Евразия24Толғау

Толғау

Қазақстанның технологиялық серпіліс әлеуеті: негізгі сын-қатерлер мен дамудың жаңа кезеңі

Соңғы 30 жылда алғаш рет Конституцияда адам капиталын, ғылым мен инновацияларды дамыту мемлекеттің басым бағыты болып белгіленді. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инновацияларға бағытталған бағдарын мемлекетті институционалдық тұрғыдан күшейтудің нақты стратегиясына айналдыру міндеті тұр. Бұл міндетті жүзеге асыру экономиканы, ғылым мен басқару жүйесін жедел трансформациялау үшін білім өндірісі, кадрлар даярлау және шешімдер қабылдау жүйесін түбегейлі қайта құруды талап етеді. Егер білім беру, ғылым және мемлекеттік басқарудың жай-күйімен айқындалатын іргетас шектеулі күйде қалса, онда бұл бастама инновациялық қызметтің көрінісін жасауға немесе технологиялық тәуелділіктің тереңдеуіне әкеп соғу қаупі бар екені анық.

Қазақстандағы конституциялық және парламенттік реформа: институционалдық тәуекелдер, билік теңгерімі және орнықтылық механизмдері

Мемлекеттік басқару жүйесінде, жоғары заң шығарушы органда, квазимемлекеттік секторда, халықаралық ұйымдар мен партияда көп жылдар бойы атқарған қызметім барысында мемлекеттің тұрақтылығы тек реформалардың мазмұнына ғана емес, сонымен бірге олардың институционалдық тұрғыдан жүзеге асырылу сапасына, биліктің барлық тармақтарының өкілеттіктері мен жауапкершілігінің теңгеріміне де тікелей байланысты екеніне көз жеткіздім. Мақалада ұсынылған пайымдаулар мен қорытындылар жалаң сынға емес, еліміздегі конституциялық және парламенттік реформалардың мемлекет тиімділігін, қоғамның сенімін және елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығын нығайтуға ықпал етуіне деген кәсіби мүдделілікке негізделген.

Қазақстан ғылымы: Даму жолындағы қос кедергі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне негізделген, жаһандық бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуда ғылымның айрықша маңызын ескере отырып, соңғы жылдары барған сайын нақты міндеттер қойып келеді. Осылайша ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Қазақстанның ғылыми қауымдастығын құттықтай келе, ол «ғылыми әлеуетті ел игілігі үшін тиімді пайдалану қажет, ғалымдарымыздың жаңалықтары тек зертханалық немесе кабинет деңгейінде қалып қоймауы тиіс. Нақты нәтиже беретін әрі өндіріске енгізуге болатын жобаларды жүзеге асыру маңызды. Қысқасы, ғылым экономика мен қоғамның сұранысына қызмет етуі керек» екенін ерекше атап өтті.

Трансформациясыз жаңғырту: Қазақстан ғылымының жүйелік мәселесі

Мақалада Қазақстанның ғылыми саласының қазіргі даму үрдістері қарастырылады. Статистикалық көрсеткіштер мен институционалдық ерекшеліктерді талдау негізінде сандық өсімнің «сыртқы» көрсеткіштері мен ғылыми нәтижелер сапасының «ішкі» трансформациясының шектеулілігі арасындағы жүйелік қайшылықтар айқындалады.

Газадан «Бейбітшілік кеңесіне» дейін: жаһандық басқару қағидалары қалай қайта қалыптастырылуда

Дональд Трамптың 2025 жылғы қазанда ұсынған Газа секторындағы оқ атуды тоқтату жоспары дипломатиялық серпіліс және аймақтағы қирауды тоқтатудың соңғы мүмкіндігі ретінде таныстырылды. Бұл жоспар қақтығысушы тараптардың қолдауына ие болып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан мақұлданды. 2025 жылғы 17 қарашада он үш мемлекет Газа секторында Халықаралық тұрақтандыру күштерін (ХТК) құру туралы американдық резолюцияны жақтап дауыс берді.