Кітапты біз білімнің бұлағы дейміз. Бірақ кітаптың күші тек білім берумен шектелмейді. Ол адамның дүниетанымын қалыптастырады, құндылығын өзгертеді, тіпті тұтас қоғамның бағытына әсер етеді. Бір әдебиет қоғамды алға сүйресе, енді бірі оның ішкі тұтастығын әлсіретуі мүмкін.
3-қыркүйек күні кинотеатрларда Қазақстан, Ресей және Беларусь кинематографистері бірлесіп түсірген «Почтальон победы», ал Қазақстандық прокатта «Жеңіс баласы» атауымен ұсынылатын тарихи фильм шығады. Фильм көрерменді Екінші дүниежүзілік соғыстың атмосферасына апарады. Бұл шығарылымда Азамат Доспанов есімді хатшы жігіттің басты рөлін сомдаған, жастар арасында кеңінен танымал актермен фильм түсірілімі барысында болған қызықты әрі қиын сәттері, түйер ойлары туралы сөз қозғадық.
23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Екі палаталы Парламенттің орнына 145 депутаттан тұратын жаңа Құрылтай келеді. Бұл сайлауға 7 саяси партия мен жүздеген кандидат қатысады.
Соңғы жылдары әлеуметтік желі қоғамға бұрын болмаған бір күш берді. Бұрын бір адамның әрекетіне наразылық білдіру үшін газетке жазу немесе митинг ұйымдастыру керек болса, бүгінде бірнеше сағаттың ішінде мыңдаған адам бір позицияға біріге алады.
Еуропалық білім алу бүгінде Қазақстан жастарының көпшілігі үшін маңызды мақсаттардың біріне айналды. Бірі сапалы білім алу үшін шетелдік университеттерді таңдаса, енді бірі халықаралық тәжірибе жинап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуды көздейді. Алайда қызығушылықпен қатар көптеген сұрақтар да туындайды. Еуропалық білім беру жүйесінің ерекшелігі қандай? Оқуға түсу қаншалықты қиын? Шетелдік студенттер қандай қиындықтарға тап болады? Жалпы, шетелде оқу шынымен күткен үмітті ақтай ма? Бұл шығарылымда осы сұрақтарға жауап береміз.