Лондон. 14 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Сидней маңындағы танымал жағажайда болған атыс кезінде кемінде 10 адам қаза тауып, тағы 12 адам жарақат алды. Бұл туралы жексенбі күні Аустралияның ABC телеарнасы хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, қаза тапқандардың арасында атыс ұйымдастырғандардың бірі бар. Екінші күдікті ауыр жарақат алып, полиция тарапынан ұсталған.
Жағажайда демалып жүрген адамдарға оқ атқан екі ер адамның әрекетінің себептері әзірге анықталған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, олардың бірінің аты Навид Акрам болуы мүмкін.
Сондай-ақ атыс жағажайда еврей халқының Ханука мерекесі атап өтіліп жатқан сәтте орын алғаны айтылды.




