Евразия24ЖаңалықтарИран Сыртқы істер министрі санкциялар бойынша дауыс беру қарсаңында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін...

Иран Сыртқы істер министрі санкциялар бойынша дауыс беру қарсаңында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін қақтығыс емес, келіссөз жолын таңдауға шақырды

|

|

 

Дубай, 19 қыркүйек. ИНТЕРФАКС. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Тегеранға қарсы санкцияларды қайта енгізу мәселесі талқыланар алдында, тараптардың кез-келген қайшылықты дипломатия жолымен шешуге үндеді.

«Қазір БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі үшін ең маңызды сәт — жағдайға араласып, дағдарысты тереңдетудің орнына, келіссөзге жол ашу», — деп жазды министр Х әлеуметтік желісінде.

Оның айтуынша, Иран өз тарапынан бірнеше маңызды қадам жасаған: ел МАГАТЭ-мен (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған, сондай-ақ нақты алаңдаушылықтарды ескеретін, өзара тиімді әрі теңгерімді ұсыныс әзірлеген.

Аракчи еуропалық елдерге шиеленісті ушықтырмай, алдын алуға мүмкіндік беретін әрекет жоспарын ұсынғанын да атап өтті.

Жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қатысты санкцияларды қайта енгізу туралы қарар бойынша дауыс береді деп күтілуде.

Тамыз айының соңында Франция, Германия және Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2015 жылы қабылданған Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспары (СВПД) аясында тоқтатылған санкцияларды қайта күшіне енгізу процесін бастағанын ресми түрде хабарлады. Бұл — “жедел әрекет ету тетігі” деп аталатын процедура арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен бірге аталған елдер Иранмен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Егер 30 күн ішінде ортақ мәмілеге қол жеткізілмесе, БҰҰ-ның бұрынғы санкциялары қайта күшіне енеді. Бұл тізімге, өзге шаралармен қатар, Иранға қару-жарақ жеткізуге тыйым салу, жүктерді тексеру және зымыран бағдарламасына қатысты шектеулер кіреді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.