Астана. 7 сәуір. Интерфакс-Қазақстан– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы және Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көпжақты агенттік арасындағы әріптестік жөніндегі негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.
Аталған келісім 2025 жылғы 18 маусымда жасалған.
Құжат Дүниежүзілік банк тобы негізгі институттарымен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Келісім мемлекеттік кепілдікпен ұзақ мерзімді жеңілдікті қаржыландыруды тартуға жағдай жасайды, соның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін де, әрі мемлекеттік борышты ұлғайтпай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Келісім аясындағы негізгі бағыттар: қаржы секторының макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылығын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету, шағын және орта бизнес үшін қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту, сондай-ақ денсаулық сақтау мен білім беру салаларын қоса алғанда, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға инвестицияларды ұлғайту.
Құжатта сондай-ақ елдегі стратегиялық реформаларды қолдауға бағытталған бірлескен іс-шаралардың негізгі бағыттары айқындалған.




