бар мобильді аударымдарды анықтау үшін салық органдары басшылыққа алатын өлшемшарттарды өзгертті. Жаңа ережелер 2026 жылы 10 қарашадан бастап күшіне енеді.
«Гауһар көбелек» киножүлдесіне Қазақстанның төрт фильмі ұсынылды
Ашық Еуразиялық «Гауһар көбелек» киножүлдесін табыстау рәсіміне екі тәуліктен аз уақыт қалды. Жүлде иегерлерінің есімдері 12 қарашада Мәскеудегі Никита Михалковтың «Мастерская «12»» театрында жарияланады». Рәсім өтетін орынның таңдалуы кездейсоқ емес.
Армения ҰҚШҰ-да дауыс беру құқығынан айырылуы мүмкін
Ресей Арменияға қатысты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Жарғысының 25-бабын қолдану мәселесін қарауды ұсынды. Бұл бапқа сәйкес, ұйым Арменияны дауыс беру құқығынан, сондай-ақ квота бойынша бөлінетін лауазымдарға өз кандидаттарын ұсыну мүмкіндігінен айыруы мүмкін.
Песков Ресейдің ТМҰ-ға қатысуы туралы пікір білдірді
Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуы қисынды әрі орынды болар еді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеуге әзірге ресми шақыру түспеген.«Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуына келсек, өздеріңіз білетіндей, Ресейдің бірқатар өңірінде тарихи шығу тегі жағынан түркі халықтары тұрады», – деді Песков.
Тоқаев Ресейді ТМҰ+ құрамына қосуды ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы дер кезінде көтеріліп отыр. Оның негізінде ортақ тарих, мәдени дәстүрлер мен тілдік туыстықтан әлдеқайда ауқымды алғышарттар жатыр.Түркі мемлекеттері Ресей тікелей қатысатын немесе экономикалық тұрғыдан мүдделі серіктес ретінде атсалысатын ірі халықаралық жобаларды жүзеге асырып келеді.
Қазақстанға қарсы жүргізіліп жатқан жасырын соғыс: Ақмарал Баталованың тұжырымы
24.kz ақпарат агенттігі Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі қазақстандық сарапшы, журналист, деректі фильмдер авторы, гуманитарлық сала қызметкері және қоғам қайраткері Ақмарал Баталовамен көлемді сұхбат жариялады. Сұхбат барысында қазіргі саясаттың жүргізілу тәсілдері мен халықаралық ақпараттық соғыстарға қатысты бірқатар маңызды мәселе көтерілді. Олардың кейбірі Қазақстанның ақпарат кеңістігінде алғаш рет ашық айтылып отыр.
Қазақстанның технологиялық серпіліс әлеуеті: негізгі сын-қатерлер мен дамудың жаңа кезеңі
Соңғы 30 жылда алғаш рет Конституцияда адам капиталын, ғылым мен инновацияларды дамыту мемлекеттің басым бағыты болып белгіленді.
Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инновацияларға бағытталған бағдарын мемлекетті институционалдық тұрғыдан күшейтудің нақты стратегиясына айналдыру міндеті тұр.
Бұл міндетті жүзеге асыру экономиканы, ғылым мен басқару жүйесін жедел трансформациялау үшін білім өндірісі, кадрлар даярлау және шешімдер қабылдау жүйесін түбегейлі қайта құруды талап етеді. Егер білім беру, ғылым және мемлекеттік басқарудың жай-күйімен айқындалатын іргетас шектеулі күйде қалса, онда бұл бастама инновациялық қызметтің көрінісін жасауға немесе технологиялық тәуелділіктің тереңдеуіне әкеп соғу қаупі бар екені анық.
Қазақстандағы конституциялық және парламенттік реформа: институционалдық тәуекелдер, билік теңгерімі және орнықтылық механизмдері
Мемлекеттік басқару жүйесінде, жоғары заң шығарушы органда, квазимемлекеттік секторда, халықаралық ұйымдар мен партияда көп жылдар бойы атқарған қызметім барысында мемлекеттің тұрақтылығы тек реформалардың мазмұнына ғана емес, сонымен бірге олардың институционалдық тұрғыдан жүзеге асырылу сапасына, биліктің барлық тармақтарының өкілеттіктері мен жауапкершілігінің теңгеріміне де тікелей байланысты екеніне көз жеткіздім.
Мақалада ұсынылған пайымдаулар мен қорытындылар жалаң сынға емес, еліміздегі конституциялық және парламенттік реформалардың мемлекет тиімділігін, қоғамның сенімін және елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығын нығайтуға ықпал етуіне деген кәсіби мүдделілікке негізделген.
