АНКОРИДЖ, 16 тамыз. ИНТЕРФАКС – Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин АҚШ Президенті Дональд Трамптың мақсат-мүдделері айқын екенін және Қазақстанның стратегиялық серіктесі саналатын Ресей Федерациясының ұлттық мүдделеріне түсіністікпен қарайтынын мәлімдеді.
«АҚШ Президенті Дональд Трамптың елінің дамуы мен өркендеуіне шынайы жанашырлықпен қарайтыны байқалады. Сонымен қатар, ол Ресей тарапынан қорғалуы тиіс ұлттық мүдделердің бар екеніне түсіністікпен қарайды», – деді Ресей басшысы Америка Құрама Штаттары Президентімен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде.
Мемлекет басшыларының көмекшілерінің қатысуымен өткен ресми келіссөздер шамамен екі сағат 45 минутқа созылды.