РБК хабарлауынша: « «Росатом» бас директоры Алексей Лихачев Ресей атом өнеркәсібінің 80 жылдық мерей тойына арналған концерте Uma2rman тобының қасына шығып, бірге ән шырқаған. Ол Нижний Новгородқа арналған «Сүйікті қала» атты әнді орындап, оның өткен мен бүгінін елестеткенін атап өтті: «Бұл – концерт қана емес, спектакль, ескі кино хроникасынан алынған кадр, өзекті репортаждар жинағы. Бұл – ғажайып повесть, қарапайым көрінген адамдардың тағдырлары. Атом саласының шежіресі – негізін қалаған буынның іргелі еңбегіне арқа сүйей отырып, бүгінгі күнмен үндесіп, болашаққа бағдар ұстаған даму кезеңі. Барлық сценарий сіздердің өмірлеріңіз бен еңбектеріңізден өріліп шыққан. Мен сіздерді осы өнеркәсіптің бір бөлшегі болуға шақырамын», – деді Лихачев.
Евразия24 пікірі:
Ресей атом өнеркәсібі өзінің даму тарихындағы тоғызыншы он жылдыққа елеулі жетістіктермен қадам басты. Бүгінде бұл ел атом электр энергиясын өндіру көлемі бойынша АҚШ, Франция және Қытайдан кейінгі төртінші орынды иеленіп отыр. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы атом энергетикасының толық технологиялық тізбегіне ие – уран кенін өндіруден бастап, атом электр станциялары арқылы энергия өндіруге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Ресей уранды байыту саласында әлем бойынша көш бастап тұр. Бұған қоса, «Росатом» мемлекеттік корпорациясы атом технологияларын шет мемлекеттерге экспорттауда белсенді рөл атқарады. Компанияның қазіргі таңда Үндістан, Бангладеш, Армения, Қытай, Иран, Түркия, Болгария, Беларусь, Мысыр, Венгрия, Финляндия (атап айтқанда, «Ловииса» АЭС-іне отын жеткізу бойынша), сондай-ақ Орталық Еуропаның бірқатар елімен келісімшарттары бар. 2025 жылдан бастап «Росатом» компаниясының халықаралық жобалар қатарына Қазақстан да қосылды. Балқаш жағалауында еліміздің алғашқы атом электр станциясын салу жөніндегі келісім – Ресей мен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі ретінде бағаланып отыр. Жоба күрделі технологиялық шешімдерді талап етіп қана қоймай, ауқымды қаржылық ресурсты қажет етеді. Аталған жетістіктерді ескерсек, Ресей атом өнеркәсібінің даму қарқыны мен нәтижелері аясында Алексей Лихачевтің кәсіби мерейтой аясында өткен концерттік шараға қатысуы орынды.