Евразия24Таңдаулы жаңалықтарЖасөспірімдер арасындағы қатыгездік

Жасөспірімдер арасындағы қатыгездік

|

|

Zakon.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, 12 жасар жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу амалдары Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Осы оқиға бойынша Түрксіб ауданында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Бейнежазбалар мен өзара хат алмасуларды тексеру кезінде зардап шегуші баланың араздасу мақсатында күдіктінің үйіне өзі келгені алдын ала анықталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өзара келіспеушілік салдарынан туындаған жанжал кезінде жасөспірімге пышақ жарақаттары салынған. Қылмысқа қатысы бар кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының тікелей қадағалауында.

Еуразия24 пікірі:

Алматыда 13 жасар бала өзара келіспеушілік салдарынан құрдасын пышақтап өлтірді . Жасөспірімнің туындаған жанжалды шешудің бұдан өзге жолын таппауы елдегі балалар тәрбиесі мен психологиялық қолдау жүйесіндегі күрделі мәселелерді айқын көрсетеді. Оның үстіне, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның жуырда ғана кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың 30%-ға өскенін мәлімдеген болатын. Алайда бұл мәселеге тиісті деңгейде назар аударылды ма?  Алматыда болған қайғылы оқиға – пышаққа жүгінген жасөспірімге ғана қатысты мәселе емес. Өйткені оның жасы 14-ке толмағандықтан оған қолданылатын ең жоғары шара мінез-құлқында ауытқуы бар балаларға арналған арнайы мекемеге жіберілуі мүмкін. Біздіңше, бір баланың екінші баланың өмірін қиюы ең алдымен жанжалдың ушығып бара жатқанын дер кезінде байқамаған отбасы институты үшін, іс жүзінде жасөспірімдердің өміріне ықпал ете алмай отырған тәрбие мен профилактика жүйесі үшін, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың өзгеріп отырған сипатына толық жауап бере алмай отырған қолданыстағы қылмыстық заңнама үшін елеулі дабыл болып табылады. Екінші жағынан, әрбір аулаға немесе жасөспірімдер жиналатын әрбір орынға полиция қызметкерін қою мүмкін емес. Сондықтан бақылау мен профилактиканың ешбір жүйесі балалар арасындағы құқық бұзушылықтың толық жойылуына жүз пайыз кепілдік бере алмайды. Мәселе бұдан әлдеқайда тереңде жатыр: неге балалардың бойында агрессия күшейіп, өзгеге жанашырлық таныту қасиеті әлсіреп барады? Бұл сұраққа жауап іздегенде, негізгі себептердің бірі ретінде елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайды атауға болады. Көптеген ата-ана жұмысбасты, кейбірі бірнеше жерде еңбек етуге мәжбүр. Ал балаларға арналған қолжетімді әрі тегін үйірмелер мен спорт секцияларының саны жеткіліксіз. Соның салдарынан балалар бос уақытын көбіне өз бетінше өткізеді. Мұндай жағдайға түрлі факторлардың қатар әсер етуі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың өсуіне ықпал етуі мүмкін.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.