Еуропалық білім алу бүгінде Қазақстан жастарының көпшілігі үшін маңызды мақсаттардың біріне айналды. Бірі сапалы білім алу үшін шетелдік университеттерді таңдаса, енді бірі халықаралық тәжірибе жинап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуды көздейді. Алайда қызығушылықпен қатар көптеген сұрақтар да туындайды. Еуропалық білім беру жүйесінің ерекшелігі қандай? Оқуға түсу қаншалықты қиын? Шетелдік студенттер қандай қиындықтарға тап болады? Жалпы, шетелде оқу шынымен күткен үмітті ақтай ма? Бұл шығарылымда осы сұрақтарға жауап береміз.
Соңғы жылдары қоғамда бір қызық құбылыс байқалады. Бұрын адамның бақытты болуы белгілі бір жетістіктермен өлшенетін: жоғары білім алу, тұрақты жұмыс табу, баспана сатып алу, отбасы құру.
Бүгінде ақпарат қарудан кем емес ықпалға ие болды. Жасанды интеллект арқылы жасалған бейнелер (deepfake), жалған ақпарат, алгоритмдердің ықпалы мен ақпараттық манипуляциялар қоғамның пікіріне, сайлау процестеріне, халықаралық қатынастарға және мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсер етуде. Осындай жағдайда шынайы ақпаратты қалай ажыратуға болады? Бұл шығарылымда осы сұраққа жауап іздедік.
Қазір жасанды интеллект өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып барады. Дегенмен, қоғамда ЖИ адамзатқа қауіп төндіреді деген үрей бар. Жасанды интеллект дамып жатқан заманда адамның рөлі қандай? Қандай қасиеттерді ешбір технология алмастыра алмайды? Осы шығарылымда осы өзекті сұрақтарға жауап іздейміз.
«Тәрбиесі берік отбасыдан шыққан азаматтар ешқашан адаспайды»
Жастар — еліміздің болашағы. Бұл шығарылымда біздің редакция жастар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады: әлеуметтік желілердің ықпалы, зиянды...