Вашингтон. 9 наурыз. ИНТЕРФАКС – АҚШ әскери күштері Тынық мұхитының шығыс бөлігінде есірткі тасымалдады деп күдікке ілінген кемеге соққы жасады. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы (SOUTHCOM) хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Southern Spear («Оңтүстік найза») жедел тобы террористік ұйым пайдаланған кеме ретінде анықталған нысанаға соққы берген. Барлау деректеріне сәйкес, ол Тынық мұхитының шығыс бөлігіндегі белгілі есірткі тасымалы бағыттарының бірімен қозғалып бара жатқан.
Операция барысында алты адам қаза тапқан. АҚШ тарапы оларды «есірткі терроризмімен айналысқан тұлғалар» деп сипаттады. Америкалық әскери қызметшілер арасында зардап шеккендер жоқ.
SOUTHCOM мәліметінше, өткен жылдың қыркүйегінен бері АҚШ күштері Кариб теңізі мен Тынық мұхитының шығыс бөлігінде есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген кемелерге қарсы 45 соққы жасаған. Осы операциялардың нәтижесінде 157 адам қаза тапқан.




