Евразия24ЖаңалықтарИзраиль алдағы күндері Газа секторы тұрғындарының Мысырға шығуы үшін “Рафах” өткізу пунктін...

Израиль алдағы күндері Газа секторы тұрғындарының Мысырға шығуы үшін “Рафах” өткізу пунктін ашуды жоспарлап отыр

|

|

Иерусалим. 3 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Израиль алдағы күндері Газа секторындағы “Рафах” шекара бақылау-өткізу бекетін қайта ашуға ниетті. Бұл тұрғындарға Мысыр аумағына шығуға мүмкіндік беру үшін жасалмақ. Бұл жөнінде The Times of Israel сәрсенбі күні хабарлады.

Израиль үкіметінің палестиналық аумақтардағы әрекеттерді үйлестіру басқармасы (COGAT) бұл қадамның “оқ атуды тоқтату туралы келісім мен саяси басшылықтың нұсқауларына” сәйкес жасалып отырғанын мәлімдеді.

Газеттің COGAT-қа сілтеме жасап хабарлауынша, палестиналықтар Газа секторынан Мысырмен алдын ала келісім бойынша, Израиль қауіпсіздік қызметтерінің мақұлдауымен және Еуропалық одақ делегациясының бақылауымен шыға алады.

Алайда анклавты тастап шыққан тұрғындардың қайта оралу мерзімі туралы нақты ақпарат берілмеді.

Қазан айында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі Израиль “Газада қаза тапқан барлық тұтқындардың денесі қайтарылмайынша, Рафах өткізу пунктін ашпайды” деп мәлімдеген болатын.

“Өткізу пунктінің қайта ашылуы ХАМАС ұйымының қаза тапқан тұтқындардың денесін қайтаруы және бұған дейін мақұлданған жоспардың орындалу деңгейіне байланысты қарастырылады”, – делінген кеңсе мәлімдемесінде.

9 қазанға қараған түні АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС қозғалысының Вашингтон ұсынған Газа секторындағы қақтығысты реттеу жоспарының алғашқы кезеңіне келіскенін жария етті. Жоспардың бірінші кезеңінде – израильдік тұтқындарды палестиналық тұтқындарға айырбастау және Израиль қарулы күштерінің бір бөлігін аумақтан шығару көзделген болатын.

Осы келісім аясында Израиль Газа секторындағы алдын ала келісілген позицияларға шегінді. Бұл аймақтар “сары аймақ” деп аталады.

ХАМАС Израильге 20 тірі тұтқынды қайтарды. Өз кезегінде Израиль шамамен 2000 палестиналық тұтқынды босатты. Алайда қаза тапқан израильдік тұтқындардың денелері әзірге қайтарылған жоқ.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.