Сонымен, Құрылтай сайлауы аяқталды. Ендігі кезекте Үкімет жасақталып, вице-президент пен Халық Кеңесі құрылады. Осымен мемлекеттік билік жүйесін Конституцияға сәйкес қайта құру үдерісі негізінен аяқталмақ. Алда тағы бір кезектен тыс сайлау өтуі де ғажап емес. Бірақ оның болу-болмауы әлемдегі геосаяси ахуалдың қалай өрбитініне және жаңа Үкіметтің жұмысы қаншалықты нәтижелі болатынына байланысты. Сондықтан енді сыртқы факторларды емес, Қазақстан экономикасының өз ішінде қордаланған мәселелерге назар аударайық.Әңгімені сайлауда дауыс берген азаматтардың тұрмысынан бастайық. Бірінші тоқсандағы дерек бойынша, Қазақстандағы отбасы бюджетінің орташа есеппен 48,6%-ы азық-түлікке жұмсалған . Бұл көрсеткіште аз да болса оң өзгеріс бар – азық-түлік шығыны жалпы бюджеттің жартысынан төмендеген. Ақылы қызметтердің үлесі 21,7%-ға жетіп, айтарлықтай өскен. Оның едәуір бөлігі тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тиесілі. Несие төлемдеріне отбасылық табыстың 7,6%-ы жұмсалады, бұл көрсеткіш те артқан. Нәтижесінде киім-кешек пен аяқкиімге, дәрі-дәрмекке, білім алуға, жол жүруге және өзге де қажеттіліктерге бюджеттің небәрі 19,9%-ы қалады. Демек, өзге қажеттіліктерге отбасы бюджеті жетпейді.
«Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген екінші телефон сауалнамасының нәтижесі бойынша азаматтардың 73,8%-ы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға ниетті.
2022 жылдан бері кеңінен қолданылып келе жатқан ұшқышсыз ұшу аппараттары қазіргі әскери қақтығыстардың сипатын едәуір өзгертті. Бұл саладағы маңызды мәселелердің бірі – қару-жарақтың экономикалық тиімділігі. Дрондар мен оларға қарсы құралдардың, әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешендерінің, байланыс және нысананы дәлдеу жүйелерінің құны мемлекеттің қорғаныс шығынына шамадан тыс салмақ түсірмеуге тиіс. Осыған байланысты Пентагон ауыр барлау және соққы жасауға арналған MQ-9 Reaper дрондарын пайдаланудың тиімділігіне қайта баға бере бастады.
Посткеңестік кезеңде Ресейге Солтүстік теңіз жолының инфрақұрылымын дамыту үшін қаржы үнемі жетіспей келеді. Солтүстік теңіз жолының стратегиялық маңызына қарамастан, оның инфрақұрылымын дамытуға бөлінген қаражаттың мақсатсыз жұмсалу мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Алайда қолдау күтпеген жерден келді. Дональд Трамптың Иранмен соғыс бастауы және Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленістің күшеюіне түрткі болуы Бейжіңнің Солтүстік теңіз жолына деген қызығушылығын арттырды. Нәтижесінде Sea Legend Shipping компаниясы осы бағыт бойынша апта сайын тұрақты контейнерлік рейс жүргізуді қолға алды. Бұл енді жекелеген сынақ сапарлары емес, ауқымды әрі тұрақты логистикалық тасымал деңгейіне көшуді білдіреді.
Партиялардың Құрылтай сайлауы аясындағы үгіт-насихат науқаны бел ортасынан асты. Дегенмен, саяси ұйымдар сайлаушыларға әлі күнге дейін соны әрі соны политтехнологиялық шешім ұсына алған жоқ. Партиялардың саяси кеңестері тек әкімшілік ресурстың көмегіне сүйеніп отырғандай әсер қалдырады.