Александра АЛЁХОВА, Author at Eurasia24 QAZ

Миллиардтаған мемлекеттік қолдау фермерлердің кәсіпкерлікке көшуіне көмектесе алмады
Депутаттық корпус аграрлық саясаттағы жүйелі кемшіліктерге байланысты Үкімет жұмысын кезекті рет сынға алды. Бір топ сенатор Премьер-министрдің алдына қордаланған мәселелер тізімін жайып салды. Олардың қатарында несие беру кезіндегі бюрократиялық кедергілер мен мемлекеттің фермерлер алдындағы субсидиялар бойынша миллиардтаған қарызы бар. Өз кезегінде Олжас Бектенов атқарылып жатқан жұмыстарға «цифрлық оптимизм» тұрғысынан баға берді. Алайда, егер мемлекет қабылдаған шаралар іс жүзінде тиімді жұмыс істегенде, агроөнеркәсіп кешені созылмалы масылдықтан арылып, әлдеқашан қарқынды даму жолына түсер еді. Осы орайда, «20 жылдық мемлекеттік қолдауға қарамастан, ауыл шаруашылығы неге әлі күнге дейін өз аяғына нық тұра алмай келеді?» деген заңды сауал туындайды. Төменде депутаттардың талап-тілектері мен Үкіметтің түсіндірмелеріне негізделген талдауды ұсынамыз.

БЮРОКРАТИЯҒА ҚАРСЫ ЕСЕП

Қазақстандағы мемлекет пен фермерлер арасындағы қарым-қатынас тарихы ұзаққа созылған әлеуметтік экспериментті еске түсіреді. Соңғы бес жылдың ішінде «ойын ережелері», соның ішінде мемлекеттік қолдаудың түрлері мен бағыттары 70-тен астам рет өзгерді. Алайда аграршылар үшін ең қажетті даму құралдары — субсидиялар мен жеңілдетілген несиелерді алу тәртібі әлі күнге дейін оңтайландырылған жоқ. Несие алу үшін бұрынғыдай ондаған құжат талап етіледі, ал ауыл шаруашылығының негізгі ошағы саналатын ауылдық жерлердегі кепілге қойылатын мүлік нарықтық құнынан әлдеқайда төмен бағаланады.

Сенаторлардың депутаттық сауалында көрсетілген салалық маңызды кемшіліктерге тоқталайық:

Бір несиелік өтінімді рәсімдеу үшін 20-дан астам құжат талап етіледі, ал оларды қарау мерзімі кейде 3-4 айға дейін созылады;

Ауылдық жерлердегі кепілге қойылатын мүліктің құны өтімділік коэффициенттері арқылы негізсіз төмендетіледі;

Мал басына белгіленген қаржыландыру лимиті нақты нарықтық бағадан 30-40%-ға төмен;

Бір гектарға шаққандағы қаржыландыру лимиттері нақты өндірістік шығындарды толық өтей алмайды. Кейбір дақылдар бойынша шығынның тек 35-50%-ы ғана жабылады;

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша төлемдер кешіктіріліп жатыр, соның салдарынан фермерлер несиенің толық мөлшерлемесін өз қаражаты есебінен төлеуге мәжбүр;

Аталған бағыт бойынша жинақталған қарыз көлемі 340 млрд теңгеден асты;

Қайта өңдеу кәсіпорындары үшін айналым қаражатын несиелеу мерзімі, маусымдық ерекшеліктерге қарамастан, 12 аймен шектелген;

Ауыл шаруашылығы алқаптарын жалға алу мерзімін ұзарту туралы өтінімдер келісімшарт аяқталуға 3 ай қалғанда ғана қабылданады, бұл ұзақ мерзімді жоспарлауға кедергі келтіреді.

Әрине, сенаторлар Олжас Бектеновтен аталған кемшіліктерді жоюды талап етті.

Үкімет басшысы өз жауабында негізгі екпінді «технологиялық серпіліске» жасады. Ол депутаттарға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) «Agronesie» порталы мен «Agrocredit» қосымшасын қамтитын онлайн-несиелеудің кешенді жүйесін жоспарлы түрде енгізіп жатқанын хабарлады.

Премьер-министрдің айтуынша, енді анықтама жинап шапқылаудың қажеті жоқ – жеке куәлік, салық деректері, тіпті мал басының бар-жоғы туралы құжаттарды өткізу талабы алынып тасталды, себебі барлық мәліметтер дерекқордан автоматты түрде алынады. Ал 5 млн теңгеге дейінгі микронесиелер бойынша алдын ала шешім 5 минут ішінде шығарылады деп уәде етілген. Үкімет басшысының жауабынан үзінді келтірсек:

«АНК қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін бағалаудың екі кезеңдік скорингтік жүйесін әзірлеп, пилоттық сынақтан өткізуде. Бұл жүйе адами факторды барынша азайтып, сұралатын құжаттар көлемін қысқарта отырып, тәуекелдерді объективті әрі жедел бағалауды қамтамасыз етеді. Бірінші кезең — сенімділік скорингі — мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау арқылы (несие тарихы, соттылығының болуы, салық берешегі және өзге де шектеулер) қарыз алушының беделін автоматты түрде тексеру негізінде жүзеге асырылады. Несие тарихы жақсы қарыз алушылар үшін процедура жеңілдетілген режимде өтеді. Екінші кезең жобаның экономикалық тиімділігін бағалауға бағытталған және болжамды өндірістік көрсеткіштер, салалық ерекшеліктер мен нарық конъюнктурасы негізінде төлем қабілеттілігін есептеуді қарастырады.

«Іскер» бағдарламасы аясында 5 млн теңгеге дейінгі микронесиелерге өтінім беру және қарау үшін онлайн-платформа енгізілді, онда алдын ала шешім 5 минут ішінде қабылданады».

Сырттай қарағанда, бұл аграрлық салада бәрі ойдағыдай деген әсер береді. Бірақ сенаторлар мен премьер-министр бір Қазақстан туралы айтып отыр ма деген сұрақ туындайды. Олжас Бектенов атаған шаралардың біразы әлі де сынақтан өтіп жатқан шығар. Алайда депутаттар әдетте сауалдарын әзірлер алдында мәселені мұқият зерттейді, сондықтан олардың қолында қазіргі аграрлық саясаттың табысты мысалдары болуы керек еді.

ӨНІМ ШЫҒЫНЫН КІМ ӨТЕУІ ТИІС?

Қаржыландыру лимиттеріне қатысты даулы мәселе ерекше назар аударуды талап етеді. Депутаттар өсімдік шаруашылығында субсидиялардың шығынның тек «35-50 пайызын» ғана жабатынына және мал басына шаққандағы лимиттердің нарықтық бағадан 30-40 пайызға төмен екендігіне наразы.

Осы орайда: «Аграршылардың талабы тым жоғары емес пе?» деген заңды сауал туындайды. Қордаланған мәселелерден байқалатын фермерлердің ұстанымы өте қарапайым: «Бизнеске қажетті жағармайдан бастап, элиталық тұқымға дейінгі барлық шығынымызды өтеп беріңіздер. Ал біз содан кейін өнім жинап, оның бағасын көтерерміз» дегенге саяды.

Премьер-министр сенаторлардың есіне «Аграрлық несие корпорациясы» шығындардың 70 пайызына дейін қаржыландыратынын, ал «қалған бөлігі қарыз алушының өз қаражаты есебінен жабылуы тиіс» екенін байқап қана ескертті.

«Мұндай тәсіл тәуекелдерді қатысушылар арасында бөлуге және несие ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Премьер-министр депутаттық сауалға берген жауабында.

Және оның бұл пікірі орынды. Егер салық төлеушілер жеке фермерлік қожалықтардың шығындарын толықтай өз мойнына алатын болса, ауыл шаруашылығы біржола «бюджетке масыл» салаға айналады.

Halyk Finance сарапшысы Мұрат Темірханов агроөнеркәсіп кешені туралы ең резонансты жарияланымдарының бірі — «Мықты АӨК» жаңа ұлттық жобасы: мемлекеттік жоспарлау мәселелерінің айқын мысалы» атты еңбегінде фермерлік шаруашылықтардың ондаған жылдар бойы айтарлықтай ілгерілеусіз, тек мемлекеттің қолдауымен ғана күн көріп келе жатқанын тікелей көрсеткен болатын:

«Ауыл шаруашылығы мемлекеттен бюджетке төлейтін салығынан көбірек қолдау ала отырып, тиімділігі төмен және бәсекеге қабілетсіз сала болып қалуда (…) Үкіметтің неліктен ондаған жылдар бойы экономиканың осы секторын дамытуға орасан зор қаражат жұмсап, есесіне ештеңе алмағанына ешкім талдау жасаған жоқ».

Мүмкін, тоқтаусыз берілетін субсидиялар фермерлерді тиімді жұмыс істеуге деген ынтасынан шынымен айыратын шығар? Егер мемлекет кез келген шығынды бәрібір өтеп берсе, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділік үшін күресудің не қажеті бар?

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА «ЖЕДЕЛ» КӨМЕК

Ең күрделі мәселе – субсидиялар бойынша қалыптасқан берешек. Парламенттің қос палатасының депутаттары бұл мәселені 2025 жылы да көтерген болатын. Көріп отырғанымыздай, 2026 жылы да бұл түйткіл өз шешімін тапқан жоқ. Фермерлер төлемдердің кешіктірілуіне байланысты несиелерді толық мөлшерлеме бойынша өз қалталарынан өтеуге мәжбүр екендіктерін айтып, шағымдануда. Сенаторлардың дерегінше, қордаланған қарыз сомасы 340 млрд теңгеге жеткен.

Премьер-министр мәселенің бар екенін мойындағанымен, оның жауабынан жағдайдың тез арада реттелетіні байқалмайды. Бюджет қаражатының шектеулі болуына байланысты «күту парағындағы» өтінімдер көлемі қазірдің өзінде 390 млрд теңгеге жетті. Үкімет бұл борышты бір мезетте емес, кезең-кезеңімен және тікелей ақшалай төлеу арқылы емес, жеңілдетілген несие беру жолымен өтеуді жоспарлап отыр.

Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудан біртіндеп бас тарту – алдағы уақыттың басты мақсаты. Біздің көзқарасымызша, бұл – оңай шешім болмаса да, дұрыс қадам. Өйткені мөлшерлемелерді субсидиялау фермерлерді емес, тікелей банктерді қолдау болып табылады.

2026–2028 жылдарға агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 2 триллион теңгеден астам қаражат бөлінгеніне қарамастан, саланың сапалық секіріс жасауын тек зор сақтықпен күтуге болады. Себебі 2024 жылы Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеріс соңғы 5 жылда 142 млрд теңгенің тиімсіз пайдаланылғанын анықтады. Айта кету керек, бұл да фермерлерге берілген мемлекеттік көмек қаражаты болатын.

Мәселе ауыл шаруашылығы өндірушілеріне төленетін қаржының аздығында емес, оның жан-жаққа шашырауында болып отыр. Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов 2024 жылғы желтоқсанда атап өткендей, елімізде 17 бағыт бойынша субсидияның 67 түрі бар, бірақ олардың тиімділігі өте төмен. Қаражат нақты нәтиже көрсететін шаруаларды қолдаудың орнына, бәріне аз-аздан үлестіріліп келеді.

Сонымен қатар, қазіргі жүйе «кәсіби субсидия алушылардың» тұтас бір тобын қалыптастырды. Аудит барысында төлемдерді иемдену үшін бір малды бірнеше шаруашылық арасында жалған сату және мүлдем орындалмаған құрылыс жұмыстары үшін ақы төлеу фактілері анықталды.

Егер агроөнеркәсіп кешеніндегі кейбір «пысық» фермерлер өздерінің заңсыз схемалары арқылы үнемі қаржылық дау-дамайдың ортасында жүрген тұтас бір салаға көлеңке түсіріп отырса, онда профильді министрлік неге мұндай «ерекше көзге түскендерді» бюджеттік қаржыландырудан біржола шеттетпеске және бұл ұстанымды тұрақты қағидаға айналдырмасқа?

Олжас Бектеновтің сенаторларға берген жауабынан мемлекеттің бизнес үшін қолайлы жағдай жасап жатқанын көреміз. Бұл іс-шаралардың әсері әр ауылға жетіп жатыр ма, ол – бөлек мәселе. Алайда ауыл шаруашылығындағы қазіргі ахуал қазақстандық фермерлердің басым көпшілігін «кәсіпкер» деп атауға әлі де ерте екенін көрсетеді. Бір жағынан, мемлекеттік көмек олардың «күн көрісіне» әрең жетсе, екінші жағынан, дүкендердегі бағаның тұрақты өсуін көріп отырған салық төлеушілер фермерлердің бизнес-тәуекелдерін толық өтеуге міндетті емес.

The post Миллиардтаған мемлекеттік қолдау фермерлердің кәсіпкерлікке көшуіне көмектесе алмады appeared first on Eurasia24 QAZ.

«Болашақ»: стратегиялық инвестиция ма, әлде халық қаражаты есебінен білім алу мүмкіндігі ме?
Қазақстанда «Болашақ» президенттік стипендиясы іске қосылғанына 30 жылдан астам уақыт өткен соң, ел интеллектуалдық элитаны қалыптастыруға бағытталған миллиардтаған қаражаттың іс жүзінде шетелге кетіп жатқан жағдайымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл мәселені Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі — Тілеген Каскин жақында жасаған мәлімдемесінде айқын көрсетті. Оның айтуынша, 7,7 млрд теңге көлеміндегі «Болашақ» стипендиялары белгіленген критерийлерге сәйкес келмей берілген. Әлеуметтік лифт және экономиканың қозғаушы күші болуға тиіс бағдарлама не себепті сыбайлас жемқорлық дауларының көзіне айналды? Неліктен оның түлектері жиі қылмыстық істердің фигуранттары немесе елге оралмаған азаматтар қатарына қосылып жатыр? Бұл материалда еліміздің басты білім беру жобасының құлдырау тарихы талданады.

АЛДАМШЫ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚАЙТА САРАЛАУ

««Болашақ» бағдарламасын басқару барысында елеулі тәуекелдер бар. Жалпы іріктеу талаптарына сәйкес келмегеніне қарамастан, 340 үміткерге 7,7 млрд теңге көлеміндегі стипендия министрліктің жеке шешімімен берілген. Сонымен қатар, бекітілген лимиттен тыс 151 стипендия тағайындалған», – деп Тілеген Каскин 27 сәуір күні Мәжілістегі үкімет сағатында жасаған баяндамасында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы елде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту басым бағыттардың бірі екенін нақты атап өткенімен, жоспарланған 54 жасанды интеллект стипендиясының тек 5-еуі ғана тағайындалып, қалғаны өзге бағыттарға бөлінген.

«Соңғы бес жылда жоғары білім беру жүйесіне жұмсалатын шығыс көлемі 246 млрд теңгеден 472 млрд теңгеге дейін өсті. Студенттер саны 625 мың адамға жетті, ал мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 77 мыңнан астам грантты құрады.

