Вашингтон. 18 тамыз. Интерфакс. – Еуропалық одақ басшылары АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге украин мәселесін реттеу жоспарын талқылауға қатыспақ. Кездесу Ақ үйде өтеді.
The New York Times хабарлауынша, Трамп дүйсенбі күні Ақ үйде Зеленскиймен келіссөздер жүргізеді. Бұл талқылауға Еуропа көшбасшылары да шақырылған.
15 тамызда АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин Аляскада Украинадағы қақтығысты шешу жолдарын қарастырған болатын. Екі тарап та келіссөздерді оң бағалады. Кейін Трамп Киевке және НАТО елдерінің жетекшілеріне Путиннің басты мақсаты тек атысты тоқтату емес, толыққанды бейбіт келісімге қол жеткізу екенін жеткізді. АҚШ президенті бұл бастаманы қолдайтынын мәлімдеді.
Вашингтонға келетіндер қатарында Германия канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Финляндия президенті Александр Стубб, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони, сондай-ақ Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мен НАТО бас хатшысы Марк Рютте бар.