Евразия24Басты бетФранцияның қаржы дағдарысы еуроаймаққа қалай әсер етеді?

Францияның қаржы дағдарысы еуроаймаққа қалай әсер етеді?

|

|

Францияның орасан зор мемлекеттік қарыз мәселесін өз күшімен шешуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан Париж Еуропалық орталық банктен (ЕОБ) ауқымды қаржылық көмек күтуде. Алайда еуропалық қаржы реттеушілері «Монетарлық саясаттың берілу тетігін қорғау құралы» (Transmission Protection Instrument, TPI) деп аталатын төтенше шараны қолдануға құлықсыз. Өйткені мұндай қадам еуроның жағдайын әлсіретуі мүмкін. Дегенмен Еуропалық орталық банктің басқа амалы қалмай отыр. Францияға шұғыл көмек көрсетілмесе, оның зардабы бүкіл Еуропалық одаққа, әсіресе еуроаймақ елдеріне әлдеқайда ауыр тиюі ықтимал.

Францияда қалыптасқан экономикалық және саяси ахуал елеулі қауіп төндіріп отыр. Мемлекеттік шығыстардың көптігі, бюджет тапшылығының ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде сақталуы және экономикалық өсімнің баяулығы елдің қаржылық жағдайын күрделендіре түсті. Бұған мемлекеттік қарыздың шамадан тыс ұлғаюы қосылды. Қарыздың жалпы көлемі 3,6 трлн еуродан асып, жалпы ішкі өнімнің 119 пайызынан жоғарылады. Ал жуырда ғана бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 115 пайызын құраған еді.

Макроэкономистердің бағалауынша, мемлекеттік қарыз көлемі жалпы ішкі өнімнің 80 пайызынан асқан жағдайда оған қызмет көрсету айтарлықтай қиындайды. Мұндай жағдайда жинақталған қарыздың қаржы жүйесіне кері әсер етуі уақыт мәселесіне айналады.

Франция үшін тағы бір күрделі мәселе – соңғы айларда қарыз қаражатын тарту құнының қарқынды өсуі. Бұған инвесторлар сенімінің төмендеуі және мемлекеттік облигациялар нарығындағы бәсекенің күшеюі ықпал етуде. Тәуекел деңгейінің жоғарылауы кредиторлардың қарыз қаражаты үшін талап ететін сыйақы мөлшерін арттырады. Сонымен қатар халықаралық нарықта АҚШ, Жапония және Қытай, ал еуроаймақта Германия, Италия, Испания және басқа да мемлекеттер өздерінің борыштық бағалы қағаздарын ұсынып отыр.

Егер халықаралық, оның ішінде америкалық рейтинг агенттіктері Францияның кредиттік рейтингін төмендетсе, елдің халықаралық қаржы нарықтарынан қарыз тарту және қолданыстағы мемлекеттік берешегін қайта қаржыландыру мүмкіндігі едәуір шектелуі ықтимал.

Президент Эмманюэль Макрон мен премьер-министр Себастьен Лекорню басқаратын үкіметтің халық арасындағы қолдау деңгейінің төмендігі көпшілік құптамайтын үнемдеу шараларын жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр. Парламенттегі түрлі саяси күштердің депутаттары қатаң үнемдеу шараларын қолдаудан бас тартуда. Өйткені мұндай шешімдер алдағы сайлауда олардың сайлаушылар алдындағы беделіне кері әсер етуі мүмкін.

Еуропалық орталық банк «Монетарлық саясаттың берілу тетігін қорғау құралын» (Transmission Protection Instrument, TPI) іске қосуы үшін Франция басшылығы «негізделген әрі орнықты бюджеттік және экономикалық саясат жүргізіп отырғанын» көрсетуге тиіс. Алайда ел билігінің бұл талапты орындауға қажетті мүмкіндіктері шектеулі. Франция азаматтарына түсетін салық ауыртпалығын одан әрі арттыру да қиын. Өйткені салық деңгейі қазірдің өзінде өте жоғары және Лаффер қисығы сипаттайтын шекке жақындаған. Бұл теорияға сәйкес, салық мөлшерлемелерінің шамадан тыс өсуі салық жинау тиімділігін төмендетіп, бюджетке түсетін жалпы салық түсімдерінің қысқаруына әкелуі мүмкін.

