Евразия24Күнбе күнБас прокуратураның атауы өзгеруі мүмкін

Бас прокуратураның атауы өзгеруі мүмкін

|

|

Ақорда Президент пен Бас прокурордың кездесуі қорытындылары туралы хабарлады: «Мемлекет басшысы елдегі заң үстемдігі мен қадағалау саласындағы басым бағыттар бойынша атқарылған жұмыс жөнінде есеп тыңдады. Бас прокурор Берік Асылов қоғамда кеңінен талқыланған, мемлекеттік мүдделерге қатысты және азаптауға байланысты қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жүргізіп жатқан тергеу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Ағымдағы жылы арнайы прокурорлар сотқа 55 қылмыстық іс жолдаған, нәтижесінде 112 адам сот үкімімен кінәлі деп танылды. Қазіргі уақытта 80 іс тергеу сатысында. Тергелген істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың орны толтырылып, 14,4 миллиард теңге өндіріп алынды. Қылмыстық жолмен алынған кірісті анықтаудың жаңа тәсілдері мен оны ұлттық экономика мүддесіне пайдаланудың мүмкіндіктері таныстырылды. Қылмыстық істер аясында жалпы 105 миллиард теңге сомасында мүлікке тыйым салынды. Оның ішінде есірткі қылмыстарына байланысты істер бойынша прокуратура мен өзге де құқық қорғау органдары бірлесе отырып, шамамен 12 миллиард теңге көлеміндегі активтерге бұғат қойды. Сондай-ақ, активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берілді. Соңғы екі жыл ішінде прокуратура органдарының күшімен мемлекетке 850 миллиард теңге көлеміндегі активтер қайтарылды. Аталған қаражат есебінен еліміздің түрлі өңірлерінде 400-ге жуық әлеуметтік және коммуналдық нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда олардың 60-ы пайдалануға берілді.

Евразия24 пікірі:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас прокурор Берік Асыловтың 12 қыркүйекте өткен кездесуі барысында құқықтық қадағалау органының басшысы бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Солардың ішінде ерекше назар аудартқаны – Бас прокуратура атауын өзгерту бастамасы. Берік Асыловтың айтуынша, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында және кәсіпкерлікке проактивті қолдау көрсетуге көшу мақсатында Бас прокуратураның атауын өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр. «Жаңа формат елімізде инвестициялық ахуалды жақсартуға және кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын ұзақ мерзімді қорғауға басымдық беруге мүмкіндік береді», – деді Бас прокурор. Айта кетейік, соңғы жылдары елімізге инвестиция тарту мәселесімен негізінен Сыртқы істер министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігі айналысып келді. Алайда инвестицияны елге тартумен қатар, оны еліміздің ішінде ұстап қалу – одан да маңызды міндет. Ал бұл бағытта нақты қиындықтар бары байқалады. Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші тоқсанында ғана қазақстандық тікелей инвесторлардың шетелге шығарған қаражаты 1,4 миллиард долларға жеткен. Салыстырмалы түрде айтқанда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1,8 миллиард долларды құраған. Иә, бұл 2023 жылы елден кеткен 4,8 миллиард доллардан аз болғанымен, көлемі әлі де айтарлықтай жоғары. Осы ретте, инвестициялық ортаны нығайту ісіне Бас прокуратураның нақты өкілеттілікпен араласуы орынды болар. Бұл орган тек қадағалаушы құрылым ғана емес, сонымен қатар бизнес пен инвесторлардың құқығын жүйелі қорғауға үлес қосатын институтқа айналуы мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Швеция Украинаға энергетика саласын қолдауға 1 млрд крон бөледі

Швеция үкіметі 2026 жылы Украинаға энергетикалық қолдау көрсету үшін 1 млрд швед кронын (110 млн АҚШ долларынан астам) жедел түрде бөлу туралы шешім қабылдады

ДСНВ мерзімі аяқталғаннан кейін АҚШ пен Ресей келісімді жалғастыруға ниетті

АҚШ пен Ресей стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту жөніндегі шарттың (ДСНВ) мерзімі аяқталғаннан кейін де оның негізгі параметрлерін сақтауға мүмкіндік беретін келісімді пысықтау үстінде

Тоқаев: Қазақстан келіссөздер үшін бейтарап алаң ұсына алады

Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы қақтығыста делдал рөлін өзіне алуға ниетті емес, дегенмен қажет болған жағдайда келіссөздер өткізу үшін бейтарап алаң ұсынуға әзір

Қазақстан жоғары білім дипломдарын тану жөніндегі Токио конвенциясын ратификациялады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім саласындағы біліктіліктерді тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын (Токио конвенциясы) ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды.