Евразия24ҚоғамЖасанды интеллект: пайдасы мен қаупі қатар жүр ме?

Жасанды интеллект: пайдасы мен қаупі қатар жүр ме?

|

|

Саясаттанушы Данияр Ашимбаев былай деп жазады: «Құрылғылар мен әлеуметтік желілердің кең таралуы салдарынан әлемде оқу, жазу, санау, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау дағдылары қарқынды түрде жойылып барады. Жасанды «интеллекттің» енгізілуі адамдарды ойланудан алыстатып, соңғы қалған когнитивтік қабілеттерін де әлсіретуде. Білім министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі мектеп бағдарламасына «жасанды интеллект элементтерін кезең-кезеңімен енгізу» жоспарын қолға алып отыр. Ең қызығы, бұл бастама, ең алдымен, 1–4 сынып оқушыларына бағытталған. Дегенмен, бұл бағдарлама балалардың ақыл-ойына және психикалық дамуына ықпалын арнайы зерттеу жүргізіп білу ешкімнің қаперіне де кірмеген. Ал, уақыт белдеуін «реформалау» тәжірибесі Денсаулық сақтау және Ғылым министрліктерінің кез келген шешімге кәсіби тұрғыдан түсіндірме табуға даяр екенін көрсеткен еді…»

Евразия24 пікірі:

Соңғы он жылда қоғамның жаппай гаджеттенуі мемлекеттік саясатқа да өзіндік ықпалын тигізді. Күрделі мәселелерді шешу мүмкін болмайтынжағдайда билік оларды «басқаруға алу» жолын таңдағандай әсер қалдырады. Осыдан келіп, жасанды интеллектіні өмірдің барлық саласына енгізу туралытүрлі бастамалар мен мәлімдемелер туындап отыр. Алғашқы қадамдарцифрландыру бағытындағы іс-шараларда байқалған еді. Мәселен, Алматыдажыл сайын өтетін Digital Forum алаңында министрлердің мәлімдемелеріқоғамның жасанды интеллектіні қабылдауға моральдық тұрғыданқаншалықты дайын екенін байқауға бағытталғандай болды. Бұл жерде әңгіметек «ақылды үй» туралы емес, «ақылды мұғалім», «ақылды дәрігер», тіпті«ақылды шенеунік» жайлы да қозғалды. Осы үрдістің жалғасы ретінде 15 тамызда ұстаздарға арналған дәстүрлі тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі бір-біріне қайшы келетіндей пікір айтты. Президенттің айтуынша: «Балаларды әлеуметтік келеңсіздіктерден сақтау үшін олардың сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет. Жас буынныңинтернет пен әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізетіні жасырын емес. Бұлортада олар жалған идеялар мен зиянды мінез-құлық үлгілерінің ықпалынаоңай түсіп кетуі мүмкін». Сонымен қатар ол: «Балаларды ерте жастан жасанды интеллект технологияларын меңгеруге арнайы бағыттап оқыту керек. Мұндай дағдылар олардың қазіргі замандағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады», – деді. Кім біледі, бәлкім, президенттің мұндай қайшылықты сөз айтуына жасанды интеллект әсер еткен болар?

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Қазақстан Премьер-Министрі аккумуляторлық материалдар мен никель қорытпалары өндірісін дамытуды тапсырды

Астана. 21 тамыз. INTERFAX-KAZAKHSTAN – Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов...

Иранда Израильмен қақтығыстан кейін алғашқы әскери-теңіз оқу-жаттығулары басталды

Дубай. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – Иран әскери-теңіз күштері Оман...

Швеция Солтүстік Еуропадағы НАТО күштері үшін логистикалық хабқа айналады

Хельсинки. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – Швед теледидары SVT хабарлауынша,...

АҚШ қор нарығының негізгі индекстері әртүрлі бағыттағы өзгерістермен жабылды

Нью-Йорк. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС. АҚШ-тың негізгі қор индекстері сәрсенбі...