Сонымен қатар жүргізілген мемлекеттік аудит қаржыландырудың екі есеге жуық өсуіне қарамастан, жоғары білім беру жүйесі сапа, ашықтық және нәтижелілік тұрғысынан сәйкес деңгейде ілгерілеуді қамтамасыз етпейтінін көрсетті», – деп Жоғары аудиторлық палата өкілі атап өтті.

Жалпы, мемлекеттік аудит елдің жоғары білім беру саласында бірқатар жүйелі мәселелерді анықтады:

тұрақты әрі дәйекті стратегиялық логикасыз дамып келеді;

мемлекеттік бақылау мен цифрлық басқару тетіктері жеткілікті деңгейде қалыптаспаған;

мемлекеттік білім беру тапсырысы экономиканың нақты сұранысымен жеткілікті түрде ұштаспайды;

мемлекеттік тапсырысты әкімшілендіруде нормативтік және есепке алу мәселелері сақталып отыр;

тәуекелдің сезімтал аймағы студенттерді оқудан шығару және міндетті өтеу талаптарымен байланысты.

Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысы айқын: қазіргі таңда жоғары білім беру жүйесі түпкі нәтижеден гөрі процесті қаржыландыруға көбірек бағытталған.

30 ЖЫЛДЫҚ ДАУЛАР

«Болашақ» бағдарламасы 1993 жылы құрылды. 33 жыл ішінде оны шамамен 13 мың қазақстандық тәмамдады. Бір қарағанда, бұл мақтан етуге тұрарлық елеулі нәтиже болып көрінеді. Алайда «Болашақ» айналасындағы түрлі күмәнді оқиғаларды ескерсек, мұндай бағалауға сақтықпен қарауға тура келеді.

2009 жылдың өзінде Халықаралық бағдарламалар орталығының (стипендия операторы) бұрынғы басшысы Альжан Бралиев 40 «жалған» стипендиатты тізімге заңсыз енгізді деген айыптауларға ілініп, бұл әрекеттер мемлекетке 134 млн теңге көлемінде залал келтіргені айтылған.

Ал 2017 жылы сол кездегі орталық басшысы Жанболат Мелдешов стипендиаттарды бейнежазбада «қойға теңеді» деген ақпарат қоғамға тарады. Бұл жағдай мекеме ішіндегі терең қайшылықтарды ашып көрсетті: қызметкерлер туыстық байланыстардың басымдығына және «қолайсыз» тұлғаларды шеттету әрекеттеріне шағымданған.

Аудиторлар мақсатты мемлекеттік қаражатты лицензиясынан айырылған банктердің депозиттеріне орналастыру фактілерін тіркеген.

Шетелде білім алғаннан кейін Қазақстанда кемінде 5 жыл жұмыс істеу міндеттемесі жүктелсе де, елге оралмаған студенттер мәселесі бұрыннан өзекті күйінде қалып отыр.

2023 жылы сенатор Андрей Лукин міндетті өтеу талаптарының мыңға жуық бұзылу дерегі бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, шамамен 270 түлек шетелде қалып, жобаны іс жүзінде эмиграция құралына айналдырған. Сондай-ақ ол үкіметтің назарын сол кезеңде мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындамаған стипендиаттарға жұмсалған шамамен 6,6 млрд теңгені қайтару мәселесіне аударды.

«Жоғарыда аталған фактілер оқыту бағыттарының тиімсіз таңдалғанын көрсетеді. Алынған мамандықтар пайдаланылмайды, жекелеген жағдайларда жоба эмиграция құралына айналып, 270 түлек шетелде қалып қойған, сондай-ақ бұл жоба «оқу туризміне» ұласып кеткен. Іс жүзінде Орталық (Халықаралық бағдарламалар орталығы, — Ред.) мамандарды еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне сәйкес шетелде даярлау деңгейінің төмендігін көрсетіп отыр. Мұндай жағдайдың туындауына стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың жоқтығы, сондай-ақ бейінді министрлік тарапынан үйлестіру жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмеуі себеп болған».

Бұдан ертерек болған, 2016 жылы АҚШ-та «із-түзсіз жоғалып кеткен» Ержан Еліковтың оқиғасы жауапсыздықтың символына айналды. Бюджеттің 24 млн теңгесін жұмсаған ол отан алдындағы міндетін өтеудің орнына, әлеуметтік желілерде арандатушылық жазбалар жариялап, елмен «мәңгілікке қоштасқан» болатын.

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕКТЕРІ: ЕЛ МАҚТАНЫШЫНАН СОТ АЙЫПТАЛУШЫЛАРЫНА ДЕЙІН

Бағдарламаның тиімділігі, белгілі бір дәрежеде, оның түлектері арқылы көрініс табады. Түлектер тізімінде сәтті мансап құрғандар да, елеулі сәтсіздікке ұшырағандар да бар.

Салық төлеушілердің үмітін ақтаған тұлғалардың қатарында, мысалы, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовты атауға болады. Ол – бүкіл қызмет жолында ешқандай даулы жағдайларға қатысы болмаған және елдің ақша-несие саясатын табысты жүзеге асырып отырған кәсіби мемлекеттік қызметкер.

Асхат Аймағамбетов — қазіргі Мәжіліс депутаты, ал бұрынғы Оқу-ағарту министрі — ел дамуына қосқан үлесі қомақты әрі даусыз, тиімді мемлекеттік қызметкердің тағы бір үлгісі.

Бағдат Мусин – «Қазақтелеком» басшысы, цифрлық даму саласының бұрынғы министрі – елдегі цифрландырудың қарқынды кезеңінде жетекші рөл атқарған және бүгінде де өз кәсіби бағыты бойынша жұмысын жалғастырып келеді.

Ал бұған мүлдем қарама-қайшы — «Болашақтың» атына кір келтірген бағдарлама түлектерінің ішінен шыққан алғашқы министр Қуандық Бишімбаев.

Ол 2001 жылы Джордж Вашингтон университетін тәмамдағаннан кейін мемлекеттік қызметте жоғарылады. Алайда 2017 жылы пара алу және бюджет қаражатын жымқыру күдігімен ұсталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасының екі жылын өтеген соң бостандыққа шығып, көп ұзамай азаматтық жұбайының өліміне байланысты аса ауыр қылмыс ісі бойынша қайтадан қоғам назарында болды.

Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасының тағы екі түлегіне қатысты мысалдар бар. Оларға байланысты шетелде білім алуға жұмсалған бюджет қаражатының тиімділігіне біржақты баға беру қиын.

Ал Бауыржан Байбек – Алматы қаласының бұрынғы әкімі әрі «Нұр Отан» партиясы төрағасының экс-орынбасары – «Ескі Қазақстан» кезеңімен байланыстырылатын тұлғалардың бірі ретінде 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларынан кейін елден тыс жерде жүр. Бір кездері «Болашақ» түлегі ретінде оған саяси аренада жоғары мансап күтілген еді.

Ал Зульфия Сулейменова – бұрынғы экология министрі – қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ерекше тапсырмалар жөніндегі елші қызметін атқарады. Ол жақында Астанада өткен RES-2026 саммитінде Қазақстанның экология саласындағы жетістіктері туралы баяндады. Алайда бұдан үш жыл бұрын, 2023 жылы «Семей орманы» резерватында адам шығынына әкелген ірі өрттен кейін, министр қызметін атқарып жүрген кезінде қаза тапқан орманшылардың туыстарымен кездесуде көз жасына ерік беруі қоғам тарапынан сынға ұшырады. Жас министрге дағдарыс жағдайында тиімді әрекет ете алмады және батыл шешімдер қабылдауда әлсіздік танытты деген айыптар тағылған. Кейінірек ол қызметін ауыстырып, Президент кеңесшісі болып бірнеше жыл бойы көпшілік назарынан тыс қалды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕЛЕРІН ӨЗГЕРТЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ

Бір «болашақтықтың» бір жылдық оқу ақысы орта есеппен 35 млн теңге төңірегінде. 2022 жылдың өзінде Мәжіліс депутаты Айгүл Жұмабаева: «Осыншама шығын шығарылып жатса да, Қазақстан неліктен тапшы мамандықтар бойынша әлі күнге дейін мыңдаған шетелдік маман тартуға мәжбүр?» — деп, бағдарламаның тиімділігіне қатысты орынды сауал тастаған болатын.

«Кодекс аясында (Социалдық кодекс, ол кезде Мәжілісте талқыланып жатқан болатын — Ред.) сыртқы көші-қонға қатысты жаңа тәсілдерді іске асыру қарастырылған және Қазақстанға шетелдік ғалымдар мен тапшы мамандықтар бойынша басқа да мамандарды тарту үшін «Ашық Қазақстан» атты жаңа тұжырымдама жобасы дайындалды. «Болашақ» бағдарламасының жұмыс істеп тұрғанына 29 жыл болды, оған салық төлеушілердің қыруар қаржысы жұмсалуда. Бір «болашақтықтың» бір жылдық оқу құны шамамен 35 млн теңгеге дейін жетеді. Ал мамандар бұрынғыдай әлі де тапшы. Егер мыңдаған «болашақтықтың» ішінен қажетті 200 маман табылмаса және мемлекет жалақысы қазақстандықтардан бірнеше есе жоғары шетелдіктерді тартуға тағы да мәжбүр болса, бәлкім, бұл бағдарламаның тиімділігі мен мақсатқа сәйкестігі туралы мәселе көтеретін уақыт жеткен шығар?» — деп ол сол кездегі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан сұрады.

Бұған мынадай жауап берілген:

«Біз шетелдік мамандарды тартуға бір жылға арналған квота белгілейміз. Сонымен қатар, өз түлектерімізді жиі ескерусіз қалдыратынымыз рас. Осыған байланысты қазіргі таңда көші-қон саясаты тұжырымдамасында, сондай-ақ ілеспе заң жобасы ретінде енгізіліп жатқан «Халықтың көші-қоны туралы» заңға түзетулерде жұмыс берушілердің сұранысты бірнеше жылға алдын ала беруі қарастырылуда. Бұл шетелден мамандарды тарту қажеттілігін немесе бүгінгі күні даярланып жатқан, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алған отандық мамандар есебінен осы сұранысты өтеу мүмкіндігін айқындауға жол ашады», – деп Еңбек министрі түсіндіріп, Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп құнды дағдылар рейтингін әзірлеп жатқанын хабарлады.

Алайда осы мәлімдемеден кейін оның нақты енгізілуі мен Қазақстанда әрі қарай қолданылуына қатысты қандай да бір ашық ақпарат табылмады.

Қазіргі жағдайда «Болашақ» бағдарламасы тағы да дағдарыс кезеңіне тап болғаны байқалады. Жоғары аудиторлық палата аудитіне дейін-ақ бұл жоба қазақстандықтардың санасында «таңдаулыларға арналған артықшылық» және «білім беру туризмі» ұғымдарымен байланыстырылып келген. Ал қазір оған қатысты сын одан әрі күшейе түсті – себебі «Болашақ» түлектерін оқытуға жұмсалған шығындар мен олардың ел дамуына қосқан нақты үлесі арасындағы өзара байланысқа қатысты жүйелі талдау жоқ.

The post «Болашақ»: стратегиялық инвестиция ма, әлде халық қаражаты есебінен білім алу мүмкіндігі ме? appeared first on Eurasia24 QAZ.

Жоюды заңдастыру: иттердің тағдырын ақша шешті
8 сәуірде Мәжіліс «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілген түзетулерді қабылдады. Бұл өзгерістер елдің гуманистік бағыттағы ұстанымын әлсіретіп, қаңғыбас иттерді жаппай жою тәжірибесіне қайта оралуына әкелді. Енді бұл шаралар «қайтарымсыз аулау» деген жаңа атаумен жүзеге асырылмақ. Алайда осыдан небәрі бес жыл бұрын Қазақстанда жануарлар санын реттеудің өркениетті тәсілдеріне көшу мәселесі кеңінен талқыланған еді. Соның нәтижесінде 2021 жылғы заң редакциясы қабылданған болатын. Өкінішке қарай, мемлекет бұл нормаларды тиімсіз деп танып, жергілікті жерлерде гуманистік талаптардың сақталмау деректеріне тиісті назар аудармады. Себебі зарарсыздандыру және чиптеу талаптары болғанына қарамастан, ұсталған қаңғыбас жануарларды көшелерден бұрынғыдай қатыгез тәсілдермен жою жалғаса берді. Бұл өз кезегінде қалалардағы жануарлар санының едәуір артуына кедергі бола алмады.

ТАЛАПТАРДЫҢ ОРЫНДАЛМАУ ДЕРЕКТЕРІ

Тарихи тұрғыдан алғанда, әлемдік тәжірибеге сүйенген Қазақстан 2021 жылы таңдау алдында тұрды: қаңғыбас иттерге жауапсыз қарау тәжірибесін жалғастыру немесе халықаралық деңгейде мойындалған АЗВҚ жүйесін (аулау – зарарсыздандыру – вакцинациялау – қайтару) енгізу. Таңдау екінші нұсқа пайдасына жасалды, алайда бұл уақытша шешім болып шықты. Себебі АЗВҚ жүйесін іске асыруға жауапты адамдар мен ұйымдар қажетті инфрақұрылымды қалыптастырып, жүйелі есеп жүргізудің орнына тек белсенді қызметтің көрінісін жасаумен шектелді. Соның салдарынан мемлекет 2026 жылы қатаң шараларға көшуге мәжбүр.

Жуырда Kazakhstan Press Club алаңында өткен баспасөз конференциясында INUCOBO қауымдастығының жетекшісі әрі заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Лилия Сарсенова 2022 жылдан бері (заң күшіне енген кезден бастап) оның талаптары 90% жағдайда орындалмағанын, ал жануарларды жою бұрын қалай жүргізілсе, қазір де солай жалғасып жатқанын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұрын қабылданған АЗВҚ стратегиясының тиімсіздігі туралы тұжырымдар негізсіз. Зооқорғаушылардың айтуынша, іс жүзінде жергілікті атқарушы органдар гуманистік заңның жүзеге асуына мүмкіндік бермейтін жағдай қалыптастырған — үш жыл ішінде елде небәрі екі мемлекеттік панажай ғана салынған.

Лилия Сәрсенова өңірлік ветеринария басқармаларының ресми жауаптарына негізделген статистикалық деректерді келтірді. Мәселен, Ақмола облысында 2019–2025 жылдар аралығында ауланған жануарлардың жалпы санының (87 923 бас) 77 096-сы жойылған, бұл шамамен 88%-ды құрайды. Мұндай жағдайда депутаттар айтып отырған «гуманизмнің сәтсіздігі» туралы сөз қозғаудың өзі күмәнді, өйткені бұл тәсіл іс жүзінде толыққанды енгізілмеген. Тағы бір мысал Түркістан облысынан келтірілді: 2022 және 2023 жылдары бөлінген бюджет қаражатының 100%-ы (тиісінше 102,3 млн және 95,4 млн теңге) тек «аулау және жою» шараларына жұмсалған. Ал вакцинациялау мен зарарсыздандыру бағдарламалары қаржылық есептерде мүлде көрініс таппаған.

