Евразия24ЭкономикаИнфляция – көзге көрінбейтін жау: Чеботаревтің пікірі

Инфляция – көзге көрінбейтін жау: Чеботаревтің пікірі

|

|

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев былай деп пікір білдірді: «Инфляциямен күрес – маңызды міндет. Иә, бағаның өсуін тежеу және инфляцияны төмендету расымен де аса қажет. Инфляция – халықтың сатып алу қабілетінің әлсіреуіне әкелетін, біздің барлық жинағымыз бен қаржымызды көзге көрінбей жейтін ішкі «коррозия». Жоғары инфляция – экономикалық өсімді мүжіп, күн сайын, әр сәт сайын оның нәтижесін жойып отыратын көзге көрінбейтін жау. Инфляция – қазақстандықтардың әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Сондықтан оны төмендету мен тұрақтандыру – мемлекет алдында тұрған ең өзекті міндеттердің бірі.

Ұлттық қорда оң сальдо қалыптасып отыр. Бұл – инвестициялық табыстың нәтижесі. Осы айда бюджет тапшылығын жабуға Ұлттық қордан бұрынғыдан әлдеқайда аз қаражат тарту жоспарланып отыр. Бұл, әрине, жағымды жаңалық. Бірақ, Ұлттық қордың активтері шетел валютасында сақталады. Тиісінше, инвестициялық табыс та валютада қалыптасады. Ал күн сайын бюджет тапшылығын жабу үшін осы валюта теңгеге айырбасталып, инфляцияны өтеуге және азаматтардың өмір сүру деңгейін белгілі бір деңгейде ұстап тұруға жұмсалады. Алайда тапшылықтың ұлғаюы бұл процесті үдете түсуде. Бұл жағдайда өзімізді өзіміз алдап жүрген жоқпыз ба? Валютаны сатуды ашық әрі нарықтық жолмен жүргізіп жатқанымызды айтып мақтанамыз, Ұлттық қордан аз қаражат алдық дейміз. Алайда, теңгенің әлсіреуі – өзіміз күресіп жатқан инфляцияның басты себептерінің бірі екенін ескере бермейміз. Мүмкін, теңгені қолдауда да дәл сондай нарықтық тетіктерді қолдану мәселесін қарастыру керек шығар? Мәселен, квазимемлекеттік сектор экспорттаушыларына валюталық түсімді міндетті түрде сату талабы қойылған – егер мұны нарықтық тәсіл деп есептейтін болсақ, онда біздегі мүмкіндіктер ауқымы айтарлықтай кең. Қазіргі таңда еліміздің резервтері рекордтық деңгейге жетіп отыр, алайда бұл ресурстар «қаралы күнге» сақтап, бүгінгі күнде тізбектеліп жатқан қиындықтарға бейжай қарап отырмыз. 

Евразия24 пікірі:

«Бұрыннан жұпыны тұрмыс кешкен едік, байлыққа ұмтылудың қажеті де жоқ шығар» деген сөз осындайда еске түседі. Үкімет қолға алған инфляцияны тежеу шаралары оны одан сайын өршітіп отыр. Тамыз айының басында өткен Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев былай деді: «Біз әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тікелей реттеуден бас тартып, енді атаулы әлеуметтік қолдау тетігіне көшетін боламыз». Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті және ең жоғары баға белгілеу механизмі алынып тасталды. Оның орнына 15 пайыздық сауда үстемесіне бақылау күшейтіледі», – делінген. Алайда, шын мәнінде, сауда үстемесіне пайыздық шек қою да белгілі бір шекті мөлшер. Жарайды, бұл – өз алдына маңызды әрі қажет шара делік. Бірақ ол бағаны тежеудің тиімді құралы бола ала ма? Data Hub мәліметінше, биылғы тамыз айында ет пен құс еті санатындағы азық-түлік бағасы Қазақстан бойынша шілдемен салыстырғанда орта есеппен 3,2 пайызға өскен. Бұл – 2011 жылғы қарашадан бергі кез келген ай үшін ең жоғары өсім көрсеткіші. Бұдан бөлек, баға өндіруші деңгейінде – яғни, баға қалыптасуының бастапқы көзінде өсіп жатқаны көрсетілген. Сауда желілері мен дүкендерді үстеме мөлшерден асқаны үшін қанша жазаласа да, олар – азық-түлік инфляциясының басты себебі емес.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.