Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру үшін Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына (ЕТДҚ) грант бөлу туралы өтінім жолдады. Қазіргі уақытта өтінім қаралып жатыр. Бұл туралы Астанада өткен ЕТДҚ-ның «Теңгерімді экономикалық даму жолында» атты халықаралық экономикалық конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді.
Депутат Асхат Аймағамбетов 2026 жылғы 28 қазанда Құрылтай отырысының үзілісінде журналистерге Қазақстанда ең төменгі жалақыны арттыруға қажетті қаражаттың қайдан бөлінетінін айтты. Асхат Аймағамбетов ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі ең алдымен еңбек ақысына әсер ететінін атап өтті. «Президент бұл өзгерістің шамамен қанша адамға қатысты болатынын айтып өтті.
Қазақстанда 2021–2025 жылдар аралығында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылардың саны екі еседен астам қысқарды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мақұлданған кешенді әскери реформа жүзеге асырыла бастады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, реформа аясында Қарулы күштердің құрылымы, әскери басқару жүйесі, әскерлерді даярлау, әскери қызмет өткеру тәртібі мен әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау тетіктері жаңартылады. Реформа барысында Қарулы күштердің құрылымы мен құрамын жетілдіру, қорғанысты жоспарлау жүйесін жаңарту, жұмылдыру даярлығын күшейту және резерв жасақтау ісін дамыту көзделген.
Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Тимур Турлов Jibek Joly телеарнасындағы «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген сұхбатында әлемдік шахматты дамытудың негізгі міндеттеріне тоқталды.