Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан парламенті ЕАЭО техникалық регламенттері бойынша мемлекеттік бақылауға қатысты келісімге енгізілген түзетулерді...

Қазақстан парламенті ЕАЭО техникалық регламенттері бойынша мемлекеттік бақылауға қатысты келісімге енгізілген түзетулерді ратификациялады

|

|

Астана. 5 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күні өткен пленарлық отырыста «2021 жылғы 16 ақпанда қабылданған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын осы салада үйлестіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Бұған дейін заңды Мәжіліс қабылдаған. Осылайша құжат Парламентте толық мақұлданып, Президенттің қол қоюына жолданды.

Сенатор Бауыржан Қаниевтің айтуынша, хаттамаға сәйкес «қауіпті өнім» деген терминологиялық тіркес «Одақтың техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмейтін өнім» деген ұғыммен алмастырылады.

«Бұл түзету кәсіпкерлік субъектілері үшін маңызды. Өйткені “қауіпті өнім” деген термин қолданылған жағдайда кәсіпкерлердің беделіне нұқсан келтіру қаупі туындауы мүмкін», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, «қауіпті өнім» және «техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнім» ұғымдары бірдей емес. Қауіпті өнім – тауардың сипаттамалары мен тұтынушылық қасиеттеріне байланысты жол берілмейтін қауіптің бар екенін білдіреді.

«Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталмауына заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ өндірушілер, импорттаушылар және сатушылар жауапты болады», – деп атап өтті сенатор.

Қаниевтің мәліметінше, қазіргі уақытта 19 ұлттық техникалық регламент және Еуразиялық экономикалық одақтың 52 техникалық регламенті қабылданған. Олардың 48-і күшіне енген. Қазақстанда техникалық регламенттердің сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар анықталған.

Ең көп техникалық регламент Сауда және интеграция министрлігіне бекітілген – 35, Денсаулық сақтау министрлігіне – 22, Ауыл шаруашылығы министрлігіне – 10.

Сонымен қатар келісімде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы ақпарат алмасу қарастырылған. Бұл мұндай өнімнің ішкі нарықта таралуының алдын алуға бағытталған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

130 млрд долларлық баж: сот Трамп әкімшілігіне қаражатты қайтаруды жүктеді

АҚШ-тың Халықаралық сауда мәселелері жөніндегі федералдық сотының судьясы Ричард Итон ел президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне өткен жылы енгізілген жаһандық импорттық баждар есебінен жиналған 130 млрд доллардан астам қаржыны импорттаушыларға қайтару рәсімін бастауды міндеттеді.

БАӘ әскери күштері алты баллистикалық зымыран мен 120-дан астам дронды атып түсірді

Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе қорғанысы жүйелері бейсенбі күні алты баллистикалық зымыран мен 125 ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді. Бұл туралы The National басылымы хабарлады.

Франция БАӘ-ге қосымша алты Rafale жойғыш ұшағын жіберді

Францияның Қарулы күштер министрі Катрин Вотрен Париж Біріккен Араб Әмірліктеріне қосымша алты Rafale жойғыш ұшағын жібергенін мәлімдеді.

ИРСК Израильдегі Бен-Гурион әуежайына ауыр зымырандармен соққы жасалғанын мәлімдеді

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) бейсенбі күні таңертең Тель-Авив маңындағы Бен-Гурион атындағы әуежайға зымырандар атылғанын хабарлады.