Евразия24Күнбе күнАлматыға кіру ақылы бола ма? Жаңа экожоба қоғамда сұрақ тудырды

Алматыға кіру ақылы бола ма? Жаңа экожоба қоғамда сұрақ тудырды

|

|

Zakon.kz хабарлайды: «Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, қалаға кейбір көлік иелерінің кіруі ақылы болуы мүмкін. Жоба шеңберінде төмен эмиссиялы аймақтар (Low Emission Zones, LEZ) құру қарастырылған. Бұл аймақтарда экологиялық класы төмен автокөліктерді пайдалану шектеліп, ақылы негіздежүзеге асырылады. Сонымен қатар, коммуналдық және жекеменшік автопарктерге, сондай-ақ стационарлық шығарындыға қойылатын талаптар күшейтілмек. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жоба аясында заманауи технологияларды пайдалана отырып, экологиялық мониторинг жүйесін кеңейту қарастырылған. Бұл үшін арнайы датчиктер мен дрондар қолданылады. Сондай-ақ жанармай сапасына бақылау күшейтіледі. Алғашқы кезеңде, шамамен қазан айында, жоба тестілеу және «базалық жыл» автопаркі мен көлік ағындарын талдау мақсатында жүргізіліп, көлік иелерінен ақы алынбайды. Алдағы уақытта Еуро-0-4 экологиялық санатындағы автокөліктердің Алматыға кіруі ақылы болады. Ал электромобильдер, сутек отынымен жүретін көліктер және Еуро-5 пен Еуро-6 санатына жататын автокөліктер төлемнен босатылады. Белгіленген аумақта тұратын тұрғындар үшін жеңілдік қарастырылған: егер олар «Таза қала» ақпараттық жүйесіне тіркеліп, техникалық тексерістен сәтті өтсе, ай сайынғы абонементті төмендетілген бағамен рәсімдей алады.

Евразия24 пікірі:

Қазақстанның ең ірі қаласында экологиялық жағдай ушығып тұр. Бұл мәселе енді жай ғана алаңдаушылық емес, жедел әрекетті қажет етеді. Қаланың негізгі экологиялық мәселесі – көлік. Сол себепті қала әкімдігі ең алдымен осы бағытқа назар аударуда. 2022 жылы ресми деректерге сәйкес, тәулігіне қала ішінде 470 мың, ал сырттан кіретін 230 мың автокөлік қозғалысы тіркелген. Қала мен оның маңындағы елді мекендердің дамуын ескерсек, бүгінде бұл көрсеткіш едәуір артқан. Алматыға көліктердің ақылы кіруі жөніндегі бастама жаңалық емес. Бұл мәселе экологиялық қауымдастықта 2023 жылы көтерілген еді. Бірақ сол уақытта ұсыныс қоғамда теңсіздік туғызады деген пікір басым болып, бастама екі жыл бойы күн тәртібінен түсіп қалған. Араға екі жыл салып, бұл мәселе қалалық әкімдік деңгейінде қайта қаралып отыр. Әсіресе ақылы аймақта тұратын тұрғындарға қатысты қабылданған шешім ерекше сұрақ тудырып отыр. Ай сайынғы абонементтің арзандатылған құны қала тұрғындары үшін әлеуметтік теңсіздікті жоя алмайды, керісінше, кейбір азаматтарды өзгелерден бөлектейді. Құқықтық тұрғыдан бұл – дискриминация. Сарапшылардың айтуынша, Алматыда «ауаға салынатын салықтың» өзіндік түрі қалыптасуы мүмкін. Алайда бұл бастама экологиялық ахуалды шиеленістіріп отырған негізгі себептерге, оның ішінде жел арналарының бұзылуына және шамадан тыс құрылыс салуға ықпал етпейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Атамыздың аты тегімізге айналса: құрмет пе, түсінбеушілік пе?

ХХ ғасырға дейін қазақ халқында бүгінгі түсініктегі фамилия институты болмаған. Қазақ қоғамындағы туыстық жүйе «жеті ата» дәстүріне негізделді. Әр адам өзінің арғы тегін жеті атаға дейін атай алуы тиіс болған. Кеңес өкіметі орнаған соң қазақ қоғамында айтарлықтай өзгерістер орыналды. Әкімшілік басқару жүйесі азаматтардың тегін бірыңғай ресейлік қалыпқа көшіруді міндеттеді. Соның нәтижесінде қазақтарға «-ов», «-ев», «-ин» жалғаулары енгізіліп, «тегі–аты–әкесінің аты» үлгісі құжат айналымында орнықты. Орысша жалғаулардан бас тартудың ең алғашқы әрі айқын мәселесі – адамның есімі мен тегін ажырату қиындығы. «“-ов”, “-ев”, “-ин” жалғауларынан бас тартқанда, есім мен текті ажырату қиынға соғады», – дейді Рысбаев. Мәселен Ержан Максим, Айдын Мурзатай деген мысалдар соның айқын көрінісі. Мұндай жағдайда тіпті адамның жынысын құжат арқылы анықтау да күрделене түседі. Бұл мәселе Қазақстан демографиясы аясында ерекше мәнге ие.

Гибридтік соғыс Каспийге жетті: Қазақстан қай жолды таңдайды?

15 тамыз күні Каспий теңізіндегі Ресейдің «Порт Оля» айлағында «Порт Оля – 4» атты құрғақ жүк кемесі дрондар шабуылынан суға батты. Мамандардың мәлімдеуінше, ұшқышсыз аппараттар Әзербайжан жағынан бағытталған. Ал үш күннен кейін, 18 тамызда, Иранда жасалған «Шахед» үлгісіндегі «Герань» атты «камикадзе-дрондар» Украинадағы Одесса облысында Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR-ға тиесілі 17 мұнай қоймасын жойған. Бұл – Мәскеу мен Баку арасындағы қазіргі заманғы гибридтік соғыстың айқын көрінісі. Қазақстан үшін басты қауіп – Каспийдің «Достық теңізі» мәртебесін жоғалтып, геосаяси текетірестің орталығына айналуы.

Жер дауы: сенімсіз реформа – қарсылықтың бастауы

2003 жылғы дағдарыс билік пен қоғам арасындағы сенімнің емтиханына айналып, 2016 жылғы жер митингілерінің қайталануына негіз қалады. Қазақстандағы жер мәселесі – тек экономика ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейліктің символы. 2003 және 2016 жылдардағы дағдарыстар көрсеткендей, сенім мен диалогсыз кез келген реформа қарсылық тудырады. Жер – сабақтастық пен тұрақтылықтың негізі, ал жер саясаты әділдікті және қоғамның қатысуын талап етеді.

Субсидия бар, нәтиже жоқ

Қазіргі жаһандық сын-қатерлер мен халықаралық бәсекенің арта түсуі жағдайында ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, экономикалық тұрақтылықты сақтаудың, саланың технологиялық жаңғыруы мен жалпы ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі болып отыр. Комиссия алаңында ауыл шаруашылығына субсидия беру тетіктерін әзірлеу, оны жүзеге асыру және тиімділігін бағалау мәселелерінде тәжірибе алмасуға арналған дөңгелек үстел өтті.