Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналуы тиіс

Қазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналуы тиіс

|

|

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Еуразиядағы цифрлық хабқа айналып, Қытайдың жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жаһандық ұйым құру бастамасын қолдауы қажет. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектті дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Президенттің айтуынша, бүгінде әлемде жасанды интеллекттің қарқынды дамуына байланысты ауқымды технологиялық өзгерістер жүріп жатыр.

«Бұл технология әлемдегі барлық елдердің дамуына тікелей ықпал етеді. Онсыз қазіргі таңда жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, озық технологиялар – ұлттық тәуелсіздіктің кепілі, экономикалық өсімнің қозғаушы күші. Біз жасанды интеллект саласында белгілі бір жетістікке жеттік, алайда босаңсуға болмайды. Бұл стратегиялық бағытта белсенді жұмыс істеуіміз қажет», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы биыл шілде айында АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі жариялаған America’s AI Action Plan стратегиясында жасанды интеллект АҚШ-тың технологиялық, экономикалық және қорғаныс салаларындағы көшбасшылығының маңызды құралы ретінде танылғанын еске салды.

«Біздің мамандар осы және өзге де ұқсас құжаттарды мұқият зерделеп, нақты қорытынды жасауы тиіс. Өз кезегінде Қытай Халық Республикасы жасанды интеллект саласында ынтымақтастық жөніндегі Жаһандық ұйым құруды ұсынды. Мақсат – жасанды интеллектті басқаруда көпжақты тәсілді ілгерілету, цифрлық алшақтықты қысқарту, этиканы дамыту және ИИ-ді тұрақты пайдалану. Мұндай ұйым құру жөніндегі Қытайдың ұсынысын қолдап, дайындық шараларына қатысуымыз қажет деп санаймын. Бұл – еліміздің мүддесіне сай», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның басты мақсаты – Еуразияның цифрлық хабына айналу екенін атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.