Вашингтон, 29 наурыз. ИНТЕРФАКС – Иранның Сауд Арабиясындағы Сұлтан Ханзада әуе базасына жасаған зымыран шабуылы нәтижесінде АҚШ-тың E-3 Sentry AWACS ерте ескерту және басқару ұшағы елеулі зақым алған. Бұл туралы The Wall Street Journal ресми дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Әлеуметтік желілерде базада тұрған зақымданған «ұшатын радар» ұшағының фото және бейнематериалдары тарай бастаған.
Шабуыл барысында алты баллистикалық зымыран мен 29 соққы дроны қолданылған. Соның салдарынан бірнеше америкалық жанармай құю ұшақтары да зақымданған.
Сондай-ақ кемінде 15 америкалық әскери қызметкер жараланған, олардың бесеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.
Мәліметтерге сәйкес, аталған базада АҚШ-тың алты E-3 Sentry AWACS ұшағы орналасқан. Бұл ұшақтар жүздеген шақырым қашықтықта әуе нысандары мен зымырандарды анықтап, командалық орталықтарға нақты уақыт режимінде жағдай туралы ақпарат беруге арналған.