Мәжілісте түзетулерді таныстыру барысында депутат Еділ Жаңбыршин қазіргі жүйені «қисынсыздық» деп атады: «Мемлекет қауіп көзін өз қолымен қоғамдық ортаға қайта қайтарып отыр, қоғамдық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, бұл модель сын көтермейді».

Алайда, нағыз «қисынсыздық» зарарсыздандырылған иттерді табиғи ортасына қайтаруда емес, мемлекеттің бес жыл ішінде мәселенің түпкі себебімен күресе алмауында болып отыр. Атап айтқанда, жануарларды көшеге тастайтын адамдарға бақылау орнатылмады. Мәжіліс ең оңай, бірақ ең қатыгез жолды таңдады. Ветеринария саласындағы жемқорлықпен күресу және жауапсыз иелерді жазалаудың орнына, өзін қорғай алмайтын тіршілік иелерін өлтіруге рұқсат берілді.

ҚАЙТАРЫМСЫЗ АУЛАУ ЭКОНОМИКАСЫ

Баспасөз конференциясында зооқорғаушылар ұсынған баяндамадағы цифрларды талдау барысында мынадай заңдылық анықталды: мәселені шешуге неғұрлым көп қаражат бөлінген сайын, қаңғыбас иттердің саны соғұрлым арта түскен. Бұл жануарлардың өлімін пайда көзіне айналдырған сыбайлас жемқорлықтың классикалық үлгісіне ұқсайды. Ал жаңа түзетулер ветеринарлық қызметтерді «ізгілікті» процедуралар үшін есеп беру міндетінен босатып, бұл қаржы ағынын заңдастырып бермек. Негізінде, олар заңға өзгерістер енгізілгенге дейін де бұл міндетті аса құлықсыз орындап келген болатын.

Қалай болғанда да, сарапшылар ұсынған мәліметтер, сондай-ақ «Аулау – Стерилизациялау – Вакцинациялау – Босату» нормаларының жүзеге асырылу барысы аудиторлық тексеруді қажет етеді. Біз бұл жарияланымда баспасөз конференциясында ашық айтылған ақпаратқа сүйенеміз. Мемлекет тарапынан тиісті жауап болады деп үміттенеміз.

Лилия Сарсенова ұсынған деректер негізінде Абай облысын қарастырайық. 2022 жылы өңірде 12 539 жануар ауланып, оған 25,6 млн теңге жұмсалған. 2024 жылға қарай ауланған жануарлар саны 21 256-ға жетсе, 2025 жылға арналған бюджет 84,3 млн теңгені құрады. Қарапайым есептеулер көрсеткендей, бір жануарды жою «қызметінің» құны 2022 жылы 4 711 теңге болса, 2025 жылға қарай ол 11 089 теңгеге дейін өскен. Панажайларға қаражат жетіспейді деген мәлімдемелер аясында бұл көрсеткіштің үш есеге жуық өсуі байқалады.

Басқа өңірлерде де жағдай осыған ұқсас. Қарағанды облысында 2020 жылы «аулау және жою» шараларына 68,9 млн теңге бөлінген. «Гуманистік» заң қабылданғаннан кейін, 2023 жылы дәл осы мақсаттарға бөлінген қаржы 146,7 млн теңгеге дейін ұлғайған.

Алматы қаласында 2024 жылы «аулау және жоюға» 58,4 млн теңге қарастырылса, 2025 жылы бұл сома 84,9 млн теңгеге дейін өседі. Атырау облысында 2025 жылға жануарларды жоюға 64,8 млн теңге жоспарланған.

Осындай жағдайда Қазақстанда бюджет қаражатын жануарларды жоюға бөлу үздіксіз процеске айналды деген зооқорғаушылардың пікірі қаншалықты негізсіз?

Мәжіліс келтіретін жарақаттану статистикасы (жыл сайын ит қауып алған 41 мың адам, оның 23 мыңы — қаңғыбас иттерден) эвтаназияны негіздеудің эмоциялық құралына айналып отыр. Алайда осы деректердің қаншасы шын мәнінде қараусыз жүрген, бірақ иесі бар үй жануарларына тиесілі екені сарапталған ба? Мұндай жағдайда негізгі жауапкершілік жануар иесіне жүктелуі тиіс емес пе.

Соған қарамастан, адамдардың жауапкершілігін күшейтіп, қатаң санкциялар енгізудің орнына, Мәжіліс ең радикалды шешімді таңдады — қорғануға қауқарсыз жануарларды жоюды заңмен бекітуді жөн көрді.

САЯСАТТЫ ӨЗГЕРТУ ЖЕҢІЛІСТІ МОЙЫНДАУМЕН ТЕҢ

Қабылданған түзетулер ауланған жануарлардың өмір сүру мерзімін барынша қысқартуды көздейді. Бұрынғы заң нормалары оларды бұрынғы немесе жаңа иелеріне беру мүмкіндігін қарастырса, енді міндетті түрде ұстау мерзімі ең төменгі деңгейге дейін қысқартылды: қаңғыбас жануарлар үшін – 15 күн, ал иесі бар жануарлар үшін – 60 күн. Алайда мемлекеттік панажайлардың және тиімді мониторинг жүйесінің жоқтығын ескерсек, нәтиже көбіне бірдей — жануарлар ауланғаннан кейін екі апта өткен соң автоматты түрде жойылады.

Өз сөзінде Лилия Сарсенова мұндай шаралар Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы ұсынымдарына қайшы келетінін атап өтті.

INUCOBO қауымдастығының басшысы былай деп мәлімдеді: «Мәселені тек кешенді шаралар арқылы шешуге болады. Оған жануарларды есепке алу, сәйкестендіру, көбейтуге жатпайтын қаңғыбас және үй жануарларын зарарсыздандыру, сондай-ақ жануарларды қараусыз жіберу мен иесіз қалдыру салдарынан қалыптасатын популяцияның алдын алу кіреді. Сонымен қатар жануарларды өсіруді және олардың айналымын (сауда, өзге де беру түрлері, әкелу және әкету) бақылау қажет. Fondation Brigitte Bardot өкілдері бірнеше қалада әкімдіктермен кездесулер өткізіп, зарарсыздандыру және жануарларды мониторингтеу бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ олар құтырмаға қарсы егілген әрі зарарсыздандырылған иттердің аурудың таралуына тосқауыл қойып, жаңа жануарлардың көшуін шектейтінін түсіндірді», — деді ол. Оның әріптесі, KARE қорының жетекшісі, жануарларға қатысты жүйелі шешімдер саласының сарапшысы, 2021 жылғы заңды әзірлеуге және оның іске асырылуын мониторингтеуге қатысқан Юлия Коваленко өз кезегінде басқа бір мәселені атап өтті — жергілікті деңгейдегі басқару тәжірибесіне объективті бағалау жүргізудің жеткіліксіздігі.

Юлия Коваленко баспасөз конференциясында былай деп атап өтті: «Заң нормаларының ішінара немесе формалды түрде орындалу белгілері тіркелуде, нақты іс-әрекеттер мен жарияланған мақсаттардың арасында сәйкессіздік бар, сондай-ақ кешенді шараларды жүйелі түрде енгізу байқалмайды. Мұндай жағдайда мәселе тек орындауда ғана емес, сонымен бірге қаңғыбас жануарлар санын реттеудің қазіргі моделін айқындайтын басқарушылық шешімдердің сапасына да қатысты туындайды.

Әңгіме тиімсіз модельді таңдау және сақтап қалу үшін, тұрақты теріс нәтижелерге қарамастан оны түзетпеу үшін, нәтижені бағалаудың орнына процесті бағалаумен шектелу үшін, сондай-ақ заң мен оның іс жүзіндегі орындалуы арасындағы алшақтық үшін саяси жауапкершілік туралы болып отыр. Осындай бағалау жүргізілмейінше, тиімсіздіктің нақты себептерін анықтау және қай деңгейде іркіліс болғанын белгілеу мүмкін емес, демек тиімді реттеу жүйесін қалыптастыру да қиын», — деді ол.

Тағы бір назар аударарлық жайт — қаңғыбас жануарларды жою нормасы заңда түзетулер қабылданғанға дейін де болған. 15-бапта агрессия, құтырма және өзге де аурулар жағдайында эвтаназия қарастырылған. Алайда 2022 жылы ел бойынша 80 мыңнан астам жануар жойылып, небәрі 58 ит қана зарарсыздандырылғанын, ал 2025 жылы бұл көрсеткіш барлық ауланған жануарлардың тек 12,6%-ын ғана құрағанын ескерсек, қаңғыбас жануарлардың «агрессивтілігі» қандай өлшемдер бойынша анықталғаны және олардың мінез-құлқына тәуелсіз сараптама жүргізілгені күмән тудырады. Яғни жою туралы шешімдер көбіне нақты негіздемесіз қабылданған.

Сонымен бұл бастаманың нәтижесі қандай болмақ? Бұл — жануарларды қатыгез түрде жоюға, сыбайлас жемқорлыққа бейім жүйе үшін тиімді әрі жауапкершілігі төмен қоғам үшін қолайлы шешім. Қауіпсіздікке бағытталған кезекті реформаның жануарларға эвтаназияны қолдаушылар тарапынан тартымды түрде ұсынылғанына қарамастан, оның бюджет қаражатын қайта бөлу тетігіне айналу қаупі бар. Мұндай жағдайда ең үлкен шығынға ұшырайтыны — қоғамның адамгершілік келбеті.

The post Жоюды заңдастыру: иттердің тағдырын ақша шешті appeared first on Eurasia24 QAZ.

Қазақстандықтар белбеуді бекем буа бастады
Біз 2025 жылы Қазақстан ЖІӨ-нің рекордтық деңгейде өсуі мен ұлттық экономикалық жетістіктердің қарапайым халықтың тұрмыс сапасында тікелей көрініс таппауы мәселесіне қайта оралуға мәжбүрміз. Респонденттермен онлайн-сұхбат жүргізу арқылы өткізілген кезекті зерттеу нәтижелері азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйі мен ресми статистика арасындағы айтарлықтай алшақтықты көрсетті. 2025 және 2026 жылдардағы ақпан айындағы тұтынушылық оптимизм деректерін салыстыру барысында «қазақстандық парадокс» деп атауға болатын бірегей құбылыс байқалды: формалды түрде оптимизм индексі өскенмен, халықтың үштен екі бөлігі елде терең дағдарыс барын ресми түрде мойындайды. Сонымен қатар, азық-түлік пен киім-кешек шығындарын үнемдеуге мәжбүр болғандардың үлесі тарихи ең жоғары көрсеткішке, яғни 79%-ға жетті. Бұл бір жыл ішінде ел азаматтарының «жаңа қалыпты жағдай» жағдайында өмір сүруге бейімделгенін аңғартады.

ТАРИХИ ЕҢ ТӨМЕНГІ КӨРСЕТКІШТЕН РЕКОРДТЫҚ АУЫТҚУҒА ДЕЙІН

«ФОКУС» еркін еуроазиялық әлеуметтанушылар альянсы NielsenIQ компаниясының The Conference Board-пен бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижелерін жариялады.

Әлеуметтанушылар елдің ірі қалаларында тұратын түрлі жастағы 1000 қазақстандық арасында онлайн-сұхбат түрінде сауалнама жүргізді.

«Агрегацияланған индекс алаңдатарлық шындықты жасырып отыр. Қазақстан тұрғындарының 64%-ы ел экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатқанына сенімді («иә» немесе «мүмкін» деген жауаптар). Бұл көрсеткіш 2025 жылдың үшінші тоқсанымен (57%) салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, респонденттердің 47%-ы алдағы 12 айда экономикалық жағдайдың жақсаруын күтпейді, тек 13%-ы ғана оң пікірде. Тағы 40%-ы болжам жасауға қиналатынын білдірген», — делінген жарияланымда.

Сондай-ақ онда қазақстандықтардың тұтынушылық мінез-құлқы күн сайын үнемдеу факторымен айқындалып жатқаны атап өтілген. Респонденттердің 79%-ы күнделікті шығындарды қысқарту шараларын қолға алғандарын мәлімдеді, бұл соңғы төрт зерттеу кезеңі ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады (2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 72% деңгейінде болған). Үнемдеудің ең көп таралған әдістеріне жаңа киім сатып алу шығындарын азайту (63%), үйден тыс жерде тамақтануды шектеу (55%), сыртта көңіл көтеруден бас тарту (52%), сондай-ақ дайын тамақты өзімен бірге алып кету немесе жеткізу қызметінен бас тарту (45%) жатады.

Сырттай қарағанда, бұл өмір салтындағы аса үлкен өзгеріс болып көрінбеуі мүмкін. Алайда кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан миллионға жуық отандасымыз үшін тамаққа тапсырыс беру немесе кино мен түнгі клубтарға бару тіпті де қолжетімді емес.

«EnergyProm» порталының жуырдағы мәліметінше, 2025 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстан халқының 4,8%-ының немесе 172,7 мың отбасы құрамындағы 988,2 мың адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бір адамға шаққанда айына шамамен 58,8 мың теңге) төмен болған. Бір жыл ішінде мұндай санаттағы азаматтардың саны 2%-ға артқан.

Осыдан бір жыл бұрын, 2025 жылдың ақпанындағы ахуал қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда күрделі әрі пессимистік сипатта болатын. Freedom Finance Global сарапшысы Данияр Оразбаевтың ауқымды талдау материалында атап көрсетілгендей, ол кезеңде тұтынушылық сенім индексі (CCI) 93 тармаққа дейін төмендеп, зерттеу тарихындағы ең төменгі көрсеткішке түскен. Сонымен қатар оптимизм деңгейінің жаппай төмендеуі тіркелді: экономикалық жағдайдың жақсаруын күтетіндердің үлесі 45%-дан 40%-ға дейін күрт азайды.

Қазақстандықтардың көңіл-күйі алдағы қиындықтарды күтумен сипатталды, ал инфляциялық болжамдар коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі мен азық-түлік бағасының маусымдық қымбаттауы аясында арта түсті.

Дегенмен, 2026 жылдың басына қарай жағдай қалыптан тыс сипат алды. NielsenIQ ұсынған соңғы деректерге сәйкес, тұтынушылық оптимизм индексі күтпеген жерден 109 тармаққа дейін көтерілді. Салыстырмалы түрде айтсақ, көршілес Түркияда бұл көрсеткіш 99 деңгейінде тұрақтап қалды. Тұтынушылық көңіл-күйді жақсарту бағытындағы күрес оң нәтиже бергендей көрінгенімен, жиынтық индекстің ішкі құрылымындағы деректер басқа шындықты аңғартады. Атап айтқанда, алдағы 12 айда экономикалық жақсаруды күтетіндердің үлесі 40%-дан 13%-ға дейін төмендеп кеткен.

