Евразия24Күнбе күнҰБТ шындығы: мектептегі білім сапасы сын көтермейді

ҰБТ шындығы: мектептегі білім сапасы сын көтермейді

|

|

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ны 210 мыңнан астам талапкер тапсырған. Олардың шамамен 76,5%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 23,5%-ы – орыс тілінде, ал 149 талапкерағылшын тілінде тапсырды.

Талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, грант тағайындау конкурсына үздік нәтижесімен қатысу мүмкіндігі берілді. Осылайша, 210 мыңнан астам талапкер ҰБТ-ны жалпы саны 381 мың рет тапсырған.

Тестілеу нәтижесі бойынша шамамен 161 мың талапкер шекті балды жинады, бұл қатысушылардың 76%-ын құрады. Бес пән бойынша ҰБТ-ның орташа балы – 69 балл.

Ең жоғары нәтиже – 140 балл – Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібек есімді талапкерге тиесілі. Бұл көрсеткішке ҰБТ өткізудің алғашқы аптасында қол жеткізген. Сонымен қатар, 598 адам 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті.

Евразия24 пікірі:

Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ қорытындысын жариялады. Талапкерлердің үштен бірі шекті 50 баллға қол жеткізе алмады. Бұл үрдіс Қазақстанда бірнеше жыл қатарынан жалғасып келеді.

Әрине, барлық оқушы дарынды бола бермейді, бәрі бірдей ғалым, заңгер немесе экономист болуы шарт емес. Бірақ шекті балл дегеніміз – шартты түрде «үштік» баға. Ал егер талапкерлердің үштен бірі тіпті осы межеге жете алмаса, демек, олар «екілік» алғандар ма?

50 балмен ұлттық университеттерге жол жабық. Сондай-ақ басқа жоғары оқу орындарында сұранысқа ие мамандықтар бойынша грант жеңіп алу мүмкіндігі де жоқтың қасы. Бұлелімізде жыл сайын 1 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалатын мектептегі білім сапасының нақты көрінісі емеспе?

Айта кетейік, 2025 жылдың сәуір айында Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында Президент ҰБТ-2024 нәтижелері бойынша өңір оқушыларының төмен үлгеріміне назар аударған болатын. Ал ҰБТ-2025 нәтижелеріне Мемлекет басшысы қандай баға бермек?

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.