Евразия24ЖаңалықтарДСНВ мерзімі аяқталғаннан кейін АҚШ пен Ресей келісімді жалғастыруға ниетті

ДСНВ мерзімі аяқталғаннан кейін АҚШ пен Ресей келісімді жалғастыруға ниетті

|

|

Келісім екі елдің басшылары тарапынан мақұлдануы тиіс
ДСНВ бойынша келіссөздер Абу-Дабиде өтті

Астана. 5 ақпан. ИНТЕРФАКС – АҚШ пен Ресей стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту жөніндегі шарттың (ДСНВ) мерзімі аяқталғаннан кейін де оның негізгі параметрлерін сақтауға мүмкіндік беретін келісімді пысықтау үстінде. Бұл туралы Axios порталы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Порталдың мәліметінше, мәселенің мән-жайынан хабардар үш дереккөз АҚШ пен Ресей шарттың мерзімі бейсенбі күні аяқталғаннан кейін де ДСНВ талаптарын орындауды жалғастыруға мүмкіндік беретін уағдаластыққа жақындағанын растаған.

Сонымен қатар екі дереккөз келісім жобасы екі ел президенттерінің мақұлдауын қажет ететінін атап өткен. Axios-пен сөйлескен дереккөздердің бірі келесі қадам ретінде құжатқа АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин қол қоюы тиіс екенін айтқан.

Порталдың жазуынша, бұл уағдаластықтардың ресми құқықтық форматта рәсімделетіні немесе рәсімделмейтіні әзірге нақты емес. Уақытша ауқымы бойынша сөз алты айлық кезең туралы болуы мүмкін.

Axios дереккөздерінің тағы бірі ДСНВ бойынша келіссөздер соңғы 24 сағат ішінде Абу-Дабиде өткенін, алайда түпкілікті келісімге әлі қол жеткізілмегенін хабарлаған. Ресей тарапымен келіссөздерді Украина дағдарысына қатысты консультациялар аясында АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер жүргізген.

Бұған дейін Дональд Трамп ядролық қару мәселесін реттеудің маңызын бірнеше рет атап өтіп, Қытайды қаруды бақылау жөніндегі келіссөздерге тарту қажеттігін айтқан. Алайда бейсенбі күні Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Линь Цзянь Пекин қазіргі уақытта ядролық қару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуді қажет деп санамайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 22 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин стратегиялық қарулану жарысының алдын алу және тұрақтылық пен болжамдылықты сақтау мақсатында Ресей ДСНВ шартының мерзімі 2026 жылғы 5 ақпанда аяқталғаннан кейін тағы бір жыл бойы шартта белгіленген негізгі сандық шектеулерді сақтауға дайын екенін айтқан. Алайда бұл қадам АҚШ та дәл осындай ұстаным танытып, тежеу әлеуеттерінің қалыптасқан тепе-теңдігін бұзатын әрекеттерге бармаған жағдайда ғана жүзеге асатынын атап өткен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Цукерберг Meta басқаруға арналған жеке ЖИ-агент әзірлеп жатыр

ҚШ-тың Meta компаниясының бас директоры Марк Цукерберг компанияны басқаруда көмектесетін жеке жасанды интеллект агентін әзірлеуде.

Саясаттанушы Рар: АдГ партиясы Германияның батыс өңірлерінде де күшейіп келеді

Германиядағы «Германия үшін альтернатива» (АдГ) партиясы тек шығыс емес, батыс өңірлерде де ықпалын арттырып келеді.

Оңтүстік Корея воны 17 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті

Дүйсенбі күні Сеулдегі сауда-саттық барысында АҚШ долларына қатысты оңтүстіккореялық вона 17 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін әлсіреді.

Тоқаев қазақстандықтарды су айдындарын тазалау экологиялық акциясына қатысуға шақырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысып, су айдындарының жағалауын тазалауға шақырды.