NielsenIQ-дың соңғы есебіндегі тағы бір пікір назар аудартарлық: «Қазақстандық парадокс: тұтынушылық оптимизм индексі рекордтық көрсеткіштерге жеткенімен, азаматтардың 64%-ы елде дағдарыс орнаған деп есептейді». Бұл құбылыстың өзіндік себебі бар — жұмысқа орналасу мүмкіндігін бағалау (респонденттердің 59%-ы бұл мәселеге оң қарайды) сияқты ресми көрсеткіштер халықтың нақты сатып алу қабілетінің төмендігін бүркемелеп тұр. Яғни, халық жұмыс таба алатынына сенімді болғанымен, жалақының күнделікті өмірге жететініне күмәнмен қарайды.

2025 жылғы өңірлік көрсеткіштер де айтарлықтай теңсіздікті көрсетті. «Өңірлер деңгейінде экономикалық жағдайдың өзгеруіне қатысты болжамдар бойынша 20 аймақтың 15-інде оптимизм деңгейінің төмендеуі байқалады. Ең жоғары өсім Ұлытау облысында тіркелді, онда оң жауаптардың үлесі 43,8%-дан 60,7%-ға дейін артты. Бұл ақпан айындағы өңірлер арасындағы ең үздік көрсеткіш болды (…) Ал ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында тіркеліп, сенім деңгейі 45,7%-дан 25,9%-ға дейін құлдырады. Сондай-ақ бір ай ішінде Астана қаласында, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында көрсеткіштің 10 пайыздан астам төмендегені байқалды», — деп жазды сарапшы Данияр Оразбаев өз талдауында.

ТҰРАҚТЫ ӨСІМ ЖӘНЕ ТӨМЕН ТАБЫС

Алайда ресми деңгейде қазақстандық шенеуніктер 2025 жылда да, 2026 жылдың басында да жағдайды тұрақты түрде оң бағалап келеді.

Мәселен, Премьер-министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 15 шілдеде өткен Үкімет отырысында былай деп мәлімдеді:

«Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, 2025 жылы әлемдік экономиканың өсу қарқыны 2,8%-ға дейін баяулайды деп күтілуде. Бұл ретте бірінші жартыжылдықта Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 71,7 долларды құрады. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 6,2%-ға жетті, бұл алғашқы бес айдың көрсеткішінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары. Бұл – соңғы 14 жылдағы ең жоғары мән».

2026 жылдың қаңтарында Үкімет басшысы мен Министрлер кабинеті өткен жылды қорытындылады. Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылы жалпы ішкі өнім өсімі 6,5%-ды құрап, айтарлықтай нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар астықтан рекордтық өнім жиналып, экономиканың нақты секторында тұрақты даму қарқыны байқалды.

Алайда бұл көрсеткіштер әлеуметтік зерттеуге қатысушылардың елдегі жағдай туралы ашық пікір білдіруіне кедергі болмады. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, тұрғындардың 51%-ы тауар сатып алу кезінде жеңілдіктер мен науқандарды жиі іздейтін болған. Сондай-ақ респонденттердің 44%-ы аса қажет емес дүниелерді сатып алуды кейінге қалдырса, 42%-ы бағаларды үнемі салыстырып отыратынын, ал 33%-ы үйреніп қалған заттарының арзан баламаларына көшкенін алға тартты.

Мемлекет пен халық арасындағы диалог барған сайын соқыр мен саңыраудың тілдесуіне ұқсап барады:

Билік: «Экономикалық өсім 6,5%-ды құрады», бұқара: «Халықтың 79%-ы күнделікті шығындарын қысқартты».

Билік: «Инвесторлар үшін қолайлы орта мен тұрақтылық қалыптасты», бұқара: «Халықты ең алдымен қарыздар мен несие мәселесі (23%), сондай-ақ азық-түлік бағасының қымбаттауы (22%) алаңдатады».

Билік: «ЖІӨ-нің нақты өсімі 5,4% деңгейінде жалғасады», бұқара: «Сауалнамаға қатысқан азаматтардың тек 13%-ы ғана алдағы жылдағы экономиканың болашағына сеніммен қарайды».

2025 жылғы ақпанда сарапшы Данияр Оразбаев былай деп жазған: «Қазақстандықтар бағаның қазіргі өсуін уақытша құбылыс ретінде қабылдауда… Бұған, доллар бағамының күрт төмендеуі де әсер етіп отыр». Алайда бір жыл өтіп, «уақытша сипат» туралы түсінік жойылды. Доллар бағамы одан әрі төмендегенімен, тұтынушылар үнемдеуді тоқтатпады, керісінше болашаққа қатысты өмірлік ұстанымдарын өзгерткен: «Экономикалық жағдай жақсарған күннің өзінде, қазақстандықтар бұрынғы тұтыну дағдыларына қайта оралуды жоспарламайды». Бұл — NielsenIQ жүргізген зерттеудің қорытындысы.

Бұл, тұрақтылыққа деген сенімінен айырылған орта таптың экономикалық тұрғыдан күйзеліске ұшырағанының айғағы емес пе?

«Сарапшылар мен Ұлттық банктің биылғы инфляцияға қатысты болжамдарының нашарлауы, сондай-ақ инфляцияның іс жүзінде жеделдеуі тұрғындардың тұтынушылық сеніміне кері әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, нығайған теңгеге қатысты белгілі бір үміт бар. Ұлттық валюта бағамының нығаюы инфляциялық күтулерге оң ықпал етіп, тұтынушылық сенімнің қайта қалыпқа келуіне септігін тигізуі ықтимал», — деп осыдан бір жыл бұрын Freedom Finance Global сарапшысы ескерткен болатын.

Бұл болжам бүгінде шындыққа айналды. Қазіргі таңдағы 109 тармақты құраған «оптимизм» — дәулетті өмірге деген қуаныш емес, халықтың үштен екі бөлігі созылмалы деп қабылдайтын дағдарысқа бейімделуінің көрінісі. Шенеуніктер өсім графиктерін сызып жатқанда, қарапайым халық несие төлеу мен жаңа киім сатып алудың бірін таңдауға мәжбүр.

The post Қазақстандықтар белбеуді бекем буа бастады appeared first on Eurasia24 QAZ.

Су мәселесіндегі әділдік: депутаттар стратегиялық нысандарды мемлекетке қайтаруды талап етті
2026 жылдың басында Қазақстан Үкіметі халықты ауыз сумен 100 пайыз қамту бойынша ауқымды жұмыстардың аяқталғаны туралы ресми есеп берді. Алайда, 2025 жылы мемлекеттік органдарға осы игілікке қол жеткізе алмаған азаматтардан рекордтық көрсеткіштегі 70 мың шағым түскенін ескерсек, бұл мәліметтің шынайылығы күмән тудырады. Сарапшылар мен депутаттар жүйелі су дағдарысының негізгі себебі ретінде стратегиялық су нысандарын жекешелендіру саясатының тиімсіздігін атайды. Олардың айтуынша, жекеменшік құрылымдар ұзақ жылдар бойы тарифтер арқылы қаржы алып келгенімен, тозығы жеткен инфрақұрылымды жаңғыртуға жеткілікті инвестиция салмаған.

ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕГІ ӘЛ-АУҚАТ

Мәтіннің басында айтылған Үкіметтен алынған ақпаратқа толығырақ тоқталып өтейік.

Үкімет сайтындағы жарияланымда былай делінген: «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелеріне арналған Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына дейін халықты ауыз сумен толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының толық орындалғаны туралы баяндады. Оның айтуынша, тапсырманы жүзеге асыру кезеңінде 1,6 мыңнан астам жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 835 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Оның ішінде 132 млрд теңге Арнайы мемлекеттік қордан, яғни қайтарылған активтер есебінен бағытталған. Осылайша, Үкімет тарапынан қаржыландыру мәселесі толық көлемде шешілді».

Бұдан әрі халыққа жоғарыда аталған қаражат есебінен 34 қала мен 756 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылғаны хабарланды. Бұған қоса, жергілікті бюджет есебінен тағы 699 ауылда кешенді блок-модульдері орнатылған.

Вице-министр өз сөзінде: «Салыстырмалы түрде айтсақ, 2021 жылы ауыл тұрғындарының 90 пайызы, ал қала халқының 97,5 пайызы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алған еді. Осылайша, жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, бүгінгі таңда Мемлекет басшысы тапсырмасының нысаналы көрсеткішіне қол жеткізілді. Еліміздің барлық елді мекендері, соның ішінде 90 қала мен халық саны 7,5 млн адамды құрайтын 6 087 ауылдық елді мекен ауыз сумен 100 пайыз қамтылды», — деп атап өтті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің есебін табысты деп бағалауға болар еді, алайда осы Үкімет отырысында бірнеше тапсырма берген Министрлер кабинетінің басшысы Олжас Бектенов басқаша деректерді алға тартты. Премьер-министр 2025 жылы қазақстандықтардан сумен жабдықтау мәселесіне қатысты 70 мың шағым түскенін және тұрғындардың ауыз су сапасына, су берудегі іркілістерге, желілердің тозуына, сондай-ақ жөндеу мен пайдалануға беру мерзімдерінің кешіктірілуіне жиі шағымданатынын мәлімдеді.

«Жаңа желілерге тиісті деңгейде қызмет көрсету бойынша шаралар қабылданбайды, сондай-ақ ауыз су сапасының нормалары сақталмайды. Әкімдіктер әрбір өтініш бойынша тексеру жүргізіп, жосықсыз ұйымдарға қатысты ең қатаң шараларды қолдануы қажет. Ескірген желілер, халық қажеттілігінің артуы және жаңа аудандардың салынуы жүйелерді жаңғыртуды, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ете отырып, қамту аясын кеңейтуді талап етеді», – деп Бектенов Үкімет отырысында атап өтті.

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ТОҚЫРАҒАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Аталған Үкімет отырысынан бір жарым ай өткен соң, президент тапсырмаларының орындалуына қатысты ресми есептерге қанағаттанбаған Мәжіліс депутаттары Премьер-министр Олжас Бектенов пен Бас прокурор Берік Асыловтың атына тікелей өзекті сұрақтар қойды.

2026 жылы 5 наурызда Премьер-министрге жолданған резонансты депутаттық сауалда депутат Бақытжан Базарбек «су саласындағы көлеңкелі құрылымдардың» бар екенін және коммуналдық нысандарды жекешелендіру жүйесінің тиімсіздігін ашық мәлімдеді. Ол Қазақстанның кемінде 10 өңірінде ауыз су желілері жекеменшік компаниялардың иелігіне өтіп, әлеуметтік маңызы бар қызметтің табыс табу құралына айналғанын атап өтті.

Депутаттық сауалда жекешелендірудің салдары нақты мысалдармен келтірілген: «Павлодар қаласындағы ауыз су желілері «Павлодар-Водоканал» ЖШС-нің, Теміртауда — «Аква Трейдинг» ЖШС-нің, Алматы облысының Қаскелен қаласында — «Қаскелен Ж» ЖШС-нің, Шығыс Қазақстан облысында — «Восток Энергоның» меншігіне өткен. Сондай-ақ Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы су жүйелерін «Шахтинск Водоканал» және «Водоканал Новодолинский» серіктестіктері, ал Солтүстік Қазақстан облысында «Булаев Су» мекемесі иеленіп отыр. Алматы қаласының Бостандық және Наурызбай аудандарындағы су құбырлары «Орхан» ЖШС-нің меншігіне берілген. Осы аталған аймақтардың тұрғындары мемлекеттік органдарға су тарифінің негізсіз қымбаттығына, қызмет көрсету сапасының төмендігіне және қожайындар тарапынан құбырларды жаңарту жұмыстарының жүргізілмейтініне шағымданып, ондаған арыз жолдады. Мен бұған дейін айтқандай, еліміздің өзге өңірлерінде де жағдай осыған ұқсас. Халық үшін өмірлік маңызы бар стратегиялық нысандардың қоғам мен мемлекет мүддесіне қайшы қолданылуына, азаматтардың құқығының бұзылуына, әлеуметтік шиеленіс пен ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруіне бұдан былай бейжай қарап отыруға болмайды», — делінген құжатта.

Нәтижесінде, Премьер-министр Олжас Бектенов су нысандарының жекеменшікте болуы көп жағдайда қоғам мүддесіне сай келмейтінін мойындады. Осыған байланысты, қазіргі уақытта Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында аталған нысандарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша сот процестері басталды.

Бұл ретте Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Анарбек Орманмен байланысы бар «Су ресурстары — Маркетинг» компаниясының ісі айрықша мысал болды — кәсіпорын активтері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректерге сүйенсек, «Egov мәліметтері бойынша, «Су ресурстары – Маркетинг» мекемесінің құрылтайшылары ретінде 10 адам тіркелген. Компанияны Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Анарбек Орман басқарады. Ол мемлекеттік қызметке келгенге дейін ұзақ жылдар бойы қалалық су арнасында еңбек еткен. Ал қала әкімі лауазымын 1995-1997 жылдары, яғни су нысандарын жекешелендіру кезеңі басталған уақытта иеленген».

Сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі инфрақұрылымның әбден тозуына байланысты күрделеніп отыр. Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабына сәйкес, елімізде су құбыры желілерінің тозу көрсеткіші орта есеппен 39 пайызды құрайды. Дегенмен «қызыл аймақтарда» (Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары) бұл көрсеткіш 60-70 пайызға жетіп, жағдайдың тым қиын екенін көрсетеді. Ал Атырау қаласындағы сорғы-сүзгі станциясының тозу деңгейі 90 пайызға бағаланып отыр.

Инфрақұрылымның мұндай жай-күйі нысандардың шекті деңгейде жұмыс істеп тұрғанын аңғартады. Сондықтан сумен қамту мәселесіндегі күнделікті кедергілерді «толық қамтылды» деген ресми есептермен бүркемелеу мүмкін емес.

ЖЕКЕМЕНШІКТЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА КӨШІРУ

2026 жылғы жағдай жаңа талаптарды алға тартып отыр. Ұзақ уақыт бойы мемлекет коммуналдық кәсіпорындарды басқаруға алған бизнес құрылымдардың халықтан төлем жинаумен қатар, инфрақұрылымды дамытуға жеткілікті көңіл бөлмей, тек пайда табумен шектелуіне бақылаушы ғана болды.

Депутат Бақытжан Базарбек Премьер-министр мен Бас прокурорға жолдаған хатында бұл мәселені былайша негіздеді: «Ауыз сумен жабдықтау нысандары, соның ішінде магистральдық және таратушы су құбыры желілері өзінің құқықтық табиғаты бойынша стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымға және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары нысандарға жатады деп есептеймін (…) Жаңа Конституция талаптарымен, қоғам мен халықтың мүддесін көздейтін бизнесті жүргізудің әділ шарттарымен жұмыс істегісі келмейтін олигархтар мен бенефициарлардың әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Егер стратегиялық нысандар қоғам мүддесіне қайшы қолданылса, заңсыз иелену немесе теріс пайдалану белгілері анықталса, мемлекет заңдылықты қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті».

