Дубай. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – Иран әскери-теңіз күштері Оман шығанағында және Үнді мұхитының солтүстік бөлігінде Sustainable Power 1404 атты оқу-жаттығуларға кірісті, деп хабарлайды «Тасним» агенттігі.
Оқу-жаттығу барысында Иран жағалаудан және әскери кемелерден Nasir, Qadir және Qader секілді қанатты зымырандардың бірнеше түрін ұшырды.
Шара екі күнге созылады және Таяу Шығыс БАҚ-тарының мәліметінше, Израильмен қақтығыстан кейінгі алғашқы теңіз жаттығулары болып отыр.
Маусым айында Израиль Иранға соққылар сериясын жасады. Әскери операцияның ресми мақсаты – Иранның ядролық бағдарламасын жою болатын. Бұған жауап ретінде Иран да Израильге зымырандық соққы жасады.
22 маусымда АҚШ Ирандағы үш ядролық нысанға – Фордо, Исфахан және Натанзға – әуе шабуылдарын жасады. Кейіннен АҚШ президенті Дональд Трамп бітім жариялап, оған Иран мен Израиль келісімін берген.