Евразия24ЖаңалықтарҮстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

|

|

Астана. 18 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Кездесуде Президент 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Петра Сёрлингке алғыс айтты. Бұл Орталық Азияда үстел теннисінен ұйымдастырылатын алғашқы әлем чемпионаты болмақ.

Тараптар алдағы жарыстың маңызына тоқталды. Әлем чемпионатының Астанада өтуі Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да үстел теннисінің кеңінен дамуына ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жастардың үстел теннисіне қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті. Қазір Қазақстанда 260 мыңнан астам адам осы спорт түрімен тұрақты айналысады. Сондай-ақ спортшылар даярлау және жарыстар өткізу үшін қажетті инфрақұрылымды дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді.

Петра Сёрлинг өз кезегінде Қазақстанда үстел теннисінің дамуына көрсетіліп отырған қолдау үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, ITTF-тің бұл спорт түрін одан әрі кеңінен насихаттауға бағытталған жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы үстел теннисінің дамуына қосқан үлесі үшін Петра Сёрлингті II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда жүк көліктерінің жол жүру ақысын төлеу тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстан Үкіметі коммерциялық жүк көліктерінің автомобиль жолдарымен жүру ақысын төлеу тәртібін өзгертуді қарастырып жатыр. Жаңа ұсыныстардың қатарында жылдық абонемент енгізу және тарифтерді саралау бар. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

ЕО-дағы жерасты газ қоймалары 73,75%-ға толған, газды тұтыну қарқыны әдеттегіден жоғары

Еуропадағы жерасты газ қоймаларындағы қор 4 қарашадағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 73,75%-ға дейін азайды. Бұл туралы Еуропаның газ инфрақұрылымы операторларының Gas Infrastructure Europe (GIE) қауымдастығы хабарлады.

АҚШ доллары әлемнің негізгі валюталарына шаққанда нығайып келеді

Жұма күні таңертең АҚШ долларының еуроға, британ фунтына және жапон иенасына шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр.

Уолл-стритте акциялар күрт арзандады, Nasdaq кейінгі бір жарым жылдағы ең үлкен құлдырауға ұшырады

Бейсенбі күнгі саудада АҚШ-тың негізгі қор индекстері күрт төмендеді. Атап айтқанда, Nasdaq индексі 5%-дан астам құлдырап, 2025 жылғы сәуірден бергі ең үлкен шығынмен сауданы аяқтады.