Евразия24ЖаңалықтарАҚШ сенаторлары Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға көмек мақсатында пайдалануға арналған заң жобасын...

АҚШ сенаторлары Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға көмек мақсатында пайдалануға арналған заң жобасын әзірледі

|

|

Вашингтон, 20 қыркүйек. АҚШ Конгресінің сенаторлары — республикашыл Джим Риш пен демократ Шелдон Уайтхаус, өзге әріптестерімен бірге, Ресейдің бұғатталған активтерінен Украинаға тұрақты түрде қаржы бөлуге мүмкіндік беретін заң жобасын ұсынып отыр. Бұл туралы Сенаттың халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті хабарлады.

Жобаға сәйкес, АҚШ аумағында бұғатталған ресейлік активтерден әр үш ай сайын Украинаға 250 миллион долларға дейін қаржы бөлу қарастырылған. Сондай-ақ осы қаражаттың бір бөлігін Киевке қолдау көрсететін өзге елдерге де бағыттау ұсынылып отыр.

Барлық бұғатталған активтер пайыздық кіріс есептелетін арнайы шотқа аударылуы тиіс.

Сонымен қатар, АҚШ әкімшілігі дипломатиялық жолмен басқа елдерді — олардың да юрисдикциясында ресейлік активтер бар — сол қаражаттың 5%-ына дейінін Украина мүддесіне пайдалануға көндіруге тиіс.

Заң жобасында бұдан бөлек, АҚШ әкімшілігіне шетелдердегі Ресейдің мемлекеттік активтері көлемі туралы тұрақты есеп беріп отыру міндеті жүктеледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.