Брюссель. 15 ақпан. ИНТЕРФАКС – АҚШ НАТО-дан бас тартпайды, өйткені Батыстың күші ұжымдық іс-қимылда. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.
«Көпшілік бізді НАТО-дан шығып, одақтастарымызды тастап кетеді деп қауіптенуде. Алайда, мәселенің мәні мынада: одақтастарымыз неғұрлым мықты болса, біздің ұжымдық қуатымыз да соғұрлым арта түспек», — деді М. Рубио Братиславада Словакия Премьер-министрі Роберт Фицомен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында.
Мемлекеттік департамент басшысының айтуынша, Америка тарапы бұл бағытта оң рөл атқаруға мүдделі. «Бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағыттар өте көп», — деп атап өтті М. Рубио.
«Біз алдағы апталарда, айлар мен жылдарда Президент Трамптың әкімшілігі Орталық Еуропаны құрлықпен және әлеммен өзара іс-қимыл жасаудың негізгі құрамдас бөлігіне айналдыратынын көрсетеміз», — деп толықтырды АҚШ Мемлекеттік хатшысы.
Сонымен қатар, ол АҚШ Еуропаның «вассалға» айналуына мүдделі емес екенін айтты. «Біз Еуропаның тәуелді болғанын қаламаймыз», — деді М. Рубио.




