Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Ұлыбританиямен технологиялық келісімді жүзеге асыруды уақытша тоқтатты

АҚШ Ұлыбританиямен технологиялық келісімді жүзеге асыруды уақытша тоқтатты

|

|

Вашингтон. 16 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – АҚШ «Технологиялық өркендеу туралы келісімнің» шарттарын орындауды уақытша тоқтатты. Бұл келісімге президент Дональд Трамп пен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер АҚШ президентінің Лондонға жасаған сапары барысында қол қойған болатын, деп хабарлайды Financial Times.

Газет деректеріне сәйкес, бұл шешім Вашингтонның Лондонмен сауда келіссөздеріне көңілі толмауына байланысты қабылданған.

Британдық шенеуніктердің айтуынша, АҚШ өткен аптада келісімді тоқтатқан. Олардың бірі АҚШ әкімшілігі технологиялық әріптестік шеңберінен тыс салаларда, атап айтқанда сауда саласында Ұлыбританиядан бірқатар жеңілдіктерді талап етіп отырғанын мәлімдеген.

АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы сауда келіссөздері биыл мамырда, Трамп енгізген қатаң тарифтерді жеңілдету туралы келісімнен кейін басталған. Алайда Financial Times жариялаған дереккөздерге сүйенсек, АҚШ өкілдері Ұлыбританияның азық-түлік пен өнеркәсіптік тауарлар саласын реттейтін ережелер мен талаптар сияқты тікелей емес кедергілерді жоюға дайын еместігіне көңілі толмай отыр.

«Қазіргі таңда ең күрделі мәселелер талқылану үстінде. Екі тарап бұл үдерістің ұзақ уақыт алатынын түсінеді. Дегенмен диалог ашық, белсенді және конструктивті түрде жалғасып жатыр», – деді британдық шенеунік.

Тағы бір британдық ресми тұлға: «Америкалық әріптестер өте қатаң келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ біз жағдайды қалыпқа келтіре аламыз деп сенеміз», – деп мәлімдеді.

Британ үкіметінің атын атамаған өкілі Financial Times басылымына берген пікірінде: «АҚШ-пен арадағы ерекше қарым-қатынасымыз берік. Ұлыбритания екі елдегі еңбекқор азаматтарға нақты мүмкіндіктер ұсынатын технологиялық өркендеу жөніндегі келісімді іске асыруға берік бейілді», – деді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.