Евразия24Еуразия патриоттарыҚазақстандық әскери оркестр «Спасская башня» фестивалінде өнер көрсетеді

Қазақстандық әскери оркестр «Спасская башня» фестивалінде өнер көрсетеді

|

|

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Қарулы күштерінің шығармашылық тобы Мәскеуде өтетін «Спасская башня» халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысады. Шара аясында Беларусь, Буркина-Фасо, Италия, Моңғолия, БАӘ, Сербия, Эфиопия және басқа елдердің оркестрлері де өнер көрсетеді. Қазақстандық делегация құрамына Орталық әскери оркестр, Құрмет қарауылы ротасы, би ұжымы мен Орталық ансамбльдің фольклорлық-этнографиялық оркестрі енген. Әскери оркестрдің орындауында қазақстандық композиторлардың туындылары шырқалмақ. Олардың қатарында Темірхан Қужабековтың «Салтанатты шеруі», Нұрғиса Тілендиевтің әндер топтамасы, сондай-ақ көпшілікке белгілі «Әлия» және «Я шагаю по Москве» шығармалары бар. Сонымен бірге фольклорлық-этнографиялық оркестрдің би тобы «Ақсауыт» композициясын орындайды. «Біз өнеріміз арқылы классикалық, заманауи және ұлттық музыканы үйлестіріп, халқымыздың мәдениеті мен дәстүрінің ерекшелігін жеткізуге тырысамыз. «Әрине, басты мақсатымыз – патриоттық рухты және Отанға деген сүйіспеншілікті жеткізу», – деді ҚР Қарулы Күштері Әскери-оркестр қызметінің бастығы, Бас әскери дирижер, подполковник Алмас Ибрагимов.

Евразия24 пікірі:

22–31 тамыз күндері Мәскеуде XVII Халықаралық «Спасская башня» әскери-музыкалық фестиваль өтеді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналғанмерейтойлық шарада әскери оркестрлер классикалық, заманауи, ұлттық жәнепатриоттық музыканы шебер тоғыстырып, тыңдарманға ерекше әсерсыйлайды. Әскери киімдегі оркестрлердің мінсіз орындауындағы әсерлішығармалар мерекелік көңіл күйді айшықтай түспек. Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі құрылғанына отыз жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ол еліміздің алдыңғы қатарлы шығармашылық ұжымдарының біріне айналды. Әскери музыканттар мемлекеттік рәсімдерде, әскери шерулер мен мерекелік концерттерде ғана емес, халықаралық сахналарда да өнер көрсетіп жүр. Оркестр ұжымы Ұлыбританияда, Германияда, Қытайда, Ресейде және өзге де елдерде қазақстандық әскери өнердің деңгейін паш етті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығының негізгі индекстері әртүрлі бағыттағы өзгерістермен жабылды

Нью-Йорк. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС. АҚШ-тың негізгі қор индекстері сәрсенбі...

Лондон Орталық Азия “Капитал Банкiне” және Қырғызстанның криптовалюта желілеріне санкциялар енгізді

Бішкек. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – Ұлыбританияның Сыртқы істер, Достастық...

«Росатом» Түркиядағы «Аккую» АЭС-ін 2026 жылы іске қосуды жоспарлап отыр

  Нижний Новгород. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – «Росатом» мемлекеттік корпорациясы...

«Росатом»: «Пакш-2» АЭС құрылысының алғашқы кезеңі қараша айында басталады

Нижний Новгород. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – «Росатом» мемлекеттік корпорациясының...