19–20 маусым аралығында Украина Қарулы күштеріне тиесілі ондаған ұшқышсыз ұшу аппараттары Батыс Қазақстан облысы арқылы ұшып өткенін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, бұл дрондардың бағыты Ресей аумағына соққы жасау ниетімен байланысты болуы мүмкін.
Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас дүйсенбі күні Брюссельде қорғаныс министрлері форматында өткен ЕО Сыртқы істер кеңесінің отырысында Украинаны қаржыландыру мәселелері талқыланғанын хабарлады.
АҚШ билігі Венесуэла мұнайымен қатар, елде өндірілетін алтынды да сатып алуды көздеген. Алайда алтынның шығу тегіне және оны өндіру кезінде заң талаптарының сақталуына қатысты мәселелер бұл жоспарды жүзеге асыруды қиындатты, деп хабарлайды The New York Times (NYT).
Ұлыбритания Әскери-әуе күштерінің базасына шабуыл ұйымдастыруы мүмкін деген күдікпен ұсталғандар Ұлыбритания азаматтары болып шықты. Бұл туралы дүйсенбі күні Sky News полицияның терроризмге қарсы күрес бөлімшесіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.