Евразия24ЖаңалықтарНидерланды Украинаға қару-жарақ сатып алу үшін 250 млн еуро бөледі

Нидерланды Украинаға қару-жарақ сатып алу үшін 250 млн еуро бөледі

|

|

Брюссель. 1 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Нидерланд үкіметі Украинаға қару-жарақ сатып алу үшін PURL (Prioritized Ukraine Requirements List) бастамасы аясында 250 миллион еуро көлемінде қосымша көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Нидерландтың қорғаныс министрі Рубен Брекелманс мәлімдеді.

«Біз Украинаға зениттік ракеталар, F-16 жойғыш ұшақтары және оқ-дәрілер аса қажет екенін көріп отырмыз. Мұның бәрін жылдам жеткізудің жалғыз жолы – PURL механизмі арқылы жүзеге асыру. Сондықтан біз тағы 250 млн еуро бөлдік», – деді министр дүйсенбі күні журналистерге.

Брекелманс Еуроодақтың басқа мемлекеттерін де осындай қолдау көрсетуге шақырды.

«Мен әлі де жеткілікті көмектеспей жатқан елдерді осы бастаманы қолдауға үндеймін. Бұл – Украина мен Еуропа қауіпсіздігі үшін аса маңызды», – деп атап өтті ол.

Министрдің айтуынша, Нидерланд PURL-ге үлес қосқан алғашқы мемлекет болған. Биыл күз басында ел үкіметі бұл бастама аясында 500 миллион еуро көлеміндегі толыққанды пакетті қаржыландырған.

«Біз мұны өзгелерге үлгі болу үшін де жасадық. Қазір Германия, Норвегия, Дания сияқты елдер де PURL арқылы елеулі сомалар бөлгенін көріп отырмыз», – деді Брекелманс.

PURL бастамасы 2025 жылғы тамызда құрылған. Бұл – АҚШ пен НАТО-ның бірлескен бағдарламасы, оның аясында Украина өзінің басым қажеттіліктерінің тізімін ұсынады, ал серіктес елдер бұл тізімге сәйкес әскери техникалар мен оқ-дәрілерді сатып алып, Украинаға жедел түрде жеткізуді қамтамасыз етеді. Жобаның негізгі жеткізушілерінің бірі – АҚШ.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан көмір әлеуетін ұтымды пайдаланып отыр

Астанада көмір өнеркәсібін дамыту туралы бастамалар жиі көтерілген сайын, елдің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету мақсаты бірден еске түседі. Бұл екі бағыт бір-біріне қайшы сияқты көрінгенімен, шын мәнінде олар өзара үйлеседі.

Еуразиялық тосқауыл: ЕАЭО есірткімен күресуде

Есірткі айналымына қатысты халықаралық шешімдерге дер кезінде жауап беру – ЕАЭО елдері аумағында мұндай заттардың өндірісін де, таралуын да алдын алудың тиімді жолы болып саналады.

Жертөлелер мен жер асты автотұрақтары қазақстандықтарды ҰҰА қорғайды

Әлемдік тәжірибеде халықты қорғау үшін жертөлелер, іргелес қабаттар, жерасты өткелдері мен метро сияқты тереңдетілген нысандар кеңінен қолданылады. Қазақстанда да мұндай кеңістіктер азаматтық қорғанысқа арналған қорғаныс құрылыстары ретінде бейімделуі мүмкін.

АҚШ ӘТК дроны Парсы шығанағында Иран жағалауы маңында барлау жүргізді

АҚШ әскери-теңіз күштеріне тиесілі MQ-4C Triton алыс қашықтықтағы радиоэлектрондық барлау ұшқышсыз аппараты сейсенбі күні Парсы шығанағы аумағында Иран жағалауына жақын маңда ұзақ уақыт ұшу миссиясын орындады.