Евразия24ЖаңалықтарАҚШ қысымынан кейін Украинада президент сайлауы мен бейбіт келісім жөніндегі референдумды жоспарлау...

АҚШ қысымынан кейін Украинада президент сайлауы мен бейбіт келісім жөніндегі референдумды жоспарлау басталды

|

|

Лондон. 11 ақпан. ИНТЕРФАКС – Украина билігі президент сайлауын, сондай-ақ Ресеймен жасалуы мүмкін бейбіт келісімге қатысты референдум өткізуді жоспарлауға кірісті. Бұл туралы Financial Times басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Киевке екі дауыс беруді де 15 мамырға дейін өткізу жөнінде талап қойған. Әйтпеген жағдайда Украинаға ұсынылған америкалық қауіпсіздік кепілдіктерінен айырылу қаупі бар.

Газет дереккөздерінің айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанда президент сайлауы мен референдум өткізу жоспары туралы мәлімдеуі мүмкін.

Сонымен қатар, бұған дейін АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер Вашингтон Украинадағы дағдарысты шешудің нақты мерзімін белгілемейтінін айтқан. Оның сөзінше, қазіргі жағдайда түпкілікті уақыт шегін белгілеу «өте қауіпті» шешім болар еді.

Өткен аптада Әбу-Дабиде АҚШ, Ресей және Украина делегациялары арасында келіссөздердің кезекті раунды өтті.

7 ақпанда АҚШ президенті Украина мәселесі бойынша келіссөздер «өте жақсы жүріп жатқанын» және оның нәтижесінде белгілі бір шешімдер қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Украина елшісінің мәлімдемесі және КҚК төңірегіндегі дау: энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі ме?

Украина елшісінің мәлімдемелері контекстен үзіп алынғандай әсер қалдырмауы үшін оның толық сұхбатымен танысқан жөн. Дегенмен басылымның украиналық тараптың мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарына қатысты сауалына дипломат мынадай жауап берген

Қайта сатудың «экономикалық ғажайыбы»

Economykz.org талдамалық арнасы хабарлағандай, Қазақстан Экономикалық күрделілік индексінде 55-орынға көтерілді. Harvard Growth Lab Экономикалық күрделілік индексінің (Economic Complexity Index, ECI) жаңартылған нәтижелерін жариялады.

Жымқыру ма, әлде жалған кәсіпкерлік пе?

Мәжілістің жалпы отырысында Энергетика вице-министрі мен депутат арасында өткір пікірталас орын алды. Даудың негізгі себебі — Парламентке ұсынылған ақпараттың шынайылығына қатысты туындаған күмән.

Демографиялық көрсеткіш пен әлеуметтік ахуал: неке санының азаюы нені аңғартады?

Бірінші кредиттік бюро талдамалық арнасының мәліметінше, 2025 жылы жалпы некелесу коэффициенті Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі деңгейге жетіп, 5,62 көрсеткішін құрады. Бір жыл ішінде ол 0,51 тармаққа төмендеген.