Бұқаралық ақпарат құралдарына тараған мәліметтерге қарағанда, Еуропалық орталық банктің төрағасы Кристин Лагард қараша айының басында Давостағы жаңа қызметке ауысуға дайындалып жатыр. Осыған байланысты оның қазіргі жағдайды реттеу үшін қосымша шаралар қабылдау ниеті жоқ деген пікір айтылуда. Әзірге Лагард Францияның мемлекеттік қарыз міндеттемелерін ұстаушылардың сенімін сақтауға бағытталған сабырлы ұстаным танытып, жағдайдың бақылауда екенін көрсетуге тырысуда.

Ал Еуропалық орталық банктің жаңа басшылығы түбегейлі шаралар қабылдауға мәжбүр болуы мүмкін. Оқушылардың ең ауқымды наразылық шерулері Франция, Италия және Бельгияда өткені де кездейсоқ емес. Бұл мемлекеттер Грекиямен қатар мемлекеттік қарыз мәселесі аса күрделі елдердің қатарына жатады.

TPI тетігін іске қосу Еуропалық орталық банкке еуроаймақтың жекелеген мемлекеттерінің мемлекеттік облигацияларын мақсатты түрде сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мұндай шараның қолданылуы еуроаймақта күрделі қаржылық мәселелердің бар екенін көрсетеді. Оларды еңсеру немесе кем дегенде салдарын уақытша жеңілдету үшін төтенше шаралар қажет болуы мүмкін.

Бұл жағдай Қазақстан үшін де маңызды. Өйткені Еуропалық одақ – еліміздің негізгі экономикалық және сауда серіктестерінің бірі. Еуропа экономикасындағы қиындықтар Қазақстанға инвестиция тарту көлеміне, халықтың сатып алу қабілетіне және экономикалық өсім перспективаларына қатысты бұрынғы болжамдарды қайта қарау қажеттігін көрсетеді. Атап айтқанда, аталған көрсеткіштердің төмендеу ықтималдығын ескерген жөн.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Энергетика қаржы нарығының шырмауында

Цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту еліміздің ұлттық басымдығы ретінде белгіленді. Алайда бұл бағыттардың негізінде электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі жатыр.

Су тапшылығымен күрес: Қазақстан ШЫҰ елдеріне тәжірибесін таныстырды

«Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында суды үнемдеуге негізделген егіншілікті дамыту жөніндегі бастамаларын ұсынды. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова бастаған делегация Қытайдың Шэньси провинциясында өткен 33-ші Янлин ауыл шаруашылығы көрмесі аясындағы іс-шараларға қатысты.

Қорғаныс министрлігі әскери реформаның негізгі бағыттарын таныстырды

Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мақұлданған кешенді әскери реформа жүзеге асырыла бастады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, реформа аясында Қарулы күштердің құрылымы, әскери басқару жүйесі, әскерлерді даярлау, әскери қызмет өткеру тәртібі мен әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау тетіктері жаңартылады. Реформа барысында Қарулы күштердің құрылымы мен құрамын жетілдіру, қорғанысты жоспарлау жүйесін жаңарту, жұмылдыру даярлығын күшейту және резерв жасақтау ісін дамыту көзделген.

Қашаған дауы: халықаралық төрелік сот Қазақстанның 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Бұл туралы алғашқы ақпарат Bloomberg агенттігінде өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып жарияланды . Агенттіктің хабарлауынша, халықаралық төрелік сот Қазақстан үкіметінің Қашаған кен орнындағы даулы шығындарға байланысты ExxonMobil компаниясына және жобаға қатысушы өзге де компанияларға қойған шамамен 12 млрд АҚШ доллары көлеміндегі талабын жарамсыз деп таныған.