Қазақстан ғылымы: Даму жолындағы қос кедергі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне негізделген, жаһандық бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуда ғылымның айрықша маңызын ескере отырып, соңғы жылдары барған сайын нақты міндеттер қойып келеді. Осылайша ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Қазақстанның ғылыми қауымдастығын құттықтай келе, ол «ғылыми әлеуетті ел игілігі үшін тиімді пайдалану қажет, ғалымдарымыздың жаңалықтары тек зертханалық немесе кабинет деңгейінде қалып қоймауы тиіс. Нақты нәтиже беретін әрі өндіріске енгізуге болатын жобаларды жүзеге асыру маңызды. Қысқасы, ғылым экономика мен қоғамның сұранысына қызмет етуі керек» екенін ерекше атап өтті.
Трансформациясыз жаңғырту: Қазақстан ғылымының жүйелік мәселесі
Мақалада Қазақстанның ғылыми саласының қазіргі даму үрдістері қарастырылады. Статистикалық көрсеткіштер мен институционалдық ерекшеліктерді талдау негізінде сандық өсімнің «сыртқы» көрсеткіштері мен ғылыми нәтижелер сапасының «ішкі» трансформациясының шектеулілігі арасындағы жүйелік қайшылықтар айқындалады.
Газадан «Бейбітшілік кеңесіне» дейін: жаһандық басқару қағидалары қалай қайта қалыптастырылуда
Дональд Трамптың 2025 жылғы қазанда ұсынған Газа секторындағы оқ атуды тоқтату жоспары дипломатиялық серпіліс және аймақтағы қирауды тоқтатудың соңғы мүмкіндігі ретінде таныстырылды. Бұл жоспар қақтығысушы тараптардың қолдауына ие болып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан мақұлданды. 2025 жылғы 17 қарашада он үш мемлекет Газа секторында Халықаралық тұрақтандыру күштерін (ХТК) құру туралы американдық резолюцияны жақтап дауыс берді.
Баспасөз еркіндігі мен ұлттық қауіпсіздік: Ақмарал Баталованың Дэвид Томасқа берген сұхбаты
Журналистер, сарапшылар мен авторлар өз мәтіндерін блог немесе жаңалықтар бюллетені түрінде жариялайтын Substack платформасында Дэвид Томастың (David Thomas) қызықты мәтіні жарық көрді. Ол қазақстандық журналист, Таяу Шығыс бойынша сарапшы Ақмарал Баталовадан сұхбат алған.
Бешпармақ. Инженер толғанысы.БАТЫС ЖОРЫҒЫ
1235-жылы Оқытай Ханның басшылығымен Құрылтай өтіп, онда Мәңгі Елдің Орыс Мәселесі бойынша іс-қимыл жоспары мен екі стратегиялық әскери операциядан тұратын Батыс Жорығы туралы тарихи шешім қабылданды. Батыс Жорығының бірінші бөлігі «Русьті құтқару операциясы» деп аталды. Қасиетті Рим империясының Русьті басып алуына жол бермес үшін, оның алдын орап, Русьтің барлық қала-мемлекеттерін аралап, жағдайды ұғындырып, дипломатиялық үгіт жүргізіп, Мәңгі Ел Федерациясының құрамына кіргізіп, келісімдерге қол қойдырып алу керек.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ РУСЬТІ КҮЙРЕТУІ
Қазақтардың Жаппай Қоныс аударуы қызған шақта, яки, 1235-жылы өткен Мәңгі Ел Құрылтайында Еуропаны бағындыру мақсатындағы әйгілі Батыс Жорығы туралы шешім қабылданды. Көркем әдебиетте бұл туралы: Жеңіс Хан көзі тірісінде «соңғы теңізге жорыққа шығуды» армандаған, қайтыс болған соң, ұрпақтары оның сол арманын орындағысы келіп, әлгі жорыққа аттанған... дегендей мәнде жазылады, сол орайда небір романтикалық ертегілер де шығарылады.
Бешпармақ. Инженер толғанысы.ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР
«Татар-моңғол езгісі» терминіндегі «моңғол» ұғымының анығына жеткендіктен, бірден «татарлар» ұғымын да қарастыруымыз қажет. Бұнда да небір қызықтарды ұшыратамыз.баршамызға белгілі, 5-ші ғасырда құл иеленуші Рим Империясы Еділ патша (Аттила) бастаған ғұндардың сұрапыл шапқыншылығынан күйреді. Сөйтіп, Еуропада анағұрлым озық феодалдық құрылысқа негізделген, кейін заманауи еуропалық елдерге үлгі болған көптеген қоғамдар пайда болды.
Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ
Бразил-ия немесе Итал-ия деген сияқты, орыстар бұрмалап, «Монғол-ия» деп атап кеткен Мәңгі Елдегі қазақ руларының ескі жұртына (яғни, босап қаған жерлерге) біртіндеп тегі мен тілдік тобы жағынан тұңғыстар мен буряттарға жақын оңтүстік Сібірдің шағын халха, чахар және ойрат тайпалары қоныстанды. Әлемнің әр түкпірінен ұлан-ғайыр Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарына көшіп барған жүздеген ұлт өкілдерін «америкалықтар» деп атайтынымыз сияқты, олар да тұрғылықты жер атауы бойынша «моңғолдар» деген жаңа есімді еншіледі.
Көп оқылғандар
Британ тәжінің агенттері және „жұмсақ күш“ саясаты
«Британияның құлағы» деген астарлы тіркесте қаншалықты шындық бар? Ұлыбританияның жаһандық ықпалын сақтап қалу әрекетінің мүмкіндігі қандай? Бұрынғы отар ел — Австралияға енді Америка Құрама Штаттарының жолын қайталап, жаңа метрополияға айналуға ұмтылатын уақыт жеткен жоқ па?
Қытай 2024 жылы экспорттаған таза энергия технологиялары жаһандық СО₂ шығарындыларын 1%-ға қысқартуға мүмкіндік береді
МӘСКЕУ. 25 шілде. ИНТЕРФАКС – 2024 жылы Қытай Халық Республикасы экспорттаған күн панельдері, электр көліктері және жел турбиналары сынды таза энергия көздеріне арналған технологиялар...
BRICS Pay – халықаралық төлемдердің келешегі ме?
БРИКС Пэй (BRICS Pay) төлем жүйесінің құрылу феномені санкциялық қысымның күшеюіне, халықаралық төлем инфрақұрылымының бөлшектелуіне және «Жаһандық Оңтүстік» елдерінің қаржылық егемендікті қамтамасыз етуге ұмтылысына байланысты жаһандық қаржылық қатынастар жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерге берілген көпөлшемді жауап болып табылады. Батыс юрисдикцияларының бақылауындағы трансшекаралық есеп айырысудың дәстүрлі тетіктері (Visa, MasterCard, Eurocard) геосаяси мәжбүрлеу құралы ретінде пайдаланылып отырған жағдайда, баламалы төлем экожүйесін қалыптастыру жөніндегі бастама қатысушы мемлекеттердің экономикалық қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен бірге көпполярлы әлемдік құрылымның жаңа үлгісін құру үшін де стратегиялық маңызға ие болады.
«AQIQAT» жүйесі: Мемлекет ақшасының босқа жұмсалуына тосқауыл
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (АФМ) шамамен 250 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізгені жөніндегі жаңалық көпшілік арасында айтарлықтай резонанс тудырмады. Алайда бұл көрсеткіштер азаматтық қоғам тарапынан елеулі назар аударуға тұрарлық.
Кері байланыс
Бүгінгі назарда
Британ тәжінің агенттері және „жұмсақ күш“ саясаты
«Британияның құлағы» деген астарлы тіркесте қаншалықты шындық бар? Ұлыбританияның жаһандық ықпалын сақтап қалу әрекетінің мүмкіндігі қандай? Бұрынғы отар ел — Австралияға енді Америка Құрама Штаттарының жолын қайталап, жаңа метрополияға айналуға ұмтылатын уақыт жеткен жоқ па?
BRICS Pay – халықаралық төлемдердің келешегі ме?
БРИКС Пэй (BRICS Pay) төлем жүйесінің құрылу феномені санкциялық қысымның күшеюіне, халықаралық төлем инфрақұрылымының бөлшектелуіне және «Жаһандық Оңтүстік» елдерінің қаржылық егемендікті қамтамасыз етуге ұмтылысына байланысты жаһандық қаржылық қатынастар жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерге берілген көпөлшемді жауап болып табылады. Батыс юрисдикцияларының бақылауындағы трансшекаралық есеп айырысудың дәстүрлі тетіктері (Visa, MasterCard, Eurocard) геосаяси мәжбүрлеу құралы ретінде пайдаланылып отырған жағдайда, баламалы төлем экожүйесін қалыптастыру жөніндегі бастама қатысушы мемлекеттердің экономикалық қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен бірге көпполярлы әлемдік құрылымның жаңа үлгісін құру үшін де стратегиялық маңызға ие болады.