Олжас Бектенов бұған жауап ретінде Үкіметтің энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған, бюджеті 1,1 трлн теңгені құрайтын ауқымды Ұлттық жобаны бастағанын мәлімдеді. Бұл қаражат, ең алдымен, 2026 жылдың соңына қарай су көздері мен желілерінің жай-күйін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін ұлттық су теңгерімінің картасын әзірлеуге жұмсалады. Сонымен қатар, суды бақылаусыз ысырап ету мен ұрлауды тоқтату мақсатында «ақылды» есептеу құралдары енгізіледі; Министрлер кабинетінің жоспары бойынша, 2026-2028 жылдар аралығында мұндай құрылғылардың 3,6 млн-нан астам данасы орнатылуы тиіс. Сондай-ақ басқарудың жаңа моделін құру көзделіп отыр, оған сәйкес желілердің техникалық жай-күйіне әкімдіктермен байланысы бар мердігерлер емес, арнайы мамандандырылған мемлекеттік құрылым жауапты болады.

Қазақстанның «су саласын тазарту» кезеңіне нық қадам басқаны байқалады. Үкімет отырыстарындағы министрліктердің мақтауға толы есептеріне қарамастан, Министрлер кабинетінің басшылығы ресми мәліметтерден әлдеқайда шынайы, тіпті кейде оған мүлдем қарама-қайшы келетін балама ақпараттарға ие болып отыр.

Сондықтан Ұлттық жоба аясында бөлінген 1,1 трлн теңге тиімсіз игеріліп, жекелеген мердігерлер мен жеке монополиялардың арасында қайта бөлініп кетпейді деген үміт бар. Коммуналдық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша басталған нақты істер соның айқын дәлелі болса керек.

Көңілге кірбің ұялататын бір ғана жайт бар, бірақ бұл бюрократиялық кедергілердің салдары болуы да ғажап емес: 5 наурызда жолданған депутаттық сауалға Бас прокурор тарапынан әлі де ешқандай жауап болмады. Бәлкім, Берік Асылов бастаған ведомство мамандары Бақытжан Базарбек бастаған депутаттар тобы талап еткендей, өңірлердегі жекеменшікке өтіп кеткен су нысандарын жіті тексеріп жатқан болар. Олай болса, жуырда бұл нысандардың иеліктен шығарылу заңдылығына құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады деп күтеміз.

The post Су мәселесіндегі әділдік: депутаттар стратегиялық нысандарды мемлекетке қайтаруды талап етті appeared first on Eurasia24 QAZ.

Ғарыш жолдарының прагматикасы: неге «Байқоңыр» Ресей үшін басты айлақ болып қала береді
Әлемдегі алғашқы ғарыш айлағы саналатын Байқоңыр – 2026 жылы сәуірдегі Ғарышкерлер күнін еңбек ренессансы жағдайында қарсы алып отыр. 2025 жылғы қарашадағы Союз МС-28 ұшырылымы кезінде болған техникалық апаттан кейін (№31 ұшыру алаңының инфрақұрылымы қатты зақымданған) Ресей Восточный ғарыш айлағына толық көшіп кете ме, әлде «Байқоңырды» қалпына келтіре ме деген сұрақ туындаған еді. Нәтижесінде, 2026 жылдың наурызына қарай (бастапқыда 2026 жылдың қарашасына дейін болатын) күрделі ұшыру кешені толық қалпына келтіріліп, биылғы ұшырылым кестесі қайтадан тығыз жоспарланды. Неліктен Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейдің ғарыш бағдарламасы үшін әлі де баламасыз актив болып қала береді? Себеп ностальгияда емес, баллистика заңдарында, бірегей инфрақұрылымда және бір ғарыш айлағынан екіншісіне оңай көшірілмейтін орасан зор пайдалану тәжірибесінде болып тұр.

«Алтын орбита» – 51,6°

Сарапшылардың айтуынша, «Байқоңырдың» басты артықшылығы – физика, нақтырақ айтқанда баллистика заңдарында.

Жерден ұшатын әрбір зымыран гравитациямен күреседі, ал ұшыру алаңының географиялық орналасуы оның мақсатқа қанша пайдалы жүк жеткізе алатынын анықтайды. Ресейдің пилотталған бағдарламасы үшін, оның өзегі Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) қызмет көрсету болып табылатындықтан, Байқоңыр ғарыш айлағы – ең қысқа әрі ең тиімді жол.

«Ғарыштық зерттеулер және технологиялар» журналының бас редакторы Нұрлан Әселқан атап өткендей, даладағы ғарыш айлағының баллистикалық артықшылықтарын елемеу де, оларды Восточный ғарыш айлағында қайталау да мүмкін емес.

«51.6 – өте қолайлы орбита. “Восточныйды” көп жыл армандап, соған жоспар құрған Ресей осы 51.6 ең маңызды екенін түсінді. Қарапайым мысалмен түсіндірейін: әуежайға тік жолмен тез баруға болады, немесе айналма, қиын жолдармен ұзақ баруға болады. “Восточныйдан” ХҒС-қа ұшу – дәл сол екінші нұсқа: ұзақ, қымбат, тиімсіз. Формалды түрде бұл еңістікке ұшыруға “Восточный” дайын. Бірақ ұшыру – тек старт емес, тұтас операциялар кешені. Қауіпсіздік пен құтқару жұмыстары үшін ұшу траекториясының басым бөлігі құрлықтың үстімен, әрі өзіңнің егемен аумағың арқылы өтуі тиіс. Мәселе де осында: “Восточныйдан” 51,6 еңістікпен ұшқанда жолдың көп бөлігі теңіз үстімен өтеді, ал апат болса, мысалы, үшінші саты істен шықса, экипажы бар кеме үшінші елдердің аумағына құлауы мүмкін. Сондықтан ресейлік мамандар болашақ орбиталық станция үшін 97 градус еңістікті ұсынған еді. Сонда ғана теңіз учаскелері мен шетел аумақтарын болдырмауға болады.

Ал ХҒС-қа ұшулар үшін 51,6 градус еңістегі орбита – ең тиімді. Ол Жердің айналуын барынша пайдалануға мүмкіндік береді, яғни орбита еңістігін өзгертуге қосымша отын жұмсалмайды. Солтүстікте орналасқан “Восточныйда” дәл осы орбитаға жету үшін энергия шығыны көбірек, бұл автоматты түрде жеткізілетін жүктің массасын азайтады – мейлі ол экипаж, модульдер немесе отын болсын. Ғарыш саласында әрбір килограмм маңызды, ал Байқоңырдың “баллистикалық тура жолы” жыл сайын миллиардтаған рубль үнемдейді», – дейді Нұрлан Әселқан.

Оның айтуынша, Ресей “Восточныйды” прагматикалық тұрғыда басқа орбиталардағы міндеттер үшін пайдаланып отыр. Мысалы, болашақ Ресей орбиталық станциясы үшін. Бірақ Байқоңырдағы “алтын жолдан” бас тарту ойында жоқ.

«Байқоңыр – ескірген, тозған, соңғы жылдары оған жеткілікті деңгейде қаржы бөлінген жоқ. Бірақ ол – баламасыз. Бұл – барлық логистикасы осы параметрлерге бейімделген база, одан жай ғана бас тарта салу мүмкін емес», – дейді сарапшы.

Инженерлік іргетас және қалпына келтіру сабағы

2025 жылғы апат ғарыш айлағы үшін үлкен сынақ болды. Ұшыру кезінде қызмет көрсету құрылымының («балкон») бір бөлігі құлаған. Көптеген сарапшылар ұзақ тоқырау болады деп болжаған еді.

Зымыран ұшырылымдарын талдаушы Георгий Тришкин бұл жағдайды «ең нашар сценарий» деп бағалап, ХҒС-қа ұшатын кемелердің ұшырылымдары «белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды» деп жазады. Оның айтуынша, балама алаңдардың болмауы – «көпжылдық көрегенсіз шешімдер мен ресурстарды тиімсіз басқарудың нәтижесі». Ресейлік БАҚ мәліметінше, зымыран ұшыруға қолайлы алаңдар Восточный ғарыш айлағы мен Плесецк ғарыш айлағында бар, алайда олардың ешқайсысы ХҒС бағдарламасы аясында қолданылмаған. «Восточныйда» жүк кемелері – «Прогресс» үшін қажетті инфрақұрылым жоқ, ал пилотталатын «Союз» кемелеріне ұшыру қондырғысы дайын емес. Ал Плесецкте оның солтүстікте орналасуына байланысты баллистикалық жағдайлар мүмкіндік бермейді.

Формалды түрде ғарыш айлақтары жеткілікті болғанымен, Байқоңыр ғарыш айлағын ешкім алмастыра алмайтынын көптеген сарапшылар растады.

Алайда 2026 жылдың сәуіріне қарай №31 алаң қайта іске қосылды. Шын мәнінде, бұл оқиға Сергей Королёв негізін қалаған нысандардың инженерлік әлеуетіне және «Роскосмос» үшін Байқоңырдың маңыздылығына жаңаша қарауға мүмкіндік берді. Инциденттен кейін алғашқы күндердің өзінде-ақ «Роскосмос» қажетті бөлшектердің бар екенін және ұшыру кешенінің тез қалпына келтірілетінін мәлімдеген еді.

2026 жылдың наурызында аяқталған жөндеу жұмыстары шын мәнінде шұғыл әрі өте жедел жүргізілді. Оның аясында 120 тоннадан астам болат конструкция ауыстырылып, электрмен жабдықтау жүйелері толық жаңғыртылды. Байқоңырдың бірегейлігі – оның инфрақұрылымы жай ғана «бетон мен темір» емес, ондаған жылдар бойы қалыптасқан барлық қызметтердің үйлесімді жұмыс істейтін жүйесі.

«Мұндай қуатты нөлден бастап қайта жасау іс жүзінде мүмкін емес. Бұл – үлкен құрастыру-сынақ корпустары, ұшыру қондырғылары бар тұтас кешен, оларды жай ғана көшіріп апару мүмкін емес. Қазір мұны бәрі түсіне бастады, тіпті бұрын консервацияланған учаскелерге де қайтадан жан бітіп жатыр», – дейді Нұрлан Әселқан.

Байқоңырдың тағы бір маңызды артықшылығы – зымыран тасығыштардың бөлінетін бөліктері құлайтын аймақтар. Ғарыш айлағы кең әрі адам тұрмайтын аумақтармен қоршалған, бұл ұшыруларды халық үшін ең аз қауіппен жүргізуге мүмкіндік береді. Ал басқа елдер сынақ өткізу үшін шағын жер телімдерін әрең тапса, Байқоңыр орасан зор кеңістіктер ұсынады.

«Мысал келтірейін. Поляктар өздерінің жеңіл зымыранын сынау үшін 10×10 км аумақ сұраған, бірақ Еуропадан ондай жер таба алмады. Ал Байқоңырда бұған күліп, “ойланбай-ақ 100×100 км бере аламыз” деген. Бұл да оның бірегейлігін көрсетеді», – дейді Нұрлан Әселқан.

ҒАРЫШТЫҚ СИМБИОЗ

Бүгінгі Байқоңыр ғарыш айлағы – бұл тек Ресейдің жалға алған нысаны ғана емес, сонымен қатар ауқымды бірлескен Бәйтерек жобасы. Алайда оның тиімділігі әзірге күмәнді, себебі оған арналған жаңа Союз-5 зымыраны әлі толық іске қосылған жоқ. 2004 жылы құрылған «Бәйтерек» бастапқыда әртүрлі зымыран түрлерін пайдалануға есептелген. Бұл – өз алдына бөлек тақырып. Дегенмен, жоба Қазақстан мен Ресейдің мүдделерін алдағы ондаған жылдарға байланыстырып қойды.

Нұрлан Әселқан атап өткендей, халықаралық ғарыш операторлары, соның ішінде Роскосмос, әлі күнге дейін Байқоңырды ең түсінікті, сенімді әрі тексерілген ұшыру алаңы ретінде қарастырады.

«Бұрын әлемдік операторлар келмейтін, себебі бұл толықтай Ресей жалға алған ғарыш айлағы еді. Ал қазір космодромның Қазақстан юрисдикциясындағы нысандары мен аумақтары пайда болған соң, халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда», – дейді сарапшы.

Қазақстан енді жай ғана жалға беруші емес, технологиялық үдерістің толыққанды қатысушысына айналуға жақын.

«Біздің ғарыш айлағымыз – шын мәнінде баламасы жоқ нысан. Қолданыстан шыққан алаңдарда өмір тоқтағанымен, нақты жұмыс жүріп жатқан жерлерде ол қайта жанданып келеді. Қазақстанның Байқоңырды ғарыштық ұшыру қызметтерінің әлемдік нарығына қайтару, оны халықаралық ғарыш айлағына айналдыру бағыты – жұлдыздарға апарар жолдың әлі ұзақ уақыт ашық болатынының кепілі», – деп түйіндейді Нұрлан Әселқан.

The post Ғарыш жолдарының прагматикасы: неге «Байқоңыр» Ресей үшін басты айлақ болып қала береді appeared first on Eurasia24 QAZ.

Экономика өркендегенімен, табыс төмендеді: Ұлттық экономика министрлігі не дейді?
«Халықтың нақты табыс индексі төмендеуінің бір себебі — жалақы өсімі қарқынының бизнес пайдасынан артта қалуында. Сарапшылардың бағалауынша, компаниялардың шамамен 50%-ы үнемдеу мақсатында еңбекақыны 10%-дан асырмай өсірсе, кейбірі тіпті бұрынғы деңгейде қалдырған. Бұл өз кезегінде алшақтықты тудыруда: ЖІӨ өнеркәсіп, қызмет көрсету және экспорт есебінен артқанымен, бұл қаражат нақты жұмысшылардың жалақысына кешігіп жетеді», — деп Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді. Бұл — бізге ұсынылған түсініктеме. Дегенмен, ҰЭМ келтірген дәлелдер — мәселенің салдары ғана, ал оның негізгі себептері әлдеқайда тереңде жатқанын түсіндіріп көрейік.

ӘДІСНАМА МЕН СЕНІМ АРАСЫНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚ

Соңғы бірнеше айда «Еуразия24» басылымы қазақстандықтардың әл-ауқатының төмендеуіне бірнеше рет назар аударды.

Мәселен, қараша айында біз Қазақстанда халқы кедей өңірлердің саны артқаны туралы жазған болатынбыз.

Ал желтоқсанда Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың «Taldau Talks» подкастында өткен қоғамдық пікірталас қорытындысы бойынша, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің де азаматтардың нақты табысының азаюына қатысты жағдайды растағанын атап өттік.

«Қазіргі таңда біз нақты табыстың айтарлықтай өсімін көріп отырған жоқпыз. Жекелеген тоқсандарда тіпті теріс көрсеткіштер тіркелуде. Бұл жалақының атаулы мәнде өсіп отырғанын аңғартады: жұмыс беруші оны 10–15%-ға ұлғайтқанымен, жоғары инфляция әсерінен халық нақты өсімді сезінбей отыр. Яғни, азаматтардың тұтыну деңгейі мен сатып алу қабілеті бұрынғы күйінде қалып қойды. Ал инфляция жоғарылаған сайын, нақты өсімге қол жеткізу қиындай береді», – деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар, жақында ғана «Halyk Finance» талдауына сілтеме жасай отырып, біз 2025 жылы тіркелген ЖІӨ-нің жоғары өсімі азаматтар табысының ұлғаюына сәйкес келмейтінін жазған болатынбыз. Бұл өткен жылғы экономикалық өсімнің тұрақсыздығын және оған мұнай секторының айтарлықтай әсер еткенін дәлелдейді.

