Евразия24ЖаңалықтарОңтүстік Африка Республикасы G20 шеңберіндегі қызметін уақытша тоқтатады

Оңтүстік Африка Республикасы G20 шеңберіндегі қызметін уақытша тоқтатады

|

|

АСТАНА. 4 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) G20 тобы аясындағы белсенділігін 2026 жылы АҚШ-тан Ұлыбританияға төрағалық ресми түрде ауысқанға дейін уақытша тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл туралы ел президенті Сирил Рамафосаның баспасөз хатшысы Винсент Магвенья X әлеуметтік желісінде мәлім етті.

“Келер жылдың осы мезгілінде G20 тобына Ұлыбритания төрағалық ететін болады. Біз жаһандық маңызы бар мәселелер бойынша сындарлы және мазмұнды диалог жүргізуге дайын боламыз. Ал әзірге біз ‘үзіліс алуды’ жөн көрдік”, – деді ол.

Магвенья сонымен қатар Претория басқа елдерден қолдау сұрамайтынын, алайда G20 тобының бірқатар мүшелерінен ынтымақтастық туралы жеке сенім алғанын атап өтті.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сәрсенбі күні ОАР-дың 2026 жылы G20 аясындағы ешбір іс-шараға шақырылмайтынын растады. “Президент Трамп пен АҚШ үкіметі G20 шеңберіндегі біздің төрағалығымыз кезінде Оңтүстік Африка Республикасының үкіметіне шақыру жібермейді”, – деді ол.

Бұған дейін АҚШ 2025 жылы 22–23 қараша күндері ОАР-да өткен G20 саммитіне бойкот жариялаған болатын. Дональд Трамп бұл шешімді ОАР-дағы ақ нәсілді халыққа қатысты “геноцидке ұшырап жатыр” деген пікірмен түсіндірген. Алайда Претория бұл айыптауларды теріске шығарды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Цукерберг Meta басқаруға арналған жеке ЖИ-агент әзірлеп жатыр

ҚШ-тың Meta компаниясының бас директоры Марк Цукерберг компанияны басқаруда көмектесетін жеке жасанды интеллект агентін әзірлеуде.

Саясаттанушы Рар: АдГ партиясы Германияның батыс өңірлерінде де күшейіп келеді

Германиядағы «Германия үшін альтернатива» (АдГ) партиясы тек шығыс емес, батыс өңірлерде де ықпалын арттырып келеді.

Оңтүстік Корея воны 17 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті

Дүйсенбі күні Сеулдегі сауда-саттық барысында АҚШ долларына қатысты оңтүстіккореялық вона 17 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін әлсіреді.

Тоқаев қазақстандықтарды су айдындарын тазалау экологиялық акциясына қатысуға шақырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысып, су айдындарының жағалауын тазалауға шақырды.