Евразия24ЖаңалықтарЭрдоган келесі аптада Трамппен өтетін кездесу аймақтағы қақтығыстарды реттеуге ықпал етеді деп...

Эрдоган келесі аптада Трамппен өтетін кездесу аймақтағы қақтығыстарды реттеуге ықпал етеді деп санайды

|

|

Дубай, 20 қыркүйек. ИНТЕРФАКС. Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоган алдағы аптада АҚШ президенті Дональд Трамппен өтетін кездесуі аймақтағы жанжалдарды тоқтатып, бейбітшілікті нығайтуға үлес қосады деп есептейді.

«Президент Трамппен өтетін кездесуіміз — біздің жаһандық бейбітшілікке ортақ көзқарас аясында — аймақтағы соғыс мен қақтығыстарды тоқтатуға және арадағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етеді деп сенемін», – деп жазды Эрдоган түрік әлеуметтік желісі NSosyal парақшасында.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Ақ үйдегі кездесу барысында «құрметті әріптесім әрі досым, АҚШ президенті Дональд Трамппен, одақтасымыз және бізбен жан-жақты стратегиялық байланысы бар елмен» сауда, инвестициялар және қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы бірқатар маңызды мәселелер талқыланатынын атап өтті.

Бұған дейін Трамп 25 қыркүйекте Вашингтонда Эрдоганмен келіссөз жүргізетінін мәлімдеген болатын.

«Біз Түркиямен бірқатар ірі сауда және әскери келісімдер бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде Boeing ұшақтарын сатып алу, F-16 жойғыштарына қатысты ірі келісім, сондай-ақ F-35 жойғыш-бомбалаушы ұшақтарына байланысты келіссөздер, олардың табысты аяқталатынына сенеміз», – деді АҚШ президенті.

Айта кетейік, маусым айының соңында АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Томас Барак Анкара мен Вашингтон арасында F-35 бағдарламасынан Түркияны шығару мәселесін 2025 жылдың соңына дейін шешуге болады деген болжам жасаған еді. Еске салайық, Түркия бұл бағдарламаға қатысу құқығынан ресейлік С-400 зениттік-зымыран кешендерін сатып алғаннан кейін айырылған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.