Яғни, Қазақстан экономикасы сырттай табысты көрінгенімен, іс жүзінде жағымсыз үрдістердің белең алып жатқанын сарапшылар қауымдастығы бұрыннан айтып келеді. Алайда, Ұлттық экономика министрлігі бұл жағдайға бейжай қарап, мәселенің бетін ашпауға тырысты. Тіпті 2025 жылдың қарашасында Үкімет Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын қабылдаған кезде де, Серік Жұманғарин басқаратын ведомство тарапынан соңғы мәлімдемедей ашық түсініктеме берілген жоқ.

Енді міне, сәуір айында коммуналдық тарифтердің өсуіне қойылған мораторий аяқталып, қарапайым үй шаруашылықтарының жағдайы қиындай түскен тұста, Ұлттық экономика министрлігі статистикалық көрсеткіштер мен оларды қалыптастыру әдіснамасына, сондай-ақ халық табысын арттыру шараларына қатысты егжей-тегжейлі талдау ұсынды.

«Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша халықтың нақты табыс индексі өткен жылмен салыстырғанда 98,9%-ды құрады. Жан басына шаққандағы орташа табыс 238 070 теңгені көрсетті. Табыстың номиналды өсімі +10,2% болса, нақты өсімі (инфляцияны ескергенде) -1,1%-ды құраған. Нақты табыстың төмендеуі экономикалық өсімнің халықтың әл-ауқатына әлі де толық әсер етпей отырғанын, яғни пайданы қайта бөлу мәселесі туындағанын көрсетеді. Бұл жағдай халықты жұмыспен қамтуды кеңейту, тұрақты жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ жалақыны көтеру жөніндегі шаралардың өзектілігін айқындайды. Аталған шаралар Халықтың табысын арттырудың жаңартылған бағдарламасында қарастырылған», — деп Ұлттық экономика министрлігі өзінің ресми Telegram-арнасында жазды.

Ал келесі хабарламада министрлік «желтоқсан айында қызу талқыланған халықтың нақты табысы 6%-ға төмендеді деген тезис жедел деректерге және «желтоқсаннан желтоқсанға дейінгі» принципіне негізделгенін, яғни бұл жылдық жиынтық динамиканы емес, бір ай ішіндегі көрсеткіштің өзгеруін көрсететінін» мәлімдеді.

Статистикалық тұрғыдан алғанда, бұл түсіндірме қисынды көрінеді. Шын мәнінде, «желтоқсаннан желтоқсанға дейінгі» көрсеткіш қысқа мерзімді динамиканы сипаттайды және оған инфляциялық ауытқулар немесе маусымдық факторлар әсер етуі мүмкін. Алайда, нақты табыстың азайғаны — бұл даусыз факт. ЖІӨ-нің өсуіне қарамастан, динамика бәрібір теріс мән көрсетіп отыр. Демек, Ұлттық экономика министрлігі мәселені жоққа шығармайды, тек оның ауқымын «жұмсартып» көрсетуге тырысады.

ЖҮЙЕЛІК СӘЙКЕССІЗДІКТІ МОЙЫНДАУ

Енді мәтіннің бастапқы бөлігіне қайта оралайық. Министрлік экономикалық өсімнің халықтың әл-ауқатына әлі де толық әсер етпей отырғанын және пайданы қайта бөлу мәселесі туындағанын ашық айтып отыр. Бұл — қосымша құн жасаушы жұмысшылардың емес, қаражаттың бизнес өкілдерінің қолында шоғырлануы сияқты құрылымдық мәселені әшкерелейтін негізгі тұжырым.

«Еңбекақы қоры – компаниялардың тұрақты шығындарының бірі. Кәсіпорын бюджеті жасақталған кезде, әсіресе ірі бизнес субъектілері, бүгінде көбіне сыртқы сипаттағы тәуекелдерді алдын ала есепке алады. Олардың қатарында логистикалық тізбектердің үзілуі, тұрақсыз геосаяси жағдай, санкциялық шектеулер, әлемдік бағалар мен валюта бағамдарының құбылмалылығы және тағы басқалар бар. Бизнес ықпал ете алмайтын осы факторлардың барлығы жалақыны белсенді түрде арттыру мүмкіндіктерін шектейді. Жүйелі мәселе мынада: Қазақстанда жалпы экономикалық көрсеткіштегі (ЖІӨ) жалақы үлесі шамамен 31%-ды құрайды (2024 жылдың қорытындысы бойынша). Салыстырмалы түрде алсақ, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 40%-дан жоғары.

Үкіметтің міндеті — табыстың әділ бөлінуін қамтамасыз ету және бизнестің пайданы тек дивидендтерге ғана емес, сонымен қатар еңбекақы төлеуге көбірек жұмсауына жағдай жасау», — деп Ұлттық экономика министрлігінің жарияланымында жазылған.

Келтірілген негіздеменің қисыны бар десек те, оның талас тудыратын тұстары аз емес. Егер бизнес қауымдастығы тіпті ықтимал пайданың өзіне тәуекелдерді алдын ала есептеп қосатын болса, демек, біздегі ішкі қаржы-экономикалық саясаттың сипаты сондай: кез келген қатердің зардабы экономиканың барлық қатысушыларына тең бөлінбей, негізгі салмақ жұмысшылардың иығына түседі.

Экономикалық субъектілер мұндай белгісіздік жағдайында тек өз мүддесін қорғауға тырысады, ал мемлекет болса толассыз реформаларымен оларды осыған еріксіз итермелеп отырғандай. Соның ең айқын дәлелі — 2025 жылдың соңында салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер қарсаңында инфляцияның екпін алуы. Соның салдарынан биылғы жылдың басынан наурыз айына дейін бағаның өсуі елдегі жағдайды айтарлықтай қиындатты.

Дегенмен, босаңсуға әлі ерте. Жаңа Салық кодексі күшіне енген алғашқы үш айдан кейін экономика енді қалпына келе бастағанда, коммуналдық тарифтердің өсуіне қойылған мораторий де аяқталды. Ал тарифтердің тек жеке тұлғалар үшін емес, бизнес өкілдері үшін де қымбаттайтыны белгілі. Бұл шығындар, сайып келгенде, кез келген өнімнің соңғы құнына әсер етіп, бағаның өсуіне әкеп соғады.

ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕС ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ТӘРТІП

Қазіргі қалыптасқан жағымсыз жағдайды талқылап, алаңдаушылық білдіруге болар еді, алайда Олжас Бектенов басқаратын Министрлер кабинеті үшін мұндай босқа уақыт жоғалту — кешірілмейтін іс. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігі негізгі басымдықты классикалық макроэкономикалық қағидаттарға — инфляцияны тежеу мен бюджеттік тәртіпті нығайтуға бағыттап отыр.

2028 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарына сәйкес, инфляция деңгейін 5-7 пайызға дейін төмендету, нақты табысты 2-3 пайызға арттыру, бюджет тапшылығын қысқарту және Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер көлемін азайту көзделуде. Сонымен қатар «2026 жылы соңғы бес жылда алғаш рет бюджеттің нысаналы трансферттерді тартпастан атқарылып жатқаны» ерекше атап өтілген. Бұл, әрине, құптарлық жетістік болғанымен, аталған қадамның халықтың әл-ауқатына қаншалықты оң әсер еткені әлі де үлкен сұрақ.

Әзірге бұл шаралардың нәтижесі мүлдем байқалмайды. Себебі инфляцияны тежеуге бағытталған қадамдардың жанама әсері ретінде халықтың сатып алу қабілеті артуы тиіс еді, алайда ол табыспен бірге төмендеп кетті. Бюджет қашан тұрақтанып, экономика қай уақытта нығаятыны әзірге белгісіз. Ең бастысы — Үкімет ұсынған шаралар табысты қайта бөлу тетіктерін өзгертуге бағытталмаған.

Тіпті бағдарламаның өзінде мемлекет «еңбекақы қорының үлесін арттыру», «жалақыны көбейту» және «тұрақты жұмыс орындарын ашу» қажеттігін мойындайды. Бірақ бұл қағидалар арнайы бағдарламасыз да белгілі еді. Мәселе — бұған қалай қол жеткізуге болатынында. Кәсіпкерлерді бұған мәжбүрлеу мүмкін емес, өйткені бұл мемлекеттің бизнеске тікелей араласуы болып табылады. Ал ынталандыру тетіктеріне келсек, қазіргі қабылданған шаралар кері әсерін тигізуде: салық реформасы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау әрекеттері нақты сектордың оптимизмін арттырып отырған жоқ. Демек, бюджеттік мекеме қызметкерлерін есептемегенде, жеке сектордағы жұмысшылардың жалақысы өседі деуге әзірге ешқандай негіз көрініп тұрған жоқ.

The post Экономика өркендегенімен, табыс төмендеді: Ұлттық экономика министрлігі не дейді? appeared first on Eurasia24 QAZ.

ЖІӨ өсімі мен халық табысы арасындағы алшақтық: «қағаз жүзіндегі» әл-ауқат
Мемлекеттік органдардың қаржы-экономикалық блогы мен Үкіметтің азаматтардың төмендеп бара жатқан табысына қатысты мәселені жақын арада шешуге бағытталған бастамаларына назар аудара отырып, 2025 жылы ЖІӨ рекордтық деңгейде өскеніне қарамастан, халық табысының не себепті төмендегенін түсіндіретін сараптамалық қорытындыларға қысқаша талдау жасауды жөн көрдік. Бұл тұрғыда жақында ғана Halyk Finance аналитикалық орталығы ресми статистикаға сүйене отырып, үй шаруашылығының табысы мен шығысын егжей-тегжейлі зерттеп, алаңдатарлық қорытындылар жасады.

МҰНАЙ ФАКТОРЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ӨСІМНІҢ СӘЙКЕССІЗДІГІ

«Табыстар мен шығыстар динамикасы — халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын, сондай-ақ экономикадағы тұтынушылық сұраныстың жай-күйін көрсететін маңызды макроэкономикалық индикатор. Біздің есептеулеріміз бойынша, 2025 жылдың 4-тоқсанында қазақстандықтардың ақшалай табысы жоғары инфляция салдарынан 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 2,9%-ға төмендеген. 2025 жылы тіркелген ЖІӨ-нің жоғары өсімі азаматтар табысының артуына толық ықпал етпей отыр. Бұл, бұған дейін атап өткеніміздей, өткен жылғы экономикалық өсімнің тұрақсыздығын және оған мұнай секторының айтарлықтай әсер еткенін айғақтайды», — деп сарапшы Арслан Аронов өзінің аналитикалық тұжырымдамасында мәлімдеді.

Сондай-ақ ол халықтың тұтыну үлгісінің өзгергенін атап өтті: азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығыстардың үлесі артқан, сонымен қатар азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтерге сұраныс біршама тежелген.

«Біздің бағалауымыз бойынша, 2025 жылдың 4-тоқсанында үй шаруашылықтарының шығыстары да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 2,6%-ға төмендеді. Бұған дейін атап өткеніміздей, өткен жылы халықтың табысы мен шығыстарының мұндай қарқынмен азаюы Ұлттық статистика бюросының ЖІӨ-ді түпкілікті пайдалану әдісімен есептеу кезінде көрсеткен үй шаруашылықтарының жоғары тұтыну деңгейіне толық сәйкес келмейді», — деп қорытындылайды Halyk Finance аналитигі.

Біздің пайымдауымызша, ресми статистика мен қатардағы азаматтардың нақты өмір сүру сапасы арасындағы алшақтықтың ұлғаюы бүгінгі таңда ішкі экономиканың басты сынағына айналды.

Еңбекақы факторы да бұл мәселенің ушығуына айтарлықтай әсер етіп отыр. Үй шаруашылықтары бюджетінің құрылымында жалдамалы жұмыс арқылы келетін табыс үлесі 74,9%-ды құрайды. Дәл осы табыс көзінің тоқырауы (2025 жылдың алғашқы үш тоқсанында нақты мәнде -0,4%-ға төмендеуі) тұтыну экономикасының дамуын тежейтін басты кедергіге айналды.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ «ҚЫЗЫЛ» АЙМАҒЫ

Жұмыспен қамту деңгейі ең жоғары секторларда сатып алу қабілетінің төмендеуі айқын байқалады. Экономист Руслан Сұлтанов жалақының номиналды өсімі инфляциялық қысымның салдарынан толық жойылып, тұтас салалардың «қызыл аймаққа» өткеніне назар аудара отырып алаңдатарлық статистикалық деректерді келтірді. Құрылыс саласы қызметкерлерінің сатып алу қабілеті — 13,9%-ға, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласы мамандарының табысы — 13,1%-ға, ал білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлерінің табысы 3,1%-ға төмендеген. Бұл секторларда елдегі барлық жұмысшылардың үштен бірінен астамы, яғни 3,5 млн адам еңбек етеді. Олардың табысының азаюы ішкі сұранысты әлсіретіп, «мұнайшылар» мен «қаржыгерлер» арасындағы әлеуметтік алшақтықты тереңдете түседі.

Аналитик Арслан Аронов Halyk Finance жарияланымында тұтыну моделінің трансформацияланғанын да атап өтеді: ақылы қызметтер мен киім-кешекке сұраныстың төмендеуі аясында азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығыстар нақты мәнде 1,7%-ға өскен. Бұл — халықтың кедейленуінің классикалық белгісі. Бюджеттің 50%-дан астамы тамаққа жұмсалған кезде, қызмет көрсету экономикасы тоқырай бастайды.

Статистикалық деректер орташа жалақысы 840 мың теңгеге жететін қаржы, өндіру өнеркәсібі сияқты жоғары ақы төленетін салалар мен еңбекақысы 280 мың теңге көлеміндегі ауыл шаруашылығы немесе ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) секторлары арасындағы алшақтықтың тек ұлғайып жатқанын растайды. Тұрақты өсімге көшу үшін жалақыны жай ғана индекстеу жеткіліксіз, ол үшін құрылымдық өзгерістер мен еңбек өнімділігін арттыру қажет.

ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР КӨМЕКТЕСЕ МЕ?

Дағдарыстың тереңдеуіне жауап ретінде билік үйреншікті тактикаға — жаңа бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге көшті. «Евразия24» өз жарияланымдарында тиісті KPI (негізгі тиімділік көрсеткіштері) талдауынсыз бірінен соң бірі қабылданатын ұлттық жобалар, бағдарламалар мен даму тұжырымдамалары стратегиялық шешімдерді жоспарлаудағы басты түйткіл екенін бірнеше мәрте атап өткен болатын.

Мәселен, 2025 жылдың қараша айында Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі) халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша бірлескен іс-қимыл бағдарламасын қабылдады. Құжатта негізгі екпін халықтың шамадан тыс берешегімен (несие жүктемесімен) күресуге және инфляцияны монетарлық әдістермен төмендетуге қойылған.

