Вашингтон, 6 ақпан. ИНТЕРФАКС – Пәкістан астанасы Исламабадта орналасқан шиит мешітінде болған жарылыс салдарынан кемінде 31 адам қаза тауып, 160-тан астамы жарақат алды. Бұл туралы жұма күні Associated Press агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, жұма намазы кезінде ел астанасының шеткері ауданындағы шиит мешітінде қуатты жарылыс болған. Нәтижесінде 31 адам көз жұмып, кемінде 169 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған.
Құқық қорғау органдары оқиға бойынша тергеу бастады. Қазіргі уақытта мешіт маңында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік өкілдері ауыр хәлдегі жараланғандар көп болғандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.




