Вашингтон. 14 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінің аумағында болған атыс салдарынан екі адам қаза тауып, сегіз адам жарақат алды. Бұл туралы қала мэрі Бретт Смайли мәлімдеді.
Оның айтуынша, жарақат алған сегіз адамның жағдайы тұрақты, барлығы ауруханада ем қабылдап жатыр.
Атыс жасаған күдікті әзірге бостандықта жүр.
Провиденс қалалық полициясы басшысының орынбасары Тим О’Хараның хабарлауынша, күдікті – қара түсті киім киген ер адам. Қазіргі уақытта полицияның қолында өзге нақты мәлімет жоқ.
«Біз күдіктіні анықтап, ұстау үшін барлық қолжетімді ресурстарды пайдаланудамыз», – деді ол.
Атыс оқиғасы Провиденстегі Браун университетінің аумағында жергілікті уақыт бойынша 13 желтоқсан күні кешкісін болған.
Браун университеті – АҚШ-тағы ең көне әрі ең беделді жекеменшік жоғары оқу орындарының бірі.