Сонымен қатар, редакциялық бағанда біз Президенттің тапсырмасы бойынша қандай шаралар жүзеге асырылып жатқаны туралы егжей-тегжейлі баяндаған болатынбыз.

Алайда 2026 жылдың ақпанында, қараша айында қабылданған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іс жүзінде толық іске асыру әлі басталмай жатып, Үкімет мамыр айына дейін халық табысын арттыруға бағытталған тағы бір ауқымды бағдарламаны әзірлеуге уәде берді.

«Қазақстанда 1 мамырға дейін алдағы үш жылға арналған халық табысын арттыру бағдарламасы қабылданады. Сондай-ақ инфляция деңгейін 11%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген Президент тапсырмаларын іске асыру мәселесіне арналған кеңесте Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серик Жумангарин мәлімдеді», – делінген жарияланымда.

Аталған кеңесте министрлер цифрландыру барысы мен трансформация жоспарлары жөнінде кезек-кезек баяндама жасады. Қаржы министрлігі салық жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге уәде берді, Денсаулық сақтау министрлігі бірыңғай медициналық жүйе құруды, Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік мектептерге бақылауды күшейтуді, ал Еңбек министрлігі Ұлттық кәсіптерді трансформациялау орталығын құру жоспарын ұсынды.

Егер Қазақстандағы халық табысын арттыру бағдарламаларының негізгі мәселесі түпкі себептерді емес, оның салдарын жоюға ғана бағытталса, онда бұл шаралардан нақты нәтиже бола ма? Үкімет инфляциялық қысымды бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік төлемдерді индексациялау арқылы тежеуге тырысып отыр. Алайда бұл шаралардың әсері ұзаққа бармайды, өйткені қосымша қаражат инфляция ықпалынан тез құнсызданады. Қазақстандағы инфляция тек монетарлық факторлармен шектелмей, жанар-жағармай, электр энергиясы және логистика нарықтарындағы монополиялардың ықпалынан қалыптасқан құрылымдық сипатқа да ие.

Қараша айында Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген бағдарлама мақсаттарының бірі ретінде халықтың шамадан тыс кредиттік жүктемесін төмендету көзделген. Алайда бұл шара үй шаруашылықтарына одан да қатты әсер етуі мүмкін. Көптеген отбасылар үшін несиелер, нақтырақ айтқанда пайызсыз бөліп төлеу тетіктері, нақты жалақы төмендеген жағдайда бұрынғы өмір сүру деңгейін сақтаудың жалғыз құралына айналды. Егер нақты табыстың өсуіне жағдай жасалмай тұрып, қарыз қаражатына қолжетімділік шектелсе, бұл ішкі тұтынудың күрт төмендеуіне және әлеуметтік наразылықтың күшеюіне әкелуі ықтимал.

2026 жылғы мамырға жоспарланған бағдарлама әзірге қабылданған жоқ. Соған қарамастан, оның қысқаша сипаттамасына қарап-ақ белгілі бір қорытынды жасауға болады. Егер ол тағы да баға мониторингі мен уақытша жұмыс орындарын құрумен шектелсе, мұндай бастама бұрынғы бағдарламалардың тағдырын қайталауы әбден мүмкін. Нарықтарды демонополиялау және азық-түлік импортына тәуелділікті төмендету бағытында жүйелі шаралар қабылданбайынша, кез келген «әл-ауқатты арттыру бағдарламалары» шын мәнінде тек статистикалық көрсеткіштермен манипуляция жасау деңгейінде қалып қоюы мүмкін.

2025 жылы екі таңбалы инфляция жалақы өсімінің әсерін толықтай жоққа шығарғаны — шындық. Қазақстандықтардың тұтыну құрылымы да өзгеріп, азық-түлік негізгі шығыс бабына айналды. Бұл да — нақты шындық. Ал табысы төмендеп, тәуекел аймағына түскендердің саны кемінде 3,5 млн адамға жетті. Бұл да — назар аударуға тиіс дерек.

Сөз соңын сарапшы Арслан Аронов тұжырымымен аяқтаған жөн деп санаймыз:

«Халық табыстары мен шығыстарының төмендеу салдарын жұмсарту үшін экономикалық өсімнің сапасын арттыру және атаулы әлеуметтік қолдау жүйесін қайта қарау өзекті міндет болып қала береді. Негізгі басымдықтар қатарында экономиканы құрылымдық әртараптандыру, еңбек өнімділігін арттыру, адами капиталға инвестицияларды ынталандыру, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестік пен бизнес-ортаны дамыту бар. Бұл шаралар нақты табыстарды қалпына келтіруге және үй шаруашылықтары бюджетінің теңгерімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

Енді 1 мамырға дейін Олжас Бектенов басқаратын Үкімет қандай шешімдер ұсынатынын күтеміз.

The post ЖІӨ өсімі мен халық табысы арасындағы алшақтық: «қағаз жүзіндегі» әл-ауқат appeared first on Eurasia24 QAZ.

ҰБТ реформасы: білім сапасын бағалаудың «алтын стандарты» әлсіреп барады
Ондаған жылдар бойы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) мектептегі білім сапасының негізгі көрсеткіші ретінде қарастырылып, түлектер үшін екі-ақ бағытқа жол ашып келді: жоғары оқу орындарында білімін жалғастыру немесе NEET санатындағы жастар қатарына қосылып, әскерге бару. Соңғы 5 жылдағы ҰБТ нәтижелерінің статистикасы жоғары оқу орындарына түсу үшін белгіленген төменгі шекті баллды жинай алмаған түлектер санының тұрақты түрде артып келе жатқанын айғақтайды. Ал тестілеуден өткендердің басым көпшілігінің көрсеткіштері орташа деңгейден аспай отыр. Бұл жағдай ҰБТ «сүзгісі» арқылы орасан зор қазақстандық жастарды әлеуметтік лифт жүйесінен тыс қалдырып жатқан мектептегі білім беру сапасының жүйелі дағдарысын көрсетсе керек. Мәжілістегі «Халықтық» фракциясы Үкіметке ҰБТ барысында жиі жіберілетін қателіктерге тұрақты түрде талдау жасап, соның негізінде оқу бағдарламаларын түзетуді ұсынды. Алайда Ғылым және жоғары білім министрлігінің мектеп білімін бағалау жүйесін жетілдіруге қатысты өз ұстанымы бар.

НЕГЕ «ШЕКТІ БАЛЛҒА» ЖЕТУ ҚИЫН?

Соңғы жылдары ҰБТ төңірегіндегі ахуал жүйелі түрде құлдырап бара жатыр. Тестілеу процесі толықтай цифрландырылып, жыл ішінде бірнеше рет тапсыру мүмкіндігі берілді, тапсырмалардың сапасына бақылау күшейтілді. Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, көрсеткіштер әлі де төмендеп барады.

Мәселен, 2021 жылы негізгі ҰБТ-ға (мамыр–шілде) қатысқан 145 мың адамның 33%-ы шекті балды жинай алмады, ал орташа балл 69 болды. 2022 жылы жағдай одан да күрделене түсті: тестілеуге 154 мың адам қатысып, олардың да үштен бірі ҰБТ-дан өте алмады, ал орташа балл 66-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіштерді қашықтан оқытудың салдарымен және карантин кезеңінде онлайн форматқа бейімделу үдерісімен түсіндіруге болады — 2020–2021 жылдардағы Қазақстандағы білім беру сапасын жоғары деңгейде болды деп айту қиын.

2023 жылы оқушылар мектепке дәстүрлі форматта оралғаннан кейін, шекті балл жинағандардың үлесі 83%-ды құрап, белгілі бір үміт сыйлаған еді. Алайда, кейіннен жағдай қайтадан нашарлай бастады. 2024 жылы әрбір бесінші түлек ҰБТ-дан өте алмаса, 2025 жылы бұл көрсеткіш әрбір төртінші талапкерге дейін жетті. Бұл ретте тестілеуге қатысушылардың жалпы санының артқаны байқалады.

«2025 жылғы негізгі ҰБТ қорытындысы бойынша тестілеуге 210 мыңнан астам талапкер қатысты (салыстыру үшін: 2021 жылы – 145 мың адам). Бұл ретте қатысушылардың тек 76%-ға жуығы (немесе шамамен 161 мың адам) ғана шекті балл жинай алды. Орташа көрсеткіш мүмкін болған 140 баллдың 69-ын құрады. Түлектердің 24%-ы ең төменгі шекті деңгейге жете алмаған. Сонымен қатар, 711 заң бұзушылық тіркеліп, соның салдарынан бірқатар қатысушылардың нәтижелері жойылды. Бұл көрсеткіштер түлектерді даярлау ісіндегі кемшіліктерді және жалпы мектептегі білім беру сапасындағы проблемаларды айғақтайды. Мектептерде сапалы дайындықтың болмауынан ата-аналар жеке репетиторлар мен коммерциялық білім беру орталықтарының көмегіне жүгінуге мәжбүр. Бұл отбасыларға үлкен қосымша қаржылық салмақ салады. Әсіресе, қосымша сабақтардың ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ аз қамтылған және көпбалалы отбасылар дәрменсіз күйде қалып отыр. Соның салдарынан түрлі әлеуметтік топтағы балалардың бастапқы мүмкіндіктері тең болмай шығады, бұл білім алудың тең қолжетімділік принципіне қайшы келеді! Мұндай жағдай білім беру жүйесіне деген сенімді жойып, мыңдаған түлектердің болашағына кері әсерін тигізеді», — деп жазды Қазақстан Халық партиясының Мәжіліс депутаттары Вице-премьер Аида Балаеваның атына жолдаған сауалында. Демек, мәселені жасырып қалу немесе оған көз жұма қарау бұдан былай мүмкін емес.

ЖАҢА ТЕСТІЛЕУ – ШЕШІМ БЕ, ӘЛДЕ ШЕКТЕУ МЕ?

Алайда депутаттардың сынына дейін-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі дәстүрлі ҰБТ-ны халықаралық SAT (Scholastic Assessment Test) тестімен алмастыру бастамасын белсенді түрде көтере бастады. Бұл ұсынысқа сәйкес, аталған тест жаттап алған мәліметтерді емес, талапкерлердің сын тұрғысынан ойлауын және ақпаратты талдай алу қабілетін бағалауға бағытталған. Мұндай дағдылардың қазіргі экономика жағдайында маңызды екені сөзсіз. Дегенмен, SAT тестін барлық мәселенің әмбебап шешімі ретінде қарастыруға болмайды.

Сарапшылар министрліктің бұл экспериментінен үлкен тәуекелдерді көріп отыр.

«SAT тестін тапсыру үшін қазір арнайы дайындық қажет, ал бұл – барлық отбасының қалтасы көтере бермейтін ақылы қызмет. Егер бүкіл жүйе жаңа форматқа көшсе, бұл мүмкіндікке барлығы ие болады. Бұл – оң көрсеткіш. Алайда осы артықшылықтың келеңсіздікке айналып кетпеуі маңызды. Мектептер мен мұғалімдер мұндай өзгерістерге объективті түрде дайын емес. Білімді жаңаша бағалау үшін, алдымен балаларды жаңаша оқыту қажет. Ол үшін мектеп бағдарламасын өзгерту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және негізгі құзыреттіліктерді дамыту керек », – дейді кәсіби бағдар беру маманы Анастасия Алиясова.

Іс жүзінде, егер SAT тесті міндетті болатын болса, ауыл мен қала мектептерінің, сондай-ақ ауқатты және тұрмысы төмен отбасылардың арасындағы алшақтық тереңдеуі мүмкін. Бюджет тапшылығы жағдайында бір жылдың ішінде 600 мың педагогты шұғыл қайта даярлау мүмкін емес екенін ескерсек, бұл реформа жекеменшік білім беру орталықтары үшін кезекті «бизнес-жобаға» айналу қаупі бар.

SAT енгізілмей-ақ, қазіргі тестілеу жүйесінің өзі репетиторлық қызмет нарығының өркендеуіне жағдай жасап отыр. Мектептегі оқу уақытының шектеулігінен түлектер өмірлеріндегі ең маңызды емтихандардың біріне дайындалып үлгермейді. Соның салдарынан көптеген ата-аналар қосымша сабақтар үшін қомақты қаражат жұмсауға мәжбүр. Депутаттардың Аида Балаеваға жолдаған хатында да дәл осы мәселе көтерілген болатын.

Біздің пайымдауымызша, қала оқушыларының жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. Бұған ең алдымен ауыл мектептеріндегі пән мұғалімдерінің тапшылығы себеп болып отыр. Бұл жағдай Ұлттық бірыңғай тестілеудің әлеуметтік саты емес, керісінше, әлеуметтік кемсіту құралына айналғанын көрсетпей ме? Әрине, мұндай түбегейлі қорытынды жасау үшін нақты пән мұғалімінің бар-жоғы мен сол пән бойынша ҰБТ-да алынған балдардың арасындағы тікелей байланысты зерделеу қажет. Алайда, мемлекет тарапынан ауыл жастарына арнап бөлінетін квоталарды есепке алмағанда (бұл да – әлеуметтік теңсіздіктің барын мойындау), орта білім сапасына қатысты мәселелерді ашық әрі шынайы талдау тетіктерін әзірге байқамадық.

«Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі – ҰТО) ресми сайтында өңірлер, аудандар, мектептер бөлінісінде ҰБТ нәтижелерін, жиі кездесетін қателер құрылымын және нәтижелер динамикасын қамтитын арнайы ақпараттық-талдау панелі жұмыс істейді. Бұл панельде әр пән бойынша тақырыптық бөліністе деректер, тест тапсырмаларын орындау деңгейі (игеру пайызы) нақты уақыт режимінде жаңартылып отырады. Аталған мәліметтер өңірлерге талдау жүргізуге және басқарушылық, әдістемелік шешімдер қабылдауға, соның ішінде педагогтердің біліктілігін арттыру мен нысаналы қолдау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді», – деп Аида Балаева депутаттарға жауап берген болатын.

Біз осы талдамалық ақпаратты табу мақсатында ҰТО сайтына жүгіндік. Алайда «UTO-Analitics ақпараттық-талдау панелі» бөліміндегі QR-код ешқандай нәтижеге алып келмеді. Ал «Статистика» бөлімінде жекелеген мәліметтер ұсынылғанымен, олар негізінде толыққанды талдау жасау мүмкін емес: тек облыстар бөлінісінде өтініш бергендер мен ҰБТ-ға қатысқандардың арақатынасы, сондай-ақ бейіндік пәндер комбинациялары туралы ақпарат қана берілген.

БІЛІМ – АРТЫҚШЫЛЫҚҚА АЙНАЛЫП БАРА МА?

«Халық» фракциясы депутаттары мен Вице-премьер арасындағы диалогтан тағы қандай маңызды жайттарды аңғаруға болады? Халық қалаулылары Үкіметке мектеп бітірушілердің мемлекеттік емтихан көрсеткіштерін ҰБТ нәтижелерімен салыстыра отырып, терең талдау жасауды ұсынды. Сонымен қатар, қорытынды бағалар арасындағы алшақтықтың негізгі себептерін анықтау мәселесін де көтерді.