Қытай 2024 жылы экспорттаған таза энергия технологиялары жаһандық СО₂ шығарындыларын 1%-ға қысқартуға мүмкіндік береді
МӘСКЕУ. 25 шілде. ИНТЕРФАКС – 2024 жылы Қытай Халық Республикасы экспорттаған күн панельдері, электр көліктері және жел турбиналары сынды таза энергия көздеріне арналған технологиялар...
Қазақстанға шипа іздеп келетіндер көбейді
Қазақстан медициналық туризм нарығындағы өз орнын нығайтып, өңірдегі медициналық хабтардың біріне айналуды көздеп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде медициналық көмек алу үшін Қазақстанға шамамен 50 елден науқастар нөпірі байқалады. Былтыр еліміз 80 мыңға жуық шетелдік емделуші қабылдап, емдік шаралар жүргізіпті.
Он күн бойы оқырман назарында
Британ тәжінің агенттері және „жұмсақ күш“ саясаты
«Британияның құлағы» деген астарлы тіркесте қаншалықты шындық бар? Ұлыбританияның жаһандық ықпалын сақтап қалу әрекетінің мүмкіндігі қандай? Бұрынғы отар ел — Австралияға енді Америка Құрама Штаттарының жолын қайталап, жаңа метрополияға айналуға ұмтылатын уақыт жеткен жоқ па?
BRICS Pay – халықаралық төлемдердің келешегі ме?
БРИКС Пэй (BRICS Pay) төлем жүйесінің құрылу феномені санкциялық қысымның күшеюіне, халықаралық төлем инфрақұрылымының бөлшектелуіне және «Жаһандық Оңтүстік» елдерінің қаржылық егемендікті қамтамасыз етуге ұмтылысына байланысты жаһандық қаржылық қатынастар жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерге берілген көпөлшемді жауап болып табылады. Батыс юрисдикцияларының бақылауындағы трансшекаралық есеп айырысудың дәстүрлі тетіктері (Visa, MasterCard, Eurocard) геосаяси мәжбүрлеу құралы ретінде пайдаланылып отырған жағдайда, баламалы төлем экожүйесін қалыптастыру жөніндегі бастама қатысушы мемлекеттердің экономикалық қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен бірге көпполярлы әлемдік құрылымның жаңа үлгісін құру үшін де стратегиялық маңызға ие болады.
Қытай 2024 жылы экспорттаған таза энергия технологиялары жаһандық СО₂ шығарындыларын 1%-ға қысқартуға мүмкіндік береді
МӘСКЕУ. 25 шілде. ИНТЕРФАКС – 2024 жылы Қытай Халық Республикасы экспорттаған күн панельдері, электр көліктері және жел турбиналары сынды таза энергия көздеріне арналған технологиялар...
«Қасиетті жазбаға» айналған Салық кодексін қалай өзгертеміз?
28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында Президент: «Салық кодексі – бұл қатып қалған қағида да, қасиетті жазба да емес», – деді. Сондай-ақ Үкіметке заңнамадағы қайшылықтарды жою, кәсіпкерлерге түсетін артық жүктемені азайту және Салық кодексін қолдануды жеңілдету үшін жекелеген нормаларға нақты өзгерістер енгізуді тапсырды.Осы тұста «Еуразия-24» редакциясына әрлеу материалдары нарығында жұмыс істейтін кәсіпкерден хат келіп түсті. Онда Салық кодексінің қандай тұстарын қайта қарау керектігі жөнінде нақты ұсыныстар қамтылған.Кәсіпкердің аты-жөнін көрсетудің қажеті жоқ. Ол ұсынған мәліметтерді өз кәсібінің көрсеткіштері мен ашық дереккөздер негізінде дайындаған. Хатты аздаған қысқартулармен, мазмұнын өзгертпей жариялап отырмыз.Компания шығындардың өсуін тауар бағасына қоса алмай отыр. Өйткені бағаның сәл көтерілуінің өзі заңсыз сатылатын тауарлармен арадағы баға айырмашылығын ұлғайтады. Сондықтан қосымша шығындар пайда есебінен жабылып, табыстылық деңгейі бұрынғы 20–37 пайыздан 5–7 пайызға дейін төмендеді.
Еуразия24 – геосаяси, экономикалық, тарихи, қоғамдық және мәдени процестерді қамтитын Еуразия аймағындағы маңызды оқиғаларды көрсететін сенімді ақпараттық-талдамалық сайт-агрегаторы. Біз оқырмандарға ең өзекті, шынайы әрі жедел ақпарат ұсынамыз. еуразия24, Еуразия 24, евразия 24 немесе Eurasia 24 атауларымен танымал болған біз – Еуразия жаңалықтарын қадағалап, бүгінгі үдерістердің логикасын түсінгісі келетіндер үшін бағыт-бағдармыз.





