Евразия24ЖаңалықтарОлжас Бектенов транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жобаларындағы бірқатар мәселелерді атап өтті

Олжас Бектенов транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жобаларындағы бірқатар мәселелерді атап өтті

|

|

Астана. 13 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов транзиттік-көлік саласын дамыту жөніндегі президент тапсырмаларының орындалу барысына арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, Премьер-министр шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын сынға алып, тиісті қарқынның жоқ екенін атап өтті. Осыған байланысты барлық операциялық үдерістерді жеделдету тапсырылды.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысына ресурстардың жеткілікті деңгейде жұмылдырылмағанын айтты. Нысанның техникамен және жұмыс күшімен толық қамтамасыз етілмеуі жобаның жүзеге асуына кедергі келтіріп отырғаны атап өтіліп, тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бектенов теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарының да баяу жүріп жатқанын сынға алып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтауды тапсырды.

Бұдан бөлек, кеңес барысында Ақтау – Баку бағыты бойынша қатынайтын 6 контейнер тасымалдаушы кемені сатып алу рәсімдерінің созылып кеткеніне назар аударылып, жаңа көлікті аталған бағытқа шығару жұмыстарын жеделдету тапсырылды.

Сондай-ақ, шағын авиацияға арналған әуе кемелерін сатып алу мәселелерінде де кемшіліктер бар екені айтылды. Осыған байланысты мұндай әуе кемелеріне мұқтаж авиакомпаниялар үшін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру тапсырылды.

«Жұмыстың қарқынын жеке өзім бақылауда ұстаймын. Біздің міндет – барлық бағыт бойынша күш-жігерді жұмылдыру», – деді Премьер-министр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Доллардың әлсіреуі: геосаяси шиеленіс және жаһандық қаржы тәуекелдері

Доллар құнының төмендеуін болжаған топтар үшін АҚШ-тың 47-ші президенті Дональд Трамптың билікке келуі маңызды кезең болды. АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы агрессиясы басталған кезде, қалыптасқан үрдіске сәйкес, инвесторлар қауіпсіз актив ретінде долларға жаппай бет бұрады деп болжанған еді. Шын мәнінде, мұндай үрдіс қысқа уақытқа ғана байқалды, өйткені халықаралық есеп айырысуда өтімді валюта ретінде доллар әлі де жетекші орында, ал Тегеранның Ормуз бұғазын жабуына байланысты нарықтар күйзеліс жағдайына түсті.

Көрінбейтін дағдарыс

«Қазақстанда жоқ дағдарыс қашан аяқталады?» — аталған бейнематериалдың тақырыбынан-ақ автордың өзіндік ізденісі байқалады. Жалпы, Қарлығаш Еженованың бұл бастамасы айтарлықтай қызығушылық тудырады.

Қарттық — қамқорлық па, әлде қараусыздық па?

Ел астанасында заманауи технологиялар, цифрландыру мен жасанды интеллектке миллиардтаған қаражат жұмсалып жатқанда, ең осал топтағы азаматтар өмірінің соңын талапқа сай емес жағдайда өткізуге мәжбүр.

Инфосығандар заманы бітті: Психологиялық көмек нарығы заңмен реттелмек

коучтар, энергопрактиктер, онлайн-мектептердің сертификатын алған псевдопсихологтар қаптады. Халықтың жағдайы қиындаған сайын, ұсынылатын «қызметтердің» түрі де көбейе түсті. Бұл кездейсоқтық емес, заңдылық.