Астана. 4 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, сондай-ақ көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды. Бұл туралы сәрсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смәдияров хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ-қа, ұлттық компанияларға және өңір әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, оның ішінде әуежайлар мен теңіз және өзен порттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді тапсырды», – деп жазды Смәдияров әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіру Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына жүктелді.




