Евразия24Таңдаулы жаңалықтарЕңбек министрлігі АӘК алушылар санының қысқарғанын мәлімдеді

Еңбек министрлігі АӘК алушылар санының қысқарғанын мәлімдеді

|

|

Kazinform хабарлайды: «Қазақстанда 2021–2025 жылдар аралығында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылардың саны екі еседен астам қысқарды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, 2021 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 27,5 мың адам қамтылған. 2022 жылы олардың саны 31,7 мыңға дейін өскен. «2023 жылы бұл көрсеткіш 27,2 мың адамды құраса, 2024 жылы 17,6 мыңға дейін төмендеді. Ал 2025 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 12,6 мың адам қатысты», – делінген ведомство жауабында.Министрліктің түсіндіруінше, аталған шаралар аясында әлеуметтік көмек алатын еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау жұмыстары жүргізілген. Бұл шаралар әлеуметтік көмек алатын отбасылардың табысын арттыруға бағытталған. Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 41 252 отбасындағы 222 312 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған».

Еуразия24 пікірі:

Еңбек министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жүйесі тиімді жұмыс істеп жатқан көрінеді. Бұған, әрине, қуаныштымыз. Алайда біздің қолымызда атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының қысқаруы елдегі кедейлік деңгейінің төмендегенін білдірмейтінін көрсететін басқа да статистикалық деректер бар.

Ресми статистикаға сәйкес, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз қазақстандықтардың үлесі 2021 жылы 5,2%-ды құраған. Бұл көрсеткіш 2022 және 2023 жылдары да өзгермеген. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша 5%-ға, 2026 жылдың бірінші тоқсанында 4,9%-ға дейін төмендеген. Демек, бірнеше жыл ішінде АӘК алушылардың саны бірнеше есе қысқарғанымен, ресми кедейлік деңгейі небәрі 0,2 пайыздық тармаққа төмендеген.

Мұнда тағы бір маңызды жайт бар. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен кедейлік деңгейін анықтаудың өлшемдері  әртүрлі. Мемлекет табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз азаматтарды кедей санатына жатқызады. Алайда АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен отбасыларға ғана тағайындалады. Бұл шек медианалық табыстың 35%-ы мөлшерінде белгіленеді, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан кем болмауы тиіс. Яғни азамат ресми статистика бойынша кедей санатына жатқызылғанымен, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы болмауы мүмкін.

Осылайша, АӘК алушылар санының азаюын кедейлік деңгейінің төмендеуімен теңестіруге болмайды. Өйткені мемлекеттің өзі кедей санатына жатқызатын азаматтардың бәрі бірдей әлеуметтік көмек ала бермейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Алматыдағы балабақшада балалар бір-біріне күш көрсеткен

Әлеуметтік желілерде кішкентай балалардың өз қатарласының бірін тұншықтырып, тепкілеп, ұрып-соққаны бейнеленген жан түршігерлік видео таралып жатыр. CMN ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Ал әлеуметтік желідегі басқа бір парақшада аталған балабақшаның атауы да көрсетілген.

Әскери реформа: сарбаздарға қандай жағдай жасалады?

Қазақстан кешенді әскери реформаны жүзеге асыруға кірісті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қыркүйекте оны әзірлеуге жауапты тұлғаларға 10 күн мерзім берген болатын. Ал 2026 жылғы 21 қазанда реформаны Қауіпсіздік кеңесі мақұлдады.

Норвегия мен Финляндия басшылары Путинмен әңгімеде Украина мәселесіне қатысты жаңа ұсыныс айтқан жоқ

Лавровтың пікірінше, Еуропа Украина бойынша келіссөздерге қатысуға ұмтылып отыр Мәскеу....