Лондон. 12 сәуір. Интерфакс – Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы мәліметінше, Йемен жағалауына жақын аймақта жүрген кеме экипажы қарулы топтың бортқа көтерілу әрекетінің алдын алды.
UKMTO деректеріне сәйкес, оқиға Йемендегі Ходейда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 100 км қашықтықта болған.
Басқармаға түскен ақпаратқа қарағанда, қайықпен жүрген 10–12 адам кемеден тоқтауды талап еткен, олардың кейбірі автоматты қарумен қаруланған.
Кеме экипажы бұл талапты орындаудан бас тартқан. Қайық бортқа жақындап, кемеге мінбек болған сәтте теңізшілер оны жарық-сигналдық зымыран арқылы кері қайтарды. Нәтижесінде қайық кері шегінген.
Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.




