Евразия24Еуразия патриоттарыЛихачев сахнада, Росатом – Балқашта

Лихачев сахнада, Росатом – Балқашта

|

|

РБК хабарлауынша: « «Росатом» бас директоры Алексей Лихачев Ресей атом өнеркәсібінің 80 жылдық мерей тойына арналған концерте Uma2rman тобының қасына шығып, бірге ән шырқаған. Ол Нижний Новгородқа арналған «Сүйікті қала» атты әнді орындап, оның өткен мен бүгінін елестеткенін атап өтті: «Бұл – концерт қана емес, спектакль, ескі кино хроникасынан алынған кадр, өзекті репортаждар жинағы. Бұлғажайып повесть, қарапайым көрінген адамдардың тағдырлары. Атом саласының шежіресінегізін қалаған буынның іргелі еңбегіне арқа сүйей отырып, бүгінгі күнмен үндесіп, болашаққа бағдар ұстаған даму кезеңі. Барлық сценарий сіздердің өмірлеріңіз бен еңбектеріңізден өріліп шыққан. Мен сіздерді осы өнеркәсіптің бір бөлшегі болуға шақырамын», – деді Лихачев.

Евразия24 пікірі:

Ресей атом өнеркәсібі өзінің даму тарихындағы тоғызыншы он жылдыққа елеулі жетістіктермен қадам басты. Бүгінде бұл ел атом электр энергиясын өндіру көлемі бойынша АҚШ, Франция және Қытайдан кейінгі төртінші орынды иеленіп отыр. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы атом энергетикасының толық технологиялық тізбегіне ие – уран кенін өндіруден бастап, атом электр станциялары арқылы энергия өндіруге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Ресей уранды байыту саласында әлем бойынша көш бастап тұр. Бұған қоса, «Росатом» мемлекеттік корпорациясы атом технологияларын шет мемлекеттерге экспорттауда белсенді рөл атқарады. Компанияның қазіргі таңда Үндістан, Бангладеш, Армения, Қытай, Иран, Түркия, Болгария, Беларусь, Мысыр, Венгрия, Финляндия (атап айтқанда, «Ловииса» АЭС-іне отын жеткізу бойынша), сондай-ақ Орталық Еуропаның бірқатар елімен келісімшарттары бар. 2025 жылдан бастап «Росатом» компаниясының халықаралық жобалар қатарына Қазақстан да қосылды. Балқаш жағалауында еліміздің алғашқы атом электр станциясын салу жөніндегі келісім – Ресей мен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі ретінде бағаланып отыр. Жоба күрделі технологиялық шешімдерді талап етіп қана қоймай, ауқымды қаржылық ресурсты қажет етеді. Аталған жетістіктерді ескерсек, Ресей атом өнеркәсібінің даму қарқыны мен нәтижелері аясында Алексей Лихачевтің кәсіби мерейтой аясында өткен концерттік шараға қатысуы орынды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Тіл саясаты неге жүрмей тұр?

Demoscope қоғамдық пікірді жедел мониторингтеу бюросының мәліметінше: «Үш тілділікке негізделген тілдік модель — қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар дамыту бастамасы — елімізде әлі де қолдау тауып отыр. Алайда «тіл саясаты» мәселесіне қатысты көзқарас тілдік топтар арасында әртүрлі. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысушылардың тіл саясатына қатысты ұстанымдары мынадай үлгіде бөлінді.

ЖІӨ екі еселене ме? Сарапшылар сенімсіз

Екі жыл бұрын Президенттің 2029 жылға дейін ЖІӨ-ні екі есеге ұлғайтып, 450 млрд АҚШ долларына жеткізу жөніндегі тапсырмасы, менің ойымша, тым оптимистік, іске асырылуы күрделі көрінгенімен, белгілі бір шарттар орындалса, жүзеге асуы ықтимал болатын. Ол кезде Қазақстанның сауда балансы мықты, ал әлемдік макроэкономикалық орта қолайлы еді. Мұнайбағасының жоғары болуы, инфрақұрылымға салынған инвестициялар секілді факторлар белгілі бір перспектива берген. 2025 жылдың ортасына қарай жағдай айтарлықтай өзгерді.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Хан сайлауы

Құрамы ұлғайған Парламентте де жағымсыз процестер орын алып, өзара жанжалдасқан елдердің өкілдері жеке-жеке фракцияларға біріге бастады, рулық топтар бір-бірімен тартысты, Федерация мүдделерді аяқ асты етіліп, жергілікті мүдделер күйттелді. Өз экономикаларын дамытудан әрі аса алмаған субъект-елдер Парламентке түк пайдасы жоқ, Үкіметтен өздеріне бірдеңе сұрап алғанды ғана білетін сандалбай-ақсақалдарды делегат етіп жіберді. Әр Мәжілісте Жеңіс не экономикадан, не саясаттан еш хабары жоқ өзімшіл, көпірме мылжыңдар тобырына өз идеяларының дұрыстығы мен іс-әрекеттерін жүзеге асыру жолдарын түсіндіріп әлек болды.

Қазақстан Премьер-Министрі аккумуляторлық материалдар мен никель қорытпалары өндірісін дамытуды тапсырды

Астана. 21 тамыз. INTERFAX-KAZAKHSTAN – Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов...