Нижний Новгород. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – «Росатом» мемлекеттік корпорациясының жоспарына сәйкес, Венгриядағы «Пакш-2» атом электр станциясының құрылысы қараша айында басталмақ. Бұл жөнінде компания басшысы Алексей Лихачев хабарлады.
«Қараша айында алғашқы бетон құюды жоспарлап отырмыз», – деді ол.
Венгрия парламенті 2009 жылы елдегі жалғыз жұмыс істеп тұрған «Пакш» атом электр станциясын кеңейтуге, яғни қосымша екі энергетикалық блок салуға келісім берген. Жобаның жалпы құны 12,5 млрд еуроға бағаланған. 2014 жылы Мәскеу мен Будапешт АЭС салуға 10 млрд еуроға дейінгі ұзақмерзімді кредит беру туралы келісімге қол қойған.
2022 жылғы тамыз айының соңында Венгрияның атом энергетикасы жөніндегі басқармасы «Росатомға» V және VI энергоблоктарды салуға ресми рұқсат берді. Ал 2023 жылғы мамырда Еурокомиссия нысанды салу және қаржыландыру жөніндегі келісімдерге түзетулерді мақұлдады. Бұған дейін алғашқы бетонды 2024 жылы құю жоспарланған.