Аида Балаеваның жауабы бірқатар мәселеге назар аудартты: «Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестациясы (орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының меңгерілуін растау) мен ҰБТ (жоғары оқу орындарына конкурстық негізде іріктеу емтиханы) мақсаттары, тәсілдері, бағалау әдістері және жүктеме деңгейі жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мәселен, ҰБТ-да бейіндік пәнге түсетін жүктеме жоғары, бұл тапсырмалардың күрделілік деңгейі бойынша саралануынан көрінеді (7–11 сынып бағдарламасы, 120 тапсырма), сондай-ақ міндетті прокторингпен сүйемелденеді. Ал мектептегі қорытынды аттестацияда (10–11 сынып бағдарламасы) жауаптар ауызша немесе жазбаша түрде беріледі, шағын зерттеу жұмыстары орындалады және бағалау жеке тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар ҰБТ-ға мектеп түлектерінің орта есеппен тек 68%-ы ғана қатысады».

Біздің ойымызша, егер оқушының білімі терең болса, ол кез келген емтиханды — мейлі ол оңай немесе қиын болсын — еш қиындықсыз тапсыра алуы тиіс. Бұл ретте тапсырмалардың күрделілік деңгейі мен білімді тексерудің мақсат-міндеттеріндегі айырмашылықтар айтарлықтай рөл атқармауы керек. Себебі мектеп бағдарламасы барлық оқушы үшін ортақ, ал емтихан немесе тест тапсырмалары тек осы бағдарлама шеңберінен аспайды. Осы тұрғыдан алғанда, мектепішілік бағалау нәтижелерінің ҰБТ көрсеткіштеріне қарағанда жоғары болуының себебі, мектептердің өздері төмен нәтиже көрсетуге мүдделі еместігімен байланысты болуы мүмкін. Яғни оқу орындары әлсіз оқушылардың да бағаларын белгілі бір деңгейде көтеруге тырысады, ал ҰБТ форматында мұндай тәсілге жол берілмейді.

Жүйеде жинақталған проблемаларды терең әрі ашық талдамай тұрып, тек «атауын өзгерту» арқылы — яғни ҰБТ-дан SAT форматына көшу бұл мәселені қалай шешпек? Біздіңше, ҰБТ-да шекті балды еңсере алмаған талапкерлер санының артуы — оқушылардың емес, білім беру жүйесінің көрсеткіші. гер оқушылар мектепте 11 жыл бойы тек мәтінді жаттауға дағдыланса, олардан емтихан кезінде жаппай сыни ойлау қабілетін күту — қисынсыз. Сондай-ақ, мемлекеттік жүйедегі өзге қызметкерлерге қарағанда сансыз реформалардың «тәжірибе нысанына» жиі айналатын, бірақ пікірі ешқашан ескерілмейтін мұғалімдердің де жағдайы мәз емес.

The post ҰБТ реформасы: білім сапасын бағалаудың «алтын стандарты» әлсіреп барады appeared first on Eurasia24 QAZ.

Депутаттар мемлекеттік дәрі-дәрмек жүйесіндегі түйткілдерді шешуді талап етті
Әрине, біз сәл әсірелеп айтып отырмыз. Дегенмен елдегі дәрілік қамтамасыз етудің қолжетімділігі мен үздіксіздігі мәселесіне арналған депутаттар мен үкімет арасындағы соңғы талқылаудан дәл осындай қорытынды туындайды. Мәселе 2025 жылдың желтоқсанында қазақстандықтардың дәріханаларда инсулиннің жоқтығына байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне жаппай шағымдануынан басталды. Бұл – өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі бір ғана мемлекеттік органның құзыретінен шығып, ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі мәселеге айналатынын көрсететін мысалдардың бірі. 2025 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының деректеріне сәйкес, дәрі-дәрмек беруден бас тартуға қатысты 3 мыңнан астам шағым тіркелген.

УАҚЫТ ЕМШІ ЕМЕС

Қазақстандық диабетиктер үшін қалыпты жағдайға айналған инсулин тапшылығы мәселесінен бастасақ. Жыл сайын дерлік желтоқсан айына қарай дәріханаларға бұл препаратты жеткізуде іркілістер орын алады. 2025 жыл да бұл тұрғыда ерекшеленген жоқ. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі «СК-Фармация» қоймаларында препарат тапшылығы жоқ екенін мәлімдейді.

Желтоқсан айының соңында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Әлия Рүстемова жағдайға қатысты төмендегідей түсініктеме берді: «Қазіргі таңда «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының хабтарында аталған дәрілік заттардың қажетті қоры бар. Бұл қор ағымдағы жылдың соңына дейін ғана емес, келесі жылдың қаңтар-ақпан айларын қоса алғанда, алдағы үш айға толық жетеді. Сондықтан пациенттерді препаратпен қамтамасыз етуде ешқандай жүйелі іркілістер жоқ».

Сонымен қатар вице-министр медициналық ұйымдарда да инсулин қоры жеткілікті екенін және тұрғындар қажет болған жағдайда сол жерлерге жүгіне алатынын айтып сендірді. Ресми мәлімдеме солай болғанымен, министрліктің бұл жауабынан өзге нақты шағымдар бойынша жүргізілген тексеріс нәтижелерін кездестіре алмадық. Себебі халықтың Денсаулық сақтау министрлігіне инсулин мәселесімен арыздануы тегін емес екені анық.

2026 жылдың ақпан айында Сенат депутаты Жанна Асанова бұл мәселеге қатысты пікір білдірді. Ол жергілікті уәкілетті органдар әрбір пациентпен жеке жұмыс істеуі тиіс екенін айта келе, препараттарды жеткізу мерзімі мен халықтың нақты қажеттілігі әрдайым сәйкес келе бермейтінін мойындады.

«Мемлекеттік сатып алудың өзіндік ережелері бар. Кейде осы рәсімдердің мерзімі сәйкес келмей жатады, бірақ адам ағзасына «күте тұр» деп айта алмайсың. Сондықтан дәрі-дәрмек жеткізілімі үздіксіз болуы тиіс. Жалпы алғанда, қазіргі басты түйткіл осында. Жүйенің кейбір тұсында іркіліс бар», – деп келтіреді БАҚ сенатордың сөзін.

Ал оның әріптестері Қазақстандағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тиімділігі мәселесін Үкімет деңгейіне дейін көтерді.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ МӘСЕЛЕСІ

«2025 жылғы 24 желтоқсанда Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Дәрі-дәрмек қауіпсіздігін қамтамасыз ету: дәрілік заттардың қолжетімділігі, сапасы және импортты алмастыру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Сарапшылар мен кәсіби қоғамдастық, сондай-ақ пациенттер ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен талқылау барысында импортқа тәуелділіктің жоғары деңгейі, тіркеу, баға белгілеу және сатып алу саласындағы шешімдердің бытыраңқылығы, логистикалық тізбектердің осалдығы мен дәрі-дәрмек саясатындағы ұзақ мерзімді болжамдылықтың шектеулілігі әлі де сақталып отырғаны атап өтілді. Бұл мәселелер медициналық ұйымдар деңгейінде өнімдерді жеткізудің кешігуі немесе орталықтандырылған сатып алу тізімінде жекелеген позициялардың болмауы жағдайында ресурстарды шұғыл қайта бөлу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету схемаларын қайта қарау қажеттілігіне әкеп соғады», — деген деректерді алға тартып, бір топ сенатор Вице-премьер Аида Балаеваның атына депутаттық сауал жолдады.

Сенаторлардың пайымдауынша, басқарушылық және клиникалық шешімдер ұзақ мерзімді жоспарлау шеңберінде емес, көбіне ағымдағы жағдайға бейімделу режімінде қабылданады. Бұл жүйенің тұрақтылығын төмендетіп, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді қиындатады.

Депутаттар созылмалы аурулары бар пациенттерге тегін дәрі-дәрмек тізіміне енгенімен, жүгінген сәтте қоймада жоқ препараттар тағайындалатын жағдайларды мысалға келтірді.

«Бұл ретте препаратты баламалы қаржыландыру көздері есебінен сатып алу қиынға соғады, ал оның бөлшек саудадағы құны күтілген деңгейден айтарлықтай жоғары. Тағы бір мысал: аудандық емханаларда өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектің жеткізілуі кешігуіне байланысты емдеу схемаларын өзгертуге тура келеді. Бұл пациенттердің үрейін туғызып, дәрігерлерге қосымша жүктеме түсіреді. Осындай жағдайлар мемлекеттік саясат деңгейінде жүйелі басқарушылық шешімдер қабылдау қажеттігін көрсетеді», — деп атап өтті депутаттар.

Осыған байланысты сенаторлар Премьер-министрдің бейінді орынбасарынан мынадай шараларды қарастыруды сұрады:

Біріншіден, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесіне жеке бағыт ретінде енгізу мүмкіндігін пысықтау. Бұл ретте мемлекеттік органдар арасындағы жауапкершілікті нақты бөлу, өмірлік маңызы бар дәрілік заттардың ең төменгі қорын белгілеу және жеткізілімдер іркілген немесе өзге де тәуекелдер туындаған жағдайдағы іс-қимыл регламенттерін бекіту ұсынылды. Мысалы, аса маңызды препараттардың бір жылға жететін міндетті қор көлемін және жеткізілім кешіккен жағдайда оларды толықтыру тәртібін айқындау қажет.

Екіншіден, еліміздегі дәрі-дәрмек айналымын нормативтік-құқықтық реттеудің болжамдылығы мен тұрақтылығын арттыру шараларын қарастыру. Оның ішінде, сапа стандарттарын сақтай отырып, жаңа медикаменттерді жедел тіркеу және олардың нарыққа шығу процедураларын жеңілдету тетіктерін енгізу көзделуі тиіс.

Үшіншіден, қымбат тұратын және инновациялық препараттарға деген сұраныстың артуы жағдайында, ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) шеңберіндегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің қаржылық тұрақтылығына талдау жүргізу қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, Сенат депутаттарының пікірінше, отандық фармацевтика өнеркәсібін ынталандыру арқылы импортты алмастыру мәселесімен де тыңғылықты айналысып, дәрі-дәрмекке деген қажеттілікті болжау тетіктерін жетілдіру керек. Шынында кімнің, қашан және қандай дертке шалдығатынын алдын ала дөп басып айту мүмкін емес, ал бюрократиялық кедергілер пациент үшін ең құнды ресурс — уақытты ұрлайтыны анық.

БАРЛЫҒЫ БАҚЫЛАУДА

Біз Аида Балаеваның депутаттарға жолдаған жүйелі, толық жауабын тұтас келтіріп жатпай, тек негізгі тұстарына тоқталуды жөн көрдік.

Мәлімдемеде ең алдымен неге назар аудардық? Вице-премьер дәрі-дәрмек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында енгізілген шараларды атап өтіп, әлі де әзірлеу сатысында жатқан жобаларға сілтеме жасайды.

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу мерзімі 210 жұмыс күнінен 100 күнге дейін қысқартылды. Сонымен қатар, реттеушілік беделі жоғары елдердің (Америка Құрама Штаттары (FDA), Еуропалық Одақ (EMA), Ұлыбритания (MHRA), Жапония (PMDA)) дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары үшін 15 жұмыс күнінен аспайтын жеделдетілген тіркеу тәртібі енгізілді», — деп атқарылған жұмыстар туралы мәліметте көрсетілген.

Ал жоспарларға қатысты мынадай мәліметтер берілген:

«2025 жылғы желтоқсаннан бастап инвестициялар туралы келісімдер (бұдан әрі – ИтК) жасасу тетігі іске қосылды. Бұл құжат инвесторларға ғылымды дамыту (R&D), дәрілік заттарды өндіруді терең оқшаулау (локализация), технологиялар трансфері және экспорт үлесін 40 %-ға дейін жеткізу бойынша міндеттемелер жүктейді. Бүгінгі таңда әлемнің жетекші фармацевтикалық өндірушілерімен (оның ішінде Еуропа елдері, Қытай және Үндістан) серіктестік аясында жалпы сомасы 316,3 млрд теңгені құрайтын 6 ИтК-ге қол қойылды. Аталған келісімдерді ескере отырып, 2028 жылға қарай отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін 15 %-дан 42 %-ға дейін арттыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, дәрілік заттардың 400-ге жуық түрін шығару және 1100-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда (…) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы әзірленді (қазіргі уақытта келісу рәсімдерінен өтуде)».

Демек, Үкімет тек импортқа иек артудың қауіпті екенін түсініп отыр. Себебі геосаяси тұрақсыздық кезеңінде шетелден келетін дәрі-дәрмектің жеткізілу мерзімі кешігуі мүмкін, ал бұл елдің фармацевтикалық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.

Алайда депутаттардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесіне жеке бағыт ретінде енгізу туралы ұсынысына Үкімет тарапынан нақты жауап берілген жоқ. Тек жоғарыда аталған, әлі қабылданбаған Фармацевтика өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасына сілтеме жасаумен шектелді.

Біздің депутаттар мен вице-премьер арасындағы бұл диалогқа ерекше назар аударуымыздың себебі неде? Себебі дәрі-дәрмектің қолжетімділігі — халықтың негізгі қажеттілігі. Ұлттық банктің инфляциялық күтулер бойынша сауалнамаларында респонденттер дәрілік заттарды бағасы ең жылдам өсетін тауарлардың үштігіне дәстүрлі түрде жатқызып келеді. Ал «дәрі-дәрмек» инфляциясы препараттардың тапшылығымен тікелей байланысты. Мысалы, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) маусымы басталғанда вирусқа қарсы препараттардың бағасы күрт өсіп, дәріхана сөрелерінен жоғалып кетеді. Қант диабетімен ауыратындарға, гипертониктер мен жүрек ауруына шалдыққандарға арналған сұранысқа ие медикаменттердің жайы да осындай.

Тіпті беделі жоғары елдерден келетін импорттық дәрілерді тіркеу мерзімі 15 күнге дейін қысқартылғанымен, әлемдік фармацевтика алпауыттары біздің шағын нарыққа біз күткендей жылдам кіруге дайын ба? Әсіресе, ұзақ мерзімді перспективадағы саясатымыздың болжамсыздығын ескерсек, бұл үлкен сұрақ тудырады.

Фармацевтика өнеркәсібін дамыту — экономика үшін өте маңызды, бірақ бұл қазіргі сәттегі дәрі-дәрмек қауіпсіздігімен тең емес. Елімізде ондаған зауыт салуға болады, алайда «СК-Фармацияның» сатып алу жүйесі іркіліспен жұмыс істеп, дәрі-дәрмектің жеткізілу мерзімі пациент ағзасының қажеттілігімен сәйкес келмесе, зауыттардың болуы нақты науқастарды құтқара алмайды.

The post Депутаттар мемлекеттік дәрі-дәрмек жүйесіндегі түйткілдерді шешуді талап етті appeared first on Eurasia24 QAZ.