Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Армения маңызды келісімдерге қол қояды

Қазақстан мен Армения маңызды келісімдерге қол қояды

|

|

Астана. 21 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Астанаға ресми сапары аясында екі ел арасында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

“Сіздің сапарыңыз ерекше маңызға ие. Ол елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестіктің дамуына зор серпін беретініне сенімдіміз. Сапар аясында маңызды келісімдерге қол қойылады”, – деді Мемлекет басшысы жұма күні Астанада ресми сапармен келген Пашинянмен кездесу барысында. Президенттің сөзін баспасөз қызметі таратты.

Тоқаев бұл Пашинянның Қазақстанға алғашқы ресми сапары екенін атап өтіп: “Қазақ халқы армян халқына, оның тарихына, дәстүрі мен мәдениетіне зор құрметпен қарайды”, – деді.

Өз кезегінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстан Президентіне ресми сапармен келуге шақырғаны және Астанадағы жылы қабылдау үшін алғыс білдірді.

“Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасымызға жаңа серпін береді деп есептеймін. Біздің ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңі сіздің былтыр Арменияға жасаған ресми сапарыңыздан кейін басталды. Сол сапар барысында аса маңызды бірқатар келісімдерге қол қойылды. Олардың бір бөлігі жүзеге асты, қалғаны іске асырылу үстінде”, – деді Пашинян. Оның сөзін де Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі келтірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.

Саудиялық әскерилер Ираннан ұшырылған зымыран мен бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады

Сауд Арабиясы әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Иран тарапынан ұшырылған бірнеше дрон мен бір зымыранды жойды, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.