Евразия24ЭкономикаЖІӨ екі еселене ме? Сарапшылар сенімсіз

ЖІӨ екі еселене ме? Сарапшылар сенімсіз

|

|

Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов өз жазбасында былай дейді: «Екі жыл бұрын Президенттің 2029 жылға дейін ЖІӨ-ні екі есеге ұлғайтып, 450 млрд АҚШ долларына жеткізу жөніндегі тапсырмасы, менің ойымша, тым оптимистік, іске асырылуы күрделі көрінгенімен, белгілі бір шарттар орындалса, жүзеге асуы ықтимал болатын. Ол кезде Қазақстанның сауда балансы мықты, ал әлемдік макроэкономикалық орта қолайлы еді. Мұнайбағасының жоғары болуы, инфрақұрылымға салынған инвестициялар секілді факторлар белгілі бір перспектива берген. 2025 жылдың ортасына қарай жағдай айтарлықтай өзгерді. Әлемдік деңгейдегі жоғары инфляция, қазақстандық компанияларға жеткізу арналарының бұзылуы, тарифтерді ырықтандыру және ел ішіндегі баға өсімі инфляцияның жеделдеу қаупін күшейтіп отыр. Сонымен қатар бізге инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін дотацияларды қысқарту (яғни, оңшыл реформалар) мен нарыққа жақын баға белгілеу қажет.
Тиімсіз субсидиялау саясатын жалғастыру – мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қаражатының сарқылуына әкеледі.

Евразия24 пікірі:

Біз бұған дейін атап өткендей, шілде айында өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министр Олжас Бектеновтың жалпы ішкі өнімнің екі есеге артуы жөніндегі мәлімдемесі бірқатар сұрақ туындатады. ЖІӨ көлемінің артуы экономикалық даму қарқынының көрсеткіші ретінде айтылғанымен, бұл ілгерілеу әзірге халықтың тұрмыс деңгейіне әсер ете қойған жоқ. Халық табысының төмендеуі инфляцияның күшеюімен қатар жүріп жатыр. Бұл – халықтың сатып алу қабілетінің әлсірегенін көрсетеді. Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетовтің пікірінше (жарияланымның толық нұсқасын оқуға кеңес береміз), бүгінде Қазақстанда инфляцияның жеделдеуіне ықпал ететін тәуекелдер бар. Бүгінде республикалық бюджеттің шамамен 40 пайызы әлеуметтік міндеттемелерге бағытталып отыр. Бұл бағыттағы шығын алдағы уақытта да арта түспек. Алайда, мұндай жағдайда экономиканың нақты секторына инвестиция салуға қаржы жеткіліксіз болады. Яғни, мемлекет шын мәнінде «жалақыдан жалақыға дейін» өмір сүріп отыр. Үкіметтің қазіргі қаржы-салық саясаты аясында ірі инфрақұрылымдық жобалар мен мұнай-энергетика саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларға үміт артылып отыр. Алайда бұл жобалар нақты пайда әкелгенге дейін біраз уақыт қажет.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Тіл саясаты неге жүрмей тұр?

Demoscope қоғамдық пікірді жедел мониторингтеу бюросының мәліметінше: «Үш тілділікке негізделген тілдік модель — қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар дамыту бастамасы — елімізде әлі де қолдау тауып отыр. Алайда «тіл саясаты» мәселесіне қатысты көзқарас тілдік топтар арасында әртүрлі. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысушылардың тіл саясатына қатысты ұстанымдары мынадай үлгіде бөлінді.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Хан сайлауы

Құрамы ұлғайған Парламентте де жағымсыз процестер орын алып, өзара жанжалдасқан елдердің өкілдері жеке-жеке фракцияларға біріге бастады, рулық топтар бір-бірімен тартысты, Федерация мүдделерді аяқ асты етіліп, жергілікті мүдделер күйттелді. Өз экономикаларын дамытудан әрі аса алмаған субъект-елдер Парламентке түк пайдасы жоқ, Үкіметтен өздеріне бірдеңе сұрап алғанды ғана білетін сандалбай-ақсақалдарды делегат етіп жіберді. Әр Мәжілісте Жеңіс не экономикадан, не саясаттан еш хабары жоқ өзімшіл, көпірме мылжыңдар тобырына өз идеяларының дұрыстығы мен іс-әрекеттерін жүзеге асыру жолдарын түсіндіріп әлек болды.

Қазақстан Премьер-Министрі аккумуляторлық материалдар мен никель қорытпалары өндірісін дамытуды тапсырды

Астана. 21 тамыз. INTERFAX-KAZAKHSTAN – Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов...

Иранда Израильмен қақтығыстан кейін алғашқы әскери-теңіз оқу-жаттығулары басталды

Дубай. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – Иран әскери-теңіз күштері Оман...